Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 20:02, курсовая работа
Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді.
Кіріспе
I Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері.
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі.
1.2. Шағын бизнестің экономикалық мәні және маңызы.
1.3. Шағын бизнестің негізгі ерекшеліктері.
II. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қазіргі кездегі дамуы.
2.1 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы.
2.2 Шағын бизнесті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты.
2.3 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Республикалық шағын
бизнесті дамытудың бағдарламасының
негізгі қосалқы
Шағын бизнесті қолдаудың кешенді бағдарламасы дербес басқару объектісі ретінде, оның ерекше баскару механизмін дайындауды талап етеді. Біріншіден, ШБ ҚБ экономикалық жүйенің ешқандай мақсатына сай келмейтін соңғы мақсаттарға бағдарланған. Екіншіден, ШБ ҚБ ереже бойынша уақытша сипатқа ие және мақсатқа жетісімен оны басқару механизмінің түрі де өзгереді. Үшіншіден, бағдарлама кешенді шаралардан тұрады, олардың біреуінің жоқ болуы бағдарламаның мақсатына жету мүмкіндігінен айырады. Төртіншіден, бағдарламаның шаралары функция аралық сипатқа ие, олардың орындалуына республика және аймақтар бойынша барлық функционалды комитеттер мен бөлімшелер қатысады. Шағын кәсіпкерлікті колдаудың кешенді және жүйелі тәсілі бұл процеске қатысты барлық құрылымдардың өзара байланысты және үйлесімді түрде жұмыс істеуін талап етеді.
Республикалық мақсатты кешенді шағын бизнесті қолдау бағдарламасының құрылымы
Шағын бизнесті дамытудың аймақтық қосалқы бағдарламасы |
Шағын бизнесті дамытудың Солтүстік Қазақстандық бағдарламасы |
Нормативті құқықты қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары |
Шағын бизнесті дамытудың Батыс Қазақстандық қосалқы бағдарламасы |
Қаржымен қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламасы |
Шағын бизнесті дамытудың Шығыс Қазақстандық қосалқы бағдарламалары |
Материялдық –техникалық қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары |
Шағын бизнесті дамытудың Оңтүстік Қазақстандық қосалқы бағдарламалары |
Кадрмен қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары |
Ақпаратпен қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары |
Шағын бизнесті басқару үшін бағдарлама жұмыстарын үйлестіретін белгілі бір өкілеттерге ие, арнайы басқару органын құру қажет. Республикалық деңгейде ондай органға Қазақстан Республикасының шағын бизнесті қолдау және табиғи монополияларды реттеу агенттігі, аймақтық деңгейде - шағын кәсіпкерлікті қолдау комитеттері және жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті қолдау бөлімдері жатады.
Мақсатты кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын дайындау, кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
1.Бағдарламаның концепциясын қалыптастыру және проблеманы бағдарлама бойынша шешуге негіздеу.
2.Бағдарламаның варианттарын жете зерттеу, оларды бағалау және қолайлы вариантты таңдау.
3. Бағдарламаның жобасын жете зерттеу.
Бағдарламаны қалыптастырудың барлық кезеңдерінде келесі жұмыстарды жүргізу қажет: шағын бизнес жағдайын талдау, шағын кәсіпкерлікті одан ары дамыту қарқыны мен шағын бизнесті қолдаудың жаңа түрлерін пайдалану мүмкіндігін анықтау және шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша келешекке болжам жасау.
Концепцияны дайындау кезеңінде Республика үшін тұтас және аймақтар үшін жеке-жеке, шағын бизнесті дамытудың келешегі зор бағыттарын, сонан соң бағдарлама көрсеткіштерінің құрамын анықтау өте маңызды болып табылады. Осы кезеңде бағдарламаны дайындаудың негізгі тапсырмалары қалыптасады, оған проблеманың қалыптасуы, ресурстардың бағдарланған шығындары, бағдарламаны дайындаушылардың құрамы, дайындау кезеңдерінің тізімі (мерзімі көрсетіледі), соңғы құжаттама нысандарына деген талаптар кіреді.
Жалпылама түрде, мемлекеттік шағын бизнесті дамыту бағдарламасының мынадай мақсатын қалыптастыруға болады: қоғамның экономикалық дамуының маңызды факторы, жаңа жұмыс орындарын кұру құралы, ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу, бәсекелестік ортаны қалыптастыру және кәсіпкерлер класын құру жолымен шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Қойылған мақсатқа сәйкес шағын кәсіпкерлікті дамыту, елді экономикалық дағдарыстан шығаратын маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мақсатты кешенді бағдарламаларын құру принципі — мемлекеттік шағын бизнесті қолдау бағдарламасы аймақтық шағын бизнесті қолдау бағдарламасының іске асуы арқылы нақтылайтындай болып ұсынылуы керек. Аймақтық шағын бизнесті дамыту бағдарламасының мақсаты - аймақта шағын бизнесті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру және өндірістік базаны дамытудын орнына, нарықты тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге толтыру; аймақта жаңа жұмыс орындарын ашу; жергілікті табиғи ресурстарын тиімді пайдалану және аймақта әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту болып табылады.
