Станция жұмысын ұйымдастырудың жалпы сұрақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 18:05, реферат

Описание работы

Станциялық технологиялық орталық (СТО), ол сұрыптау паркінің басында орналасқан, қабылдау-жөнелту парктерімен үлкен диаметрдегі пневмопочтамен байланысады. Станция жұмысшыларының жұмыс орындары сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етумен ЭЕМ базасында автоматтандырылған жұмыс орындарымен (АЖО) жабдықталған. Станцияда локомотивті депо, вагон жөндейтін депо және вагондарды техникалық тексеру және жөндеу пункті орналасқан.

Файлы: 1 файл

temir_zhol.doc

— 1.53 Мб (Скачать файл)
  • құрылудың аяқталу операцияларын бекітіп және жөнелту паркіне әрбір құрамды шығару арқылы тартымдық жолдар мен жеке маневрлік локомотивтердің жұмысы;

- жергілікті вагондардың маневрлік  локомотивтермен жібірілуі және  жиналуы

-  жүк   пункттерінің   жұмысы   (жіберу  уақыты,   тиеп-түсіру,   келесі операцияларды күтіп бос тұру);

- құрамдарды өңдеу және жөнелтілуді күтіп тұру операцияларын 
көрсете отырып, поездардың жөнелту және транзитті парктерде орналасуы;

-  поездардың кесте бойынша барлық станцияға жанасатын бағыттарға 
жөнелтілуі.

Жоспар-кестені құрастырған кезде міндетті түрде әртүрлі қозғалыстардың қастасуын, операциялардың орындалуынан кейінгі құрылғылардың (жолдар, дөңестер, тартымдық жолдар), локомотивтер мен бригадалардың босау уақыттарын есепке алады. Бұл жеткіліксіз жол дамуы салдарынан станцияның қабылдай алмауынан болған операцияаралық тұруды және поездың бос тұруын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндағы міндеттің орындалуы, жеке қайта құру іс-шараларының арқасында, қосымша өңдеу қуаттылығын енгізе отырып, құрылғылардың мамандануын өзгертіп, мүмкін болатын шығындардың алдын алумен немесе оны азайтумен байланысты болмақ.

Нақты станцияның тәуліктік жоспар-кестесінің формасын, оның жол дамуының схемасын есепке алып, әрбір қабылдап-жөнелту, сұрыптау, дөңестік және тартымдық жолдарының, маневрлік локомотивтің, барлық маңызды жүк пункттерінің жұмысын көрсетіп, жүрісті лимиттейтін стрелкалардың жүктелуін бақылау отырып әзірлейді.

Жоспар-кестені кұру үшін, станцияның жұмыс технологиясын анықтайтын есеп нормативтерін пайдаланады:

  • станцияның және жүк пункттерінің схемасы;
  • парктер мен жолдардың мамандануы;
  • техникалық-реттеу актісі;
  • жақын жатқан учаскелердегі поездардың жүріс кестесі;

- поездардың құрылу жоспары және тасымалдар маршруттауының 
жоспары;

  • барлық категориялы поездар өңделуінің операциялық кестелері;
  • барлық маневрлер түріне арналған уақыт нормалары және поездар мен вагондарды өңдеу операциялары;
  • кірме жолдарды пайдалану келісімдері;
  • вагондарды жіберу және жинау;

- кәсіпорынның станциялары мен кірме жолдарының бірегей 
технологиялық жұмыс процесі.

     Келетін поездардың құрамы, олардың саны өзгеріп тұрады. Сондықтан да жоспар-кестені жұмыстың өзіне тән жағдайлары бойынша, поездардың жүріс кестесімен белгіленген қозғалыс өлшемдеріне құрған жөн. Құрылу жоспарының тағайындалуы бойынша таратылуға келген құрамдардың орналасуын, станция жолдарында және тиеп-түсіру пункттеріндегі тәулік басындағы вагондар мен құрамдардың санын анықтама қағаздары бойынша және маневрлік диспетчердің өткен жылдың орташа есеппен бір декадасына орындалған кестелері бойынша анықтайды. Тиеу және түсіру өлшемдерін ағымдағы жылдың жоспарынан алады. Әдетте, талдау арқылы әрбір қайта өңделетін құрамдардың түрі бойынша орташа орналасуды бекітеді.

     Жеке элементтердің  жұмысын графиктік тексеру станция ерекшеліктерімен анықталады. Учаскелік станциялар үшін транзиттік поездардың үлкен ағыны кезінде, жоспар-кестеде олардың құрамдарының өңделуін топтармен және техникалық және коммерциялық тексерістер бригадаларымен көрсетіп, стрелкалы мойыншалардың жүктелуін бақылау аса маңызды болмақ; сұрыптау станциялары үшін - құрамдардың таратылу және құрылу операцияларын; жүк станциялары үшін - вагондардың берілуін және жиналуын, тиеп-түсіру пункттеріндегі операцияларды және автокөлік жұмысын көрсетеді.

     Жоспар-кестені, ондағы өзара әрекет етуші процестер мен элементтер бір-бірімен қатар, шағын орналасатындай етіп жинақтаған дұрыс. Бұл мүмкін болатын қозғалыстардың қастасуын, операциялардың өз кезегімен жүруін бақылауды жеңілдетеді. Жоспар-кестені құрастырушы маман, технологияны графиктік тексеру кезінде оны толық есепке алу үшін станцияның жұмыс ерекшеліктерімен жақсы таныс болуы керек. Жоспар-кестені құру барысында анықталған кері құбылыстарды технологияны жетілдіру жолымен жоюға болады.

Тәуліктік жоспар-кестені жаңа технологиялық процесті дайындағаннан кейін, жаңа жүріс кестесін және поездардың кұрылу жоспарын енгізгеннен кейін кұрастырады. Ол техникалық құралдардың және берілген жұмыс көлемін орындайтын кадрлардың сұранысын нақтылауға, құрал-жабдықты пайдалану тәсілдерін белгілеуге, әртүрлі категориялы вагондар мен поездардың станцияда тұруының уақыт нормаларын, техникалық құралдардың пайдалану көрсеткіштерін есептеуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 Станциялық жолдардағы техника қауіпсіздігі

 

 

Станция жұмысшылары  темір жолда болған кезде  келесі қауіпсіздік шараларын орындаулары керек:

- жолды жағалай жиегімен жүріп өту керек немесе екі жол ортасымен,  бұл арада келе жатқан пойызды, айлалық пойызды, ағытылған вагондарды, жүктерді арту мөлшерлеріне және жылжымалы құрамдарға байқау керек;

- негізгі жұмыстан алаңдамай,  ұқыпты болу керек;

- жүру жолындағы заттарға және құрылғыларға (шекті бағана , су ағыны және құдықтар, СЦБ құрылғылары және байланыстар) көңіл аудару керек;

- пойызды қарсы алған уақытта шеткі релістен 2 м. қашықтықта болу керек;

- жолды тік бұрыштап  жан-жаққа қарап  жылжымалы құрам, локомотивтың келе жатқанына қарап өту керек, рельске тұруға,  рельс рамасы мен  бұрғыш ұштамасына тұруға болмайды;

- ғимараттан және жылжымалы құрамнан шыққан кезде  келе жатқан  құрамның бар жоғына көз жүгіртіп  байқаған соң жүру керек;

- жылжымалы құрам тұрған жолдан өткен кезде  вагонның тежегеіш алаңымен өту керек. Вагонның астынан және автотіркегіштен асып өтуге болмайды;

- жолда тұрған вагондардан және локомотивтен, вагон қозғалыс жылдамдығын реттеуші, құрастырушы бригадасындағы жұмысшылар жолды 5 метр қашықтықта өту керек, ағытулы тұрған вагондар арасынан 10 метр қашықтықта өту керек;

- станция аймағында жұмыс орнына бару, тек қана  берілген қызметтік маршрутпен өтетін жерден өту керек;

- тежегіш алаңынан түскен кезде есік баспалдағы, тұтқасының дұрыстығын тексеріп, жылжымалы құрамды қарап аралас жолда барын жоғын және жол арасындағы заттарды байқау керек. Тежегіш алаңынан түскен кезде  тұтқадан ұстап вагонға, локомотив жаққа қарайды;

- тежегіш алаңына отыруға және есік баспалдағынан түсуге жылжымалы құрам тоқтап тұрған кезде түсуге болады.

Пойыз құрастырушыларға жазғы уақытта  қана тежегіш алаңдарына, есік табалдырығына және локомотивке  отыруға болады, жылжымалы құрамнан жылдамдығы 3 км/сағ. болса ғана түсуге болады.Осы қауіпсіздік шаралар қызметтік нұсқауда көрсетілген барлық жұмыскерлер үшін пайдаланады.

Тоқтамай 120 км/сағ жылдамдықпен жүретін пойыздар жолынан шеткі рельстен 5 метр қашықтықта болу керек. Жылдамдығы аз пойыздар, айла құрамдары, локомотив, ағытылған вагондардан өз уақытында шеткі рельстен 2 метр қашықтықта қауіпсіз жерде  болу керек.

