Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2015 в 18:43, реферат
Шығыс Қазақстан облысы бойынша жұмыстар мен қызметтер және туризмдер 2011 жылы 2, 806 млн. теңгені, 2012 жылдың 9 айына 2,481 млн. теңгені құраған еді. 2011 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсетілгкен қызметтердің көлемі мен 12,5% ұлғайды.
Туризмнің типтері бойынша қызмет көрсетілген келушілердің саны 2011 жылы 380 мың. адамнан астам, 2012 жылдың 9 айына – 333 мың. адам (алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салымтырғанда ұлғаю 8,3% құрады) болды.
Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуеті
Шығыс Қазақстан облысы – үлкен туристік әлеуеті
бар теңдесі жоқ өңір.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша жұмыстар
мен қызметтер және туризмдер 2011 жылы
2, 806 млн. теңгені, 2012 жылдың 9 айына 2,481
млн. теңгені құраған еді. 2011 жылдың осыған
ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсетілгкен
қызметтердің көлемі мен 12,5% ұлғайды.
Туризмнің типтері бойынша қызмет көрсетілген
келушілердің саны 2011 жылы 380 мың. адамнан
астам, 2012 жылдың 9 айына – 333 мың. адам
(алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен
салымтырғанда ұлғаю 8,3% құрады) болды.
Облыс аумағы 97,3 мың шаршы метрді құрайды.
Бұл жерде туристті сүйсіндіріп тартатын
барлық нәрсе бар: үлкекн аумақ, керемет
ландшафтар, климат аумақтарының әр түрлілігі,
бағасыз мәдениет пен тарих ескерткіштері
, туристік қызметтердің үлкен таңдауы.
Облыс аумағында бүгінгі күні 14 республикалық
мәндегі қорғалатын табиғи аумақтар, әлемдік
мәнге ие табиғи ескерткіштер бар. Облыс
шегінде бірнеше рекреациялық аумақ белігіленген:
Бухтарминск жағалауы, Сибинс, Алаколь
өзендері, Катон-Карағай, Глубоковск ауданы,
Риддер, Өскемен қ. шеті.
Осы аумақта тек Қазақстан, ТМД елдерінің
ғана емес сонымен бірге алыс шетелдік
көптеген туристерді қатты қызықтыратын
Рудалы Алтайдың негізгі табиғи қызықты
жерлері шоғырланған.
Туризмнің аса перспективалы түрлері
мыналар
– тау шаңғы,
– жағажай,
– емдеу-сауықтыру,
– мәдени-танымдық,
– экологиялық
Шығыс Қазақстанда 10 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар. 120 астам орналастырылған жер, 85 демалыс аумақтары, 5 демалыс үйі, 35 астам санаторий-емдеу объектісі жұмыс істейді.
Бесқарағай ауданы
Бесқарағай ауданың аумағында
«Белуха» үкіметтік емес туристік ұйымы
тіркелді, онда жалпы білім беретін мектептердің
оқушылары жылсайын әр түрлі туристік
жарыстарға, фестивальдарға қатысады,
сондай – ақ Шығыс Қазақстанның тауларына
төбелеріне туристік жорығымен барады.
Аудан бойынша келесі туризм түрлері дамыған,
олар: белсенді, поламдық, сауықтары және
жаға – жай, себебі, аудан аумағында, Ертіс
өзені ағатын ауыл жастары және ауданның
жалпы білім беретін мектептердің оқушылары
туристік жаға - жайларға баратын сирек
кездесетін ленталық қарағайлы боры бар.
Сондай- ақ, аудан аумағында «Шошқалы »
емдеу – сауықтары тұзды көлі бар, өзінің
кір емдеу әдісімен бай, жазғы кезеңінде
өзінің денсаулығын нығайту үшін көп санды
адамдар мен туристер демалуда.
Аудан аумағында Ақкөл ауылында осыдан
300 жыл бұрын бірде- бір шегесіз салынған
мешіт-ескерткіші бар. Аудан аумағында
«Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи
резерватының 6 фелиалдары орналасқан.
