Туризмдегі сервистік қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 16:13, курсовая работа

Описание работы

Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін көрікті жерлер мейлінше көп. Содан да болса керек жорықтарға қатысып, таңғажайып орындармен танысуға, тамаша адамдармен жолығып әңгімелесуге, халықтардың салт-санасын, дәстүрін танып білуге, еліміздің көне қалалары мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл сайын көбейе түсіп отыр. Бірақ саяхатқа шығушыларды тек осы айтылған жайлар ғана қызықтырады ма? Әрине, олай емес. Саяхаттың танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық қызметтері де бар.

Содержание работы

КІРІСПЕ 3
I-тарау. Туристік саяхаттың мәні және мазмұны 4
1.1 Саяхат түрлері және олардың сипаттамасы 4
1.2. Саяхат түрлерінің пішіні мен топтары 7
1.3 Саяхат барысындағы демалатын және түнейтін орындар 11
II-тарау. Белсенді туристік саяхаттар 15
2.1. Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы саяхаттар 15
2.2. Белсенді саяхаттың классификациясы және қиындық категориялары 16
2.3 Жорықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету 18
2.4. Саяхат жасаудағы кедергілер 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Файлы: 1 файл

турист3 саяхаттыт4 м2н3.doc

— 138.50 Кб (Скачать файл)

  ЖОСПАР

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін көрікті  жерлер мейлінше көп. Содан да болса  керек жорықтарға қатысып, таңғажайып орындармен танысуға, тамаша адамдармен жолығып әңгімелесуге,  халықтардың салт-санасын, дәстүрін танып білуге, еліміздің көне қалалары мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл  сайын көбейе түсіп отыр. Бірақ саяхатқа шығушыларды тек осы айтылған жайлар ғана қызықтырады ма?  Әрине, олай емес. Саяхаттың танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық  және спорттық қызметтері де бар.

Қазақстанның  ұшы-қиырсыз кең даласында саяхаттың  сан алуан түрін дамытуға мүмкіндік  мол. Бүгінгі таңда белсенді тынығудың  кең тараған түрлерінің  арасында саяхаттың келешегі өте зор екенін сеніммен айта аламыз.              

Саяхат –  белгілі бір аймақпен танысу және оны зерттеу т.б. мақсаттармен іске асырылатын шаралар. 18-19ғ-ға дейінгі  саяхаттар елдердің табиғатын, халқын, тарихын және шаруашылығын зерттеу  үшін жасалды. Саяхаттар дала жағдайындағы географиялық зерттеулерді ұйымдастырудың бір түрі – географиялық экспедициямен де тығыз байланысты.

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

I-тарау. Туристік саяхаттың  мәні және мазмұны

1.1 Саяхат түрлері және олардың сипаттамасы

 

Саяхат маршруттарының күрделі жағдайдын, түрлі нұсқасын қамтитын еліміздің кез келген ауданына апарар қозғалыстың әртүрлі қабілетінің – мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жасалынады. Жаяу, таумен, сумен, шаңғымен, атпен, велосипедпен, мотоциклмен жүзеге асады.

Жаяу жорық - барша адамның қолы жететін жорық. Бірақ жаяу саяхатқа шығушы өзі көтеретін  жүк салмағын есепке алуы керек, себебі бұл жағдай елсіз жерлермен ұзақ жол жүргенде көп қиындыққа душар  етуі мүмкін. Ең негізгі кедергілер өзеннен, батпақтан, орман-тоғай белдеулерінен өткенде кездесері сөзсіз. Жаяу саяхатшысының жер жағдайын жетік аңғарып, дұрыс бағдарлай алуының, компасты пайдалана отырып, жазылған азимут бойынша жүруінің маңызы үлкен. 15-тен 20 шақырымға дейінгі аралықты күндіз жүріп өту - бұл көрсеткіш саяхатшылар ертелі-кеш жол жүріп шынығу деңгейіне және жорықтың шартына байланысты өзгеруі де мүмкін, ол саяхатшылардан жаяу жүру дағдыларын және төзімділікті талап етеді.

Саяхаттың ең қызықты, сонымен бірге күрделі түрлерінін бірі- таулы аймақтағы жорық. Тау соқпақтармен өтетін жорық желілері көп уақытты керек ететін қырға одан төмен түсу қиындығын ескеру нәтижесінде жасалады. Ең биікте ауаның жетіспеуінен тыныс алу ауырлайтыны мәлім. Күн мен түннің температурасы тез өзгереді. Ауа райы да құбыла түседі, әрі соқпақтардан тыс жүру қауіпті, ал тау өзендерінен, құлама жартастардан, шындардан, үрінді қар мен мұздан өту одан да қауіпті. Мұндай жағдайда саяхатшылар альпинистердің амал және айла-тәсілдерінен, таулы аймақтағы қозғалыстың тәсілдерінен хабардар болып, қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Саяхаттың ішіндегі ең қиыны, ең күрделісі биік таулы аймақтағы саяхат болып есептеледі. Сөйте тұра, ол саяхатшыларды ғажайып көріністермен қуантып, төзімділігін сыннан өткізуге, табиғат күшімен күрес барысында ерлігі мен ерік-жігерін шындап, тәрбиелеуге мол мүмкіндік береді. Дұрыс және шынайы дайындық жасап, тауда жүріп-тұрудың  ережелерін дұрыс сақтаған жағдайда жорық қауіпсіз болады.

Сумен саяхат жорыққа  шыққан адамнан көп төзімділікті қажет етпейді, бірақ саяхатшылардың жүзе білетін, қайықты дұрыс бағыттап, ескек есе алатын болуы міндетті.

 Қайықты  бастапқы орнына апарып қою  немесе ағаштарды байластырып,  жүзуге дайындау тәрізді жұмыстар  су саяхатының  дамуын біршама  шектейтіндей. Сумен саяхат өзіңмен  бірге көп жүк алуға мүмкіндік береді, дене жүгін азайтады, саяхатшы дүниетанымын тарылтып, өзен  жағалауларымен тұйықтайды.

Жаяу саяхатқа қарағанда сумен саяхатта бағыт-бағдар ұстану әлдеқайда оңай, оны өзннің ағысы арқылы анықтауға болады.

Сумен күндіз саяхат жасағанда ең бастысы ағыс жылдамдығына өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырымен өзен қайранының терең, таяздығына байланысты 0 шақырымнан 80 шақырымға дейінгі қашықтыққа бара аласыз. Біздің елімізде кездесетін көптеген өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырының күрделі де қауіпті болатыны мәлім, олар жағаларды жиі жағалап жүруге, қайықтарды сүйреп, жүктерді тасымалдауға мәжбүр етеді.

Саяхаттың ең күрделі  түрлерінің бірі –шаңғы арқылы жасалынатын  саяхат. Ол елімізде жыл өткен сайын  кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы аймақтағы шаңғы тебу тәсілін жетік меңгеру қажеттілігі, қалың қарларда жүрудің қиындығы, температураның төмендігі, боран және т.б. саяхатқа қатысушылардың дене тәрбиесін арттыруды жүктейді.

Қыстың күндері  жолды бағдарлау күрделене түседі, олай дейтініміз бағдарлауға көмектесетін белгілер қар астында қалады, әсіресе елді мекендері аз жерлермен саяхатқа шығу қиын, ол саяхатқа қатысушылардан қысқы далада қонуды ұйымдастыру тәжірибесін, организмнің төменгі температураға үйренген болуын, ұқыптылықты, өзін-өзі бақылай білуді талап етеді.

Шаңғымен саяхат жорығы кей қиындықтарға қарамастан өзінің қайталанбас тамашалығымен  есте қалып, оған қатысушылардың дене құрылысын шынықтыруда зор маңызға  ие болады.

Шаңғы саяхатына  қатысушылардың басты кедергілері: қар жауып тұрған кездегі қозғалыс әсіресе қары борпылдақ, жұмсақ ормандарда, биік, ұйлыға өскен бұталар, мұзы жақсы қатпаған өзендер, биік, қия, жоталар.

Қардың қалың, жұқа түсүіне, жердің жазық, немесе ойлы-қырлы  болуына байланысты шаңғымен саяхаттың  күндізгі орташа қарқыны  15-35 шақырым болады.

Еліміздің көптеген аудандарының адыр-бұдырлы даласын  кесіп өтетін жақсы жол тораптары  велосипедпен саяхат жасау түрін  кең дамытуға мүмкіндік береді. Саяхаттын  басқа түрлеріне қарағанда велосипедпен жасалынатын жорық әлдеқайда алыс  сапар шегуге жағдай жасайды және оған қатысушылардың зерттеу жұмыстарын жџргізуге жағдай жасайды.

Алайда, жолдан бұрылып шыға алмаушылық көп жерлерді аралап көру мүмкіндігінен айырады. Рас, жолсыз жермен де жүруге болады, бірақ  онда велосипедпен саяхаттың барлық артықшылығы жойылады. Кейде велосипедпен саяхат  велосипед жарысына айналып та кетеді.

Саяхаттың негізгі  мақсатына нұқсан келтірерлік қозғалыс жылдамдығын шамадан тыс пайдалануға  болмайды. Велосипедпен саяхат жасаушылар күндіз орта есеппен 50-60 шақырымдай жүрулері керек.

Велосипедшілердің негізгі кедергілері жолсыздық, құмды жолдар, тік қырлар мен өңістер, өткелдер болып табылады.

Автомобильмен және мотоциклмен саяхат та кең қанат  жайып отыр. Ол демалыс күндері  жергілікті жерлерге жорыққа шығумен ерекшеленеді, мыңдаған шақырым алыс қашықтықтарға сапар шегу  қызық.

Спелео - үңгір  саяхаты өзіндік мағынаға ие. Бірінші  ерекшелігі – күндізгі жорықтың болмауы. Жерасты саяхатының ең басты қауіптілігі  –қараңғылық. Жарық жоқ жерде  қозғалу, бағытты бағдарлау қиындай түсетіні белгілі. Соның салдарынан шұңқырға немесе құдыққа құлап кетуге де болады. Мұндайға ұшырмау үшін саяхатшылар жарық сыйлар құралдарды өздерімен бірге алып жүрулері керек.

 Үлкен үңгірлер  енетін жол тараптарының көптілігімен күрделі, онда адаспай көздеген орынға жету тәжірибелі бастаушының өзіне де қиын соғуы мүмкін. Үнгірлер қираған кезде жоғарыдан және қабырғалардан еденге тас сынықтарының құлайтыны бар. Олар тіпті қатты дауыстың өзінен-ақ үгітіледі.

Жерасты саяхат кезінде адамды тұншықтырар немесе жарылыс туғызар газдардың жиналып қалғанын кездестіруге болады. Жалпы үңгірлер  сол жердің үстіндегі климатқа ұқсамайтын өзіндік климатқа ие.

Үңгірге түскен әр саяхатшы альпинистік тәсіл негіздерін, шыңға шығу әдістерін игеріп, мұзды өңістерден аман өтуі, жүргенде қауіпсіздік ережелерін, т.б. сақтауы тиіс. Жерасты саяхатына байланысты кездесетін қиындықтар әркімнен батылдықты, тапқырлықты, төзімділікті, тез қағып алушылықты, денсаулығының мықты болуын талап етеді. Жерасты саяхатына кетіп бара жатып үңгірлердің қауіпті екендігін бір сәтке де ұмытуға болмайды. Ең алдымен біреу бақытсыздық жағдайға ұшырап қалса, оған сырттан қалай көмек көрсетудің шаралары, сондай-ақ саяхатшылардың үңгірден қашан оралатыны туралы күні бұрын бақылау мерзімі белгіленуі керек.

  

1.2. Саяхат түрлерінің  пішіні мен топтары

     

Елімізде дене тәрбиесі мәдениеті мен спорт  дамуының міндеттерін шешуде саяхат спорттық тынығудың ең бағалы түрлерінің бірі ғана емес, сондай-ақ еңбекшілерді дене тәрбиесінің мәдениетіне тәрбиелеу құралы да болып табылады. Қозғалыс жаяу, шаңғымен, қайықпен, атпен немесе салмен, велосипедпен, т.б. жүру арқылы белсенді түрде орындалатын саяхаттық жорықтар адамды жан-жақты  дене тәрбие мәдениетінің негізгі мәселелерін шешеді.

Жорық кезінде саяхатшы жол жүру дағдыларын бойға жинауға, таныс емес жерлерде: ормандарда, тауларда дұрыс бағыт ұстай білуге, жаңа, белгісіз жайларды бақылай есте сақтап, іздеп аша білуге үйренеді.

Бүгінгі таңда  елімізде саяхат жоспарлы түрде қалауы бойынша дамып отыр. Жоспарлы түрдегі саяхат жорық жоспарларымен арнайы базаларда демалуды, сондай-ақ ұжымды экскурсия жасау және сауықтыру мақсатын көздеген транспорт құралдарын пайдалану арқылы ұйымдастыру қарастырылған. Бұл бағытта тікелей саяхат базаларында ұйымдастырылатын белсенді демалыс түрлерін бөле-жара атаған жөн: Әртүрлі саяхат жерлері, маршруттары негізгі үш топқа бөлінген: жан-жаққа тарамдала тартылған, сызық бойынша және сынақтық.

Тарамдала тартылған  саяхат жерлері маршруттары саяхатшыларды  кез келген бір қаламен, ауданмен таныстыруды мақсат тұтады. Осындай желінің, маршыруттың базасына келген саяхатшы үнемі сонда тұрып, жергілікті музейлерге, көрікті орындарға барып, базаның төнірегіне экскурсиялар жасайды.

Саяхаттың сызық  желісі маршрутты бойынша сапарға шыққан саяхатшы бір базадан екінші базаға барады, әр жаңа жерде сол ауданның ерекшеліктері туралы мәлімет беретін экскурсияларға қатысады. Жан-жаққа тарамдала тартылған  маршрут сияқты сызық бойынша жүргізілетін жорықта саяхатшыны бірінші базаға жеткен сәттен-ақ қажетті жағдайлардың бәрімен: қонатын бөлмемен, экскурсиямен, мәдени қызмет саласымен, кітапханамен, ақыл – кеңеспен, транспортпен қамтамасыз етеді. Бұл жорықтарда демалыс саяхатшылардың Отанды танумен, дүниетанымын кеңейтумен, болған жерлеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеумен  ұштасып отырады.

Дегенмен, денені шынықтыру, дамыту, жорық дағдыларын бойға дарыту тәрізді саяхаттың  басқа міндеттері бұл жерде тек  өте әлсіз ғана қызмет атқарады. Саяхаттың жоғарыдағы міндеттері белсенді қозғалыс құралдарына негізделген сынақтық желілер, маршруттар бойынша ұйымдастырылған жорықтарда шешім табады.

Сынақтық маршруттар еліміздің неғұрлым табиғаты сұлу, қызықты аудандарын таңдайды, әрі  мұндай жорық бір базадан екінші базаға жаяу, шаңғымен жүру, қайықпен жүзу арқылы жүзеге асады. Мұндай саяхаттар оған қатысушылардан әдетте, саяхат маршрутының алғашқы базасында орындалатын белгілі дайындықты талап етеді.

Дайындықтан өткен  саяхатшылар тобы қажетті құралдармен, азық-түлікпен қамтамасыз етіледі және басшылығымен саяхатқа аттанады. Бір база мен екінші база аралығы бірнеше асулардан тұрады, сол себепті саяхатшылар жолда палаткаларда түнеп, өздері тамақ әзірлейді, жүрер жолдарын схемалар, компас көмегімен анықтау бағдарлайды. Мұндай саяхаттар еліміздің шетте, жолдан шалғай биік таулы, кеме жүре алмайтын аудандардың түкпір – түкпірімен танысуға мүмкіндік береді.

Мерзім мен  аудандарды белгілеп, күні бұрын жасалған  маршруттар бойынша өткізілетін  саяхаттар бәрінің көңілінен  шыға бермейді. Сол себепті саяхат өзінің ұйымдастыру жағынан басқа түрімен өз қалауы бойынша ұйымдастырылатын әуесқойлық саяхат.

Топ мүшелерінің  өздері таңдаған әуесқойлық саяхат маршруты қарталардың, схемалардың, әдебиеттердің  және жер жағдайын білетін адамдардың көмегімен жасалады.

Сонымен бірге  әуесқой саяхатшылар тобы белгілі базаларға белгіленген мерзім ішінде жетуге міндетті емес, олар өз еріктерінше, өздеріне қолайлы уақытта келе береді. Саяхат кезінде жұмыс жағдайын ойластыру, саяхат  маршрут бойынша жүру жергілікті жер ерекшелігіне байланысты жүзеге асырылады. Әуесқой саяхат ешқандай белгілі бір аудандармен, желілермен, бағаттарымен шектелмейді, олардың бәрін саяхатқа қатысқысы келетін топтың қызығушылығымен ынта-ықыласы шешеді. Әуесқой саяхаттың ең басты артықшылықтарының бірі осы.

Саяхат шаралары демалыс күндері жорық жасаумен, саяхаттық слет, жарыстар өткізу түрлерімен де жүзеге асырылады.

Спорттық саяхат жорықтарының топтастырылуы саяхат түрлері мен олардан туындайтын қиындық категорияларынан тұрады.

Топтастыруға  бүкілодақтық біртұтас спорттық жүйелеуде көрсетілген разрядтық талаптарға сай саяхат түрлері бойынша жүргізілген жорық маршуруттары жатады. Спорттық жаяу, шаңғымен, тау, су арқылы, велосипедпен, автомобильмен, мотоциклмен және спелео-үңгір саяхаты тәрізді саяхат түрлері бойынша жүзеге асырылады. Жоспарланған және әртүрлі өлкеде өткізілген қорықтарға берілер баға оларды салыстыру жолы арқылы  маршруттар өлшемімен беріледі.

Маршруттар  жіптерінен тыс ресми құжат боп  саналатын және  маршруттар топтасының негізгі принциптеріне, олардың  қызықтырушылығы мен ұзақтығына, түзілу логикасына, кедергілердің сандық және сапалық мінездемелеріне әдістік нұсқаулар бар. Бұл, не ол маршрутты күрделіліктің белгілі категориясына жатқызу үшін үш көрсеткіш: ұзақтық, қызықтырушылық және тәсілдік күрделілік негізгі өлшем етіп алынады.

Жорық ұзақтығы топтың дайындық желісінен маршрутынан  міндетті түрде мейлінше аз күн ішінде қарастырылады.

Жорық ұзақтығы күрделілік категориясына тән сынақтық  маршруттың мүмкін болған ең аз ұзақтығы.

Маршруттың тәсілдік күрделілігі  кедергілердің сипатымен және әртүрлілігімен анықталады.

Кедергілер сипаты кедергіден өткен қауіпсіздікті қай деңгейде талап етуімен анықталады. Күрделік  тобының  маршрутына өздеріне тән  кедергілердің деңгейі сай келеді. Жорық - тардағы қауіпсіздіктің негізгі бұрынғы жорықтарда іс жүзінде  жинақталған саяхат тәжірибесі болып табылатынын есте ұстаған жөн. Бұл тәжірибенің ең аз міндеті деңгейі саяхаттық, спорттық жорықтарды өткізу ережелермен анықталады.

Информация о работе Туризмдегі сервистік қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен болашағы