Станция жұмысын ұйымдастырудың жалпы сұрақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 18:05, реферат

Описание работы

Станциялық технологиялық орталық (СТО), ол сұрыптау паркінің басында орналасқан, қабылдау-жөнелту парктерімен үлкен диаметрдегі пневмопочтамен байланысады. Станция жұмысшыларының жұмыс орындары сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етумен ЭЕМ базасында автоматтандырылған жұмыс орындарымен (АЖО) жабдықталған. Станцияда локомотивті депо, вагон жөндейтін депо және вагондарды техникалық тексеру және жөндеу пункті орналасқан.

Файлы: 1 файл

temir_zhol.doc

— 1.53 Мб (Скачать файл)

КТП жұмысының ауысымында аға қабылдап-тапсырушы басқарады, оның қарамағында поездарды қабылдаушылар және коммерциялық ақаулықтарды жөндейтін жұмысшылар болады.

Поезды коммерциялық тексеруді біруақытта екі жақтан жұмысшылардың екі немесе көп топтары жүзеге асырады. Әр топ поездарды екі қабылдаушыдан және коммерциялық ақаулықтарды жөндейтін бір жұмысшыдан құралады.

Ашық жылжымалы құрамада жүк терді орналастыру және бекіту дұрыстығын, есік істіктерінің, жапсырмалардың, бұрағыштардың, люктардың, вагон шанағы мен төбесінің болуы мен күйін, цистерналардан ағып кетпеуін тексереді.

Коммерциялық ақаулықтары бар вагондарды оларды жөндеу үшін арнайы жолдарға қойып (асқын жүк, тиеуді түзеу, тексеру), сәйкес бормен таңбалайды.

Егер коммерциялық ақаулықты ағытусыз жөндеуге болса, бұны коммерциялық ақаулықтарды жөндейтін жұмысшы істейді.Коммерциялық тексерістің аяқталғандығы және оның нәтижелері туралы аға қабылдап-тапсырушы станция кезекшісіне хабарлайды.

Поезд келген соң, парк кезекшісі немесе техникалық кеңсе операторы локомотивтік бригададан жүк кұжаттары бар пакетті алады, олардың түгелдігін және сақталуын тексереді, құжаттардын поезға тиістілігіне көз жеткізед және машинист маршрутында оларды қабылдағаны туралы жазады.

Жөнелтетін поезға (құрамадан басқа) жүк құжаттарын локомотив машинистіне оның көмекшісіне пломбыланған түрде құжаттарды тапсыру кітапшасында қол қойғызып (ГУ – 48 формасы) тапсырады.Құрамадан басқа барлык поездарға барлық жүк құжаттары пломбылауға жатады. Құрама поеға арналған құжаттарды (оның ішінде анықтама қағазын) поездың бас кондукторы ұсынады.

Локомотивтік бригадаларды ауыстыру кезінде (локомотивті ауыстырусыз) жаңа бригада локомотивті және келген поездан құжаттарды қабылдайды.Уақытын көрсете отырып, қабылдау мен тапсыруды машинистер маршруттарында қол қоюмен куәландырады.Станция алдын ала поезд диспетчерінен оның құрамы және келетін уақыты туралы акпарат алады.

Егер диспетчер құрамада техникалық немесе коммерциялық ақаулықтары бар вагондардың болуы туралы хабарласа, бұл туралы техникалық қызмет көрсету пунктінің немесе коммерциялық тексеру пунктінің қызметкерлеріне қосалқы бөлшектерді дайындау үшін дереу хабарланады.

Поезд көрші станциядан шыққанда станция (парк) кезекшісі оның нөмерін, келу уақытын және локомотивтік депо кезекшісінің қабылдау жолын, техникалық кеңсе қызметкерлеріне, техникалық қызмет көрсету пункттеріне және поездарды қабылдаушыларға хабарлайды.Вагондарды тексерушілер және тексеруші-автоматчиктер құраманы топпен қарау үшін топтарға бөлінеді.

Құраманы соңынан бастап тексеретін топ поезд станцияға кіргенде қозғалыс кезінде барлық вагондардың жүретін бөлшектерінің (сырғымалар) барлық ақаулықтарын анықтайды. Құраманы тексеру кезінде вагондарға қажетті жөндеу туралы бормен таңба қояды, оны тексерушілердің артынан жүретін слесарьлар орындайды. Ағыту қажет вагондарды анықтап тексерушілер бұл туралы телефонмен маневрлік диспетчерге (станция кезекшісіне) хабарлайды. Осыған параллель коммерциялық тексеру пунктінің поездарды қабылдаушылары құраманы коммерциялық жағынан тексереді.