Тереңірек негіздеу үшін тек ресурстарға деген қажеттілікті ғана емес, сондай-ақ шараларды іске асыру мерзімдеріне, ресурстармен қамтамасыз ету көздеріне қажеттіліктерді белгілеу шарт. Мақсатты кешенді шағын бизнесті қолдау бағдарламасын қаржыландырудың негізгі көздеріне бюджеттік қаражаттардың 60% жатады, бюджеттік емес каражаттар 15% құрайды және басқалары 25%. Бүгінгі күнде республикалық және жергілікті бюджеттердің., шағын бизнеске тікелей қаржылай қолдау көрсету мүмкіндіктерінің жоқ болуына байланысты, алдыңғы орынға шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа нысаны болып табылатын, екінші деңгейдегі банктер несиесі шығады. Бұдан келіп, кепіл қоры түрінде кепілдеме беру сияқты нысандар туады, ал осы жерде кепіл қоры ретінде жергілікті басқару органдарының коммуналдық меншіктері қолданылады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың қазақстандық модельінің ерекшелігі келесілер болып табылады:
1.Кәсіпкерлердің әртүрлі
мақсаттарын және
2. Өндірістің жеке кәсіпкерлікке диверсификациялануына және оның мәртебесінің заңды тұлғаға өтуіне байланысты және еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты тікелей және жанамалай шараларды жүйелері құрылатын болады.
3.Шағын және орта
кәсіпкерлікті шаруашылық-
4.Шағын және орта
кәсіпкерлікті қолдау және
5.Шағын және орта
кәсіпкерліктің қабылдаған
6.Экономикалық реттеу
аясындағы мемлекеттің шешім
қабылдау процессіне
Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлікке өзінің өнімділігін жасауға және жетілдіруге мүмкіншілігін кеңейтетін құқықтық және экономикалық климат құрылатын болады, ал ұзақ мерзімдік болашақта шағын кәсіпкерлік еліміздің ЖІӨ үлесін дамыған елдердің деңгейіне дейін жеткізуді қамтиды.
Қазақстан Республикасының 20-бабында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламаларын қарастырсақ:
1.Шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау
2.Шағын кәсіпкерлікті
қолдау мен дамытудың
3.Шағын кәсіпкерлікті
қолдау мен дамытудың
4.Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламаларын іске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің алдында жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есеп береді.
5.Мемлекет экономикасын
дамытудың басым бағыттарына
және өңірдің экономикасын
6.Шағын кәсіпкерлікті
қолдау мен дамытудың
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар,
шағын кәсіпкерлік қызметінің басым түрлері;
шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру жаніндегі шаралар;
шағын кәсіпкерлікті кредиттік-қаржылық және мүліктік қолдау жөніндегі шаралар;
жеке кәсіпкерлікке халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерін тартуға бағытталған шаралар;
ірі өнеркәсіп ұйымдарының бизнестің бір бөлігін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беруін ыңталандыруға, сондай-ақ олардан салалық емес жанама қызметтер түрлерін сатып алуға бағытталған шаралар;
шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттау жөніндегі шаралар;
шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырумен байланысты басқа да шаралар кіреді.
Барлық қажетті ресурстарды
игеру Қазақстан банктік
Біріншіден, жеке кәсіпкер банктен алған несиенің бір бөлігін қысқа мерзімді артықшылықтарымен көрінсе, онда ол несие қарыз алушы үшін қиындықтарын шешуге жәрдемдеседі, Айналымдағы несиелік қаражат оларға өте қажетті болып келеді, бірақ шағын кәсіпкерлердің ұзақ мерзімді қарыз қаражатын алу мүмкіндігі жоқ болғандықтан олар өмжір сүрумен дшектеліп қалады. Шағын бизнесті несиелеу тәуекелі шартта анықталғандай шағын кәсіпкерліктер банктерден ауқымды емес несие алады. Шағын бизнесті несиелеу салдарынан несиенің көлемі транзакциялық ұсталымдардаң өзінен банк шағын кәсіпкерлікті несиелеуде банк үлкен тәуекелге барады, сондықтан банктер аз несие беріп, шағын кәсіпкерліктің дамуына бөгет болып отыр. Менің ойымша, тәуекелдікке бару проблемасын шешпесек, ол өзінің күшін жоғалтады. Бұл үшін банктік тәуекелді басқарудағы механизмдері мен үрдістері шағын кәсіпкерлікті несиелеуді іске асыру қажет.
Информация о работе Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы