Магистралды құбырлар құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 22:03, лекция

Описание работы

Магистральды деп мұнай , мұнай өнімдері , табиғи немесе жасанды газдар ( газ түрінде немесе сұйытылған күйінде), су өндірілетін , өңделетін забор (құбырдың бастапқы нүктесі ) орнынан тұтынатын (соңғы нүкте ) орынға дейін тасымалдайтын құбырды айтады. Тасымалданатын өнімдердің түрлеріне байланысты құбырлар орындайтын мақсатына байланысты былай аталады: газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнімдерінің құбыры, тұнба құбыры , аммиак құбыры,контейнерлі көлік құбыры және т.б.

Файлы: 1 файл

Магистралдьды құбырлардың құрамы.docx

— 106.09 Кб (Скачать файл)

Көлемі 2 сағ.Қайнарлар 1 негізгі [124-150],2негізгі [91-115].

Қысқаша мазмұны: 1.Трассаны және құрылыс жолағын дайындау.2.Көлік жұмыстары.3.Жер жұмыстары.4.Жинақтау жұмыстары.5.Оқшаулау төсеу жұмыстары.Оқшаулау-төсеу жұмыстары технологиясы.Оқшаулау –төсеу жұмыстарының аралас сүлбесі.Дара оқшаулау және төсеу сұлбасы.

1.Трассаны және  құрылыс жолағын дайындау.

        Құрылыс жолағы деп қажетті құрылыс жұмыстары үшін орындалатын барлық құбыр трассасын бойлаған территорияны айтады.Құрылысқа жолақты бөлу кезінде магистральды құбырлар үшін жер бөлу мөлшерімен жетекшілік ету қажет.

      Трасса  және құрылыс жолағы келесі  элементтерді кіргізеді:

      Трассаны қабылдау ,жобада қарастырылған барлық бекітілетін белгілерді орнатуын тексеруі бас мердігермен құрылысты жүргізетін ұйым тексеруі саналады.Әдетте ондай белгілер болып табиғи немесе жасанды кедергілер шекарасындағы биіктік белгілерін бекітетін реперлер, жобада құбырдың бұрылу нүктелерін белгілейтін бұрылу белгілері. Айрықша көңіл салынған жерасты ғимараттарымен   құбырлармен,байланыс кабелдері тек ,электр беретін күшті кабелдермен және т.б.белгілерге аударылу қажет.

      Трассаны  тексеру жұмыс орындаушымен жүргізіледі.Бұл  істелетін жұмыс жобасынан толық  анықтама енгізу, жобада көрсетілген  жергілікті жағдайлармен шарттардың  сәйкестігін тұрғызу және қажетті  жұмыс сызбаларындағы берілгендерді өзгерту үшін жүргізіледі.

      Тексеру  кезінде трасса бойымен жүру  үшін қажетті өтуге топырақ  үйінділер және кесінділер орындарын,автомобиль  және темір жолдар,өзендер,ойпаттар  және т.б. арқылы құрылыс техникалары  өтетін орындарды белгілейді.

      Орманды  кесу және түбірлерді қопарып  алу қажетті механизмдер және  машиналармен жабдықталған 9-12 , адамнан  тұратын арнайы бригадалармен  жүргізіледі.

     Құнарлы қабатты  кесу,жолақты тік тегістеу және  өткелдердін құрылысынсыз трассаны  бойлай (топырақты )жол орнату  үш немесе төрт қуатты бульдозерлермен жабдықталған 3- 4 адамнан тұратын бригадамен жүргізіледі.

    Өткелдер орнату  ойпаттар және басқа да кедергілер  арқылы келесі түрде жүргізіледі.Ойпат   түбіне диаметрі 800- 1000 мм құбыр  төселеді және топырақпен көміледі. Құбыр диаметрінің су өткізгіштік  қабілеті, жиналған жауын суының  өтуін қамтамасыз етуі керек.  Аталған жұмыстарды орындағанан  кейін, құрылыс жолағы соңғы  түрді қабылдайды. Құрылыс жолағында  ағаш кесіледі, құнарлы қабат  алынған және жиегіне жиналған, құрылыс біткен соң олар орындарына қайтарылады,сол себептен барлық жолақ ауылшаруашылық жұмыстары үшін жарамды болады.

    2. Көлік жұмыстары

    Көлік жұмыстарына  сызықтық бөлігі құрылысында  құбырларды және құрылыс материалдарын  темір жолынан түсіру,көлікті  тиеу және қажетті орындарға  жеткізу саналады (тікелей трассаға,құбыр дәнекерлеу базаларына,уақытша қоймаларға және т.б.)

     Құбырды түсіру  материалды құбыр үшін алдын  –ала көлік жұмыстарының бас  сұлбасындағы пунктерде орындалады.Әрбір  пунктерде түсіру бойынша   үлкен жұмыс көлемі орындалатындықтан,  әдетте темір жолдан уақытша  тарлақ жүргізіледі немесе станциядағы  істемей тұрған түпкі тармақтарды  пайдаланады.Осында келген құбырларды  жинайтын және одан дәнекер  базаларын әкететін арнайы алаңша  жасайды.Дегенмен құбырдың бір  бөлігін құбыртастағыштарға тиеген  және қалған бөлігін қоймалаған  тиімді.Құбыр тасығыштардың қажетті  санын келесіде анықтауға болады. Құбыр тасығыштардың жүктен (тиеу орнынан түсіру орнына дейінгі ) жол ұзындықтарын белгілейміз. Олар  бірдей болуы мүмкін,бірақ жүксіз құбыр тасығыш қысқы нашар жолмен жүруі  мүмкін болғандықтан,олар әртүрлі  болуы мүмкін. Жүктелген және жүксіз құбыр тасығыштың жылдамдықтарына сәйкес және тиеуге кететін уақытты түсіруге кететін уақытты , бос тұрып қалу коэффициентін () белгілейміз. Толық бір рейстің уақыты

Т ,                                                                       (4.1)

Егер тәулігіне көлік  жұмытары  Т сағат жүргізілсе , онда  бір құбыр тасығыштың жасайтын рейстер саны:

                                                                                                      (4.2)

Екінші жағынын,тәулігіне түсетін құбырдын орташа саны тасымалдау үшін қажетті рейстерінін жалпы саны

                                                                                                    (4.3)

Мұндағы темір жол станциясына түсетін құбырларыдң орташа саны, құбыртасығышпен бір рейсте тасымалданатын құбырлар саны

      Түскен  құбырлардың барлығын алып кету  үшін құбыртасығыштардың қажетті  саны:

                                                                                                      (4.4) 

      Егер құбыр бірқалыпты түссе, онда рельс қасындағы қойма алаңшалары қажет етілмес еді.Темір жол бойынша құбыр бірқалыпты түспегендіктен,құбыртасығыштардың   санымен тасымалдап әкету мүмкін емес,артық құбырлар жиі жиналады.Артық құбырларды қабылдау үшін уақытша қойма қажет.Оның сиымдылығын тәуліктік және жұмалық қормен түсетін құбырларды салыстыру бойынша тәуліктік және апталық аңықтауға болады,яғни қойма көлемдегі құбырларды қабылдау және аз уақытқа сақтауды қамтамасыз ету керек.

     Бөлек және  құбыр дәнекерлеу базаларында  дәнекерленген бірнеше құбырлардан  тұратын секцияны арнайы жабдықталған  құбыр тасығыштармен тасымалданды.

3.Жер жұмыстары

Қалыпты жағдайдағы жер жұмыстары- құбыр төсеу үшін ұзын орды қармен байланысты жұмыстар.Ұзын ор қазу кезінде  келесі маңызды шарттарды сақтау қажет,ұзын ор профилі, оның пландағы бұрылу бұрышы және қисықтық радиусы жобалықпен толық сәйкес болу керек.Егер нақтылы профиль жобалыққа сәйкес келмесе, онда ол құбырда қосымша иілу моменттерінің пайда болуына әкеліп соқтырады және оған сәскес қосымша кернеулер пайда болады.Бұл шарттың орындалмауы, төсеу кезінде құбыр ұзын орға түспеуіне әкеліп соғады,оны кесуге тура келеді,сосын төсегеннен кейін,дәнекерлейді.Бұл төсеу бойынша жұмыс қарқынын тез төмендетеді.

     Ұзын ор  пішініне келесі негізгі талаптар  қойылады. (4.1-сур) диаметрі құбырлар үшін ұзын ор биіктігі тең:  (қалыпты жағдайда), (таулы топырақта), (егілетін жерлерде), (ми балшықты жергілікті жерлерде).

      Түбі бойынша  ені кем болмауы керек:  кезінде 720 мм кезінде

     Ұзын ор  еністігін төсеу  қатынасымен анықталады және топырақ құрылысының ілінуінен байланысты тағайындалады.Егер вертикаль еңістің критикалық биіктігі ұзын ор биіктігінен жоғары болса,онда еңіс тік болуы мүмкін.Басқа жағдайда еңістік қисықтық Ί= топырақтың ішкі үйкеліс бұрышы.Кейбірде ˃ кезінде құбыр төсеу бойынша жұмыстарды ыңғайлы жүргізу үшін Ί нөлден жоғары қабылдайды.Ұзын ор түбі ешқандай төмпешіксіз, тегісі болуы керек.Егер өңделетін ұзын р топырағының  құрамында тас, малта тас және басқа да қаттылар қосылған болса, онда оның түбіне құбыр төсеуден бұрын жұмсақ топырақ төгу қажет.Жастық деп аталатын төгілу қабатының қалыңдығы тегіс емес тас немесе қиыршық тастардан 10см биік болуы керек.

     Қалыпты жағдайда  ұзын ор, оның барлық ұзындығында  ұзын ордың қимасына бірдей  пішінмен қамтамасыз ететін роторлы  немесе «ері күректі» бір шөтішті  эксковоторлармен өңделеді.Қазу  тереңдігі 4м жетеді, еңіс төсемі  әрдайым нольден жоғары, шетіне  төселетін топырақ ұзын орды  бойлай бір жағына төселеді.Экскаватор  өнімділігін(/ч)[1нег.[130-131]] формулалары бойынша анықтауға болады.

     4.Жинақтау жұмыстары

Жинақтау деп үзіліссіз құбырға айналатын құбырларды жинай және секцияларға біріктірумен байланысты жұмыстар аталады.Диаметрі 1220-1420 мм құбыр құрылысы кезінде орындалатын жинақтау жұмыстарының технологиялық сүлбесін қарастырамыз.

  4.2-суретте жіпке секцияларды  жинақтау сүлбесі көрсетілген.Берілген  технологиялыұ сүлбенің ерекшелігі  болып 300м дейін ұзындығы бар  учаскеде 8-9 құбыр секциялы жылжымалы  тасқынмен орындалатын, жіпке  құбыр секцияларын біріктіру саналады.Тасқын құрамындағы операциялар бекітілген кезеңділікпен қатаң орындайтын бірнеше звенолардан тұрады.Тасқын мақсаты болып, сменасына 3км тең құбырды жіпке дәнекерлеу қарқыны табылады.Мұндай қарқынның мүмкіндігінің теориялық негіздеуді Губкин атындағы ГАНГ « Газ мұнай құбырлар құрылысы және қоймалар» кафедрасы жасады.[1нег.[132-134]].

                         4.2-сурет.Дәнекер жинақтау жұмыстарының  сүлбесі.

   Жинақтау тасқынында, тасқын  қарқындылығын анықтайтын операциялар  болады.Мұндай операция болып  бірінші түйісті жинау саналады.(4.2-сурет).Сменасына  3км керек.

        /L                                                                                                           (4.5)

  Мұндағы L сменада жиналатын құбыр учаскесінің ұзындығы;Т- тәулікте  жинақтау жұмыстарына бөлінетін уақыт; -құбырдың бір секциясының ұзындығы.

     Т= 600мин, =36м және L=3000м, =7,2 мин кезінде.Келесі секциялар түйістері бойынша жұмыстарды бастауға болатындай кезеңге дейінгі күйге кептеу үшін бірінші түйісті жинау операциялары 7,2 мин бітуі қажет.Талап өте қатаң кезңінде оны жүргізу мүмкіндігін жұмыс циклограммасы бойынша қарастырамыз(4.2-сурет) операциясын анықтауын орындайтын уақыттардан құралады(мин)

    Центраторды орнату және  түйісті жинау----------------------------------2мин

Құбырдың шеткі жиегін алдын-ала  жылыту және

Фторлы-кальцийлі жабынды электродпен  дәнекер кезінде түйісті бекіту----------------------------------------------------------------------------------2мин

Целлюлозды жабынды электродтармен 4 дәнекерлермен бір уақытта  түбір  қабатын дәнекерлеу------------------------------------------------------3,5мин

Келесі түйіске дәнекершілеулердің ауысуы және қондырғыны ауыстыру-----------------------------------------------------------------------------0.5мин

Барлығы-------------------------------------------------------------------------------8мин

5.Оқшаулау төсеу жұмыстары

    Топыраққа төселген металды  құбыр коррозиядан оқшаулау қабатымен  қорғалуы қажет.Тек осы жағдайда  ол ұзақ уақыт өзінің негізгі  міндетін орындай алады.

     Оқшаулау-төсеу  жұмыстары технологиясы.Құбыр құрылысында оқшаулау-төсеу жұмыстарының негізгі екі сүлбесін пайдаланады: аралас және дара.

      Аралас сүлбе кезінде құбыр бетіне оқшаулауды жасау және оны ұзын орға төсеу бір уақытта жүргізіледі, дара сүлбе кезінде бір-бірінен байланыссыз жүргізіледі.

     Оқшаулау-төсеу  жұмыстарының аралас сүлбесі. Оқшаулау –төсеу жұмыстары құбырды үзіліссіз жіпке дәнекерлегеннен және ұзын орды жолалық профиліне қазғаннан кейін жүргізіледі.Құбырға тазалағыш және оқшаулау машиналарын кигізеді, бір-бірінен белгіленген қашықтықта орналасқан  құбыр төсегіштермен құбырды көтеріп, тазалағыш және оқшаулау машиналарымен қоса құбырды белгілі керектікпен ұзын орға түсіреді.Құбыр төсегіштер  құбырдың негізгі осі бағытымен жылжиды.4.3-суретте оқшаулау-төсеу жұмыстарының тізбегі көрсетілген.Диаметрі 1020мм дейінгі құбыр үшін оқшаулау және төсеу процестері аса көрсетпейді.Көңіл аударуды талап ететін негізгі шарттар болып:құбыр материалының серпімді деформациясын қамтитын мәннен аспайтын құбырдағы кернеу кезінде, жұмыс процестерінде өтпелі учаскелердің пішінінін сактау;құбыр ұзын ор түбіне тиген уақытта оқшаулауды білдірмей топырақтың реактивті қысымын қабылдау үшін, техникалық біріктік оқшауда болуы керектігі;құбырды көтеру, жылжыту түсіруге кран саны және жүккөтергіштігі, сонымен қатар олардың орнатылуы крандардың жалпы тұрақтылығын және олардың жебінің тұрақтылығының жоғалмауын қамтамасыз ету саналады.Бұл шарттарды орындау өтпелі учаскенің кернеулік күйі есебін, кран аударылған  тұрақтылық есебін, оқшаулау мастикасы топырақ бетіне тию уақытына дейін қажетті беріктікті алуды қамтамасыз ететін  оқшаулау-төсеу жұмыстарының жылдамдығын талап етеді.Егер полимерлі жабын қолдансақ, онда қозғалу жылдамдығы бойынша шектеуді алып тастауға болады.

      Құбырр төсегіш  крандарды орналастыру және өтпелі  учаскенің кернеулік күйі есебінің  теориялық сұрақтары нақты негізделген.Бірақ  оқшаулау-төсеу машиналарын орналастырудың  барлық есептік сүлбелерінің  кемшіліктері болып, олар идеалды  шарттар үшін алынған(идеалды  тегіс негіз, берік топырақ,  құбыр салмағынан тұрақты жүктеме  құбыр төсегіштер және олардың  жүк көтергіштігі арасындағы  өзгермейтін қашықтық).Идеалды есептік  сүлбе үшін практикалық және  теориялық шешімдерді қолдана  отырып тәуекелді әдістермен  оқшаулау-төсеу машиналарының нақты  жұмыс шарты есепке алынады.4.3-суретте  диаметрлері 700 мм-ден 1400мм-ге  дейін құбырды төсеу кезінде  құбыр төсегіш крандарын тазалау  және оқшаулау машиналарын орналастыру  сүлбесі көрсетілген.Жерге төсеу  сұлбасы кезінде тізбектегі құбыр  тек оқшаулау үшін көтеріледі[2нег.[134-144]].

                             4.3-сурет Оқшаулау-төсеу жұмыстарының  сұлбасы.

     Жаңа құбыр диаметріне, жаңа механизмдерге және т.б.  ауысқан кезде оқшаулау-төсеу  машиналарын қабылданған сұлбасымен  орналастыруды, сынауды бастаған күйді базисті деп атаймыз.Әдетте екі базисті сұлбалар қарастырамыз:симметриялы және симметриясыз көтеру.Симметриялы-бір горизонталь деігейде құбырды көтереді және жылжытады, симметриясыз-әр түрлі деңгейде(4.4-сурет,б).

     Екі сұлба үшін  құбырдың серпімді осінің бастапқы  дифференциалды теңсіздігі болып  танымал теңсіздік саналады

                      EL(x)=M(x)                                                                                       (4.6)

  Еркін қима Х үшін моменттер теңсіздігін құрай отырып және оны (10.2) қойып,(10.2) екі рет интегралдап,жоғары көтерген учаскедегі L серпімді сызық теңсіздігін аламыз

               Ely=x+.                                                                (4.7)

  және мәндерін шекаралық шарттардан табамыз

                        х=0; y=0; x=L

 

                   4.4-сурет.Құбырды төсеудің есептік  сұлбасы.

(4.7) теңсіздігінде белгісіздерге ден басқа L сонымен қатар құбыр төсегіш іліміне кіретін шарт, яғни және т.б. кіреді.х=0 және х=L кезінде ==0 пайдалануға болатын шекаралық шарттарға қарағанда, белгісіздер көбірек.Сондықтан (4.7) шешімін бастапқы мәліметтер ретінде қандайда болмасын бастапқы күйін беріп, кезекті жақындау әдістерімне табуға болады.Көп сұлбалар бастапқы күйге, аналог ретінде алынатындар жеткілікті. реакциясын технологиялық сипаттамасы бойынша анықталатын оқшаулау машинасы тұратын х= L қимада аралықпен табуға болады.Онда h учаскесі үшін (4.6) мынандай түрде болады:(q-1м құбыр салмағы)

Информация о работе Магистралды құбырлар құрамы