Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 12:56, доклад

Описание работы

Қазіргі кезде кәсіпорынның негізгі немесе қосалқы қызметінің экономикалық жағдайына баға беру оның тиімділігінің соңғы нәтижелері арқылы жүзеге асырылады. Тар мағынада тиімділік «әсер беретін, қажет нәтижеге қол жеткізетін, жүзеге асыратын» дегенді білдіреді. Экономикалық тиімділік сөзі келесі мағынаны береді - үрдістің операцияның, бағдарламаның нәтижелі болуы, нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін шығындарға қатысты нәтижеге деген тиімділік.

Файлы: 1 файл

экон.docx

— 20.47 Кб (Скачать файл)

2-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде

 

Экономиканың дамуы жаңа өндіргіш күштердің дамуына, оның нарықтағы  тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға икемделуіне ықпал етеді. Ал бұл  жағдайлар, өз кезегінде, кәсіпорынның негізгі өндірістік қызметімен қатар, қосалқы өндірістерін де барынша  тиімді пайдалануға итермелейді. Өйткені, негізгі өндіріс қосалқы өндіріссіз тиімді қызмет етуі мүмкін емес.

Қазіргі кезде кәсіпорынның негізгі немесе қосалқы қызметінің экономикалық жағдайына баға беру оның тиімділігінің соңғы нәтижелері арқылы жүзеге асырылады. Тар мағынада тиімділік «әсер беретін, қажет нәтижеге қол жеткізетін, жүзеге асыратын» дегенді білдіреді. Экономикалық тиімділік сөзі келесі мағынаны береді - үрдістің операцияның, бағдарламаның нәтижелі болуы, нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін шығындарға қатысты нәтижеге деген тиімділік.

Кәсіпорынның қосалқы  өндірісінің тиімділігі негізгі  қызмет сияқты – қызмет етудің барлық сатысындағы маңызды сапа белгісі  болып табылады. Қызмет ету тиімділігі өндіріс потенциалын қолдану  дәрежесін көрсетеді, ал бұл қоғамдық өндірістегі нәтижелер мен шығын арасындағы қатынасты анықтайды. Шығын өзгермей – ақ нәтиже жоғарылаған сайын, бір – бірлік шығынға қарағанда нәтиже жылдам өскен сайын немесе, аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай түседі. Еңбек өнімділігінің көлемі өндірістегі экономикалық тиімділікті жалпылайтын критерий болып табылады.

Қызмет ету тиімділігі дегеніміз – тауар өндіру мақсатында кәсіпорының ресурстарды бөлу және қайта өңдеу қызметі.

Кәсіпорынның қосалқы  цехтары мен өндірісінің тиімділігі қоғамдық өндірісте және жеке кәсіпкерліктің дамуының соңғы нәтижесіне, мақсатына  жеткізетін нарық экономикасының басты  санатының бірі. Осы орайда әсер (эффект) мен тиімділік (эффективность) деген сөздерді айыра білу маңызды.

Әсер (эффект) – белгілі  бір құбылыстың (процестің) нәтижесін  анықтайтын абсолютті көлем. Экономикалық әсер, (эффект) көрсеткіші  нәтиже құны мен ресурстардың барлық түріне кеткен шығынның құны арасындағы айырма ретінде  анықталды. Егер экономикалық қызмет нәтижесі шығынан артық болса, бұл жағымды  экономикалық әсер (эффект), табыс ретінде бағаланады. Керісінше болса, жағымсыз экономикалық әсер (эффект) болады (шығын). Өндірістің, қызмет етудің нәтижесі болуы өте маңызды, бірақ, оған қалай, қандай шығынмен жеткенін  білу қажет. Сол бір ғана әсерді (эффект) әртүрлі жолмен және әртүрлі шығын жұмсау арқылы алуға болады немесе бірдей шығын жұмсалып әртүрлі нәтиже болуы мүмкін. Нәтиже мен шығынды салыстыру керек.

Кәсіпорынның қосалқы  цехтары мен өндірісінің тиімділігінің  негізі – оған қол жеткізу үшін жұмсалған шығын мен нәтиженің  өзара салыстырылуында, осылайша тиімділік  әсер дәрежесін көрсетеді.

Әр түрлі ғалым–экономистер  кәсіпорынның тиімділігін арттыруға, оның маңызын ашуға қатысты өздерінің  анықтамаларын ұсынады. Енді осылардың  бірқатарына тоқталып өтсек.

К.Решетинскийдің пікірінше, тиімділік белгілі бір қатынасты  білдіреді және соңғы нәтижеге қандай көлемде шығын жұмсау арқылы қол  жеткізілгенін көрсетеді.

П.А.Малышев және И.Т.Шилин  бойынша соңғы нәтижеге айналған, дайын өнім мен еңбек шығыны арасындағы себеп - салдар (причинно –следственную) байланысты көрсететін қатынас тиімділік  болып табылады. Осы анықтамалар  негізінен В.В.Новожилов құрастырған, көпшілік мойындаған анықтамаға сәйкес келеді:

Тиімділік бұл пайдалы  әсер мен оған жету үшін жұмсалған  шығын арасындағы ара – қатынас. Бірақ шығының мақсаттылығын  көрсететін нәтиже арасындағы белгілі  бір  арақатынас бар.

И.А.Усатов тиімділікке кәсіпорының  материалды және ақшалай ресурстарының  шығынын азайтып, максималды нәтижеге жету мүмкіндігі ретінде анықтама берді.

 И.И. Ройзман қызмет  ету тиімділігі кез–келген өндіріс  түрінен өзгеше, ерекше және оның  негізгі экономикалық заңдарымен  анықталатын, еңбек өнімділігінің  модификацияланған түрі де көрсетілуі  болып табылады. Бірақ қызмет  ету тиімділігі еңбек өнімділігіне  қарағанда кең шығынға ие. Еңбек  өнімділігі адамның өндірістік  қызметтінің өнімділігін білдірді  және 1 теңгеге өнім өндіруге кеткен  шығын көлемімен анықталады. Бұдан  еңбек өнімділігінің өсуі тек қана тұтынатын ресурстардың (ағымдағы шығындар) қолданылған көлемін көрсетеді, ал қызмет ету тиімділігі ағымдағы шығындар және қаржы салымдарын қоса алғандағы барлық ресурстардың қолданылуын көрсетеді. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігінің төрт түрі анықталған, олар:

1.Экономикалық тиімділік  келесі постуат арқылы көрсетіледі:  Кәсіпорында шешім қабылдаған  кезде әрқашан шектеулі, қолда  бар құралдарды пайдалана отыпырып, көздеген мақсатқа қолайлы жетуді  есепке ала отыру қажет.

2. Әлеуметтік тиімділік  қолда бар шектеулі құралдармен  кәсіпорынның барлық қатысушыларының  әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыруды  қамтамасыз етеді.

3. Техникалық тиімділік  – кәсіпорының техникалық мақсатына  байланысты, алға қойылған техникалық  мақсаттарға жетуді қамтамасыз  етеді. (өндірістік потенциалға қажетті,  өнімге және өндірістік бағдарламаға  қойылған көлемдік және сапалық  талаптардың орындаьлуы)

4. Экологиялық тиімділік  – кәсіпорының экологиялық мақсаттарға  жетуіне зейін қояды. 

Қызмет ету тәжірибесінде  экономикалық, әлеуметтік, техникалық және экологиялық  мақсаттар бір-бірімен  тығыз байланысты және тәуелді. Әдеттегідей  экономикалық тиімділікке  жетуге бағытталған  шешім әлеуметтік те, техникалық та, экологиялық та мақсаттарға қатысты  болады.

Нарық жағдайында әрбір кәсіпорын, экономикалық тәуелсіз тауар өндіруші бола отырып, мемлекет бекіткен салық  салымдары мен әлеуметтік шектеулер  көлемінде өндірістік дамудың тиімділігіне баға берудің кез- келген түрін қолдануға  құқылы. Кәсіпорының экономикалық тиімділігін  анықтау, оның сапалық және көлемдік бағалануының талап етеді,яғни қызмет ету тиімділігінің критериі мен  көрсеткіштерін анықтау.

Критерий  қарастыру құралы, оның негізінде баға беру, тиімділікті  анықтау жүзеге асырылады. Критеридің көлемінде нысанда болуы міндетті емес. Критериге қарағанда көрсеткішке  сандық нысанда болу тән, онда көлемдік өлшемдес, сапалық анықталған құндылықтар  көлемдік өлшемдес  болып қатар  қойылады.

Жоғарыда айтылған экономикалық әсер (эффект) натуралды және құнды  көрсеткішпен көрсетіледі, олар кәсіпорын  қызметінің соңғы және аралық нәтижелерін  анықтайды.

Ондай көрсеткіштерге мысалы; жалпы өнім, тауарлы өнім, өткізілген өнім, өндірістік ресурстардың әртүрлі  элеметтерің үнемдеу, өнімнің өзіндік  құның төмендетуден жалпы үнем жатқызылады.

Кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау нәтижелері болашақта  даму жоспарының шешімін жасау үшін негіз түрінде қолданылады, олардың  кейбіреулері кәсіпорының арнайы және басқа да қорларының қор құраушылары  болып табылады.

Қызмет етуге баға берген кезде тек қана экономикалық қана емес, әлеуметтік те нәтижелерін де ескеру қажет.

Кәсіпорынның экономикалық жағдайының тиімділігі “тиімділік”  категориясының баға беру мүмкіндігін  одан да дәлірек көрсетеді. Ол әрдайым  нәтиже құндылықтарымен шығын құндылықтарының  қатнасымен байланысты және де баға берудің  өзгерісімен өзгере алады.

Тиімділік сөзі келесі мағынаны береді – қатысты нәтиженің, үрдістің операцияның жобаның нәтижелі болуы.

Кәсіпорынның нарықтық ортадаға қызмет ету тиімділігі – қызмет етудің барлық деңгейіндегі маңызды  сапаның мінездемесі.

Экономикалық қызмет ету  тиімділігі өндірістік потенциалдың пайдалану  дәрежесін көрсетеді, бұл нәтиженің  өндірістік шығынға қатынасы арқылы анықталады. Сол шығынмен нәтиже жоғарылған сайын қажетті еңбектің 1 теңгеге  жұмсаған шығының есебінен тез өскен  сайын, немесе пайдалы нәтиженің  бір бірлігіне шығын аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай  түседі.

Кәсіпорынның қосалқы  цехтары мен өндірісінің қызмет ету тиімділігі- тауар өндіру мақсатында ресурстарды бөлу және қайта өңдеу  бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіші. Тиімділікті мына коэффициент бойынша  өлшеуге болады- шығудағы ресурстарға  кірудегі немесе өнім шығару көлеміне, оның номенклатурасына нәтиженің қатынасы.

Адамзат қызметі тиімділікпен тікелей  немесе жанама байланысты. Бұл сөздің негізінде ресурс шектеулігі, уақыты үнемеу, қолда бар ресурсан барынша көп өнім алу жатыр.

Тиімділік мәселесі – бұл  әрқашан таңдау мәселесі. Таңдау нені, қандай өнім түрлерін, қалай  өндіру қажет, оларды қалай бөлу керек, ағымда және болашақта ресурстардың қандай қөлемін тұтыну керек.

Тиімділіктің деңгейі  экономикалық өсу, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, инфляция деңгейінің төмендеуі, жұмыс істеу және демалыс жағдайының жақсаруы сияқты әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешіуге әсер етеді.

Тиімділік латынның “effectus” сөзінен – орындалу, жүзеге асыру, ықпал ету  дегенді білдіреді. Бұрын тиімділік сөзі техника мен технологияға жатқызылатын. Мысалы: бу двигателі дизельдіге қарағанда тиімдірек болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 - тақырып. Өнеркәсіптік өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

 

Тиімділік сөзі келесі мағынаны береді – қатысты нәтиженің, үрдістің операцияның жобаның нәтижелі болуы.

Шағын кәсіпкерліктің нарықтық ортадаға қызмет ету тиімділігі –  қызмет етудің барлық деңгейіндегі маңызды  сапаның мінездемесі.

Экономикалық қызмет ету  тиімділігі өндірістік потенциалдың пайдалану  дәрежесін көрсетеді, бұл нәтиженің  өндірістік шығынға қатынасы арқылы анықталады. Сол шығынмен нәтиже жоғарылған сайын қажетті еңбектің 1 теңгеге  жұмсаған шығының есебінен тез өскен  сайын, немесе пайдалы нәтиженің  бір бірлігіне шығын аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай  түседі.

Қызмет ету тиімділігі- тауар өндіру мақсатында ресурстарды  бөлу және қайта өңдеу бойынша  қызмет тиімділігінің көрсеткіші. Тиімділікті  мына коэффициент бойынша өлшеуге  болады- шығудағы ресурстарға кірудегі немесе өнім шығару көлеміне, оның номенклатурасына нәтиженің қатынасы.

Адамзат қызметі тиімділікпен тікелей  немесе жанама байланысты. Бұл сөздің негізінде ресурс шектеулігі, уақыты үнемеу, қолда бар ресурсан барынша көп өнім алу жатыр.

Тиімділік мәселесі – бұл  әрқашан таңдау мәселесі. Таңдау нені, қандай өнім түрлерін, қалай  өндіру қажет, оларды қалай бөлу керек, ағымда және болашақта ресурстардың қандай қөлемін тұтыну керек.

Тиімділіктің деңгейі  экономикалық өсу, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, инфляция деңгейінің төмендеуі, жұмыс істеу және демалыс жағдайының жақсаруы сияқты әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешіуге әсер етеді.

Тиімділік латынның “effectus” сөзінен – орындалу, жүзеге асыру, ықпал ету  дегенді білдіреді. Бұрын тиімділік сөзі техника мен технологияға жатқызылатын. Мысалы: бу двигателі дизельдіге қарағанда тиімдірек болып есептеледі. Өйткені, біріншісінде энергияның көп пайызы бекер жұмсалады. Бірақ, физикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда энергия да біреуге қажетті жұмысты атқарады. Бұл, тиімділік тек қана технологиялық қасиет деген сөз, яғни баға беруге тәуелді және бағалау категориясы болып табылады.

Экономикалық қызмет тиімділігін  жоғарылату мәселесі келесі, әрбір  еңбек, материал және қаржы ресурстарының  бірілігіне өнім өндіру көлемінің едәуір өсуін жүзеге асыру. Бұл, нәтижесінде, еңбек өнімділігінің жоғарылауын көрсетеді, яғни қызмет ету тиімділігін жоғарылатудың критериі болып табылады.

Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін жоғарылату қажеттігі  мен мүмкіндігі үнемі әсер ететін факторлармен және Қазақстанның экономикалық дамуы кезеңінің қазіргі заманғы  ерекшелігімен ескертіледі. Жалпы  тиімділік мәселесі жаңа емес, ол материалдық  өндіріс кезеңінің интерпретациясынан бері бар және белгілі-бір өндіріс  түрінің өндірістік қатынастарын көрсетеді. Нарық қатынастарының қалыптасу  жағдайында, бір нарық субъектісінің  жұмысының нәтижесі, басқа субъектілерінің  жұмысының нақтылығына және жинақылығына байланысты, мұндағы тиімділік мәселесі анықтаушы болады.

Өндірісті басқару жүйесінде  кәсіпорынның қызметінің тиімділігін  объективті анықтай алу үлкен  мағынаға ие.

Экономикалық тиімділік  басты әлеуметтік-экономикалық санат, оған динимикалық және тарихи қасиеттер  тән. Өндірістік қызметтің тиімділік  әрбір әлеуметтік құрылымның өндірістік қуатының әртүрлі деңгейінде дамуы  мүмкін. Қоғамның тарихи дамуының барлық кезеңінде келесі сұрақ қойылады: қанша шығын мен ресурстарды  жұмсау арқылы соңғы өндірістік нәтижеге қол жеткізіледі. Сонымен, тиімділікті  бағалаудың сандық мөделі экономикалық нәтиже мен шығынның, ресурстың арасындағы қатынас арқылы анықталады. Шығыны мен ресурстың бірлігінен соңғы  нәтижені максималдау немесе соңғы  нәтиженің бірлігіне шығындар мен  ресурстарды минималдау қоғамның еңбек  қауымының жеке адамның алғашқы  мақсаты. Бұл мақсат, оған жету әдісі, экономикалық тиімділікті жоғарылату жолдары мен резервтері (олардың  классификациясы мен сандық бағалануы) экономикалық ғылымның және экономикалық пәндердің мазмұны болып табылады (салалық және функционалдық).

Информация о работе Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде