Расчет водонапорной башни

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2014 в 15:38, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің негізгі міндеттері:
• пластификаторлардың бетон араласпасының жылжымалылығына әсерін зерттеу;
• қоспалы бетонның оңтайлы құрамын таңдау;
• қоспалардың бетонның физика-механикалық қасиеттеріне әсерін зерттеу;
• қоспалардың цементтің физика – механикалық қасиеттеріне әсерін зерттеу.
Бұл дипломдық жұмыста жергілікті шикізаттық материалдар негізіндегі ауыр бетондардың негізгі сипаттамаларына пластификациялаушы қоспалардың әсері зерттеліп, қоспалы бетонның оңтайлы құрамы және өндірістің тиімді технологиялары ұсынылады.
Зауыт азаматтық көп қабатты қырлы жабын плиталарын шығарады. Жылдық өндірістік қуаттылығы 40 000 м3/жылына.

Содержание работы

Аннотация....................................................................................................... 8
Нормалық сілтемелер..................................................................................... 9
Анықтамалар................................................................................................... 9
Белгілеулер мен қысқартулар........................................................................ 10
Кіріспе............................................................................................................. 11
1. Ғылыми-зерттеу бөлімі............................................................................... 13
1.1 Зерттелетін мәселенің қазіргі күнгі жағдайы........................................... 13
1.2 Шикізаттық материалдар олардың негізгі сипаттамалары және үлгілерді сынау әдістемелері..................................................................................................... 23
1.3 Қоспалардың бетонның негізгі сипаттамаларына әсерін зерттеу.......... 25
1.3.1 Пластификациялаушы қоспалар негізіндегі ауыр бетонның құрамын таңдау және бетон үлгілерін қалыптау............................................................................... 25
1.3.2 Қоспаларың бетон араласпасының жылжымалылығына әсерін зерттеу 29
1.3.3 Қоспалардың бетонның беріктік жинау динамикасына әсерін зерттеу......31
1.3.4 Қоспалардың бетонның сусіңіргіштігі мен жібу коэффициентіне әсерін зерттеу 35
1.3.5 Қоспаларды қолданудың техника-экономикалық тиімділігін зерттеу 37
2. Құрылыс орнын технико-экономикалық негіздеу.................... 39
3. Бұйымның сипаттамасы (номенклатура.................................................... 39
4. Кәсіпорынның жұмыс істеу режимі.................................... 41
5. Өндірістік қуаттылық және өндірістік бағдарлама .................................. 41
6. Технологиялық бөлім (қалыптау цехы................................. 42
6.1. Бұйымды өндіру тәсілін техника-экономикалық негіздеу 42
6.2. Шикізаттық материалдар (техникалық сипаттамалары......................... 45
6.3 Қондырғылар мен құралдар–жабдықтардың техникалық сипаттамалары және олардың жұмыс істеу сипаты......................................................................... 46
6.4. Бұйымды өндірудің технологиялық режимдері..................................... 47
6.4.1.Бетон араласпасын дайындау және жайғастыру.................. 48
6.4.2.Виброөңдеу режимі............................................................ 48
6.4.3.Арматуралау режимдері................................................... 48
6.4.4.Бұйымдағы бетонның қату режимдері....................... 48
6.5. Өндірістік технологиялық есеп-қисаптар.............................. 50
6.5.1. Қалыптау посттарының санын есептеу............................. 50
6.5.2 Қалыптарды дайындау және арматуралау посттарының санын есептеу..................................................................................................... 51
6.5.3 Жылумен өңдеу қондырғыларының санын есептеу......... 51
6.5.4. Бұйымды цехта ұстау постарының санын есептеу................ 52
6.5.5. Қалыптардың қажетті мөлшерін есептеу......................... 52
6.5.6. Крандар санын есептеу...................................................... 53
6.6. Өндірістік қондырғы-жабдықтардың жалпы ведомысы........ 54
6.7. Шикізат материалдар мен жартылай фабрикаттар қажеттілігі. 55
6.8. Энергия қорларының қажетті мөлшерін есептеу..................... 56
6.8.1 Электр энергиясы................................................................ 56
6.8.2 Су қажеттілігін есептеу......................................................... 57
6.9. Жұмыскерлердің саны мен құрамын есеп-қисаптары (өндіріс жұмысшылары, ИТЖ, қызметшілер, кіші қызметші персоналдар... 58
6.10. Өндіріс пен дайын бұйымның сапасын бақылау............................... 58
6.10.1 Бастапқы шикізат сапасын бақылау................................................... 59
6.10.2 Бетон араласпасының сапасын бақылау.............................. 60
6.10.3 Өндірістік процестерді бақылау......................................................... 60
6.10.4 Дайын бұйым сапасын бақылау......................................................... 60
6.10.5 Қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария............ 61
6.10.6 Өндірістік санитария........................................................ 61
6.11 Цехтың инженерлік-жоспарлау шешімдері.......................... 61
6.11.1 Технологиялық қондырғы-құралдар мен ғимараттарды орналастыру принциптері.................................................................................. 62
6.12. Нақты өнімді өндірудің технологиялық картасы................................. 63
7.Тіршілік қауіпсіздігі..................................................................................... 65
8. Қоршаған ортаны қорғау........................................................................... 79
9. Сәулет құрылыс бөлімі............................................................................... 87
9.1. Өндірістік құрылысқа арналған темірбетон бұйымдарын
өндіретін зауыт............................................................................................... 87
9.2. Технологиялық процестерді суреттеу..................................................... 87
9.3 Көлемдік жобалық шешімдер.................................................................. 87
9.4. Конструкциялық шешімдер..................................................................... 88
10. Экономика бөлімі...................................................................................... 89
10.1. Жобалаған мекеменің сметалық құндылығын есептеу......................... 89
10.2 Бір орташа тізімдегі жұмысшының жұмыс уақытының
балансын есептеу............................................................................................. 90
10.3 Жобаланған кәсіпорынның экономикалық тиімділігі........................... 98
11. Қорытынды............................................................................................... 100
12. Пайдаланған әдебиеттер........................................................................... 101

Файлы: 1 файл

бекнур.docx

— 1.36 Мб (Скачать файл)

 Жарықты нормалауды  пайдаланатын лампа немесе жарық  жүйесіне тәуелді өндіреді. Жарықтың  ең аз мөлшерін көз жұмысшының  шарттарына сәйкес келесі параметрлер  бойынша белгілерді ажырату объектінің  шамасы, фонның мінезіне, фон мен  объектінің қарама-қарсылығына (К), жарықтың көзіне және жарықтың  жүйесіне.      

 Жарық жүйесін таңдау  технологиялық процесстердің талабына, ажырату объектісінің шамасына  және көз жұмысының мінезіне  тәуелді болады.

Жасанды жарықты есептеу

Жарық жүйесін таңдау технологиялық процесстердің талабына, ажырату объектісінің шамасына және көз жұмысының мінезіне тәуелді болады, СНиП П-4-79. 

    

N –шырақтын саны     

m – шырақтың ішіндегі  люминисцентті лампаның саны.        

 Қорыта келгенде күйдіру  цехындағы жасанды жарықтағы  есептегенде люминсцентті лампалар  саны 16 шт екені есептелінді. Бұл  аталған цехтағы жасанды жарықты  қамтамасыз ете алады.      

 Шу және дірілден  қорғану      

 Интенсивтілігі мен  жиілігі әртүрлі тәртіпсіз дыбыстардың  үйлестірілуі шу деп аталады. Оның түрлері: соқпалы, механикалық, аэро-, газо- және гидродинамикалық  шу. Цемент зауытында машина бөлшектері  мен механизмдер және түйіндердің  соғылуы және үйкелісі кезінде  механикалық шу болады. Шу жиілікпен, қуаттылықпен және дыбыс күшімен  анықталады.      

 Адамның есіту органы 16 – 20 мың Гц жиіліктер аралығында  тербелмелі дыбыстарды қабылдайды. Сұйықтар, газдар және ауа қозғалыстары  жүретін айналмалы және қозғалмалы  бөліктердің нашар біріктірілуінен  туатын өндірістік құрал жабдақтар  мен құбыр өткізгіштердің тербелмелі  бөліктерін вибрация деп атаймыз.       

 Дірілдің физикалық  сипаттамасы айналу жиілігімен (Гц), амплитудамен (мм), жылдамдығымен (мм/с)  анықталады.

Айналу жиілігі 16 – 20 Гц жоғары болғанда діріл шуға айналады.     

 Шу және дірілмен  күресу шаралары 3 негізгі бағытқа  бөлінеді; шу мен діріл түзілу  көзінің кемуі және жойылуы; олардың  таралуы жолындағы интенсивтілігінің  төмендеуі; шу мен дірілдің адам  организміне зиянды әсерінің  кемуі. 

     Шу мен вибрацияның интенсивті әсерінен шаршағандық және қолайсыздықтың жоғарлауы, нашар ұйқы, бас ауру, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, көрудің нашарлауы және еңбек өнімділігінің төмендеуіне (10 – 15%) әкеп соқтырады.     

 Адам организміне зиян  әсерінен басқа, діріл өндірістік  құрал жабдықтарға, коммуникацияға  және ғимараттарға әсер етеді. Ол машина және механизмдерінің  ПӘК –нің төмендеуімен өрнектеледі  және бөліктер тозуға ұшырайды. Діріл әсерінен ұзақ уақыт  сілкінуі машинамен ғимараттар  фундаменттерінің бұзылуына әкеп  соғады.     

 Осы тұрғыда шу мен  дірілді төмендету шаралары санитарлық  мөлшер мен МЕСТ бойынша іске  асырылады. 

 

 

      Санитарлы-тұрмыстық  бөлмелер     

 Цемент зауытындағы  күйдіру цехында өндірістік ортаға  әртүрлі зиянды факторлар: цементтен  шығатын шаң және қолайсыз  метеорологиялық жағдайлар, шу және  жылудың жоғарылығы, жарықтың жетіспеуі  потенциалды әсер етеді. Осы факторлар  адам ағзасына әсер етеді.     

 Жоба бойынша бөлек  тұрған ғимаратта орналасқан  тұрмыстық бөлме қарастылған. Барлық  жұмыс   орындары   дәрі-дәрмек қобдишасымен және алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті құралдармен жабдықталған.  Өндіріс территориясында медпункт қарастырылған. Өндірісте жұмысшылардың тамақтануына арналған асхана бар. Арнайы жуынатын бөлмелері және қол жуғыштар қарастырылған. Өндірістегі санитарлық- тұрмыстық бөлмелердің болу мақсаты өндірістегі еңбек жағдайының жоғары болуымен қамтамасыз ету. 

 

 

      Жеке  қорғану құралдары     

 Цемент өнеркәсібіндегі  жұмысшылар тәртіпте орнатылғандай арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, арнайы жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі және стандартқа сай болады. Зиянды шаң бөлінуі мүмкін бөлімдерде жұмысшыларға жеке қорғану құралдары беріледі. Олар: каска,  шлем, қорғаныс көзілдерігі және т.б.     

 Жеке қорғаныс құралдарын  алған жұмысшылар бұл құралдардың  қолдану ережесін білуі керек, сонымен қоса бұл құралдардың  жөнделгені және жөнделмегенін  білуі тиіс. Жеке қорғаныс заттарынсыз, арнайы киімсіз және арнайы  аяқ киімсіз жұмысқа жіберілмейді. Жеке және ұжымдық қорғану құралдары еңбек қауіпсіздігінің сәйкесінше стандарттарының талаптарына сәйкес болу керек.      

 Өртке қауіпті аумақтағы  объектілерге статикалық электр  зарядын жинайтын темір шегелі  аяқ киіммен және киіммен шығуға  рұқсат етілмейді.      

 Одан бөлек қондырғы  зақымданушыға бірінші көмек  көрсетуге арналған қажетті медикаменттердің  медициналық қорапшасымен жабдықталған. Жану аумағы кіші кезінде және  өрт аумағының төмен температурасында  бастапқы сатыда өрт сөндірудің  біріншілік құралдары қолданылады: киіз, өрт сөндіргіштер, су буы, сөндіру  көбігі. 

 

 

       Өндірістің  зиянды және қауіпті жағдайларға  талдау жасау     

 Цемент өндірісінде  ең негізгі ластаушы болып  шаңды атауға болады. Цемент өндірісінде  пайда болатын шаңдардың 80 % күйдіру  кезінде  пайда болып, түтінді газдармен бірге шығады. Құрғақ әдістің циклонды жылу алмастырғышты пештеріндегі түтінді  газдардың шаңдану дәрежесі 4-25 г/м3  аралығында болады. Пештен шығатын шаң дайын өнім мен  жартылай фабрикаттың қоспасы болып табылады. Шаңның негізгі бөлігін  күйген саз бен  ыдырамаған әктас бөлшектері құрайды. Сонымен қатар  оның құрамына 2-14 %  кальций тотығы,  1-8% сілтілер, 8-10% екі  кальцийлі силикат, 10-12% ферриттер мен алюмоферриттер кіреді. Көптеген цемент зауыттарында  газдармен бөлінетін шаңды қайтадан пешке  жібереді. Адам денсаулығына шаңның әсері МЕУП-12.1005-76 бойынша аз қауіпті деп саналады. Шаң әсерінен адамдардың өкпе ауруларына, бисинозаға шалдықтырады.

Негізгі қауіп цехта электр қондырғысымен және электрожүйесі бар болуымен сипатталатын электрлі токпен зақымдану қаупі және  механикалық қондырғылардың бар болуымен сипатталатын маханикалық жарақат алу қаупі.

Жоғарыда айтылғандай цементті дайындауда қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізетін әртүрлі шаңдар атмосфераға бөлініп шығады.  Шаңның адам денсаулығына зияндылығы аз мөлшерде болғанымен ол жұмысшыларды өкпе ауруларына және құрғақ жөтел, бисинозаға шалдықтырады. Бұл шаңдар желдің әсерінен зауыт маңындағы елді мекендерге жайылады және адамдардың тыныс алу органдарының түрлі ауруларға әкеп соғады. 

 

 

      7.1 – кесте     

 Зянды факторлар 

 

Зиянды және қауіп факторы

Адам ағзасына зиянды әсері

ШМК

(шекті мүмкіндік концентрациясы)

Алдын – алу       іс – шаралары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаң (силикат материалдарының шаңы) 

 

 

 

 

Шаң зиянды қауіп-қатердің бірі, оның әсерінен адамдар түрлі ауруға шалдығуы мүмкін.

0,2 мг/м3 

 

 

 

 

Шаңнан тазарту үшін әр түрлі тазартқыштар, аспирация жүйелері, желдеткіштер, циклондар қолданылады.

 

 

 

Шу 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шу адамға кері әсерін тигізіп, нерв жүйесін тозырады. 

70 – 80 Гц 

Шу болдырмаудың жолдарына барынша өндірісте шу шығармайтын қондырғыларды шығару.

3

 Діріл

Діріл барлық нерв жүйесіне әсер етуші факторлырдың бірі. Дірілдің әсері аданың бас ауруына әкеліп соғады.

63 Гц

Дірілді болдырмау жағдайларын қарастыру қажет. 

 

 

 

   

 Электр қауіпсіздігі

Жобаланып жатқан цехта электр қауіпсіздікке көп назар бөлу қажет. Қызмет көрсететін жұмысшыларды электр тоғынан зақымданудан қорғау үшін жерге тұйықтау қарастырылған. Қауіпті жерлерде қауіпті белгілейтін плакаттар ілінген. Электро қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорында еңбектің қауіпсіздік әдістеріне үйрету және нұсқаулау жүргізіледі.

Электрлік токтың қауіпті әсері адамның электро қондырғылардың ток жүретін бөліктермен тікелей контактісі кезінде көрінеді.

Электрлік ток адам денесі арқылы өткенде келесідей әрекеттерді жасайды: термиялық – терінің қызуына және күюіне, қан жүретін жолдардың және қанның қызып кетуі; электролиздік – қанның және плазманың жіктелуіне; биологиялық – ағза терісінің тітіркенуі. 0,05 А электрлі ток күші адам өміріне қауіпті деп саналады. 40-60 Гц-ті айнымалы ток аса қауіпті.

Электр тоғымен зақымдану жергілікті электрожарақаттар (электрлі күю, электрлік таңба, терінің металдауны, электроортальмия) және электрлі соққылар (жалпы адам ағзасының зақымдануы).

Адамның электр тоғымен зақымдану дәрежесі токтың күші және жиілігіне, адам денесінің кедергісі, электр токтың өту ұзақтығы, қоршаған ортаның жағдайларына байланысты болады.

Электрлі күю – 1-2 кВ кернеулі электро қондырғылардың ток жүретін бөліктермен дененің контактісі жерінде терінің күюі деп аталады.

Электрлі таңбалар – токтың әсерінен пайда болған адамның терісіндегі сұр түсті дақтар, жаралар.

Электроофтальгия – электр токтың әсерінен бұлшық еттердің қысқарулары (сокращение) нәтижесінде көздің сыртқы қабатының ісінуі.

Электр тоғынан жарақат алу қауіпінен қорғану.

Кернеу жүйесіне қосылған электро қондырғылармен жұмыс істеу кезінде электр тоғынан жарақат алу қауіпінен қорғану үшін жалпы және жеке қорғану құралдарын қолдану қажет. Жалпы қорғану құралдары деп қоршаулар, жерге қосулар нольге қосу және электроқондырғылардың корпустарын өшіру, қауіпті жерлерде ілінетін ескерту плакаттары және т.б. Изоляцияның жоғарғы деңгейлі күйі – қауіпсіздіктің негізгі талаптарының бірі. Изоляцияның тағайындалуы – сымдардың қыстқа тұйықталуларын және өрттердің пайда болуын алдын алу үшін. Изоляцияның кедергісі жүйеде кернеуді белгілейтін саннан мың есе көбейтілген болуы қажет.

Электр қондырғылардың ток жүретін қорғалмаған бөліктерінің барлығы (сымдар, шиналар, рубилниктер және т.б.) қоршауға алынуы қажет. 

 

Қорғағышты жерге тұйықтау

Қорғағышты жерге қосу электр оқшаулаудың бұзылу жағдайында, кернеу астында қалған электр құрылғының ток жүрмейтін бөліктеріне тиіп кету (жанасу) кезінде электр тогымен зақымданудан қорғау үшін тағайындалады. Қорғағышты жерге қосудың физикалық мәні болып қорғағышты құрылғының металды корпусының арасында алдын – ала құрылған және жермен арасындағы электрлік қосылу адам денесімен салыстырғанда аз, ол шектеп берілетін мәнге дейтін адам денесі  арқылы ток күшін төмендетуге мүмкіндік береді.

Жерге қосылғыштар. Бір ұшы жерге қосылғыштар байланыстырушы құрылғылардың негізгі конструктивті және есептік элементі болып табылады. Жерге қосылғыштардың табиғи және жасанды түрлері болады.

Табиғи жерге қосылғыштар. Табиғи жерге қосылғыштар ретінде келесілер қолданылуы мүмкін:

Жерге көмілген су құбырлары және басқа да оқшаулаумен қоршалмаған металл құбырлар жатады, оған жанғыш және жеңіл тұтанатын сұйықтықтар құбырлары, жанғыш және жарылғыш газдар мен қоспалар, шойын құбырлар және құрылыс алаңдарындағы уақытша құбырлар кірмейді;    

- әр түрлі мақсаттағы  обсадты құбырлар;    

- жермен тікелей байланыстағы  ғимараттар және құрылғылардың  темір бетонды және металды  конструкциялары;     

- жерге көмілген кабельдердің  қорғасын қабыршақтары және т.б.

Жасанды жерге қосылғыштар. Жасанды жерге қосылғыштар ереже бойынша тік және көлденең электродтар болып табылады. Тік электродтар ретінде диаметрі 10 – 16 мм, ұзындығы 4...5 м болатын стержендер немесе тақтаның қалыңдығы 4мм және ұзындығы 2,5 ... 3 м үшбұрышты болаттар қолданылады.  

 


 

  

 

 

       Айналмалы күйдіру  пештерінің электрқозғалтқышының  жерге тұйықтау қорғанысының  схемасы: Рз – қорғаныс релесі; К3 – ток ұратын байланыстар Рз; АВ – автоматты өшіру; Кн – бақыланатын кнопка; R3 – жерге тұйықтау қорғанысы; Rв – қосымша жерге тұйықтау. 

 

 

        Өртке  қарсы іс шаралары

Өнеркәсіптік өндірісте өрттен қорғау үш бағытта жүреді: мемлекеттік, ведомствалық және қоғамдық. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Зауытқа жаңадан келген әрбір жұмысшы өртке қарсы инструктаж алуы керек.

Өрт және жарылыс нәтижесінде адамдарға әсер ететін қауіпті және зиян факторларға мыналарды жатқызуға болады: жалын, жабдықтардың құлауы, коммуникация, ғимараттар конструкциясының құлауы және олардың жарықшақтары, соққы тербелісі, өрттен зақымдалған аппараттардан зиянды заттардың шығуы және т.б.

Ал өрттің тұтану көздеріне жататындар: ашық от, жабдықтар мен аппараттар қабырғасының ысуы немесе қызуы, электр жабдықтарының от жарықшасы, машина немесе жабдық бөлшектерінің соққысынан пайда болатын от жарықшалары. Өртті тоқтату үшін амалдар мен әдістерді ГОСТ 12.1.003-81 ССБТ өртті өшіруді де осы ГОСТ анықтайды.

Өрт сөндіргіштерді пайдалану тәртібі: Ұнтақты ОП-1, ОП-2; ОП-3, ОП-5, ОП-8, ОП-10, ОП-50, ОП-80 өртсөндіргіштері қатты заттардан, шығу тегі органикалық бықсыған материалдардан, жанғыш сұйықтықтардан, газдар мен 1000В кернеуде тұрған электр қондырғыларынан, сондай-ақ көлік құралдарынан шыққан өрт ошақтарын сөндіруге арналған.

Маркілеріне байланысты әрекетті мерзімі 6 дан 25 секундқа дейінгі уақытты құрайды, сөндіру ауданы 0,41 ден 4,5 м2 дейін, ағынның ең кіші ұзындығы 3 тен 10м2. Барлығының жұмысшы қысымы 14 атм. тең.

Өртсөндіргішті әрекетке келтіру үшін пломбасын алу керек, сонан соң мұрындығын жұлып алып, шлангіні алып ыстық бетке бұрып рычагты басу керек. Рычакты басқан кезде ұнтақ күйіндегі  масса газбен итеріліп, сифон түтікшесі арқылы саптамасы бар шлангіге өтеді. ОУ-2 (ОУ-5) көмір қышқыл өрт сөндіргіштері жанармай материалдарды өшіруге арналған. Құрғақ құм және кошма жаңа басталған кішігірім өрт көзін өшіруге арналған.

Әрбір қызметші өрт қауіпсіздігі нұсқауымен ережелерін айқын және дәл біліп оны сақтауға және өртке қарсы шараларды орындауға міндетті.

Зауыт аумағында темекі шегуге өрт күзетімен келісілген «Темекі шегетін орын» деген жазуы бар арнайы белгіленген орындарда ғана рұқсат етіледі.

Информация о работе Расчет водонапорной башни