Маневрлер жасағанда жол бригадарының жұмыс орнына,жолаушылар платформасы жанында,жүк қоймалары жолында,жүк аулаларында,жағармай қоймаларында,вагон және локомотив деполарында,завод аумағында,шеберхана маңайында және т.б құрастырушы және локомотив бригадалары өте сақ болулары қажет, жақындағанда платформа маңайындағы адамдарға уақытында дыбыс дабылдарын беріп, составтың қозғалысы жайлы тиеу,түсіру жұмыстарымен,жол және вагон жөндеп жатқан адамдарды ескерту керек.

Бұндай жағдайда вагон алға қозғалғанда маневр жасаушы жұмыскерлердің біреуі қозғалыстағы вагондардың алдына орналасып немесе арнаулы табалдырықтың басында алдын-алу белгілерін беру үшін болуы қажет.Биік платформа қозғалған жағдайда жұмыскердің вагонның арнаулы баспалдағында платформа жағынан тұруына тиым салынады.

Тиеліп немесе түсіріліп болмаған вагондармен маневр жасаутиеу-түсіру жұмыстарына ұйымдастыруға жауапты тұлғаның келісімінен кейін ғана жүзеге асырылады.Қозғалмалы составты жөндеуден өткізіп жатқан вагон және локомотив депосының жолында маневр жасау депоның жауапты қызметкерінің нұсқауымен және бақылауымен жүзеге асады.

Вагондарды қосу және ағыту бойынша, тежегіш құрылғыларды қосуға немесе ағытуды жұмыстарды тек қана қолғаппен атқару қажет.Вагондарды ағытар алдында аралас вагондардың шеткі  крандарын жауып, одан кейін тежегіш құрылғыны ағытып ,ал вагондар тіркескен жағдайда бірінші тежегіш құрылғыны  қосып, соңынан шеткі крандарды ашу керек.Автоқосылғышты ағытуды, вагонның жанында тұрып,арнаулы құралмен , вагонарасына кірмей ағыту керек.Бұл жұмыстар вагондар толық тоқтап тұрған кезде атқарылады.

Жұмыс барысында поезд құраушы немесе оның көмекшісі станция кезекшісінен болмаса маневр диспетчерінен жартылай вагондағы жүктерді,вагон төбесін,цистерналардың люктерін немесе изотермиялық вагондарды тексеруге нұсқау алуы мүмкін.Бұл жұмысты тек вагонды электрлендірілмеген жолға қойғаннан кейін ғана атқаруға болады.

Электрлендірілген жолдарда ,вагон төбесін, цистерналардың люктерін немесе изотермиялық вагондарды тексеруге тиым салынады. Байланыс , электр желілерінің сымдары үзілген жағдайда сымдарда бөтен заттар болғанда жақын жердегі ауданның байланыс желісінің кезекші пунктіне,станция кезекшісіне,энергодиспетчерге немесе поезд диспетчеріне хабарлау керек. Авариялық бригада келгенге дейін қауіпті жерді қоршайды жәнесым үзілген жерден 10м жерге дейінгі қашықтыққа адамдардың жақындамауына шара қолданады.Егер үзілген сым немесе байланыс желісінің басқа да бөліктері ғимараттан немесе қозғалмалы составтың шегінен шықса, тоқтату белгілерімен қоршалады.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Берілген курстық жұмыс бойынша телімдік станцияның жұмысын, транзитті өңдеу және транзитті өңдеусіз пойыздарды қабылдап-жөнелту тәртібімен және өңдеу технологиясымен таныстық.

Тапсырмаға сайкес станция 4 жолаушы поездын, 18 транзитті өңдеусіз поездын және 10 транзитті өңдеу поездарын қабылдады.

Станциядағы маневрлік жұмыстарды орындауға арналған технологиялық уақыт мөлшері есептеліп, шарт бойынша станция жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі құрастырылды.

Есептеулер жүргізу мен станцияның тәуліктік жоспар-кестесін құрастыру үшін курстық жобаға арналған жеке тапсырма қолданылды.

Телімдік станция екі жолдық тізбектен, автоматты блоктаудан тұрады. Жергілікті вагондар жүк ауласы, отын қоймасы сияқты станцялық құрылымдарға және заводқа тағайындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

  1. Э.З. Бройтман. Железнодорожные станции и узлы. – М.: Маршрут, 2004, 54 – 70, 198, 284 – 287 беттер.
  2. В.Н. Соколов. Общий курс железных дорог. – М.: УМК МПС России, 2002, 108 – 139, 148 – 159, 174 беттер.
  3. Правила технической эксплуатации железных дорог Республики Казахстан.
  4. Инструкции по сигнализации железных дорог РК.
  5. www. Google. ru
  6. www. yandex. ru
  7. «Организация движение на железнодорожном траспорте» Заглядимов, Петров- Москва, Траспорт, 1987, 656 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Станция жұмысын ұйымдастырудың жалпы сұрақтары