Туризмдегі сервистік қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 16:13, курсовая работа

Описание работы

Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін көрікті жерлер мейлінше көп. Содан да болса керек жорықтарға қатысып, таңғажайып орындармен танысуға, тамаша адамдармен жолығып әңгімелесуге, халықтардың салт-санасын, дәстүрін танып білуге, еліміздің көне қалалары мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл сайын көбейе түсіп отыр. Бірақ саяхатқа шығушыларды тек осы айтылған жайлар ғана қызықтырады ма? Әрине, олай емес. Саяхаттың танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық қызметтері де бар.

Содержание работы

КІРІСПЕ 3
I-тарау. Туристік саяхаттың мәні және мазмұны 4
1.1 Саяхат түрлері және олардың сипаттамасы 4
1.2. Саяхат түрлерінің пішіні мен топтары 7
1.3 Саяхат барысындағы демалатын және түнейтін орындар 11
II-тарау. Белсенді туристік саяхаттар 15
2.1. Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы саяхаттар 15
2.2. Белсенді саяхаттың классификациясы және қиындық категориялары 16
2.3 Жорықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету 18
2.4. Саяхат жасаудағы кедергілер 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Файлы: 1 файл

турист3 саяхаттыт4 м2н3.doc

— 138.50 Кб (Скачать файл)

Жорықтар күрделілігі  тобы белгіленген өлшемдер және классификациялық асулар мен үңгірлер тізбегімен анықталады.

1.3 Саяхат барысындағы  демалатын және түнейтін орындар

 

Жорық кезінде, оның ұзақтығына байланысты кішігірім демалу мен  тамақтанатын, қонатын және түстенетін жерлер болады. Дем алатын орынды ұйымдастыруда ең басты міндет – орынды дұрыс таңдай білуге, алаңды әзірлеуге, палаткалар тігуге, от жағып, лагерь қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты болмақ.

Орынды таңдау. Ашық дамылдайтын  орын бірнеше басты талапқа жауап  беруі керек. Соның біріншісі-қауіпсіздік. Әсіресе таулы жерлерде, орманды жерлер бойынша өтетін жорық маршруты кезінде қауісіздік шараларын сақтаған жөн. Сондықтан, қар көшкіні қаупі бар тік құлама қыр, жарқабақ етегіне қонуға болмайды. Нөсерден соң тауда лайлы су тасқыны жүретіні белгілі, сол себепті лагерь палаткасын құрғап қалған өзен арнасына, жылға табанына тігу қауіпті. Оны лайлы тасқын өзімен бірге алып кетуі мүмкін.

Палаткаларды тіккен кезде  желдің бағытын ескеруді есте ұстаған  жөн. Палаткаға кірер есік желдің ық жағында болғаны абзал.

Лагерді өзен ағысы бойынша  төменгі жағындағы қыстақтарға, өнеркәсіп мекемелеріне, егіс даласына, мал сарайларына жақын орналастыруға  рұқсат етілмейтін. Мұндай жағдайда олардан  екі шақырым алысқа барып, ағып жатқан су маңына тоқтаған дұрыс. Әдетте, егер жорық желісі маршруты ормансыз жермен өтер болса, онда саяхатшылар өзендерімен бірге примус ала жүреді. Бірақ көп жорық  маршруты көрікті, сұлу аймақта өтеді, онда ағаштар да, бұталар да жеткілікті. Жорық жемісті және қызықты өту үшін тамақ әзірлеуге, киімдерін кептіріп, дем алуға байланысты от жағылмай тұрмайды. Сондықтан ашық далада дамылдайтын орыннан отын табу – негізгі талаптардың бірі болып саналады. Бұдан өзге талаптардың бәрі тілекке сәйкес қажеттіліктер. Оларға тоқтаған жердің  қолайлығы, желден  қорғануға болатыны, немесе керісінше, масалар мазаны алмайтындай желдің соғып тұрғаны жатады. Ауыз су алу үшін тік құлама жардан төмен түсіп, әуреленбеу, отын үшін алысқа бармау жағы да ескерілу тиіс. Әдетте орын барынша тегіс және құрғақ алаңдардан, өзен жағасындағы жазықтан таңдалады. Қыстың күні кішігірім дем алатын орын күн көзі қыздыратын жерге, ал жазғы ыстықта көлеңкелі жерден таңдап алынғаны дұрыс. Сонымен бірге ашық далада дамылдайтын орын көрікті, сұлу, жақсы көріністерге бай аймақтан таңдалғаны да жөн.

Кейбір жетекшілер лагерьді эстетикалық талғам бойынша орналастыруға  баса көңіл бөледі. Палаткаларды қатаң  тәртіппен ошақ басынан бір қатарға  және бірдей арақашықтыққа орналастырғанды  қолдайды. Әрине, тиісті жағдай болса, мұның бәрі жақсы дем алуға  мүмкіндік береді, бірақ келесі бір кезекте жорыққа қатысушылар үшін үлкен қолайсыздық туғызатын аясы тар мақсатқа айналмауы керек. Мұндай бір палаткалар жел мен жаңбырдың өтінде, екіншілері-жол табанында, басқалары-массасы көп бұталардың арасында қалауы мүмкін. Осыған орай, лагерьге орын таңдағанда бәрінен бұрын қайсысы басты, қайсысы жанама мәселе екенін ұмытпаған жөн.

 Ашық далада дамылдау  жұмыстарын ұйымдастыру. Ашық  далада дамылдайтын орынға жеткен  сәттен бастап, жетекші өзінің  бұрыннан не істеу керегі жөніндегі шешімдеріне сүйеніп, топ мүшелеріне нұсқауларын береді. Бірінші тапсырма жол дорбаларын қай жерге жинап қою жөнінде болмақ. Онсыз жол дорбалар үлкен алаңның о шеті мен бұ шетіне шашылып, жорыққа қатысушылардың бірінші қажетті заттарын, азық-түлікті табуы қиынға түсуі мүмкін. Екінші тапсырма-жол дорбаларынан кім нені алуға. Әдетте басталарды, ас әзірлеуге ыдыс аяқтарды, азық-түліктерді, палаткаларды және басқа қажетті заттарды бірден алатыны мәлім. Үшінші тапсырма-міндеттерді бөлісу. Жетекші от жағатын, палаткаларды тігетін орындарды таңдайтын, су әкелетін және т.б. кісілерді мұқият анықтауы тиіс. Жұмысты кең ауқымда ынтымақты ұйымдастырылған жөн. Бір адамға бірнеше тапсырма беруге де болады, бірақ олардың кезекпен орындалуын тексеру керек.

     Кең  ауқымды жұмысты үзбей жүргізу  үшін жетекші сол кезеңде аса маңызды болып табылатын участокке адамдарды дер шағында көбірек ауыстырып отыруы қажет. Жорыққа қатысушылардың бәрі дерлік мына кеңесті тындауға міндетті: Бірінші - жолдасынан алған затты әр-дайым өз қолына беруі керек. Онсыз тұрақты түрде не ана зат, не мына зан жоғалуымен болады. Екінші - бөгде беруге ақтартпауы қажет. Кейде кезекшілер тарапынан: Тұз сенің жол дорбанда ма, әлде менікінде ме? Менің жол дорбамнан ала сал дегенді естіп қаламыз. Кезекші оның жол дорбасын іздеп, талай уақытын кетіреді, онымен қоймай басқа жол дорбаларды да аударып, төңкереді. Ал жорыққа қатысушылардың біріне арнайы тапсырма, ол өзінін жол дорбасының қайда қоярын жақсы біледі және іздеген затын тез-ақ тауып алады. Әлі бөлінген жұмысын бітіре алмай жатқандарға көмектесіп, тапсырманы тезірек орындауға қолқабыс жасағаны абзал. Немесе шұлықтарды, аяқ киімдерді кептіруді, немесе отты жағалай отыратын орындықтар әзірлеуді, таңертеңге отын дайындауды қолға алғаны да артық емес. Есте ұстайтын жай, жұмыс барлық жорыққа қатысушылар үшін бір мезгілде аяқталған абзал.

Палаткаларды  орналастыру. Ең алдымен палаткаларды тігетін орынды таңдау қажет. Ол орында мысықтар, суырлар, өсіп тұрған ағаштар  және тастар болмауы тиіс. Таңдап алынған орын қия беткейлі келіп, түнде ұйықтап жатқанда адамдар ылдиға домалап жүрмеуі қажет. Егер аздаған еңісті жер болса, онда палатканы оның бауырына тіккен жөн.

Бұдан кейін  палатка шаңырағын ұстап тұратын  тірек қазық орналастырады. Палатканы  жыртып алмау үшін тірек қазық палатканың сыртынан, артқы қабырғаға тақай және шыға беріс тұсқа қойылады. Тірек қазықты орналастыру ережесі мынандай. Топтың бірі тірек қазықты шыға беріс тұсқа бекітіп, оған бауды байлайды. Топтың екінші бір мүшесі дәл сондай әрекет жасап, тірек қазықты палатканың артық қабырғасына орналастырады. Бұдан кейін топтың тағы бір мүшесі палатканың шаңырағы мен тірек қазықты тік ұстап тұратындай жағдай жасайды, екінші біреуі екінші тірек қазықтың бауын қатты тартып, онын ұшын жерге кіргізе қағады, содан кейін екінші бауды шаңырақ боғаты арқылы өтетін өзек бағытын сақтайтындай етіп ұстап тұру керек.         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II-тарау. Белсенді туристік  саяхаттар

2.1.  Қазақстанда ұйымдастырылған   алғашқы саяхаттар

 

Ежелгі Қазақстан  тарихындағы ұйымдастырылған алғашқы  саяхаттар—аса ауқымды туристік нысан болып табылатын  Ұлы Жібек жолымен байланысты. Оның бастапқы қалыптасу кезеңі б.з.б. III мыңжылдықққа ұласады. Ортағасырлық  Қазақстанда да ұйымдастырылған саяхаттар мақсатты түрде жасалған туристік нысандардың болғаны туралы деректер тіркелген.

Аталған кезеңде  Ұлы Жібек жолының солтүстік  түркі тармағы бойынша VI-XIV ғасырлардағы саяхаттар тек қана сауда үшін ғана емес, сонымен қатар қажылық, емдік және білім алу мақсаттарымен  де болғаны туралы жеткілікті  негіздемелер бар.

Қазақстан аумағындағы  ең бірінші туристік нысандар түркі  тайпаларын жаулап алумен және олардың  атамекенінен ауа көшуімен байланысты болды.

Қазақстанда қажылық  саяхатты ең бірінші ұйымдастырған  Әмір Темір болды және оның есімімен байланысты орында әр жылдары  әр түрлі әлеуметтік туризм түрлері жүзеге асырылды. Осындай ескерткіштердің негізгісі 1399ж. Әмір  Темірдің бұйрығы бойынша Қожа Ахмет Иасауи қабірінің үстіне салынған кесене болды.

Б.з.б. көне заманнан осы уақытқа дейін Александр Македонскийдің жорықтарына жолбасшы болған Геродоттың саяхаттарының жазбалары сақталған. Орта ғасыр саяхаттарының классикалық үлгісі ретінде М. Поло және А.Никитиннің саяхаттарын келтіруге болады. Географиялық ұлы ашулар кезеңі адамзаттың планета жөніндегі көзқарастарын түбегейлі өзгерткен саяхаттарға толы болды. Жердің шар тәрізділігі туралы идеяның біржола қалыптасуы осы кезеңге сай келеді. Кейінiрек Жер туралы  ұғымды кеңейтуге Д.Ливингстон және ағылшын саяхатшысы Г.Стэнлидің, Н.М.Пржевальскийдің, Ш.Уәлихановтың т.б. саяхаттары зор ықпал етті.

Бірақ Қазақстан  туризмі тарихындағы ең елеулі табыстардың  көбі жаңа заманда жүзеге асты.

1929ж. Таулы  туризмнің энтузиастары  Б.И. Белоглазов, Ф.Л. Савин, В.И. Зимин ĺле  Алатауына бірнеше туристік саяхаттар, жорықтар жасады. Бұл жылдың жазында олар бірінші туристік саяхатты Ыстық көлге ұйымдастырды.  Бұл жорыққа Алматы қаласы мектептерінің 17 мұғалімі қатысты.

1930ж. Савиннің  қолбасшылығымен пошта және телеграф  жұмысшыларына қиын емес маршрут  жасалынған болатын: Алматы- Медеу- Көкжайлау- Үлкен Алматы көлі.

1931ж. қаңтарында  В.Н. Зимин алғаш рет туристерге  қысқы шаңғышылық саяхат  мына  маршрут бойынша жасады: Алматы- Ұзынағаш- Қордай перевалы.

Қазіргі таңда  мұндай саяхаттарға оқушылар да қатысып  жүр. 

2.2. Белсенді саяхаттың классификациясы және қиындық категориялары

 

Белсенді туризмдегі  классификацияланған  туристік   саяхат - дегеніміз,  белгілі бір  қиындық категориясына сәйкес келетін  бағытты айтамыз.

Туристік маршрут  дегеніміз — белгіленген қызмет көрсету бағдарламасы бар белгілі  бір  уақытқа арналған  алдын-ала   жоспарланған Туристердің жылжу трассасы.

Халықаралық альпинистер  одағының (ХАО) ұсынуымен 1947ж. туристік саяхаттардың қиындық шкаласы ресми  түрде қабылданған:

I-категориялы  саяхаттар — аз қиындық, қиын емес жеңіл категориялы жорықтар болып  табылады. Бұл жорық барысында қозғалыс кезіндегі тепе- теңдікті сақтау үшін қолдың көмегі кейбір кезде ғана керек. Бұл маршруттардан өту үшін туристерге өзіне деген сенімділік пен тереңдіктен қорықпау қажеттілігі керек.

II-категориялы  саяхаттарға — орташа қиындық  деңгейіндегі жорықтар жатады. Бұл  саяхатқа тәжірибесі аз туристер, альпинистер тік жар, қиын өткелдерден  өту кезінде сақтандыру құралдарын  қолданады, сонымен қатар қолдың  көмегінсіз жорық кезінде тепе-теңдікті сақтау мүмкін емес.

III-категориялы  саяхаттарға —қиын деңгейдегі  жорықтар жатады. Бұл жорыққа   қатысу өз бетінше  кәсіби  емес альпинистер мен спортсмендерге  қиындық тудырады, қатысушылар тобының  бір уақытта жылжуы мүмкін  емес, олар өзара кезектесіп,сақтандырулар жасайды. Әрбір туристің жеке сақтандыру құралдары болуы тиіс.

IV-категориялы  саяхаттарға — өте қиын деңгейдегі  жорықтар жатады. Оларға сонымен  қатар тік жарлар арқылы спорттық  өрмелеуге арналған  жорықтар  да жатады. Топ жетекшісінің жоғары деңгейдегі дайындық  дағдысы болуына үлкен талап қойылады.

V-категориялы  саяхаттарға — аса қиын деңгейдегі  жорықтар жатады. Мұндай категориялы  жорыққа қатысу үшін үнемі  дайындықтың арқасында тәжірибе  жинап, қажетті техниканы, құрал-жабдықтарды  жетілдіру қажет. Бұл жорықтарда сақтандыру құралы – арқан 2  қабатталады.

VI-категориялы  саяхаттарға — ең жоғарғы қиындық  деңгейіндегі жорықтар жатады, өрмелеуге  қажетті нүктелер өте сирек  орналасады. Қиындық категориялардың  ішіндегі  ең қиыны болып табылады. 

Қиындық категориялары  белсенді саяхат кезіндегі табиғи кедергілердің  қиындық деңгейін сипаттайтын классификациялық көрсеткіш.

Қиындық категорияларын анықтауда негізгі 3 классификациялық сипаттама:

ұзақтылығы;

арақашықтығы;

маршруттың  техникалық қиындығы

ерекше рөл  атқарады.

Мысалы, маршруттың  ұзақтылығы жорыққа қатысушы топқа  арналған демалыс күндерін есепке алмағанда, ауа райына байланысты тоқтауды есептемегенде  жалпы маршрутқа қажетті  минималды  уақыт шығады. Жалпы демалысқа  қажетті уақыт жалпы уақыттың 20-%-нан  аспауы керек.

Арақашықтық —  маршруттың   белгіленген   ұзақтығы. Маршруттың ұзақтығы — топографиялық  карта арқылы немесе карта схемасының масштабына  сәйкес айқындалады.

Категориялы жорықтардың  параметрлері

                                Қиындық      категориялары

 

Ұзақтығы (күндер саны)

I

II

III

IV

V

VI

6

8

10

13

16

20

Жорықтардың қашықтығы

-жаяу жүру (км)

120

150

190

220

250

300

-шаңғымен (км)

130

160

200

220

250

300

- таулы жерлермен (км)

100

120

140

150

160

160

-су жолдарымен

150

160

170

180

190

190

-велосипедпен

250

400

600

750

900

1000

-мотоциклмен

1000

15000

2000

2500

3000

3000

-машинамен

1500

2000

2500

3000

3000

3500

- спелео жорықтар 

( үңгірлер саны)

5

3-4

2-1

2-1

1

1

Информация о работе Туризмдегі сервистік қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен болашағы