Аудан ішкі туризмді дамыту үшін спорттық
бағдарлану бойынша әр түрлі туристік
спорттық іс-шаралары өтеді. Ағымды жылы
«Менің Отаным Қазақстаным» Республикалық
туристік экспедициясы шеңберінде туризм
бойынша туристік жорық жиындары өтті.
Катонқарағай мемлекеттік
ұлттық табиғи парктің территориясы жобаланып отырған Қазақстандық
территорияның Алтай-Саян экоаймақ бөлігінің
құрамына кіреді. Парктің ауданы 643,477 мың
га. бұл парктің негізі болып оның 34 %-ын
құрайтын орманды алқаптар. Мұндағы орманда
көбінесе қылқан жапырақты ағаштар өседі.
Сонымен қатар, парк фауна мен флораның
өкілдеріне де бай. Оның ішінде, Қазақстанның
Қызыл кітабына енген түрлері де бар. Табиғи
парктің негізгі міндеті – басқарылатын
туризм мен дем алысқа жағдай жасау болып
табылады. Осы мақсатпен ұлттық паркте
сұранысқа бай бірнеше маршруттар алынған.
Олар:
Берел қорымдарына. Оңтүстік-батыс Алтайда,
Бұқтырма өзенінің даласында, теңіз деңгейінен
1200 метр биіктікте орналасып, «Патшалар
алқабы» атауына ие болған. Жамбыл, Өрел
ауылдарының, «Эльтур-Восток» пантымен
емдеу кешенінің маңында орналасқан қорым.
Табиғи, мәдени және тарихи мәнді ескерткіштер
Мұзтау – жер ананың кіндігі
Мұзтау (Шығыс шыңы) – Алтай тауларының
солтүстік-шығысында жатыр, Алтай мен
Сібірдің ең биік нүктесі (4506 м.). Ақ Берел
өзені бастауында орналасқан. Мұзтау -
қос өркешті. Алыстан қарасаң-аттың еріне
ұқсайды... Алтайдың жон арқасына аппақ
күміс ерді жарқыратып ерттей салған секілді.
Мұзтаудың жан-жағы көз көрім көкжиекке
дейін ала шұбар шың - жартастар. Қара орманды,
қапсал шатқалды таулардың ажарында Мұзтау
ғана қақ күмісше жарқырап жатады. Жер
шарының энергетикалық өрісі осы Мұзтауда
тоғысқан деген сенім бар. Ол энергетикалық
өріс ғарышпен байланысты, сол арқылы
бұл маңайға келген адамдарға Мұзтау күш
– қуат беріп, жан сарайын тазартады, денсаулығын
түзейді. Мұзтау туралы алғашқы ғылыми
деректер 18 ғасырда пайда бола бастаған.
Оны - қар мен мұздың, дүркіреген көшкілердің
және жарқыраған сарқырамалардың патшасы
дейді. Екі шыңының да беткейлері мәңгі
қарлар және мұздықтар шамамен 70 шаршы
км. жуық ауданы жауып жатыр. Ресей жағындағы
Мұзтау сілемдері Дүниежүзі Табиғи Мұра
Тізіміне енгізілген.
Рахман көздері
Рахман көздері. Катонқарағай ауданындағы
шипалы жылы су. Катонқарағай ауданы, Рахман
Қайнары ауылының солтүстік шығыс шетіндегі
Рахман көлі қазаншұңқырында төрт мемлекеттің
Қазақстан, Россия, Монғолия, Қытай елдерінің
шекарасының қиылысқан жерінде орналасқан.
Термальді көздер алаңның солтүстік жағынан
граниттермен тақта тастардың түйіскен
жарығынан шығыстан батыс бағытқа бір
сызық бойымен жалпы ұзақтығы 80 метрге
ағып шығады. Термальді көздер емдік қасиеті
бар, олар әлсіз минеральді (0,19 г/л) гидрокарбонатты-
кальцийлі және құрамы 0,03 г/л дейін еркін
көмірқышқылынан, 45-80 мг/л кремний қышқылынан,
10-35 эман радонынан тұрады.
Язовая сарқырамасы
Катонқарағай ауданы, Қараайрық ауылынан
10 км солтүстік батыстағы бір аттас көлден
2 км төмендегі ағып шыққан Язовая өзенінде
орналасқан. Су ағысының көп ғасырлық
жұмысының нәтижесінде тілімденген арна
өңделмеген пішінді. Онда сарқырама түзетін,
табалдырық және құламалық құйылулардан
кішігірім кемерлер бірінен кейін бірі
жалғасқан.
Рахман сарқырамасы
Рахман сарқырамасы Катонқарағай ауданы,
Рахман Қайнары ауылы, Арасан өзені аңғарының
оң өңірінде орналасқан. Бұл бұлақ биік
таулы мареналық көлден (теңіз деңгейінен
2265 м ) бастау алып, Рахман көліне құяды.
Берел қорымдары
Берел қорымдары – Катонқарағай ауданының
Берел аулының маңындағы Бұқтырма жазығында
орналасқан, әлемдік деңгейдегі ескерткіш.
Бұқтырма аңғары бойында теңіз деңгейінен
1200 метр биіктікте, шамамен біздің дәуірімізге
дейін төртінші ғасырдағы сақ княздерінің
мүрделері мен табыттары, алтындалған
әшекейлі заттары табылды. Мәңгі мұз тоңның
әсерімен ескерткіштер бұзылмай, сол қалпында
жақсы сақталған. Көпшілігі әлі зерттелмеген,
отыздан астам обасы бар бұл қорымды ғалымдар
«патшалар алқабы» деп атап кетті. 1998 ж.
Ә. Х. Марғұлан атындағы археологиялық
институтының Халықаралық Қазақ - Француз
- Итальян археологиялық экспидициясы
Берел қорғанында Сақ бекзадасының қорымында
жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарын
жүргізді. Қорғанның астындағы "мәңгілік
тоңның" әсерімен ағаштан, киізден,
теріден жасалған бұйымдар да жақсы сақталған.
Археологиялық қазба барысында табылған
құнды ескерткіштің бірі - осыдан 2500 жыл
бұрын жерленген сақ көсемі мен оның әйелінің
мәйігі. Берел қорымынан табылған заттар
әлемдік ғылымдағы ең теңдесі жоқ дүниелер.
Пантамен емдеу кешендері мен шипажайлар
«Рахман қайнарлары» шипажайы
Рахман көлі, Арасан – Катонқарағай ауданындағы
шипалы жылы су. «Рахман қайнарлары» шипажайы
облыс орталығы Өскемен қаласынан 450 шақырым,
төрт мемлекеттің Қазақстан, Россия, Монғолия,
Қытай елдерінің шекарасының қиылысқан
жерінде, Алтайдың кішкене тектоникалық
ойпатында Арасан көлі жағасында теңіз
деңгейінен 1760 м. биіктікте орналасқан.
Бұл родонға бай термиялық қайнар. Суы
буын, тері, жүйке ауруларына шипа болып
табылатын санаторийге еліміздің түкпір-түкпірінен
мыңдаған адам келіп, елге де, жерге де
алғысын айтып қайтып жатады. Рахман қайнарының
суы асқазан, ревматизм, гинекологиялық,
жүйке, тыныс ауруларын және әр түрлі улану
мен жараларды емдеуде қолданылады. Қосымша
массаж, ЕДТ, физиотерапия, фитотерапия
кабинеттері қызмет көрсетеді. Шипажай
емдеу корпустарынан, асханадан, тұрғын
котедждерден тұрады. Демалушыларға арналған
қайықтар, катамарандар, салт атты жүріске
арналған аттар прокаты жұмыс істейді.
«Нұр Бұлақ» шипажайы
Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылының
оңтүстік-шығысында, жол бойынан 0,5 шақырым
жерде, Алтай тауының бөктерінде орналасқан.
Негізгі көрсетілетін қызмет түрлері:
сауықтыру (оның ішінде: климатотерапия,
комплексті терапия, фитотерапия, саунотерапия,
сауықтыру массажы, инемен емдеу терапиясы,
биоэнергокоррекция, тренажерлық зал),
Спорттық шаралар, спорттық алаңдар мен
бөлмелер, Туристік (оның ішінде: атпен
серуендеу, тауға шығатын велосипед, жаяу
серуендеу, авто-тур, шаңғымен серуендеу,
қарда сырғанайтын көлікпен серуендеу,
біріктірілген маршруттар) – тек қана
демалушылар ғана емес, сонымен қатар
спортпен шұғылдануға ниет еткен спортшыларға
және де сауықтырудың бар мүмкіншілігін
жасау үшін барлық жағдай жасалған. Әртүрлі
жас шамасындағы адамдарға комплекстік
спорттық, емдік – медициналық және сауықтыру
процедуралары біріктіріліп, жасалған
бағдарлама енгізілген. Жоғары және орта
деңгейлі қонақ үй қызметі көрсетіледі.
Кешен жыл бойы жұмыс істейді, барлық талаптарға
сәйкес, кәсіптік және әуесқой спортшыларға,
сауықтыру, барлық әлеуметтік топтағы
адамдардың талаптарына сәйкестендірілген.
Ауданымыздың экономикалық өсуі мен дамуына
қосалқы үлес қосады. Жаңадан жұмыс орындары
ашылуына және сауықтыру мен демалуды
ұйымдастыруға зор ықпал етеді.
«Баян» пантамен емдеу кешені
Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында
орналасқан. Негізгі көрсетілетін қызмет
түрлері: сауықтыру (оның ішінде: климатотерапия,
комплексті терапия, фитотерапия, саунотерапия,
сауықтыру массажы), Туристік (оның ішінде:
марал шаруашылығының базасына серуендеу,
тауға шығатын атпен, жаяу серуендеу, авто-тур,
біріктірілген маршруттар). Жоғары және
орта деңгейлі қонақ үй қызметі көрсетіледі.
«Ақ қайың» пантамен емдеу кешені
Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында
орналасқан. Негізгі көрсетілетін қызмет
түрлері: сауықтыру (оның ішінде: комплексті
терапия, фитотерапия, саунотерапия, сауықтыру
массажы), Туристік (оның ішінде: марал
шаруашылығының базасына серуендеу, тауға
шығатын атпен, жаяу серуендеу, авто-тур,
біріктірілген маршруттар). Жоғары және
орта деңгейлі қонақ үй қызметі көрсетіледі.
Көкпекті ауданы
Көкпекті ауданында ішкі туризмның дамуына көптеген қызметтер көрсетілуде. Аудан аумағында Зайсан көлі, Бұқтырма су қоймасы, Ертіс өзені, Кулунджун демалыс орны орналасқан. Сарыбел селолық округының аумағында 3 демалыс орындары жұмыс істейді, «Рубин», «Черемушка», «Бұқтырмалық лилия». Жаңа спорт кешендері, теннис ойынына арналған столдар, демалуға келген демалушыларға ашық теңіз, катамаран және қайықтар, балық ұстауға арналған қармақ бұның барлығы туризмның дамуына үлесін тигізуде.
Денсаулықты жақсарту үшін марал қанына түсуге мүмкіндік бар. «Ворсинка» шаруа қожалығының аумағында «Марал» емделу орнында 12 орын демалушыларға арналған корпус жұмыс істейді. 26 орынға арналған асхана, бильярд, 6 орынға арналған vip-үйлер, монша, шағын спорттық алаң орналасқан. Қазіргі таңда «Марал» емделу орны 40-50 демалушыларға қызмет көрсетеді. Шаруашылықта 1500 марал бар. Жұмыс мерзімі маусым- шілде айлары.
