Расчет водонапорной башни

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2014 в 15:38, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің негізгі міндеттері:
• пластификаторлардың бетон араласпасының жылжымалылығына әсерін зерттеу;
• қоспалы бетонның оңтайлы құрамын таңдау;
• қоспалардың бетонның физика-механикалық қасиеттеріне әсерін зерттеу;
• қоспалардың цементтің физика – механикалық қасиеттеріне әсерін зерттеу.
Бұл дипломдық жұмыста жергілікті шикізаттық материалдар негізіндегі ауыр бетондардың негізгі сипаттамаларына пластификациялаушы қоспалардың әсері зерттеліп, қоспалы бетонның оңтайлы құрамы және өндірістің тиімді технологиялары ұсынылады.
Зауыт азаматтық көп қабатты қырлы жабын плиталарын шығарады. Жылдық өндірістік қуаттылығы 40 000 м3/жылына.

Содержание работы

Аннотация....................................................................................................... 8
Нормалық сілтемелер..................................................................................... 9
Анықтамалар................................................................................................... 9
Белгілеулер мен қысқартулар........................................................................ 10
Кіріспе............................................................................................................. 11
1. Ғылыми-зерттеу бөлімі............................................................................... 13
1.1 Зерттелетін мәселенің қазіргі күнгі жағдайы........................................... 13
1.2 Шикізаттық материалдар олардың негізгі сипаттамалары және үлгілерді сынау әдістемелері..................................................................................................... 23
1.3 Қоспалардың бетонның негізгі сипаттамаларына әсерін зерттеу.......... 25
1.3.1 Пластификациялаушы қоспалар негізіндегі ауыр бетонның құрамын таңдау және бетон үлгілерін қалыптау............................................................................... 25
1.3.2 Қоспаларың бетон араласпасының жылжымалылығына әсерін зерттеу 29
1.3.3 Қоспалардың бетонның беріктік жинау динамикасына әсерін зерттеу......31
1.3.4 Қоспалардың бетонның сусіңіргіштігі мен жібу коэффициентіне әсерін зерттеу 35
1.3.5 Қоспаларды қолданудың техника-экономикалық тиімділігін зерттеу 37
2. Құрылыс орнын технико-экономикалық негіздеу.................... 39
3. Бұйымның сипаттамасы (номенклатура.................................................... 39
4. Кәсіпорынның жұмыс істеу режимі.................................... 41
5. Өндірістік қуаттылық және өндірістік бағдарлама .................................. 41
6. Технологиялық бөлім (қалыптау цехы................................. 42
6.1. Бұйымды өндіру тәсілін техника-экономикалық негіздеу 42
6.2. Шикізаттық материалдар (техникалық сипаттамалары......................... 45
6.3 Қондырғылар мен құралдар–жабдықтардың техникалық сипаттамалары және олардың жұмыс істеу сипаты......................................................................... 46
6.4. Бұйымды өндірудің технологиялық режимдері..................................... 47
6.4.1.Бетон араласпасын дайындау және жайғастыру.................. 48
6.4.2.Виброөңдеу режимі............................................................ 48
6.4.3.Арматуралау режимдері................................................... 48
6.4.4.Бұйымдағы бетонның қату режимдері....................... 48
6.5. Өндірістік технологиялық есеп-қисаптар.............................. 50
6.5.1. Қалыптау посттарының санын есептеу............................. 50
6.5.2 Қалыптарды дайындау және арматуралау посттарының санын есептеу..................................................................................................... 51
6.5.3 Жылумен өңдеу қондырғыларының санын есептеу......... 51
6.5.4. Бұйымды цехта ұстау постарының санын есептеу................ 52
6.5.5. Қалыптардың қажетті мөлшерін есептеу......................... 52
6.5.6. Крандар санын есептеу...................................................... 53
6.6. Өндірістік қондырғы-жабдықтардың жалпы ведомысы........ 54
6.7. Шикізат материалдар мен жартылай фабрикаттар қажеттілігі. 55
6.8. Энергия қорларының қажетті мөлшерін есептеу..................... 56
6.8.1 Электр энергиясы................................................................ 56
6.8.2 Су қажеттілігін есептеу......................................................... 57
6.9. Жұмыскерлердің саны мен құрамын есеп-қисаптары (өндіріс жұмысшылары, ИТЖ, қызметшілер, кіші қызметші персоналдар... 58
6.10. Өндіріс пен дайын бұйымның сапасын бақылау............................... 58
6.10.1 Бастапқы шикізат сапасын бақылау................................................... 59
6.10.2 Бетон араласпасының сапасын бақылау.............................. 60
6.10.3 Өндірістік процестерді бақылау......................................................... 60
6.10.4 Дайын бұйым сапасын бақылау......................................................... 60
6.10.5 Қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария............ 61
6.10.6 Өндірістік санитария........................................................ 61
6.11 Цехтың инженерлік-жоспарлау шешімдері.......................... 61
6.11.1 Технологиялық қондырғы-құралдар мен ғимараттарды орналастыру принциптері.................................................................................. 62
6.12. Нақты өнімді өндірудің технологиялық картасы................................. 63
7.Тіршілік қауіпсіздігі..................................................................................... 65
8. Қоршаған ортаны қорғау........................................................................... 79
9. Сәулет құрылыс бөлімі............................................................................... 87
9.1. Өндірістік құрылысқа арналған темірбетон бұйымдарын
өндіретін зауыт............................................................................................... 87
9.2. Технологиялық процестерді суреттеу..................................................... 87
9.3 Көлемдік жобалық шешімдер.................................................................. 87
9.4. Конструкциялық шешімдер..................................................................... 88
10. Экономика бөлімі...................................................................................... 89
10.1. Жобалаған мекеменің сметалық құндылығын есептеу......................... 89
10.2 Бір орташа тізімдегі жұмысшының жұмыс уақытының
балансын есептеу............................................................................................. 90
10.3 Жобаланған кәсіпорынның экономикалық тиімділігі........................... 98
11. Қорытынды............................................................................................... 100
12. Пайдаланған әдебиеттер........................................................................... 101

Файлы: 1 файл

бекнур.docx

— 1.36 Мб (Скачать файл)

 

      7.Тіршілік  қауіпсіздігі. 

 

 

       Кіріспе      

 Тіршілік әрекеттерінің  қауіпсіздігінің деңгейі осы  қоғамның  жан-жақты жетілуін, рухани және психологиялық қалпын, төтенше жағдайға тән қауіпті факторлардың ықпалын басу, мүмкін болатын ең төменгі деңгейіне түсіру қабілетін сипаттайды.    

"Еңбек қауіпсіздігі  және еңбекті қорғау саласындағы  мемлекеттік басқару, бақылау және  қадағалауды Қазақстан Республикасының  Үкіметі,еңбек жөніндегі уәкілетті  мемлекеттік орган және өзгеде  уәкілетті мемлекеттік органдар  өз құзыретіне сәйкес жүзеге  асырылады, сонымен қатар дүниежүзілік  қоршаған орта және еңбек қорғау  стандартына сәйкес" (OHSAS 18001). Төтенше  жағдайлар үш ортада пайда  болады: өндірісте (техногендік) табиғатта  және экологиялық ортада, сонымен  бірге болуы мүмкін қарқынымен (көлемділігімен) сипатталады. 

2007 жылдың 22 мамырда Қазақстан  Республикасының Еңбек Кодексі  қабылданды.      

 Осы Кодексте мынадай  негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасының  еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының  конституциясына негізделеді. Осы  заңнама Қазақстан Республикасының  заңдарымен Қазақстан Республикасының  өзге де нормативтік құқықтық  актілерінен тұрады. Кодексте көзделген  жағдайларды қоспағанда, Қазақстан  Республикасының басқа заңдарына  еңбек қатынастарын, әлеуметтік  әріптестік пен еңбекті қорғау  қатынастарын реттейтін нормаларды  енгізуге тыйым салынады.      

 Қазақстан Республикасы  еңбек заңнамасының мақсаты еңбек  қатынастарын және де қатынастарды  еңбек қатынастары тараптарының  құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен  бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін  белгілеуге бағытталған құқықтық  реттеу болып табылады. Қазақстан  Республикасы еңбек заңнамасының  міндеттері еңбек қатынастары  тараптары ммүдделерінің теңгеріміне, зкономикалық өсуге қол жеткізуге, өндіріс тиімділігі мен адамдардың  әл-ауқатын арттыруға бағытталған  қажетті құқықтық жағдайлар жасау  болып табылады.     

 Еңбек қауiпсіздігі  және еңбектi қорғау саласындағы  мемлекеттік басқаруды, бақылау  мен қадағалауды Қазақстан Республикасының  Үкіметі, уәкілетті орган және  оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ  өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы  уәкілетті мемлекеттік органмен  өзге де уәкілетті органдар  жүзеге асырады.

Дипломдық жобадағы цемент зауытындағы күйдіру цехының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі бағыттары:   

- Қазақстан Республикасының  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті  қорғау саласындағы нормативтік  құқықтық актілерін, мемлекеттік  стандарттарды, ережелерді, нормаларды  әзірлеу мен қабылдауға; 
      - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге; 
      - еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыруға; 
      - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыруға; 
      - Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға; 
     - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесу;

- өндірістегі жазатайым  оқиғалар мен кәсіби аурулардан  зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің  заңды мүдделерін қорғауға; 
      - өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеуге;     

- еңбек жағдайлары мен  еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі  жұмыстың отандық және шетелдік  озық тәжірибелерін таратуға;

- еңбек қауіпсіздігі және  еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды  даярлауға және олардың біліктілігін  арттыруға;

- еңбек жағдайлары туралы, сондай-ақ өндірістік жарақат, кәсіби  ауру туралы және олардың салдары  туралы мемлекеттік статистикалық  есептілікті ұйымдастыруға; 
      - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

- еңбек қауіпсіздігі және  еңбекті қорғау саласындағы халықаралық  ынтымақтастыққа бағытталған. 

 

 

      Еңбек жағдайына әсер ететін технологиялық процестер мен қондырғы құрылымдарын жетілдіру дәрежесі, оларды механикаландыру мен автоматтандыру деңгейінің сипаттамасы      

 Өндірісті механикаландыру  — бұл энергияның түрлі әдістерін  пайдалана отырып, қол еңбегін  машинаға және механикаға ауыстыру  болып табылады. Цемент өндірісі  қондырғыларының механикаландыру  мен автоматтандыру деңгейі жоғары.Технологияның  барлық сатылары механикаландырылған, ал өндірісті басқару оператор  пультімен орындалады. Шикізатты  және өнімді тасымалдау сатылары  құбыр өткізгіштер арқылы орындалады. Шикізатты аппараттарға жүктеу  автоматтандырылып, жоғары деңгейде  механикаландырылған. Қондырғыны іске  қосу және тоқтату қол көмегімен  іске асырылады. Бұл сәтті ғана  қол еңбегіне жатқызуға болады. Оператор осылайша өз ауысымында  негізінен құралдарды қадағалап  отырады.     

 Еңбекті механикаландыру  деңгейі төмендегідей формуламен  анықталады:         

 

мұндағы: А - механикаландыру дәрежесі, %;

Б - механикаландырылған адам-сағат еңбегінің қосындысы;

В - адам-сағат қол еңбегінің қосындысы.     

 Дипломдық жобадағы  күйдіру цехындағы бір ауысымға 10 адам – сағат қажет. Олардың  ішіндегі cегізі механикаландырылған  адам - сағат еңбегіне қажет: пештің  машинист – операторы, машинисттің  көмекшісі, мұздатқыштың машинисті  және шламқоректендіргіштің операторы.

Смазчиктердің жұмысы механикаландырылмағандықтан адам – сағат қол еңбегіне екі адам қажет. Ол құрал – саймандарды сүртуді, өндірістегі тазалықты қолмен атқарады. 

               

 Осыған байланысты  цехтағы қол еңбегі 20% құрайды.

Механизациялық еңбек деңгейі жоғары көрсеткішке 80% тең. Бұл күйдіру процесінің технологиялық түрі механикаландырылғанын және автоматтандырылғанын көрсетеді.   

 

 

   Өндірістегі  санитарлы техникалық іс-шаралар 

 Цемент өнеркәсібінде  тиімді санитарлы-техникалық жағдайларды  жасау – еңбек ұжымдарының  денсаулығын, қауіпсіздік жағдайларды, еңбектің өнімділігін және жалпы  өндіріске байланысты жоспарлау. Өндірістік бөлмелерге, жұмыс орындарымен  микроклиматқа қойылатын жалпы  тазалық сақтау талаптары санитарлы  нормалары мен ережелері өнеркәсіп  бөлімі үшін арналған санитарлы  нормаларында көрсетілген.

Адам ағзасына әсер ететін өндірістік жағдайларды комплексті зерттеу, сонымен қатар оларды жақсартуда жүргізілетін шараларды өңдеуді және енгізуді еңбек тазалығы және өндірістік саниртария қамтамасыз етеді.

Осы факторлардың адам организміне әсер ету дәрежесін анықтау, ұйымдастыру және техникалық шараларды өңдеуді арнайы еңбек гигиенасымен өндірістік санитария пәні үйретеді.

Өндірістік санитария - санитарлы-техникалық және гигиеналық шаралар жүйесі. Оның мақсаты өндірістегі еңбек жағдайының жоғары болуымен қамтамасыз ету. Өндірістік санитарияның негізгі тапсырмалары: жұмысшыларға зиянды әсер ететін өндірістік құрал-жабдықтар мен технологиялық процестердің техникалық элементтерін төмендету, санитарлы техникалық еңбекті қорғау шараларын өңдеу болып табылады. 

 

 

       Өндірістік  бөлмелерді желдету      

 Күйдіру цехындағы  бөлмелердің бәрі өндірістік  кәсіпорындардың жобалауының санитарлық  нормаларына сәйкес желдету үшін  жабдықталған. Цемент шығару өндірісі  үшін жабдықтауға арнайы шығарылып  жатқан құралдардың бәрі герметикалық  және аспирациялық  болып қарастырылған.       

 Агрегаттар мен жабдықтар  жергілікті желдетумен қамтамасыздандырылып, желдету құрылғыларын жұмыс істеуімен  монтаждау мен қабылдау, жобалау  ерекшеліктерінің талабына жауап  береді. Жергілікті желдетуден тартылатын  ауаның шаңдылығы егер ауа  шаңы 75мг/м3 аспаса алынып тасталады. Ауаның сыртқа тасталуын 3 м биіктіктен кем емес. Механикалық желдету құрылғылары қажетті бақылау - өлшеу құрылғыларымен жабдықталған.       

 Желдету және шаңсыздандыру  құрылғылары жұмыс істету мен  жөндеу желдету құрылғыларын  жөндеумен эксплуатациялау құрылғысымен  сәйкес жүргізіледі. Ауаны тазартушы  сүзгілерден шыққан қалдықтар  бункерге бағыт алады да шығарылып  тасталынады. Өндірістік бөлімдердегі  ауа температурасы өндірістік  бөлімдер мен қоғамдық тұрмыс  бөлімдеріндегі жұмыс аймақтағы  метерологиялық норма параметрлеріне  сәйкес қабылданады. 

 

 

      Жылулық      

 Адам қауіпті жағдайда  қоршаған ортаға үздіксіз жылуын  беріп отырады. 18 - 20 °С кезіндегі  жалпы жоғалтқан жылу энергиясының  мөлшерінен 45% радиацияға, 30% -ті конвекцияға, 25%-булануға кетеді. Температураның, ылғалдылық пен қоршаған ортадағы  ауаның қозғалу жылдамдығының  өзгеруі кезінде жұмыс жағдайы  едәуір өзгереді. Температура 30°С -тан  аспауы керек. Себебі, осы температурада  адам организмінің булануына  кеткен жылумен теңеледі. Ал адам  жоғары температурада жылу тек  булану есебінен кетеді. Булану  негізінен тері арқылы жүреді. Бұл процесс көбінесе қыздырылатын  аппараттарда кездеседі. Температураның  жоғарлауы ауаның ылғалдылығына  зор әсер етеді. Оптималды температура (16-25°С) кезінде ауаның ылғалдылығы 40-45% шамасында болады. 80%-ке дейін  ылғалдылығының жоғарлауы жағымсыз  жылу сезінушілікті, 85%-тен жоғары  ылғалдылықта организмнің термореттелуінің  бұзылуына әкеліп соғады.      

 Жылдың суық және  ауыспалы кезеңдерінде (сыртқы ауа  температурасы 10 С -тан төмен) жұмыс  категориясына байланысты оптималды  температура 12-22°С аралығында болады, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығының  қозғалу жылдамдығы 0,2-0,3 м/с кезінде 30-60% құрайды. Жылдың жылы кезеңінде (сыртқы ауа температурасы 10°С -тан  жоғары) жұмыс категориясына тәуелді  оптималды температура 18-25°С-қа жоғарлайды, ал ауаның қозғалу жылдамдығы 0,2-0,7 м/с дейін, ауаның салыстырмалы  ылғалдылығы 30-60% деңгейінде қалады.       

 Ауаның қозғалу жылдамдығы  жоғары температураның жағымсыз  әсерін күшейтеді, ауаның ылғалдылығының  жоғарлауы жоғарғы және төменгі  температураның әсерін ұлғайтады. Кейбір жағдайда метеорологиялық  жағдайлар ағзаның тіршілік функцияларының  орташа ағымына арналған жағымды  жағдайлар мен ағзаның термореттелуінің  бұзылуына әкеліп соғады. 

