Қазақстан Республикасының Кеден қызметін реформалау бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 17:44, реферат

Описание работы

Кеден қызметін реформалаудың негізгі міндеттерін шешу сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды, СЭҚ-ға қатысушыларға қызмет етудің сапасын арттыруды және уақытын қысқартуды, бюджетке төлемдердің түсуін арттыруды, есірткілердің, қару-жарақтың, мәдени құндылықтардың контрабандасының жолын кесудің тиімділігін көтеруді, материалдық ресурстарды көлеңкелі айналымнан шығаруды, ұйымдасқан қылмыскерліктің әлсіреуін, Қазақстан Республикасының екі жақты және халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерінің орындалуын, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне ықпал етуді және әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне біртіндеп кіруін қамтамасыз етеді.

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Кеден қызметін реформалау бағдарламасы.docx

— 39.15 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Кеден қызметін реформалау бағдарламасы

 

  1. Бағдарламаның төлқұжаты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қарашадағы N 1746 қаулысымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының  кеден қызметін реформалаудың мақсаты  экономикалық саясат пен мемлекеттің  қауіпсіздігі стратегиясын іске асырудың тиімділігін арттыру, сыртқы сауданы  дамытуға жан-жақты ықпал ету  болып табылады. Бұл міндеттер  Қазақстан Республикасының кеден  қызметін реформалау бағдарламасының  негізіне алынды.

Кеден қызметін реформалаудың  негізгі міндеттерін шешу сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды, СЭҚ-ға қатысушыларға қызмет етудің сапасын арттыруды және уақытын  қысқартуды, бюджетке төлемдердің түсуін арттыруды, есірткілердің, қару-жарақтың, мәдени құндылықтардың контрабандасының жолын кесудің тиімділігін көтеруді, материалдық ресурстарды көлеңкелі  айналымнан шығаруды, ұйымдасқан қылмыскерліктің  әлсіреуін, Қазақстан Республикасының  екі жақты және халықаралық шарттарда  көзделген міндеттемелерінің орындалуын, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына  кіруіне ықпал етуді және әлемдік  шаруашылық байланыстар жүйесіне біртіндеп  кіруін қамтамасыз етеді.

Реформалауды жүргізудің кезеңдері

1 кезең - ұйымдастыру. Реформалауды қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-құқықтық және экономикалық тетіктерін қалыптастыру (2000 ж.).

2 кезең - жобалау. Диагностика мен жүйелік талдау, жекелеген кеден мекемелерінде эксперимент жүргізу. Түрлі деңгейлеріндегі кеден жүйелерін реформалаудың мақсатты бағдарламаларын әзірлеу (2001 ж.).

3 кезең - іске асыру. Бүкіл жүйе бойынша кеден қызметін реформалаудың бағдарламасын қалыптастыру және іске асыру. Ақпараттық-талдау жүйесі мен кедендік технологиялардың банкін құру.

  1. Кіріспе

Қазақстан Республикасының  Үкіметі жүргізіп отырған, жаңа инвестициялық  саясатпен, шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметті құрылымдық қайта құрумен, нарықтық қатынастарды одан әрі дамытумен, халықаралық сауда және кеден  органдарына интеграциямен сипатталатын экономикалық реформалар жағдайында мынадай  міндеттерді:

1) сыртқы экономикалық  қызметті (бұдан әрі - СЭҚ) мемлекеттік  реттеу шараларын әзірлеуге және  іске асыруға және Қазақстан  Республикасының мүддесінде кеден  саясатын қалыптастыруға қатысуды, басқа да мемлекеттік органдармен  қатар ұлттық экономиканы дамытуға  ықпал етеді, елдің сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, азық-түліктік, экологиялық  және қаржылық қауіпсіздігін  қамтамасыз етуді;

2) Елдің бюджетіне СЭҚ-дан  кірістердің неғұрлым толық түсуін  қамтамасыз етуді, тауарлардың  бақылаусыз әкелінуін/әкетілуін  шектеуді;

3) кедендік құқық бұзушылықтарға, контрабандаға, есірткілік препараттардың, халық үшін зиянды және қауіпті  тауарлардың контрабандасына, заңсыз  өткізілуіне қарсы тиімді күресті  қамтамасыз етуді;

4) Қазақстан Республикасының  сыртқы сауда саясатын әзірлеуге  белсенді атсалысу жолымен бейбіт  шаруашылық байланыстар жүйесіне  кіруді тиімді шешуге қабілетті  қазіргі заманғы кеден қызметін  құрудың қажеттілігі туындап  отыр.

Талдау көрсетілген міндеттерді  шешу қазіргі заманғы кеден қызметі  үшін өзекті проблема болып табылатындығын көрсетеді. Кеден қызметін кеңінен  жетілдірудің, оны сыртқы экономикалық қызметтің өсіп келе жатқан көлемі мен көп салалылығына сәйкес келтірудің, кеден қызметінің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының ұдайы өзгеріп  отыратын шарттары мен міндеттеріне, халықаралық кедендік практикада қабылданған  ережелерге, нормаларға, стандарттарға  және рәсімдерге бейімделуінің барынша  қажеттігі пісіп жетілді. Қазақстан  Республикасының Президенті, Қазақстан  Республикасының Үкіметі кеден  органдарының алдына қойған бұл міндеттер  аталған Бағдарламаны дайындауды талап  етті.

Осы Қазақстан Республикасының  кеден қызметін реформалау бағдарламасы Үкіметтің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл  бағдарламасын іске асыру жөніндегі  іс-шаралар жоспарының 3.3.1.8, 3.3.1.9-тармақшаларына және Қазақстан Республикасының  Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2002 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге арналған экономикалық саясаты туралы меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4.2.8-тармақшасына сәйкес дайындалды.

Көрсетілген құжаттар Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы N 301 қаулысымен, ХВҚ-ның ұсынымымен мақұлданған Қазақстан Республикасының  кеден қызметін жетілдірудің 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізінде  әзірленді.

Аталған Бағдарламаны 2002 жылдың 31 желтоқсанына дейін іске асыру  белгіленіп отыр.

  1. Проблемалардың қазіргі кездегі жәй-күйіне талдау

Кеден органдарының қызметін талдау айтарлықтай қысқа мерзімде Қазақстан Республикасында жұмысқа  қабілетті кеден қызметінің қалыптасқандығын көрсетті. Кеден ісінің заңнамалық базасы құрылды және дамып келеді. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтырудың, сыртқы экономикалық қызметті реттеудің, контрабандаға және кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күресудің тетіктері қалыптастырылды. Тармақталған кедендік инфрақұрылым құрылуда. Кеден органдарын басқару жүйесінің қалыптасуы аяқталып келеді. Кеден қызметінің кадрлық құрамы қалыптастырылды. Кеден органдарының практикалық қызметіне компьютерлендіру және ақпараттық қамтамасыз ету элементтері енгізілуде.

Қазіргі заманғы кеден  қызметі мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүргізуде маңызды орын алады және тауарлар мен көлік  құралдарының Қазақстан Республикасының  кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде  бақылаулық және фискалдық функцияларды орындайды.

Қазіргі заманғы кеден  жүйесінің негізгі кемшіліктері:

1) жүйенің ішіндегі ақпараттық  қамтамасыз етудің жетілдірілмеуі;

2) жалпы басқару жүйесін  қалыптастырудың аяқталмауы;

3) заңдар базасының жетілдірілмеуі;

4) кеден ісі саласындағы  контрабанда мен қылмыстарға  қарсы күрестің жеткілікті мөлшердегі  тиімді шараларының болмауы;

5) кеденшіні әлеуметтік  қорғау мәселелері кешенінің  шешілмеуі, кәсіби кадрлардың  жетіспеуі;

6) жеткіліксіз материалдық-техникалық база болып табылады.

Мұның бәрі шешетін міндеттер мен сыртқы экономикалық қызметтің әр түрлілігіне қайшы келеді, СЭҚ-ға қатысушыларға кедендік қызмет көрсетудің сапасы мен жеделдігіне нұқсан келтіреді, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтыруда проблема туғызады, кедендік ережелердің бұзылуына және кеден қызметі саласындағы қылмыс санының артуына әкеп соқтырады.

Осы айтылғандар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының  кеден қызметін реформалаудың негізгі  мақсаты:

1) Қазақстан Республикасында  кеден қызметін жетілдірудің 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудың;

2) сыртқы экономикалық  қызметті пәрменді бақылау функцияларын кедендік әдістермен іске асырудың;

3) мемлекеттік құқық қорғау функцияларын жүзеге асыру кезінде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру болып табылады.

Реформаларды табысты  жүргізу үшін сөзсіз қаржыландырудың  тиісті ресурстары мен көздері қажет. Бағдарламада көзделген іс-шараларды қаржыландыру мәселесі неғұрлым күрделі болып табылады. Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалауды қамтамасыз етудің қаржылық тетігі мәселесі мемлекеттік бюджеттен кеден жүйесін дамытуға көзделген қаражат бөлуді, республиканың кеден қызметінің реформалаудың жүргізілуіне мүдделі дүниежүзілік қаржы институттары тарапынан инвестициялар тартуды білдіреді.

  1. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Кеден қызметін реформалаудың  негізгі қағидаттары кеден қызметінің жиынтықтылығы мен жүйелілігі, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік аспектілерінің бірлігі мен өзара байланысы болып табылады.

Қазақстан Республикасының  кеден қызметін реформалаудың басымдықты бағыттары мен негізгі міндеттері:

1) кеден органдары қызметінің  заңнамалық және құқықтық базасын  одан әрі жетілдіру;

2) сыртқы сауда қызметін  мемлекеттік реттеу және оның  жүзеге асырылуын бақылау жүйесінің біртұтастығы;

3) сыртқы сауда қызметін  мемлекеттік реттеудің экономикалық  шараларының басымдығы;

4) мемлекеттің және оның  органдарының сыртқы сауда қызметіне  қисынсыз араласуын болдырмау;

5) кеден қызметін тиімді  басқаруды қамтамасыз етудің  методологиялық негіздері мен  ғылыми-қолданбалы әдістерін әзірлеу, басқару функцияларының қайталануы мен қосарлануын жою мақсатында орталық басқару органдарын қайта ұйымдастыру;

6) кедендік құрылымдар  мен инфрақұрылымдарды дамыту, оларды  тауар және жолаушылар ағынының  өзгеріп отыратын көлемдері мен номенклатурасына бейімдеу;

7) кедендік бақылау мен  ресімдеудің технологияларын жетілдіру,  кедендік рәсімдерді бірдейлендіру және стандарттау, кеден органдарын қазіргі заманғы ақпараттық технологиялармен, сондай-ақ телекоммуникациялар мен байланыстың тиімді құралдарымен қамтамасыз ету;

8) кедендік статистиканың  дұрыс деректерін қалыптастыру;

9) басқарушылық шешімдерді  жедел дайындау үшін қазіргі  заманғы сандық әдістермен, ақпараттық  базамен және технологиялармен  жарақтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін құру, кеден қызметіне ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру;

10) кадр саясатын одан  әрі жетілдіру, құрылым мен штат санын оңтайландыру;

11) бағалық және валюталық бақылаудың тиімді тетігін әзірлеу;

сыртқы сауда қызметін реттеуде бірыңғай қадамды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдарының Қазақстан Республикасының министрліктерімен  және ведомстволарымен өзара іс-қимылын жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеу;

12) кеден жүйесінің материалдық-техникалық базасын дамыту болып табылады.

  1. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыты мен тетігі

Кедендік ресімдеу және бақылау процестерін компьютерлендіру мен автоматтандыру саласында.

Қазақстан Республикасы кеден  қызметінің жұмысын автоматтандырудың  қажеттігі республика егемендігін  алғаннан кейін Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа кіруіне байланысты пайда болды.

Кеден қызметін автоматтандыру жөніндегі бастапқы іс-шаралар 1995 жылы басталды. 1997 жылғы 4 наурызды Қазақстан  Республикасы Кеден қызметінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ҚР КҚ БААЖ) құру көзделген, 5 жылғы есептелген даму бағдарламасы бойынша республиканың кеден органдарын автоматтандыруды жүргізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 294а қаулысы қабылданды.

ҚР КҚ БААЖ-ны құрудың шеңберінде өткен кезеңде орталық кеден органын облыстық басқармалармен және кедендермен біріктірген on/off-line режимінде ақпараттық пакеттер алмасудың республикалық жүйесі (бұдан әрі - ҚР КҚ ДАРЖ) жасалды.

Кеден органдарын реформалаудың  негізгі мақсаты - жаңа ақпараттық технологияларды жетілдірудің және құрудың айғағы ретінде кедендік ресімдеу мен бақылау процестерін компьютерлендіру мен автоматтандыруды енгізу, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау рәсімдерінің тиімділігін арттыру. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысы туралы деректердің бірыңғай ауқымды банкін құру.

Аталған саладағы бірінші кезекті міндеттер:

1) тауарлар мен көлік  құралдары кедендік шекарадан  өткен сәттен бастап толық  кедендік ресімдеуге дейінгі  кедендік ресімдеу және кедендік  бақылау процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану;

2) кеден органдарының  техникалық базасын жетілдіру  және кеңейту;

3) ҚР КҚ БААЖ-інің кең ауқымды қанат жаюы, оны Кеден одағына қатысушы мемлекеттер кеден қызметтерінің ақпараттық кеңістігіне интеграциялау;

4) негізінде мемлекеттік  органдарға, бірінші кезекте сауда саясатын әзірлейтін ведомстволарға талдамалық және ақпараттық материалдар ұсынылатын кедендік статистиканың дұрыстығын қамтамасыз ету;

5) кеден қызметін автоматтандырудың  жаңа жүйелері мен технологияларын әзірлеу;

6) іс-қағаздарын жүргізудің электрондық жүйесі мен қағазсыз технологияға көшу болып табылады.

Кеден органдарының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету  саласында

Қазақстан Республикасының  кеден қызметін басқару процесінде пайда болатын проблемаларды  ҚР КҚ БААЖ жобасының шеңберінде ақпараттық-талдау жүйесін құру жолымен жеңуге болады. Мұндай жүйенің құру мақсаттарының бірі басқару процестерін автоматтандырудың негізінде кеден органдары қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады. Оған талдаулық-болжамдық баға берудің модулін кіргізе отырып "АЖО-Әмбебеп" қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру міндеттері қойылады.

Ақпараттық-талдау жүйесінің негізгі міндеттері:

1) кеден органдарының  қызметіне жүйелік талдау және жедел диагностика;

2) кеден органдары қызметінің  нәтижелерін болжамдау;

3) басқарушылық шешімдердің  нұсқаларын дайындау болып табылады.

Көрсетілген міндеттерді  шешу үшін ақпараттық-талдау жүйесі:

1) кеден органдарының  қызметіне жүйелі талдау жасаудың қазіргі заманғы методологиясына;

Информация о работе Қазақстан Республикасының Кеден қызметін реформалау бағдарламасы