Магистралды құбырлар құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 22:03, лекция

Описание работы

Магистральды деп мұнай , мұнай өнімдері , табиғи немесе жасанды газдар ( газ түрінде немесе сұйытылған күйінде), су өндірілетін , өңделетін забор (құбырдың бастапқы нүктесі ) орнынан тұтынатын (соңғы нүкте ) орынға дейін тасымалдайтын құбырды айтады. Тасымалданатын өнімдердің түрлеріне байланысты құбырлар орындайтын мақсатына байланысты былай аталады: газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнімдерінің құбыры, тұнба құбыры , аммиак құбыры,контейнерлі көлік құбыры және т.б.

Файлы: 1 файл

Магистралдьды құбырлардың құрамы.docx

— 106.09 Кб (Скачать файл)

  Таулы топрыақтардың бойлық еңістерінде ұзын ор орнату

Таулы топырақтардың бойлық еңіс учаскелерінде ұзын орды орнату, келесі негізгі операцияларды құрайды:

  1. Трассаны ірі томарлардан, қопсытылған топырақтардан; егер ол таулы топырақты жауып жатса, тазару;
  2. Жергілікті таулы топырақты қопсыту;
  3. Қопсытылған топырақты тік тегістеу;
  4. Қопсытылған топырақты экскаватормен өңдеу,зарядтармен қалған ірі жыныстарды жәнет перетычкаларды ұсату және ұзын орды соңғы тазалау.

Бойлық және көлденең еңісті учаскелерде құбыр төсеу кезінде(қисық  тау деп аталатын), бірінші көлденең еңісті жоятын немесе 3-6 дейін азайтатын  «сөре» тұрғызады,сосын ұзын ор қазылады.Барлық қажетті операциялардың орындалуын қамтамасыз ету үшін сөренің мөлшерлі енін 9 м деп қабылдайды.Таулы  топырақты сөре тұрғызу және таулы  топырақты қопсыту технологиясы [1негізгі[158-169]] дәлірек келтірілген.

 Жинақтау жұмыстары

Трассаға  құбырды жеткізу.Құрылыс ауданының қиыншылық жағдайына байланысты құбыр тасымалдаудың келесі сұлбаларын қабылдайды:

  1. жинақтау орнына секцияларды және иілген құбырды тасымалдауға, құбырды секцияларға дәнекерлеу немесе ию үшін базаға құбырларды жеткізу;
  2. Жинақтау орнына басқа көлікке ауыстырмастан құбырларды жеткізу;
  3. Трассаның  аса күрделі учаскелеріне құбырларды тракторлы тартқыштарға ауыстырып жеткізу.

Бірінші сұлбаны пайдалануға  болады, егер бірнеше құбырлардан  тұратын секцияларды жинақтау орнына тік және көлденең трасса жолдары  және құбырларды тасымалдауға болатын  болса.

Ұзындығы 18-29м секцияларды  тасымалдау жолдарында тік бұрылысы бар кезде өте қиын болғанда, бір  құбырларды ауыстырусыз жеткізу  қолданылады.Сондықтан құбырлар жинақтау орнына «жіп» қылып жеткізіледі.

Таулы жағдайда құбырларды жинақтау келесі технологиялық сұлбалар жүргізеді:жайлы рельеде қолданылатын тасқынды –бөлшектек сұлбасы бойынша.Құбырды  жинау және дәнекерлеу ұзын ор –  жиегінде (ұзын ор қай жерде ашығын  қарамай :сөреде немесе топырақта) орындалады;Жобада көп бұрылыстар бар,тік көтерілу және құлдилай учаскелерде қолданылатын үзіліссіз сұлба бойынша:құбырды жинау және дәңекерлеу ұзын ордын жиегінде немесе ішінде жүргізіледі.Оқшаулау – төсеу жұмыстарын бір уақытта жүргізіп жинақтау  немесе алдын – ала оқшауланған секцияларды жинақтау.Бұл сұлбаны аса күрделі жағдайларда,ойпаттар қиылысқан,терең арқалықтар,жылжымалы учаскелер кезінде , яғни төселінген құбыр бүлінбес  үшін тез көму қажет ететін жағдайда пайдаланады.

     Тасқын- бөлшек  сұлбасы кезінде құбыр өсіруді  екі топтан тұратын бригадада  орындайды ,оның біреуі түйістерді  центрлейді және оларды ұстатады ,ал басқасы – түйістерді дәнекерлейді.Мұндай  сұлба қалыпты жағдайда жинақтаудын  және дәнекерлеудің  жоғарғы  қарқындылығын  қамтамасыз етеді.Бірақ  оны таулы жағдайдың барлық  кезінде қолдану мүмкін емес.12-15 жоғары көтерілу және құлдилауда,жобада,бойлық еңісте және бұрылыстар бар сөрелерде көп қисық орнатқыштар бар трасса учаскелерінде келесі құбырды немесе сецияларды түйістіруге болады,егер оның  алдындағы түйісті толығымен дәнекерлегенен  кейін.

     Ұзын ордың  нақты дайындалған профилінде  және жобасы бойынша құбыр  секциясын,қисық орнатқыштарды керектілікпен  ұстатып құбырларды үзіліссіз  ұлғайтады.Мұндай жинақтау технологиясы  ұзын орды қосымша өндемей  құбырларды төсеудің ең жаксы  жағдайларын жасайды.Үзіліссіз жинақтау сұлбасының екі негізгі түрлері бар:жиегінде жинақтау және ұзын ордын ішінде жинақтау.

    Үлкен бригада  жүргізетін дәңекер- жинақтау  жұмыстары бойынша тасқынды –бөлшек  технологиясына қарағанда,үзіліссіз  ұлғайту кезінде бригада ондай  адамдарды қажет етпейді, әдетте  бригада бес адамнан тұрады  (екі дәңекерлеуші ,құбыр төсегіш жүргізуші,тракторист немесе бульдозерист және бригадир – газбен кескіш).Бригадада адамдар санын азайту бір уақытта бір түйісті жинап және дәңекерлеуді түсіндіреді.Егер трасса бойынша күрделі емес арқалықты өткелдер кездессе,онда олар екі аралас бригада күшімен тұрғызылады,ал көп техника және адамдар саны қажет болғанда үш бригаданы біріктіреді.

     Бойлық еңісте жинау. Бойлық еңісте құбырларды жинақтау төмен,жоғары және жоғарыдан төмен,сонымен қатар аралас сұлбамен жүргізіледі.Бұл өндірістік процестер [1 негізгі[168-170]] нақтырақ түсіндірілген.

   Оқшаулау – төсеу жұмыстары

Тауда құбырды оқшаулау және ұзын орға төсеу әр учаскелерде қалыпты  жағдайдағыдай бірден технологиялық  сұлбамен орындалуы мүмкін емес.Бұл жұмыстарды орындаған кезде ескеру қажет:құбыр төсегішке түсетін жүктемені анықтайтын құбыр диаметрін,бойлық профиль сипаттамасын (бойлық еңіс қисықтығын оның бағыттығын),метеорогиялық жағдайға байланысты топырақ түрін және оның күйін (тау немесе жұмсақ ,құрғақ,ылғалды,суға қаныққан және т.б. топырақ).

      Қабылданатын  құбыр төсегіштердін типтері  негізінен оның жүк көтергіштігі  оқшаулау- төсеу жұмыстарының технологиясына  әсер етеді.

       Диаметрі 1020мм – ге дейінгі құбырды  оқшаулау кезінде технологиялық  сұлбаны қарастырамыз.Әдетте барлық  операциялар ұзын орға құбыр  төсеу,тазалау және оқшаулау, оны  футеровкалау ,ұзын орға төсеу  және көму бір кешенде және  тасқында орындалады. Оқшаулау –  төсеу тізбектері өткеннен кейін  толығымен біткен құбыр құрылысы  қалады.

      10 дейінгі бойлық еңісте оқшаулау – төсеу жұмыстарын құбыр төсегіштерді бекітпей және оларды бір-бірімен кезекті біріктірмей орындайды.Құбыр диаметрі 720-1020 мм жұмыс істейтін оқшаулау – төсеу тізбектері өзінің құрамында 5-6 құбыр төсеушілер болады, қшаулауда және төсеуде төрт немес бес құбыр  төсеушілер жұмыс істейді,ал біреу тау топырақтары жұмыстары кезінде қажетті профилакториялық жөңдеуге болады.

     Құбырды төсемес  бұрын тасты ұзын ор түбіне  қалыңдығы 15 см дейін жұмсақ  топырақ төселеді.

     10 жоғары бойлық еңістерде бір сұлба жалпы немесе қосарланған құбыр төсеушілердің бірігуін ,екіншісі – олардың бірікпей жұмыс істеуін қарастырады. Екі сұлбада толық құбырды үзіліссіз оқшаулауды және төсеуді қамтамасыз етеді.Екі жағдайда бір- екі зәкір тракторлар қолданылады.Олар еңістік жоғарысында немесе тізбекпен еңіс бойынша жылжиды.

     Құбыр төсегіштердің  көлденең жылжумен оқшаулау- төсеуге  жүктелмеген құбыр төсегіштер  өздігінен жылжи алатын еңісте  пайдаланылады.Жұмыста жоғарыдан төмен және төменнен жоғарыға жүргізеді.Жоғарыға жылжымалы  зәкір ретінде қолданылатын бір немесе екі трактор орнатады.Құбырды құбыр төсеушілермен және төсейді. Тракторды бірінші құбыр төсеуші жүргізеді,оның артынан 3-4 м қашықтықтан сырғанаудан троспен ұсталған ОМ жүреді. ОМ  артынан құбыр төсеуші сондай қашықтықпен ілеседі.Қалғандары бірінің артынан бірі 3-4 м қашықтықпен жүреді.Құбыр төсеуші оқшаулау машинасы сырғанамас үшін троспен ұстайды.

    Тізбек келесідей  жылжиды.Құбыр төсегіш  трактордың көмегімен 10-12 м.Жылжиды,содан кейін құбыр төсегіш құбырды түсіріп өз жүрісімен алға қарай жұмыс істеп тұрған оқшаулау машинасымен ОМ жағдайды да қайтадан құбырды көтереді.Сондай операцияны құбыр төсегіш орындайды,сосын оқшаулау машинасымен құбыр төсегіш көтеріледі,тек құбыр жеңіл қалыптан және ұзын  орға оны бағыттап.Бұл еңіс бойынша оның көтерілуін жеңілдетеді.30 дейін еңістікте мастикпен автогидронаторды құбыр төсегіш жүргізеді,ал үлкен еңісте – бөлек трактор.Оқшаулау- түсіру кезінде барлық құбыр төсегіштердің бір уақытта жылжуы кезінде оларды  троспен байлау керек.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Тауда құбыр құрылысының  ерекшеліктерін көрсетіңіз.

2.Сөре тұрғызудың сұлбасын  келтіріңіз.

3.Тауда құбыр құрылысы  кезінде ұзын орды өңдеу технологиясын жазыңыз.

4.Тауда құбыр құрылыс  кезінде жинақтау және оқшаулау  – төсеу жұмыстарының технологиялық  сұлбаларын жазыңыз.

 

 

 


Информация о работе Магистралды құбырлар құрамы