Шағын және орта кәсіпорындарда еңбек ресурстары және олардың экономикалық мағынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2015 в 06:39, реферат

Описание работы

Әкімшілдік-әміршілдік жүйенің ұзақ жылдарға созылған үстемдігінен кейін нарық механизмін түсіну кімге де болса оңайға соқпайды. Әлі күнге дейін бұқара халықтың санасында нарық экономикадағы еркіншілділік, оған тән қанаудың қатал жүйесімен,жаппай жұмыссыздықпен,еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне, экономиканың тиімділігі мен бір қалыптылығын сақтауға, ғылымның, білімнің және мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр.

Файлы: 1 файл

14 тақырып.docx

— 29.74 Кб (Скачать файл)

Елде еңбек биржаларын құруда жаңа кезең 90 жылдардың басында басталды. Ол кезде бізде қайтадан жаппай жұмыссыздық пайда болған еді. Қазіргі заманғы еңбек биржалары тұрғындардың жұмысбастылығы және азаматтардың еңбек етуге өз құқытарын кепіл етудің мемлекеттік саясатын іс жүзіне асыру үшін құрылады. Жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі (еңбек биржалары) келесі функцияларды орындайды:

- жұмыс күшіне сұраныс  пен ұсынысты болжайды, талдайды  және еңбек нарығының жағдайы  туралы ақпарат береді;

- бос жұмыс орындарының  және жұмыспен қамту мәселесі  бойынша хабарласатын азаматтардың  есебін жүргізеді;

- азаматтар мен жұмыс  берушілерді сәйкесінше жұмыс  алу мүмкіндігі және жұмыс  күшімен қамтамасыз ету жөнінде  ақпарат береді;

- адамдарға сәйкес жұмыс  таңдап алуға көмек көрсетеді;

- кәсіби үгіт –насихат  қызметтерін ұсынады, арнайы оқу  орталықтарында азаматтардың кәсіби  дайындығын және қайта даярлануын  ұйымдастырады;

- жұмыссыздардың тіркелуін  қамтамасыз етеді;

- еңбекпен қамту бағдарламаларын  жасайды;

- жұмыспен қамту қорын  иеленеді.

Қазақстандық еңбек нарығы жөнінде айтатын болсақ, ең алдымен, ол қалыптасып жатқанын ескертуміз қажет. Оның институционалды рәсімделуі жүріп жатыр: жұмыс пен қамту қоры құрылды, еңбек биржалары қызмет етіп жатыр, сәйкес актілерді қабылдай отырып, үкімет белсенді саясат жүргізуде.

Тұрғындардың жұмысбайлық проблемасы осындай іс-шаралардың кешенді бағдарламасын жасау қажеттілігі жөнінде тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Оның негізгі мақсаты – сәйкес деңгейлердегі еңбек нарығының жағдайын жүйелі түрде зерттеу үшін компьютерлік өзара байланысты модельдік жүйелерін құру, модельдер бойынша мүмкін басқару шешімдерін қабылдау және тексеру, еңбек нарығын болжау. Мұндай жүйелерді пайдаланушылар болып сәйкес басқарушылық құрлымдардың жұмысшылары табылады. Сондықтан жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметтері ағымдық жағдайға, жұмыс күшінің пайдаланылуын орта мерзімдік болжауға көңіл бөлінуі қажет. Мұндай міндеттерді шешудің сенімді құралы да осы компьютерлік модельдер болып есептеледі.

Осы алға қойылған мақсаттарда іс жүзіне асыру үшін еңбек нарығының қалыптасуы мәселесі бойынша түбегейлі зерттеулер жүргізу, осы саладағы дамыған елдердің тәжірбиесін зерттеу, қазақстандық нарықтың ерекшеліктерін анықтау және талдау қажет. Бұдан басқа, өзара байланысты міндеттердің екі блогы бар: ақпаратттық (копьютерлік мәліметтер базасын құру мен байланысты) және техникалық ұйымдастырушылық. Яғни, жұмыспен қамту орталықтарын сәйкес техникалармен қамсыздандыру және онымен жұмыс істеу үшін квалификациялы қызметкерлерді дайындау қажет.

Беделділік деңгейі, эксперттік квалификациясы, оның жұмыс орнының техникалық қамсыздандырылуы осындай жобаларды іс жүзіне асыруда шешуші роль атқарады. Осыған сәйкес, бағдарламада сәйкес кадрларды дайындау үшін ұйымдастырушылық сипатттағы іс-шаралардың кешенін қарастыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Нарықтық экономикада еңбек өнімділігін артырудың экономикалық мәні – өнімнің рентабельділігі мен бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеретін күрделі қаржы (капитал салымдары) шығыны мен ағымдық шығындарды үнемдеу дегенді білдіреді. Еңбек өнімділігіне өлшеудің мынадай үш әдісі кездеседі: алынған нәтижелердің шынайлылық (нақтылық, дұрыстық) дәрежесіне қарай заттай әдіс, еңбек әдісі және құн әдісі.

Еңбек  өнімділігін өлшеудің ең объективті әдісі заттай өлшеу әдісі болып табылады .

Бұл әдістің кемшілігі оның шектеулі болуында, әрі бұл әдіс бір текті өнім өндіретін салалар мен кәсіпорындарда ғана қолданылады

Еңбек әдісі өзгермейтін норма сағат арқылы еңбек өнімділігін өлшеуге негізделеді. Бұл әдіс барлық еңбек шығынын есепке алмайды, сондықтан тек келісімді еңбек ақы арқылы жұмыс істейтін зауыт ішіндегі жұмысшылардың еңбек өнімділігін анықтауда қолданылады.

Құн әдісі еңбек өнімділігін құн арқылы өлшеуге негізделеді және ең негізгі әрі әмбебап әдістердің бірі болып табылады. Мұндай әдіс басқарудың кез – келген деңгейінде еңбек өнімділігін анықтауға мүмкіндік береді, барлық еңбек шығындарын есепке алады және оның сапасын көрсетеді. Сонымен, қатар еңбек ресурстарының қолданыс тиімділігін бағалау, жоспарлау және талдау мақсаттарына қарай әртүрлі формада пайдаланып, еңбек өнімділігін өлшеу барысында әртүрлі өндірістік көрсеткіштерді негізге алады  (жұмысшылардың материалды шығындарды есепке алмағандағы еңбек өнімділігін анықтауда – жұмыспен өтеудің мөлшерленген құны; жұмысшылардың еңбек  өнімділігі арқылы өндіріске қосқан жеке үлесін анықтаудағы – мөлшерленген таза өнім; кәсіпорынның жалпы өнім көлемін есепке алып еңбек өнімділігін анықтаудағы – жалпы өнімі; жұмысшылардың дайын өнім мөлшерін сатуға байланысты еңбек өнімділігін анықтаудағы тауар және сатылған өнімі негізге алынады).

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы және дамуының стратегиясы» Алматы, 1992 ж;
  2. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» Елбасының Қазақстан халқына жолдауы  01.10.1997 ж;
    1. Бусигин А.В. Предпринимательство. Учебник для вузов – М, 2000 ж;
    1. Гончарук А.В. Развитие предприятия, М – 2000 г.
  1. Ералы А. Қ., Қабылбеков М.Г. Кәсіпорын экономикасы , ҚазҰТУ, 2004 ж:
  1. Оразалы С. «Бәсекелестік экономика» Алматы, 2007 ж.

 

 

 


Информация о работе Шағын және орта кәсіпорындарда еңбек ресурстары және олардың экономикалық мағынасы