Ауданда туризмның бірнеше түрлері даму үстінде, мәселен: Емделу орталықтары, ғылыми-танымдық жерлер, жағажайлар т.б. Туризмның дамуын қолдау мақсатында ауданда көптеген жәрмеңкелер, көрмелер жүргізіліп отырады.
Көкпекті ауданында 2 мәдениет үйі, 2 кітапхана
жұмыс істейді, Көкпекті ауылында және
Самар ауылында, 27 селолық кітапхана, 37
клуб.
Аудан аумағында 29 мәдени обьектілері
бар. Көкпекті ауданында 21– ескерткіштер
бар: 8 – соғыс ардагерлеріне арналған
ескерткіш, жеңістің 60 жылдығына арналған
ескерткіштер, кеңес одағының ардагері
Қойгелді Аухадиев атамызға арналған
мүсін, соғыс ардагерлері А. Асламовқа,
К. Букетовқа арналған ескерткіштер. 2
Ауған соғысында көз жұмған жерлестерімізге
арналған ескерткіштер.
Маралды ауылдық округі Маралды ауылынан
6 км жерде «Кенсу» демалыс базасы орналасқан.
Сарыөлең ауылдық округі Сарыөлең ауылында
«Балдаурен» балалар лагері орналасқан.
«Марқакөл» табиғи қорығы
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1976
жылы 4 тамызда Шығыс Қазақстан обылысы
Күршім ауданында Марқакөлді қоршаған
ландшафтарын және бірегей көлін сақтау
үшін құрылды. Қорықтың қазіргі ауданы
75 048 га, оның маңызды бөлігін (46045 га) Марқакөл
көлінің айлағы алуда. Құрғақ аймағы екіге
бөлінген: оңтүстік-шығыс жағалауы мен
Азутау жоталарының солтүстігі, Тополевка
өзенінің жазығы және Күршім жотасының
сулы бөлігі. Қорықтың ауданы 2221 га жері
күзетпен қамтылған. Көлдің шығыс бөлігінде
ауданы 1500 га жер балық аулауға бөлінген.
Ауданның туристік әлеуеті Мыс-химиялық
комбинаты шипажай-профилактикалық кешені,
Выдриха ауылындағы «Уба шипажайы» ММ
табиғи-рекреациялық ресурстарымен сипатталады.
Ауданда экологиялық туризмді дамыту,
мәдениет және табиғи әлеуетті сақтау
мақсатында тұрғындардың ортасында экомәдениетті
тәрбиелеуде «Экстрим» туристік клубы
жұмыс істейді, жыл сайын жұмысты жүргізу
барысында жылына 100 адам қамтылады: олар
оқу мекемесінің оқушылары, облыс, аудан
тұрғындары. Клубтың жұмыс істеу бағыты:
экология десанттарымен өзендердің жағалауларын,
туристік тұрақтарды тазалау жұмыстарын
жүргізеді, Шемонаиха және Глубокий аудандарының
аумақтары бойынша жаяу жүру жорығын және
Уба өзені бойынша қайықпен жүзу шаралары
өткізіледі.
Ауданның туристік имиджінің тартымдылығы
мақсатында туризмді насихаттау БАҚ, жарнамалық-ақпараттық
өнім басылымдары, бейне-роликтерді түсіру,
жыл сайын туризм бойынша аудандық конкурстарды
өткізу, бейне роликтерге және фото суреттерге
арналған фестивальдер іс-шарасын өткізу,
Халықаралық туризм күніне арналған мереке,
туризмді дамыту бойынша «Бұлақ көрсең
көзін аш» аясында семинарлар өткізу арқылы
жүзеге асырылады.
Суда, жаяу жүру жорығы, палаталы-тұрақ
орындары, шыңға өрмелеу, атты туризм,
балық аулау спортын дамыту үшін ауданның
болашақта зор табиғи әлеуеті бар.
Информация о работе Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуеті