Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2015 в 18:43, реферат
Шығыс Қазақстан облысы бойынша жұмыстар мен қызметтер және туризмдер 2011 жылы 2, 806 млн. теңгені, 2012 жылдың 9 айына 2,481 млн. теңгені құраған еді. 2011 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсетілгкен қызметтердің көлемі мен 12,5% ұлғайды.
Туризмнің типтері бойынша қызмет көрсетілген келушілердің саны 2011 жылы 380 мың. адамнан астам, 2012 жылдың 9 айына – 333 мың. адам (алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салымтырғанда ұлғаю 8,3% құрады) болды.
Нысандар аты |
Мекен-жайы |
Қызмет түрлері |
«Алтайская бухта» демалыс орны |
Өскемен қаласы, Зырян ауданы |
Бұқтырма өзені жағалауында отбасылық демалыс |
«Аюда» демалыс орны |
Өскемен қаласы, Зырян ауданы |
Жазғы демалыс, балық аулау, теплоходта серуендеу |
«Көгілдір шығанақ» демалыс орны |
Өскемен қаласы, Зырян ауданы |
Бұқтырма жағалауында демалыс |
«Громотуха» демалыс орны |
Риддер қаласы |
Балаларға арналған лагерь |
«Патша даласы» демалыс орны |
Өскемен қаласы, Катоқарағай ауданы |
Экологиялық таза ауданда пантымен емдеу |
«Изумрудный» сауықтыру кешені |
Өскемен қаласы, Глубокое ауданы |
Жаз кезінде балаларға арналған лагерь, тау шаңғы тебу |
«Княжьи горы» тау шаңғы демалыс орны |
Өскемен қаласы, Глубокое ауданы |
Шаңғы тебу, ат үстінде саяхат, рафтинг, мектеп лагері |
«Порт Фортуна» демалыс орны |
Өскемен қаласы, Зырян ауданы |
Жағажайлық демалыс |
«Рахман қайнары» санаторийі |
Катонқарағай ауданы |
Радон бұлақтары, сүйек-бұлшық ет, тері және қан-тамырлары ауруларын емдеу |
Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени объектілері
Семей қаласындағы аспалы көпір
Тамсансаң, Семейдегі аспалы көпірге тамсан. Мұндай көпір ТМД-да жоқ. Әлем елдерінің өзінде саусақпен санарлық қана. Семейдің көркіне көрік қосып, сәулетін арттырған бұл аспалы көпір - Тәуелсіздіктің төл туындысы.
1998 жылы Үкімет Семей қаласында
жаңа көпір құрылысын бастауға
шешім шығарды. Өйткені, Ертіс өзені
үстімен өтетін автомобиль
Аспалы көпір құрылысымен негізінен жапондық «Аячай» фирмасы айналысты. Бас менеджер Мацузава басқарған бұл фирманың мұндай көпір салуда тәжірибесі бұрыннан-ақ бар екен. Атап айтқанда, Америкада, Түркияда, Оңтүстік Кореяда осындай көпірлердің құрылысын жүргізіпті. Көпірдің қаңқалары да Жапонияда жасалып, алдымен су жолымен, сосын теміржолмен Семейге тасымалданды. Жалпы, екі мемлекет арасындағы келісімге орай Жапония мемлекеті көпір құрылысына 165 млн. доллар бөліпті. Бұл қаржыны 2,7 пайызбен 30 жылда қайтару мәселесі де алдын ала пысықталған. Ал көпірге келіп тірелетін ұзындығы 16 шақырым жол құрылысын жүргізумен Түркияның «АлсимАларко» фирмасы айналысты.
Осы арада айта кету керек, жаңа көпірдің үстіне табиғи асфальт төселген. Ол асфальт Кариб бассейніндегі Трининад көлінен арнайы тасып жеткізілген көрінеді. Сонымен қатар көпір құрылысы жұмыстарына өз елімізден 30-ға жуық фирмалар қатысса, жұмысшылардың 90 пайызын жергілікті азаматтар құрады.
Көпір құрылысы белгіленген мерзімнен бұрын бітіп, 2000 жылдың қазан айында пайдалануға берілді.
Биіктігі - 90 метр
Ені - 35 метр
Ұзындығы - 750 метр
Әнет Баба атындағы «Қос мұнаралы мешіт»
Жергілікті көпестер мәдени орындарды тұрғызуға ақшаларын аяған жоқ. 1890 жылы көпес Плещеевтың қаражатына Александр Невскийдің атына салынған шіркеу бой көтерді. 1857-60 жылдары халық қаражатына қазіргі күнге дейін қызмет жасап келе жатқан Воскресенск казак шіркеуі салынған болатын. Осы күнге дейін ХІХ ғасырда салынған кейбір мешіттер сақталған. Олар қаламыздың сәулетті ғимараттарының бірі болып табылады. Қаламыздың көрікті ғимараттарының бірі қазіргі қос мұнаралы мешіт. Ол 1858-1862 жылдар аралығында жергілікті көпестер Сүлейменов, Әбдішев, Рафиков, Халитовтардың қаражаттарынан облыстық діни басқарма тапсырысымен салынған. Ыстамбұл сәулетшісі Ғабдолла Эфендидің жобасы бойынша бір мұнаралы мешіт тұрғызылды. Құрылысқа қаражатты көпес Мусин берген.
«Қос мұнаралы мешіті» Семей қаласында орналасқан. Құрылысы 1858 жылы Сүлейменов, Әбдешов, Рафиқов, Халитов деген есімді сол кездегі атақты көпестер қаражатымен басталып,1862 жылы салынған. Осы мешіт ХІХ ғасыр басында-ақ бірте-бірте Тас мешіт деп аталып кеткен. Кеңес өкіметі кезінде мешіттің жұмысына тиым салынды. 1995 жылы Ұлы Абайдың 150 жылдығы қарсаңында ғана қайта іске қосылды. Жалпы, Қазақстан бойынша мұндай сәулетті архитектурамен салынған қос мұнаралы мешіт біреу-ақ. 2002 жылы қалалық әкімшілік, жергілікті кәсіпкерлер мен жұртшылық қолдауымен Қос мұнаралы мешіт күрделі жөндеуден өткізілді. Бастапқы архитектуралық үлгісін сақтай отырып жаңарған бұл ғимарат Семей қаласындағы тарихи көрікті орындардың біріне айналған.
Невзоровтар отбасы атындағы мұражай
Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс-Қазақстан облыстық бейнелеу өнерінің мұражайы Қазақстандағы ең бай көркемөнер құндылықтарының жинағы болып табылады. Мұражай 1985 жылы ашылды. Ол Тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми-көркемөнер бөлімінен құрылды. Коллекция сәулет ескерткіші – көпес Степановтың үйінде орналасты. Бұл ғимаратты Бірінші гильдиялы танымал семейлік көпес Федор Степанов XIX ғасырдың 70-жылдары салған болатын.
Мұражайдың қорында барлығы 5000 өнер туындысы сақталған. Мұражай коллекциясының маңызды бөлігін Невзоровтар отбасының әйгілі жинағы құрайды. 1988 жылы Невзоровтар отбасы (Юлий Владимирович, оның зайыбы Антонина Михайловна және қызы Юлия Юльевна) орыс, совет, шетелдік өнердің 569 туындысын мұражайға сыйға тартады. XVIII ғасырдың соңы- XX ғасырдың басындағы орыс кескіндеме және графикасының бай коллекциясы Кеңес Одағының 15 қаласында көрсетілді. Юлий Невзоровқа коллекция әкесі мен атасынан мұраға қалған, ол оны өзі толықтырып, өз бетінше зерттеп бір жүйеге келтіреді.
Өнер туындылары академиялық мектептен бастап Орыс суретшілері одағының шеберлеріне дейін орыс кескіндемесінің даму тарихын көрсетеді. Мұражай экспозициясында пейзаждың танымал шеберлері И.Шишкин, Ф.Васильев, А.Куинджи, А.Киселев, И.Левитан, К.Коровин, Орловский, Т.Дворников, М.Аладжалов, И.Остроухов, С.Жуковский, Семен Щедрин, Михаил Иванов, Ф.Алексеев, Сильвестр Щедрин, М.Лебедев, А.Саврасовтың еңбектері көрсетілген. сондай-ақ К.Брюллов, В.Тропинин, А.Венецианов, А.Мокрицкий, Е.Крендовский, И.Хруцкий, Устианович, И.Крамский, Н.Ге, В.Маковский, Н.Богданов – Бельский және тағы басқаларының жұмыстары көрермен назарын өзіне аударады. Коллекцияда совет кезеңінің өнері П.Петровичев, О.Петровичева, В.Пчелин, М.М.Шемякин, В.Лебедева, Ф.Константинов, Н.Канюс, В.Осиповтың жұмыстары арқылы кең көрсетілген.
Қалаға мұндай сый тартқаны үшін алғыс ретінде 1991 жылы мұражайға Невзоровтар отбасы аты берілді. Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін Юлий Невзоров «Парасат» орденімен марапатталды.
Орыс кескіндемесінен бөлек мұражайда шетел өнері туындылары да экспозицияға қойылған. XVII—XIX ғасырлардағы голландия, ағылшын, француз шеберлерінің картиналары мен нақыштары жеке коллекциялардан сатып алынды, сондай-ақ А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайы сыйға тартты.
Қазақстандық кескіндеме коллекциясы мұражай ашылғаннан бері жинала бастады. Көшбасшы шеберлердің шеберханаларына бару нәтижесінде мұражай 80-90 жылдардың өзінде қазақстандық суретшілердің көптеген туындыларын сатып алды. Экспозицияда Ә.Қастеевтің, С.Калмыковтың, Л.Леонтьевтің, А.Черкасскийдің, А.Ғалымбаевтың, Е.Сидоркиннің, П.Зальцманның, Г.Исмаиловтың, С.Мамбеевтің, Ж.Шарденовтің еңбектері көрсетілген. ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы «қаһарлы стильдің қазақстандық нұсқасының» қазіргі заманғы жұмыстары А.Сыдыхановтың, А.Аканаевтың, С.Айтбаевтың, Т.Тоғысбаевтың еңбектері арқылы көрсетілген. Қазақстандық кескіндеме дәстүрін 70-80 жылдардың суретшілері жалғастыруда: Е.Төлепбаев, Д.Алиев, Б.Түлкиев, С.Маслов, А.Есдәулетов, Б.Бапишев. Бұл шеберлердің жұмыстары экспозициялық залдарды ақырындап толықтыра бастады. Оларға қазіргі заманғы жас суретшілердің туындылары қосылды, бүгінгі күні қазақстандық бейнелеу өнерінің коллекциясы 2000-нан астам сақтау бірлігін құрайды.
Ф. Достоевский атындағы мұражай
Ф.М.Достоевскийдің әдеби – мемориалды үй – мұражайының тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысында М.Д.Исаевамен некелескенінен кейін пәтер жалдап тұрған кездегі кішігірім ескі ағаш үйінен басталады. Жазушы бес жылын Семей қаласында өткізген. Бұл жерде көп жылдар бойы қысымда жүрген тыныштықтан кейін әдебиет әлеміне қайта оралды. Бұл қалада қызықты адамдармен жүздесуін жүргізді: П.П.Семенов – Тяньшанский, А.Е. Врангель, қазақтың атақты ғалымы әрі саяхаттанушысы Ш.Уәлихановпен бірге достығын асқан ілтипатпен еске алады.
1965 жылы қазан айында Семей
қаласы атқарушы комитетінің
шешімімен екінші қабаттағы
Мұражай қоры 21.581 сақтау бірліктерінен құралатын бай қормен толтырылған; олардың ішіндегі 15.547 бірлігі – негізгі қор, ал 6.034 бірлігі – ғылыми – көмекші сақтау қорларынан жинақталған. Қорды толтыру мұражайдағы зерттеудің негізгі тақырыптарымен байланыста жасақталған: «Ф.М.Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығы», «Ф.М.Достоевский мен бүгінгі заман», «Қазақстан мәдениетіндегі Ф.М.Достоевский».
Көрме қойылымдарының ішінен жазушының алғашқы романдары «Қылмыс пен жаза» (1867), «Жасөспірім» (1876), «Ағайынды Карамазовтар» (1881) және тағы да басқа көптеген шығармаларын кездестіруімізге болады. Мұражай қорында бірегей құжат – Ф.М.Достоевскийдің қолтаңбасы сақталуда, бұдан бөлек жазушы мен оның замандастарының тірі кездерінде шығарған сирек кездесетін жинақтары, жеке қолтаңбалары бар кітаптардың үлкен топтамасы, мемуарлы әдебиет, төңкеріске дейінгі әдебиеттану, т.б. бар.
Мұражайлық кітапхананың шамамен 14.000 кітабы бар, оның толықтырылуы мұражайдың ашылғанына біраз уақыт бұрын басталған. Мұнда жинақталған кітаптар, журналдар, сирек кездесетін энциклопедиялық басылымдар ғалым – зерттеушілер, студенттер мен оқушыларға баға жетпес көмек болып табылады.
Мұражайда тақырыптық экскурсиялар, сабақтар, дәрістер, тыста өткізілетін дәрістер мен экскурсиялар, әдеби – музыкалық кештер, балаларға арналған әдеби – қойылымдық композициялар, қала оқушылары арасында өткізілетін әдеби конкустар, әр 2 – 3 ай сайын жаңа стационарлық көрмелер ұйымдастырылып тұрады. Мұражай жанында «Ертіс жалыны» атты әдеби – поэтикалық бірлестік жұмыс жасайды. 2008 жылы күзде жөндеу жұмыстарына жабылды. 2011 жылы «Ф.М.Достоевский. Өмірі мен шығармашылығы» атты жаңа экспозициясы ашылды. Бұл экспозицияға 734 көрме қойылымдары кірген: Ф.М.Достоевскийдің тірі кезінде- ақ басылып шыққан алғашқы кітаптары, оның жұмыс дәптерлері, күнделіктері, оның шығармаларынан алынған кейіпкерлерінің фотосуреттері мен суреттері, жазушының өзінің портреттері, т.б. Экспозицияда жаңа қазіргі заманғы теледидар өз орнын тапқан, аудиоэкскурсияларды тыңдауға арналған плеер сатып алынды
Шығыс Қазақстанда туризмнің даму мүмкіндігі
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында соның ішінде Шығыс Қазақстанда туризмнің барлық түрлері бар. Туристік кластерді дамыту аясында туризмнің іскерлік, экологиялық, мәдени-танымдылық, экстремалдық түрлері анықталып басым бағытқа бағытталған.
Шығыс Қазақстан ішкі туризммен қоса халықаралық елге келушілер туризмін дамытуға бірегей ресурсы бар аймақ. Шығыс Қазақстанда туризмді дамыту арқылы келесідей нәтижелерге қол жеткізе аламыз:
• Экономиканың жоғары қарқынды дамуы;
• инвестициалық тартымдылық;
• геопотологиялық және географиялық жағдайдың тиімділігі;
• транспорттық қажеттілік;
• ойын-сауық индустриясы;
• табиғи- климаттық қолайлы жағдайлар;
• тарихи және мәдени мұралар байлығы;
• қонақжайлылықтың ғасырлық дәстүрі;
• туристік индустрияға кәсіби тауарларды дайындау білім мекемелерінің болуы.
Шығыс Қазақстан облысы территоиясында тарихи және мәдени ескерткіштер, 627 архитектура ескерткіштері, сонымен қоса 15 республикалық маңызға ие ескерткіштер мемлекеттік қорғауға алынған және тарихи-мәдени мұражай-қорықтар мәдени-танымдылық туризмнің қалыптастырушы өзегі болып табылады.Қазақстан Республикасының туристік индустрияның болашақ бағытын дамыту бағдарламасында аймақтық картаға енген Алакөл көлінің жағасына қонақ үй кешені, «Нұртау» тау шаңғысы базасын қайта жөндеу, «Алтай Альпісі» тау шаңғысы базасын жаңғырту мәселелерін көздеп отыр.
Шығыс Қазақстанның негізгі танымал туристік рекреациялықзоналары: Солтүстік –Шығыста (Белухинская), Шығыс (Марқакөл көлі), Орталық (Өскемен қаласы, Бұқтырма жағалауы, Солтүстік (Риддер қаласы), Батыс ( Семей қаласы), Оңтүстік (Алакөл көлі).
Информация о работе Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуеті