Расчет водонапорной башни

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2014 в 15:38, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің негізгі міндеттері:
• пластификаторлардың бетон араласпасының жылжымалылығына әсерін зерттеу;
• қоспалы бетонның оңтайлы құрамын таңдау;
• қоспалардың бетонның физика-механикалық қасиеттеріне әсерін зерттеу;
• қоспалардың цементтің физика – механикалық қасиеттеріне әсерін зерттеу.
Бұл дипломдық жұмыста жергілікті шикізаттық материалдар негізіндегі ауыр бетондардың негізгі сипаттамаларына пластификациялаушы қоспалардың әсері зерттеліп, қоспалы бетонның оңтайлы құрамы және өндірістің тиімді технологиялары ұсынылады.
Зауыт азаматтық көп қабатты қырлы жабын плиталарын шығарады. Жылдық өндірістік қуаттылығы 40 000 м3/жылына.

Содержание работы

Аннотация....................................................................................................... 8
Нормалық сілтемелер..................................................................................... 9
Анықтамалар................................................................................................... 9
Белгілеулер мен қысқартулар........................................................................ 10
Кіріспе............................................................................................................. 11
1. Ғылыми-зерттеу бөлімі............................................................................... 13
1.1 Зерттелетін мәселенің қазіргі күнгі жағдайы........................................... 13
1.2 Шикізаттық материалдар олардың негізгі сипаттамалары және үлгілерді сынау әдістемелері..................................................................................................... 23
1.3 Қоспалардың бетонның негізгі сипаттамаларына әсерін зерттеу.......... 25
1.3.1 Пластификациялаушы қоспалар негізіндегі ауыр бетонның құрамын таңдау және бетон үлгілерін қалыптау............................................................................... 25
1.3.2 Қоспаларың бетон араласпасының жылжымалылығына әсерін зерттеу 29
1.3.3 Қоспалардың бетонның беріктік жинау динамикасына әсерін зерттеу......31
1.3.4 Қоспалардың бетонның сусіңіргіштігі мен жібу коэффициентіне әсерін зерттеу 35
1.3.5 Қоспаларды қолданудың техника-экономикалық тиімділігін зерттеу 37
2. Құрылыс орнын технико-экономикалық негіздеу.................... 39
3. Бұйымның сипаттамасы (номенклатура.................................................... 39
4. Кәсіпорынның жұмыс істеу режимі.................................... 41
5. Өндірістік қуаттылық және өндірістік бағдарлама .................................. 41
6. Технологиялық бөлім (қалыптау цехы................................. 42
6.1. Бұйымды өндіру тәсілін техника-экономикалық негіздеу 42
6.2. Шикізаттық материалдар (техникалық сипаттамалары......................... 45
6.3 Қондырғылар мен құралдар–жабдықтардың техникалық сипаттамалары және олардың жұмыс істеу сипаты......................................................................... 46
6.4. Бұйымды өндірудің технологиялық режимдері..................................... 47
6.4.1.Бетон араласпасын дайындау және жайғастыру.................. 48
6.4.2.Виброөңдеу режимі............................................................ 48
6.4.3.Арматуралау режимдері................................................... 48
6.4.4.Бұйымдағы бетонның қату режимдері....................... 48
6.5. Өндірістік технологиялық есеп-қисаптар.............................. 50
6.5.1. Қалыптау посттарының санын есептеу............................. 50
6.5.2 Қалыптарды дайындау және арматуралау посттарының санын есептеу..................................................................................................... 51
6.5.3 Жылумен өңдеу қондырғыларының санын есептеу......... 51
6.5.4. Бұйымды цехта ұстау постарының санын есептеу................ 52
6.5.5. Қалыптардың қажетті мөлшерін есептеу......................... 52
6.5.6. Крандар санын есептеу...................................................... 53
6.6. Өндірістік қондырғы-жабдықтардың жалпы ведомысы........ 54
6.7. Шикізат материалдар мен жартылай фабрикаттар қажеттілігі. 55
6.8. Энергия қорларының қажетті мөлшерін есептеу..................... 56
6.8.1 Электр энергиясы................................................................ 56
6.8.2 Су қажеттілігін есептеу......................................................... 57
6.9. Жұмыскерлердің саны мен құрамын есеп-қисаптары (өндіріс жұмысшылары, ИТЖ, қызметшілер, кіші қызметші персоналдар... 58
6.10. Өндіріс пен дайын бұйымның сапасын бақылау............................... 58
6.10.1 Бастапқы шикізат сапасын бақылау................................................... 59
6.10.2 Бетон араласпасының сапасын бақылау.............................. 60
6.10.3 Өндірістік процестерді бақылау......................................................... 60
6.10.4 Дайын бұйым сапасын бақылау......................................................... 60
6.10.5 Қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария............ 61
6.10.6 Өндірістік санитария........................................................ 61
6.11 Цехтың инженерлік-жоспарлау шешімдері.......................... 61
6.11.1 Технологиялық қондырғы-құралдар мен ғимараттарды орналастыру принциптері.................................................................................. 62
6.12. Нақты өнімді өндірудің технологиялық картасы................................. 63
7.Тіршілік қауіпсіздігі..................................................................................... 65
8. Қоршаған ортаны қорғау........................................................................... 79
9. Сәулет құрылыс бөлімі............................................................................... 87
9.1. Өндірістік құрылысқа арналған темірбетон бұйымдарын
өндіретін зауыт............................................................................................... 87
9.2. Технологиялық процестерді суреттеу..................................................... 87
9.3 Көлемдік жобалық шешімдер.................................................................. 87
9.4. Конструкциялық шешімдер..................................................................... 88
10. Экономика бөлімі...................................................................................... 89
10.1. Жобалаған мекеменің сметалық құндылығын есептеу......................... 89
10.2 Бір орташа тізімдегі жұмысшының жұмыс уақытының
балансын есептеу............................................................................................. 90
10.3 Жобаланған кәсіпорынның экономикалық тиімділігі........................... 98
11. Қорытынды............................................................................................... 100
12. Пайдаланған әдебиеттер........................................................................... 101

Файлы: 1 файл

бекнур.docx

— 1.36 Мб (Скачать файл)

Өндірістің өрт қаупі технологиялық процестердің одақтық нормалары ОНПП 24 – 86 бойынша 5 категорияға бөлінеді: А, Б, В, Г және Д бөлінеді. Цемент зауыты  өрт қауіпсіздігі бойынша В категориясына жатады. Себебі цемент өнеркәсібі жанғыш, жануы қиын заттар мен материалдар өртену қауіпіне жатады. 

 

 

 

8. Қоршаған ортаны  қорғау 

 

Құрылыстың кең түрде дамуы, құрылыс саласындағы заводтар мен цехтардың көптеп салынуын қажет етеді. Өндіріс, яғни өнеркәсіп орны көбейген сайын атмосфераны, су көздерін және топырақтың өндіріс қалдықтарымен ластануы, бүлінуі көбейе түседі. Құрастырмалы темірбетон заводтары қоршаған ортаны ластаушы көздердің бірі. Зауыттар мен өндірістік мекемелерден шыққан шаңды және улы заттар, шаң тозаңдар атмосфераны улап экологиялық жағдайды күрт нашарлатып жатыр. Қазіргі құрылыс саласындағы өзекті мәселенің бірі қоршаған ортаны қорғау, оны ластанудан сақтау болып отыр.

Құрылыс дамыған сайын құрылыс материалдарына, бұйымдарына және конструкцияларына деген сұраныс та өседі. Соның ішінде, ірі толтырғышы жоқ, ұсақ түйіршікті бетондардан жасалған өнеркәсіп қабырғалық бұйымдары да бар. Қабырғалық бұйымдарды өндіру барысында қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл бөлу керек.

Темір бетоннан жасалған қабырғалық бұйымдар өндіру үшін жергілікті  шикізат материалдары, тұтқыр зат ретінде (портландцемент) ұсақ толтырғыш (құм), химиялық қоспалар және су қолданылады. Қабырғалық бұйымдар өндірісінде цемент шаңы, құм шаңы болады, шаңдар цементті массаи дайындау цехындағы бункерге артқанда және шикізат материалдарын мөлшерлеу орнына тасымалдағанда пайда болады.

Жобаланатын өнеркәсіпте  физикалық ластанудың келесі түрлері болады:

Жылулық (термалды), ортаның температурасын жоғарылату нәтижесінде пайда болатын, басты негізде қыздырылған ауаның, газ және судың қалдықтарымен байланысты өнеркәсіптік қалдықтар.

Шу, шудың  интенсивтілігінен және қайталануының нәтижесінен пайда болатын  табиғи деңгейінен жоғары болатын.

Қоршаған ортаның шаң (цемент) қалдықтарымен ластануы.Жобаланатын өнеркәсіптің зиянды  қалдықтарынан қоршаған ортаны қорғау мақсатында өнеркәсіптік қабырғалық бұйымдар бұйымдарын өндіруде қалдықтарды және зиянды заттардың концентрациясын төмендетуде  іс-шаралар қарастырылады (цемент шаңы және тағы басқа).

Қалаларды және елді мекендерді жобалау, құрылыс, қайта жабдықтауда,олар адам өміріне, еңбекке және демалысқа ең қолайлы жағдайлар туғызуы керек, сонымен бірге экологиялық, санитарлы-эпидемиологиялық талаптарды және экологиялық  қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек.

Жобаланатын темірбетон зауытында технологиялық процестер жүргізілген кезде материалды өңдеудің барлық стадияларында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар пайда болуы мүмкін.

Темірбетон конструкцияларын дайындау қиыршық тас, құм және цемент материалдарын өңдеумен байланысты болады.

Цемент қоймаларында инертті және бетон араластыру цехтарында рұқсат етілетін шаң концентрациясы жұмыс зонасындағы ауа құрамындағы бос кремнезем санына байланысты регламенттеледі.

Құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негізде қоршаған ортаны қорғау үшін Қазақстан  Республикасының  1997жылдың  15 шілдеде “Қоршаған ортаны қорғау” заңы қабылданған.

Цехты жобалауда қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуде тапсырмалар мен  мақсаттар.

Бұл цехты жобалау барысында қалдықсыз технологияны қамтамасыз ететін тапсырма  тұр. Қазірдің өзінде құрылыс материалдары өнеркәсіптерінде түрлі басқа шаруашылық қалдықтары көптеп қолданылады, сонымен қатар зиянды қалдықтарды шығару минимумға келтірілген.

Мақсатымыз жаңа  энерго  және  ресурсқорғаушы  және  экологиялық  таза  құрылыс  материалдарын, бұйымдарын  және  конструкцияларын  өндіретін  технологиямен  айналысатын  кәсіпорындар салу және де сондай материалдар өндіру. 

 

 

 

Негізгі бөлім

Темірбетон бұйымдары өндіріс зауыты негізгі – қалыптау цехынан және қосалқы цехтар, арматура және бетон араластыру, цемент және толтырғыштар қоймасынан тұрады.

Қоршаған ортаның ластаудың негізгі көзі болып цемент қоймасы және бетон араластырғыш  болып табылады.

Цемент қоймасы және БАЦ жоғары шаң бөлетін бөлмелерге жатады. Бетон араластырғыш цехы келесі бөлімдерден тұрады. бункерлі мөлшерлегіш және бетонараластырғыш.

Бетон араласпасын дайындау келесі операцияардан тұрады:       

- шикізат бункер үсті  бөлімше тасымалдау және бункерлерге  бөліп      жайғастырады.       

-  салмақты өлшеу.       

-  материалды араластыру.       

- бетон араласпасын жіберу.

Транспортерлер көмегімен шикізат материалдарын тасымалдағанда жұмыс аймағының ауасы едәуір шаңдалады. Сондықтан нормальді жұмыс жағдайын қамтамасыз ету үшін жұмыс орнын дыбыс – қорғаныс, вибрация, жергілікті сору және вентиляция қондырғыларының жұмысының және монтажының сапасын тексеру басты маңызы болу керек.       

  Бетон араласпасы қалыптау цехына келгеннен кейін сонда дірілді алаңда бұйым қалыптанады, қалыптау барысында гуілдер пайда болады. Қалыпталған бұйымды көпірлі кранмен көтеріп шұңқырлы булау камерасына салады. Онда бұйымның қату процесі жүреді, яғни бұйым онда 3,5 сағат қыздыру процесінде, 6,5 сағат изотермиялық ұстап тұру процесі және 2 сағат суыту процесінде болады. Шұңқырлы камерадағы температура 80-85 0С құрайды 

 

 

  

 

 

 

ТБ жасалатын қабырғалық бұйымдар өндірудің  технологиялық   нобайы. 

 

 

 

Қабырғалық бұйымдар өндіруде қоршаған ортаға келтірілетін залалдың экологиялық-экономикалық есептеулері  

 

Жаңа кәсіпорындарды жобалау барысында атмосфераның төменгі қабатының тазалығын қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаға келтірілетін атмосфераны ластаушының әрбір көзіне шекті-мүмкінді тастамалар белгіленеді.

Шекті-мүмкінді тастамалар (ШМТ) дегеніміз ластаушы заттардың концентрациясы ауаның төменгі қабатында қарастырылып отырған көздерден тұрғындар, өсімдіктер мен жануарлар әлемі үшін ауа сапасының нормативтерінен аспайтын жағдайлармен белгіленген ғылыми-техникалық нормативті атайды (ШМК).

Қауіпті заттың шекті-мүмкінді концентрациясы  (ШМК) дегеніміз ұзақ уақыт әсер ету барысында адамзатқа ешқандай ауру тудырмайтын оның ауадағы мөлшері..

Шар (дөңгелек) формадағы трубадан шығып жатқан газ қоспалары, бір көзбен қарағанда, оның жерге қону концентрациясы С (мг/м3) 

 

мұнда: А - ауаның температуралық статификациясына байланысты коэффицент.

M (г/с)  - бір кездегі, ауаға лақтырылып жатқан ластықтың салмақ (масса) мөлшері.

Ғ - ауадағы ластықтың қону жылдамдығын көрсететін  өлшемсіз коэффицент.

m, n - газ қоспаларының бастапқы  шығып жатқан кездегі жағдайларына  байланыстығын коэфицент .

Н(м) - газ көздерінің биіктігі.

Заттардың мүмкіндігі шекті концентрациясы МШК оның зәрілілігін сипаттайды. МШК төмен болған сайын оның зәрілігі төмен болады. Біз өз жобамызға сай қондырғылар бөліп шығаратын көмір тотығының (СО), зияндылығын есептейміз:

Қоршаған ортаны ластандыратын лықсыма көздерінің зәрлілігін салысты-руды салыстырмалы зәрілілік индексі (СЗИ) арқылы салыстыруға болады. Олай болса: 

СО үшін      ICO =

.     

 Есептелген мәндерге  сәйкес тастамалардың қоршаған  ортаға тигізер әсері анықталады:

УСО = 1495*ICO*МCO= 1495*1*110,35 = 164973 теңге/жыл. 

 

Отынның жануынан бөлек қарастырылып отырған жобада қоршаған ортаға келтірілетін цемент  зияны технологиялық процесте көрсетілген. 

 

Цемент қалдықтарынан келетін экологиялық- экономикалық зиянның есептеуі.

Шикізат материалдарының  қажеттілік бағдарламасына сәйкес, портландцеменке деген қажеттілік  Мц=4740 тоннаны құрайды.

Қажетсіз цементтің қалдықтары, қоршаған ортаға тасталатын, жылдық қажеттіліктен 1% құрайды. 

 

 

                                        Мi таст=4740×0,01 = 47,4 т/ж

Цемент қалдықтарынан залал мына формула бойынша есептеледі: 

 

Уц=(1/ШШК)* Mi *2,2*МРП 

Уц=(1/0,5)х47,4х2,2*1495=311797 теңге/жыл

Мұндағы:

Уц – цемент қалдықтарының залалы, теңге/жыл. 

Io – 1/ ШШК – токсиндіктің салыстырмалы индексі;

ШШК – зиянды заттардың шектелген шекті концентрация – 0,5;

Mi – атмосфераға тасталынатын зиянды заттардың массасы, т;

2,2-түзету коэфициенті

МРП: 2010 ж -1495 теңгені құрайды ; 

 

Арматура цехындағы дәнекерлеу салдарынан пайда болатын NO тастандыларынан ластануының есебі 

 

Ресурсты смета бойынша -198,6 т арматура қажет, электродтар- 2,6т 

1кг электродка есептеу  бойынша - 2-4грамм NO;        

 Дәнекерлеу кезінде NO тастандысынан залал:                                      

 

 

                                         Мi таст =2600х0,004=10,4 кг/ж 

 

УNO =(1/ШШК)* Mi *2,2*МРП

УNO =(1/0,085)*0,01*2,2*1495=3894 теңге/жыл.

мұндағы

Io – 1/ ШШК – токсиндіктің салыстырмалы индексі;

ШШК – зиянды заттардың шектелген шекті концентрация – 0,5;

Mi – атмосфераға тасталынатын зиянды заттардың массасы, т;

2,2-түзету коэфициенті

МРП: 2010 ж -1495 теңгені құрайды ;

УNO – NO тастандысынан залал, теңге/жыл.   

 

Атмосфера ластануының эколого-экономикалық залалы бөлек-бөлек элементтер қосындысымен есептеледі. 

 

У = УСO +Уц +УNO=164973+311797+3894=480664 теңге/жыл

мұндағы

Уц – цементті тасымалдау мен түсіру кезіндегі ластануының залалы; 

УNO – дәнекерлеу кезіндегі NO тастандысынан ластану залалы. 

УСO – отынның жануы кезіндегі СO тастандысынан ластану залалы 

 

 

 

Қоршаған ортаға қатты қалдықтардың тастандысынан

туындаған залалдың есебі 

 

Темірбетон қабырғалық бұйымы жоба бойынша  - 20000м3 (18000т ресурсты смета бойынша)  

 

Барлық массасынан 0,5-1,2% қалдық болып табылады:  М=18000х0,05=90т  

 

Қатты қалдықтардың залалы мына формуламен есептеледі:

Ус = q×Yn×Mn= 0,5х2396х90=215640теңге/жыл

мұндағы

q – жер ресурстарын  есепке алатын коэффициент ( Тараз  қаласы үшін q =0,5);

Yn – 1 тонна ластауыш тастандысының залал бөлігі, кесте -1;

Mn – бір жылдағы жерге түскен қалдықтардың массасы, т. 

 

Қалдықтардың қауіптілік дәрежесі

Төлемақы тенге/т

1

38336

II

19168

III

4792

IV

2396

V

1198 


 

  

 

Қоршаған ортаның ластану залалының экология-экономикалық есебі 

 

У =( УСО +Уц+УNO)+Ус   =164973+311797+3894+215640=696304  (теңге/жыл)  

 

 

 

Тастамаларды қысқарту бойынша іс-шаралар       

 

 

             Нақты жобада  келтірілген цехтағы тасымалдаудан  және бетон араласпасын дайындаудан  бөлінетін  шаңдардан атмосфераны ластанудан қорғаудың негізгі шаралары болып шаңұстағыш аппараттар мен жүйелер қолдану ұсынылады. Шаң ұстағыш жүйелер классификациясына сәйкес шаңтазартқыш қондырғыларды бірнеше  топқа бөлуге болады: құрғақ шаңұстағыш, ылғалды шаңұстағыш, электрофильтрлер, фильтрлер.       

 Құрғақ механикалық  шаңұстағыштарға, әртүрлі тұндыру  механизмдері бар аппаттар жатады. Гравитациялық шаңұстағыш камералар: инерциялық газ ағынының жылытуының  бағытын немесе оның жолына  кедергі қою мен шаңда ұстайтын  камералар (және центрге тепкіш  айналарды және динамикалық шаңұстағыштар, жалғыз топты циклон батареялары).        

 Цехта ерекше көңіл  аударатын арматура цехы бар. Арматура цехында арматуралық  болатты түзулеу, кесу, тазалау, дәнекерлеу  және арматуралық өзектерді ию, торлар мен қаңқаларды дәнекерлеу  жұмыстары жүргізіледі. Жұмысшыларды  шудың, жоғары ылғалдылықтан және ауа температура әсерінен сақтау үшін, арматура учаскесін қалыптау цехынан алшақтау орналастыру керек.        

 Арматура болатты түзулегенде  және кескенде пайда болатын  металл шаңдарын жергілікті вентиляция  жүйесінің көмегімен тазарту  керек. Арматура цехында жұмыс  жағдайын жақсарту үшін көптеген  зиянды заттарды бар дәнекерлеу  аэрозолдарынан тазарту үшін (көптеген  зиянды заттарды) жергілікті және  ортақ вентилляция орнатылу қарастырылуы  қажет.       

 Арматура цехында дәнекерлеу  жұмысын жүргізгенде атмосфераға  шаң және кейбір улы газдар (азот және көміртек тотықтары, фтор) қоспаларының химиялық құрамы  негізінде дәнекерлегіш материалдар  құрамына байланысты әр түрлі  заттар бөлінеді.        

 Сондықтан да, цехты  жобалауда қошаған ортаны қорғау  мәселесін қарастырып, тастамаларды  мейлінше азайту үшін іс-шаралар  жүргізу қажет.        

 Сонымен қатар біздің  алдымызда шығынсыз технология  жасау мәселесі тұр. Бұл мәселе  өте қиын және өндіріс дамуының  қазіргі этабында толық шешілуі  мүмкін емес. Бұл келешектегі  мәселе. 

 

9. Сәулет құрылыс  бөлімі.

9.1. Өндірістік  құрылысқа арналған қырлы жабын  плиталарын  өндіретін зауыт. Өндірістік қуаттылығы 40000 м3/жыл. 

 

Өндірістік құрылысқа арналған темірбетон бұйымдарын өндіретін зауыттың құрылысы Алматы қаласында жүргізіледі. Алматы қаласының климаттық жағдайы: қар жүктеме күші бойынша қала – ІІ аймақта     орналасқан; нормативтік қар жүктеме күші – 1 кПа; желдің жүктеме күші -  0,38кПа; жер сілкініске төзімділігі – 9 балл; жердің шөгу тереңдігі – 0,9м; абсолют максималды температурасы қамтамасыз ету дәрежесі - +41оС; ең суық тәуліктәктің ауа температурасы оС қамтамасыз ету дәрежесі – -30оС; ең суық бес күндіктің ауа температурасы оС қамтамасыз ету дәрежесі – -32оС;

желтоқсан – ақпан айларындағы желдің басым бағыты – СБ. 

 

 

 9.2. Технологиялық  процестерді суреттеу. 

Информация о работе Расчет водонапорной башни