Сақтандырудың мақсаты
мүмкін болатын ысыраптан қорғау
болып саналып, сақтандыру шартының
мерзімі күрделі шығынның өтемділік
уақытымен түрлеріне қарай елеулі біріккен
кәсіпорындар үшін түрліше болады. Атап
айтқанда ол кәсіпорынның көлеміне (демек,
оның құрылу уақытында), қызметінің ұйымдастырылуына,
орналасқан жеріне және өзге де факторға
тәуелді болады. Сондықтан олардың кейбір
стандартталуы мақсатқа сай болса да,
өзара шарттың мерзімдерін дараландырудың
сөзсіз болатынынан көрінеді(ең болмағанда
аталған сақтандырудың алғашқы кезінде).
Мүлікті сақтандырудың
басқа түрлеріне қарағанда шарттың
қолдану мерзімін анықтаған кезде
сақтандырушы мен сақтандырушының
мүдделерінің басқаша көрінетін
атап көрсеткен жоқ.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
- Сақтандыру жарнасының мәні.
- Істі жүргізу шығындары тарифтік ставка элементі
ретінде.
- Сақтандыру сыйақысын есептеудің
ерекшелігі және жалпы қағидасы.
Сақтандырудағы маркетинг
- Сақтандыру маркетингі: мәні,
қажеттілігі, қалыптасуы.
- Сақтандыру рыногын сегменттеу.
- Потенциалды сақтандырушыны
зерттеу.
Қарастырылып отырған сақтандырудың
ерекшелігі сол, сақтандырылған коммерциялық
оперциялардың түпкі нәтижелері көрінетін
сақтандыру мерзімі аяқталған шақта өтем
төленеді.
Сақтандырудың басқа
түрлерінде шығын үшін өтем
төлеудің қажеттілігі сақтандыру
шартының қолданылуының кез келген сәтінде
туындауы мүмкін. Коммерциялық тәуекелдікті
сақтандыру кезінде төлем мерзімінің
анықталғаны түскен жарнаны жоспарлы
түрде пайдалануға мүмкіндік беріп, сол
мерзімге қор құруға жағдай жасайды.
Сондықтан сақтандыру
шартының қолдану мерзімі келіскен кезде
ғылыми негізделген кепілдемелергше,
өндірістік және өндірістік емес қызметтердің
салаларындағы инвестициялардың өтімділігі
жөніндегі отандық және шетелдік тәжірбиелердің
талдауларына сүйену қажет.
Принцип бойынша сақтандыру
өтемі шарт мерзімі аяқталмай
тұрып төленуі мүмкні. Егер ғылымдық ауқымдағы
қандай да бір оқиғаның нәтижесінде жұмсалған
қаржыны қайтару, пайда табу мүмкін болмаған
жағдайда өтем мерзімнен бұрын төленуі
мүмкні. Ондай оқиғалар туралы сақтандырушыға
жедел хабарлау керек. Нарық жағдайымен
байланысты көпшілік оқиғалардың ықпалы
белгіленген түзетуге көнеді. Қолайсыз
өзгерістер де уақытша болуы ықтимал.
Сондықтан коммерциялық қызметтер нәтижесі
және өтімнің көлемі туралы сақтандыру
мерзімінің аяғында жауап табуға болады.
Сақтандыру сипаты
шарт жасауға бір қатар міндетті
талаптар қоюға себепші болады.Сақтандырушының
сол қызметке рұқсаты, лицензиясы
және патенті, өзге де қажетті
құжаттары болуға тиіс. Тәуекелдіктің
дәрежесін талқылауға мүмкіндік
беретін алдағы коммерциялық қызмет, одан күтілетін
қызмет, одан күтілетін кіріс, соған байланысты
шығыс жасалған өзара шарттар, барлық
жағдайлар туралы, ол сақтандыру туралы
жазбаша арызында толық ақпаратберуге
тиіс. Әрине, сақтандыру ұйымдарының өздері
де ұқсас кәсіпорындардың қызметтерінің
нәтижелері туралы деректерді жинауға
және талдауға міндетті. Банктерге және
өзге де несиелерге мерзімі өткен қарыздары
бар кәсіпорындармен шарт жасауға болмайды.
Сақтандыру шартын
жасаған кезде сақтандыру тәуекелдігінің
дәрежесіндегі барлық өзгерістерді хабарлау
және мол тәуекелдікті ұлғайтатын әрекеттерге
жол бермеу жөнінде сақтандырушының міңндеттерін
алдын ала қарастыру қажет.
Сақтандырушының өзге
түрлеріндегі сияқты сақтандыруға
және сақтандыру жауапкершілігіне
қабылданған кезде кейбір шектеулер қою қажет. Делдалдық
қызметтің, сақтандыру бизнесіне бәс тігіуге
және басқаларды сақтандырудан шығарып
тастау мақсатына сай болады. Ереже бойынша
соғыстан және әскери қимылдардың, мемлекеттік
органдардың шешімдері мен саяси төңкерістің,
валюта курсының өзгерісінің, негізгі
алынған кәсіпорынға (цехқа) несие беруден
банктің бас тартуының салдарынан орын
алатын шығындары сақтандыру жауапкершілігінен
шығарылады.
Сақтандырушының, оның
сеіктестерінің немесе олжа табушылардың
әрекеттері салдарынан туындаған шығындардың орны
толтырылмайды.
Алайда, әрбір сақтандыру
ұйымы өз міндетіне алған тәуекелдікті
шектеуге немесе кеңейтуге құқылы.
Сақтандыруды жүргізгенде
ең аз франчизді (мысалы, 5%) белгілеп,
оның мөлшерін көбейтуге сақтанушыға
құқық берген жөн. Өтемнің ең жоғары сомасын
шектеу қою да мақсатқа сәйкес болады
(мысалы, шығынның 80%). Коммерциялық
тәуекелдікті сақтандырудың жарналарының
(тарифтерінің) мөлшерлемені көптеген
факторларға байланысты: қызмет түрі,
сақтандыру мерзімі, нарық қатынастарының
тұрақтылығының дәрежесі және басқалар.
Әрбір кәсіпорын үшін тәуекелдік дара
болып саналады. Демек, мүкіндігіне қарай
төлем мөлшерлерін де дараландыру керек.
Аталған сақтандырудың
тарифтері несиелерді сақтандырудың
мөлшерлерімен айтарлықтай өзара
байланысты. Ондай жағдайларда
нарық жетігі күшті әсер етеді.
Жаңа техника мен
технология енгізу жолымен өндірісті
қарқындандырудың қосымша резервтерді
іздестірмей жекешелендірілген
кәсіпорын қызметінің тиімді
болуын мүмкін емес. Бірақ ескі
құрал-жабдықты немесе технологиялық үрдісті
алмастыру өндіріс деңгейінің уақытша
құлдыраумен байланысты болғандықтан,
түсетін кірістер де төмендейді. Ондай
техникалық және технологиялық тәуекелдер
кәсіпорындардың ғылыми-техникалық үрдіске
деген мүдделілігін айтарлықтай төмендетеді.
Жаңа техника мен технологияны енгізу
тәуекелділігін сақтандыру ондай мүдделілікті
ынталандыра алады.
Жаңа техника мен
технологияны енгізуден кәсіпорындардың
шеккен зиянын сақтандырушы толық
өтейді.
Келешекте арналған
сақтандырудың бұл түрінің объектісі жаңа техника мен
технологияны енгізуден туындаған уақытша
залалдар болып табылады. Сонымен залалдар
жаңа техниканы енгізу кезіндегі орташа
айлық кірістің (пайданың) арасындағы
айырмашылық есебінде анықталады. Сақтандырудың
қамтамасыз етілуі кәсіпорындардың шеккен
зиянының барлық сомасын қамтуға тиісті,
яғни жүз пайызға тең болады. Сонымен мсақтандыру
төлемдерін есептеген кезде жеңілдіктер
мен шегерімдер жүйесін белсенді түрде
қолданады.
Аталған сақтандыру
түрінің сақтандыру оқиғасы өзара
байланысты екі факторлы өзіне біріктіруге
тиіс: біріншіден, өндіріске жаңа техниканы
немесе технологиялық үрдісті енгізудің
бар болу фактісін; екіншіден, соған байланысты
енгізімнің алдындағы кезеңмен салыстырғандағы
кәсіпорын кірісінің (пайдасының) азаюын;
Аталған сақтандыру түрі бойынша
сақтандыру тарифтерінің мөлшерін ең
күрделі және жауапты міндет болып саналады.
Жаңа техника енгізуді
сақтандырған кезде сақтандыру
сомасы болмайды. Зардап шеккендерге
өтем нақты зиянның толық мөлшерінде
төленеді. Сондықтан тарифтік мөлшерлемені
тұрғызған кезде және сақтандыруды жүргізгенде
мүлікті сақтандыруға сияқты сақтандыру
сомасының залалдық көрсеткішін пайдалану
мүмкін емес.
Сақтандыру ұйымдарының
кәсіпорындармен қаржылық өзара
қатынасын құруды материалдық
өндіріс саласындағы жыл сайынғы енгізімінің
саны, сондай-ақ жаңа техникамен технологияны
енгізуге байланысты кәсіпорындардың
шеккен орташа залалдарының мөлшері туралы
мәліметтер негіз есебінде қызмет етеді.
Бір оқиға бойынша
төлем сомасын есептеу еңбекті
аса қажет ететіндіктен ол тариф мөлшерлемесін
анықтауға негіз болады. Ол үшін әрбір
жеке факті бойынша залалдық мөлшерін
есептеу қажет. Оны әр алуан салалардың
жекелеген кәсіпорындары бойынша іріктемелі
түрде жүзеге асыруға болады.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
- Сақтандыру өнімін зерттеу.
- Сақтандырудағы жарнама.
- Сақтандыру компаниясындағы
бәсекелестік және бәсекелесу қабілеттілігі.
Жеке сақтандыру
- Жеке сақтандырудың пайда болу
тарихы.(Ежелгі Рим, Франция, Англия).
- Жеке сақтандыру экономикалық
зерттеудің объектісі ретінде, оның жіктемесі.
- Жеке сақтандырудың негізгі
категориялары: сақтандыру қатынастарының
субъектілері, сақтандыру тәуекелі, түрлері.
- Жеке сақтандырудың ұзақ мерзімді
түрлері.
Жалпы, Қазақстанның сақтандыру
нарығында жалпы 70-тен аса сақтандыру
компаниялары әрекет етеді. Соның
ішінде «Қазақшетсақтандыру» Шетелдік
сақтандыру ЖАҚ 1994 жылы сәуір айында Республика
Президентінің Жарлығымен құрылды.
Барлық дамыған елдер
үшін нарықтық экономиканың орнықты
даму факторы және маңызды
институты ретінде сақтандыруды
мойындау өз мәні бар экономикалық аксиомаға
айналды. Барлық дамыған елдерде сақтандыру
ұлттық экономикада маңызды орынға ие
және құрамдас бөлігі бола отырып оның
қалыпты, тепе-тең және болжағандай деңгейде
дамуына ықпал етеді. АҚШ, Швейцария, Ұлыбритания,
Жапония сияқты елдердегі сақтандыру
төлемдеріндегі жалпы ұлттық өнімнің
10%- шамасын құрайтынын айтсақ, жоғарыдағы
қағида толық дәлелденеді. 1991-1993 жылдары
біздің Республикада сақтандыру бизнесінің
қалыптасуы жер сілкінісіне ұқсас стихиялы
түрде басқарылмай және бақылаусыз күйде
өтті. Мемлекеттік статистика комитетінің
мәліметтері бойынша 1994-ші жылдың сәуірінде
Қазақстанда 350-ге жуық акционерлік, коммерциялық,
жеке және т.б. тәуелсіз сақтандыру компаниялары
мен олардың филиалдары қызмет жасалса,
1993-ші жылы олардың саны 253 болған болатын.
Қаржы-қарыздың, өндірістік-коммерциялық,
инвестициялық және т.б. сақтандыру компаниялары
өз қалауынша сақтнадыру шарттарын жасаған,
сақтандыру төлемі көлемін анықтаған,
сақтандыру қорлары көлемін бекіткен
жағдайларды туғызды. Нәтижесінде бұл
мемлекеттік бүкіл қаржы жүйесінің қалыптылығы
мен тұтастығына кері әсерін тигізді.
Сақтандырудың осы
заманға теориясы мен пракатикасы
20-ғасырдағы дамыған сақтандыру
ісінің қайта сақтандыру институтының
мүмкін еместігін көрсетіп отыр. Қайта
сақтандыру сақтандыруды оған ірі сақтандыру
оқиғаларының ықпалынан қорғауға мүмкіндігін
береді.
Қазақтстан Республикасының
Қаржы Министрлігінің мәліметтері
бойынша Қазақстандағы шетел
инвестицияларының жалпы көлемі
1995 жылға дейін 3 млрд. АҚШ долларына
жуық көлемде болды. Бұл қайта сақтандырудың
жас егеменді мемлекетіміздің даму факторы
және валюталық Қорларын молайтудың көзіне
айналғандығын көрсетеді қайта сақтандырудың
тексеруден өткен үлгісі бойынша сақтандыруда
қатерге басын тіккен сақтандырушы осы
қатерді басқа компанияға ауыстырады.
Соңғысы берілген қатерге сай ішінара
жауапкершілікті мойнына ала отырып қайта
сақтандырушыға айналады. Сонымен қайта
сақтандыру техникалық идеалға жетіп,
оның көмегімен қауіп-қатер бөлінеді және
теңестіріледі де сақтандыру ұйымдарына
қойылатын талаптар мен оны орындаудың
арасындағы бірдей қатынастар орнатылады.
Қайта сақтандыру жоқ кезде қандайда бір
құнды заттың қожасы (мысалы ұшақтың) осы
қауіпті қабылдауына міндеттеме алатын
бірнеше сақтық компанияларымен шарт
жасай алар еді. Олардың әрқайсысы сақтандыру
құны мен жағдайларына қатысты жеке келісім
жасауға мәжбүр болады, ал қайта сақтандыру
осының барлығын бір – сақтандырушы арқылы
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қайта
ыңғайлықпен сақтандырушы өз мойнына
өз кәсіпорынның қауіпсіз түрде төтен
бере алмайтындай қатерден бір бөлігін
ала алатындығында.
ТМД елдері аумағынан
ірі жерлерде қайта сақтандыру,
сақтандыру бизнесінің ажырамас
бөлігіне айналды. Мысалы, Европада
ерте уақыттан бері экономикалық
қуатты тек қайта сақтандыруға маманданған
компаниялар қызмет көрсетеді. Мысалы:
«Мюних Ре», «Свис Ре», «Скор», «Кельн Ре»,
«Меркантайль энд Женерал-груп» және т.б.
айналымы млрд. АҚШ долларын құрап отыр.
Бірақта қайта сақтандыру нарықтық экономиканың
пайдалылығын 1992ж. шілдеде қабылданған
да «Қазақстан Республикасын сақтандыру
туралы» заңында ескерілмеген. Тек қана
1994 жылы 16 сәуірдегі №1658-ші Заң күші бар
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығында қайта сақтандыру саласындағы
мемлекеттің саяси және экономикалық
мүдделерін қорғау және жүзеге асыру идеясы
қамтылған.
Халықаралық экономикалық
қатынастарды мемлекеттің мүдделерін
қорғау үшін Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрлігі «Қазақшетсақтандыру»
қайта сақтандыру жөніндегі республикалық
компаниясының құрылтайшысы ретінде танылсын,
«Қазақшетсақтандыру» Республикадағы
түскен төлемдер мен жарналар жинақтаушы
компаниялар мен фирмалардың қатысумен
барлық сақтандыру және қайта сақтандыру
бойынша операцияларды жүзеге асырушы
ұйым болып көтерілсін.
Шетелдік капиталдың қатысуымен
байланысты барлық қауіптерді/мүліктік,
жеке, жауапкершілік/Қазақстан аумағында
тек қана аталған компания арқылы міндетті
түрде сақтандыру қажет. Жалпы қайта ұйымдастырудың
мақсаты- «Қазақшетсақтандыру»-дың жеке
капиталының деңгейін көтеру болып табылады.
2002 жылы сақтандыру нарығындағы компаниялардың
ішінде «Қазақшетсақтандыру» компаниясының
үлесі АҚШ долларымен есептегенде жоғары
болды. (Қосымша 2-кесте).
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
- Медициналық сақтандыру.
- Еңбекке қабілеттілікті және
денсаулықты жоғалтудан сақтандыру.
- Сақтандыру сомаларын анықтау
мен төлеу және жеке сақтандыру бойынша
өтем.
Рентаны сақтандыру (аннуитет, зейнетақыны сақтандыру)
- Рентаны сақтандыру түсінігі.
- Өмірді сақтандыру «өмір сүруіне
дейін» шартының рентаны сақтандыру шартынан
айырмашылығы.
- Сақтандыру тәуекелі, сақтандыру
сомасы, сақтандыру сыйақысынтөлеу тәртібі,
сақтандыру сыйақысының мөлшерін анықтау.
- Аннуитеттерді сақтандырудың
қосымша шарттары.
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрлігі «Қазақшетсақтандыру»
Компаниясының құрылтайшысы ретінде
1995 жылы- 1080000, 1996 жылы- 2500000, ал 1997 жылы 3
млн. теңге және 1 млн АҚШ долларын
ақшалай түрде аударды. Одан кейін бұл компанияның
сақтандыру қоры 1998 жылдан бастап өсті
(Қосымша 3-кесте).