Ағытып жөндеуді қажет ететін вагондарда тексерушілер бормен жазып қояды. Осы вагондарға ПТО қызметкерлері стация кезекшісіне, техникалық кеңсеге ВУ-23 формадағы мәлімдеме жібереді. Құраманы коммерциялық қатынас жағынан тексеру нәтижелері туралы поездарды қабылдаушы станция кезекшісіне хабарлайды және ол туралы ГУ-98 формадағы кітапшаға белгі қояды. Коммерциялық ақаулықты жою немесе жүкті тексеру үшін жүк ауласына жіберуді қажет ететін вагонға ГУ-23 жалпы формадағы акт жасалады.

Локомотивті ауыстырып, қайта өңдеусіз, ТГНЛ және транзитті поезды өңдеу графигі 2.1, 2.2 кестеде көрсетілген.

 

2.1 кесте

ТГНЛ болған жағдайда қайта өңдеуге келіп түсетін транзитті поезды өңдеу графигі

 

Операциялардың атауы

Поезд келгенге дейін

Уақыты, мин

Орындаушылар

 

0       5        10     15      20

ТГНЛ алу, таңбалау және ТК, ПТО және маневрлік диспетчерге жіберу.

       

ТК операторы

Сұрыптау парағын толтыру

       

ТК операторы

ДНЦ-дан поездың нөмірі және оның келгендігі туралы хабар алу.

       

ДСП

ПТО және ПКО қызметкерлеріне поездың келу уақыты және жолы туралы хабарлау.

       

ДСП

Кіріс басында құраманы тексеру.

       

ТК операторы, телетайпист

Жүк құжаттарын техникалық кеңсеге жеткізу.

 

5

     

ТК операторы

Жүк құжаттарын тексеру және ТГНЛ таңбасына және сұрыптау парағына өзгерістер енгізу.

 

10

   

ТК операторы

Автотежегіш жеңдерді техникалық тексеру, ажырату және ілу.

 

 

15

   

ПТО жұмыскерлері

Құраманы коммерциялық тексеру

 

 

15

   

ПТО жұмыскерлері

Келген поезды өңдеудің жалпы ұзақтығы.

 

15

     

  

Компрессорлық қондырғы бар станцияда автотежегіштерді локомотивті келген поездан ағытқан соң сынайды, ал ол жоқ жерде оны поезд локомотивімен істейді.

 

2.2 кесте

Локмотивті ауыстырып, қайта өңдеусіз транзитті поездың кестесі

 

Операциялардың атауы

Келгенге дейін

Поезд келгенге дейін

Орындаушылар

Уақыты, мин

   0       5      15     20    30

ДНЦ-дан поездың нөмірі, міндеті, келу уақыты туралы хабар алу.

         

ДСП

СТЦ, ПТО жұмыскерлеріне, депо кезекшісіне поездың нөмірі, келу уақыты және қабылдау жолы туралы хабарлау.

         

ДСП, ДСП операторлары

Поезды өңдеуде жұмыскерлерді қабылдау жолына шығару.

         

ПТО,ПКО жұмыскерлері

Локомотивті құрамадан ағыту, автотежегіштерді босату және құраманы қоршау.

 

2

       

Сигналист, лок.бригада

Жүк құжаттарын локомотивтік бригададан қабылдау.

5

       

ДСП, лок.бригада

Құрамаға техникалық қызмет көрсету.

 

 

20

   

ПТО жұмыскерлері

Коммерциялық тексеріс және ақаулықтарды жөндеу.

 

 

20

   

ПКО жұмыскерлері

Локомотивті тіркеу, автотежегіштерді сынау, жүк кұжаттарын алу, соңгы сигналды ілу және жөнелту.

         

 

10

ДСП, лок.бригада

Поезды  өңдеудің жалпы

 ұзақтығы.

            30

 

 

Транзитті поездан ақау вагондарды ағыту кезінде маневрлік диспетчер оны станциядағы сондай міндеттегі вагондармен толықтырылуын қамтамасыз етеді.

 

3 Маневрлік жұмыстарды орндауға арналған технологиялық уақыт мөлшерінің есебі

 

 

Құрастыру, таратуға уақыт нормаларын маневрлік локомотивтің механикалық қозғалыс санын анықтайтын формулалармен есептейді. Нақты уақытты анықтау үшін алынған нормаға сәйкес операцияларды орындауға жұмсалған уақытты қосу керек: стрелкаларды бұру, вагондарды қарау және т.б. (1-1,5мин).

Есептеулер бойынша алынған барлық уақыт нормалары үлкен жағына қарай дөңгеленеді. Жүк ауласына маневрлік локомотивтің бос кіру немесе оның кері қайту уақытын жіберуге (алуға) арналған уақыттан 5 минут кем алады. Берудегі вагондар санын үлкен шамаға дейінгі тапсырмадан алады. Парк сортынан қабылдау-жөнелтуге тарту жолы арқылы құраманың орнын ауыстыру уақыты тақ басына ғана есептеледі, жұп басқа сол уақыт қабылданады.

Тарту жолында құраманы таратуға уақыт нормасын есептеу

 

                                            , мин                                          (3.1)

 

 

мұндағы  – сұрыптауға арналған технологиялық уақыт:

 

                                          ,мин                                        (3.2)

 

 мин

 

                                            , мин                                         (3.3)

 

 

мұндағы – вагондарды шегіндіруге арналған технологиялық уақыт;

 – құрамадағы ағытпалар саны;

Тс – физикалық вагондардағы поезд құрамы;

А және Б – нормативтік коэффициенттер;

Бір топты құраманы құрастыруға уақыт нормасын есептеу

 

                                                                                   (3.4)

 

мин

 

мұндағы - ПТЭ сәйкес құрамада вагондарды орналастырып қоюға арналған технологиялық уақыт;

Ттарту – сұрыптау жолдарында ағытпалар арасында «терезелерді» жою үшін дөңесті сұрыптау станцияларында тарту жолдары жағынан вагондарды тартуға арналған уақыт.

 

                                                 , мин                                    (3.5)

 

мин

 

мұндағы - вагондардың құрылатын құрамасына кіретін вагондардың саны.

В,Е – нормативтік коэффициенттер;

 

                                                                                   (3.6)

 

 

Бір жолда қалыптасатын құрама поезды құрудың технологиялық уақыты

 

                                                                                    (3.7)

 

 

мұндағы  - вагондарды сұрыптауға жұмсалатын уақыт;

    Тжин – сұрыптаған соң вагондарды жинау уақыты.

 

                                                               (3.8)

 

 

мұндағы - құрастыратын құраманың жинау жолына орнын ауыстыруға вагондар саны;

     p – осы вагондар орнын ауыстыратын жолдар саны.

 

                                                                                                     (3.9)

 

 

                                                                               (3.10)

 

 

мұндағы - бір пойыздағы топтардың саны.

Тарту жолына қайта өңдеу паркінің 8-9 жолынан құраманың орнын ауыстыруға уақыт нормасын есептеу.

Объектілердің орналасу сұлбасынан орын ауыстыру уақыты локомотивтің бос кіруінің жартылай рейстерінен, вагондарды тарту, шегіндіруден құралады. Әр жартылай рейстің ұзақтығы мына формуламен есептеледі:

 

                                              , мин                                           (3.11)

 

мұндағы а және b – маневрлік локомотивтің қозғалуына және маневрлік локомотивтің бір физикалық вагонға келетін, жартылай рейстің ұзақтығын сипаттайтын уақыт нормативтері;

    mc – орташа маневрлік құрама.

Есептеу жұп ұшқа жүргізіледі және құрамадағы тежегіштің шарты бойынша қосылған:

 

                      = + + , мин               (3.12)

 

= 1,32+5,48+0= 6,8 ≈ 10 мин

 

мұндағы – қайта өңдеу паркі жолының 7 стрелкадан 8,9 ӨП дейін локомотивтің бос кіруі;

 – қайта өңдеу паркі жолының 7 стрелканың 8,9 ӨП локомотивтің бос кіруі; =450 м;

= = 1,32 мин;

    lтарту – 7 стрелкамен паркі жолының 8,9 құрама созылатын ара қашықтық;

 

                                              lтарту = 450 + , м                                          (3.13)

Информация о работе Станция жұмысын ұйымдастырудың жалпы сұрақтары