 

 

      Жарықтандыру      

 Цемент өндірісіндегі  күйдіру цехында жасанды жарықты  табиғи жарық жетіспеген кезде  жұмысқа комфорттық жағдай жасау  үшін, тәуліктің түнгі уақытында, сонымен қатар табиғи жарығы  жоқ ғимараттарда қолданылады. Жарық  адам ағзасын сыртқы ортамен  байланысын қамтамасыз ету үшін  маңызды зат болып табылады. Сапалы  жарықтану кезінде, еңбекті қорғау  талаптарына сәйкес, еңбек қабілеттілігі  өседі, организмнің шаршауы төмендейді, көрудің қабілеттілігі жоғарылайды, жарақат алу азаяды.     

 Жасанды жарық функционалді  белгілеумен екі түрге бөлінеді: жұмыстық және авариялық.     

 Авариялық жарық –  эвакуациялық, қорғаулық болып бөлінеді. Жұмыстық жарығы сөніп қалғанда, егер де содан өрт, жарылыс, не  болмаса заводтағы технологиялық  процесстері ұзақ тоқтап қалса  авариялық жарығымен қолданылады. Авариялық жарық тағыда эвакуациялық  жолдарында қолданылады, адамдарды авария кезінде эвакуациялау үшін. Жұмыстық жарығы – барлық ғимараттарда және территорияларда жұмыс жүруі үшін қолданылады, жұмысқа арналған ашық жерде, адамдардың жүретін жрлерінде, транспорттың жолдарында.

Кезекше жарық – жұмыстан бос уақыттағы жарық.

Жасанды жарық екі жүйеде жобаланады:

  1. жалпы, бірқалыпты жарық;
  2. құрастырылған (жалпы жарыққа жергілікті жарық қосылады).

 

       Құрасырылған  жарықталуда жалпы жарықтың сәулесі 10% кем болмауы тиіс. Ондай болмаса  жұмыс орнындағы жарықталудың  және қоршаған кеңістіктің жарықталуы  арасында үлкен айырмашылық пайда  болады, ол жұмысшының тез (көздері) шаршағандыққа әкеледі және жұмысшылардың  бір жерлеріне зақым, жарақат  болуына себепкер болады. Сондықтан  тек қана жергілікті жарықты  жұмыс орындарында пайдалануына  тиім салынады.     

 Жасанды жарық үшін  электрлік қыздыру лампалары  және газоразрядтарыланған жарық  қолданылады (люминисценттік лампалар, жоғары қысымды – сынап лампалары  – ДРЛ, натрийлық, ксеон және басқа; Жарық ағыны қыздыру лампаларының (жалпы жарыққа арналған) – 7-20 лм/Вт, люминесценттік лампалардікі – 40-75 лм/Вт, жоғары қысымды-снап лампалардың  – 60 лм/Вт, натрийлық 100 лм/Вт-ке дейін. Бөлмелерді жарықтандыру үшін  электрлік жоғары және төменгі  қысымды газоразрядтік лампалар  қолданылады. Қыздыру лампаларды  қолдану тек қана техникалық-экономикалық  қолайсыз немесе газоразрядтық  жарық көздерін қолдану мүмкін  емес болған жағдайда рұқсат  етіледі. Жасанды жарық жұмыс  орындарын жарықтандыру қамтамасыз  ету үшін СНиП П-4-79 талаптарына  сәйкес болуы тиіс. Жарықтың қажетті  мөлшері өндіріліп, істеген жұмыстың  мөлшеріне байланысты, фонына, қайсысында  жұмыс деталімен қарама-қарсылық  деталі қарастырылады.       

 Егер жұмыс жарақат  алу қауіп-қатері артуымен байланысты  болса, немесе қызу көз жұмысы  жұмыс күні бойы орындалса, онда  жарық нормасы арнайы жарықтық  шкаласында сәйке бір сатыға  артады.      

 Жұмыс кіші дәлдікпен  орындалғанда және адамдардың  бөлмеде уақытша болуы, сонымен  қатар жабдықтардың бар болуы, тұрақты қызмет көрсетуді талап  ететін болса, онда жарық нормасын  сол шкалада бір сатыға төмендету  керек.      

Информация о работе Расчет водонапорной башни