Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 13:54, реферат
Туризм ХІХ ғасырдың феномені және табыстың тайқазаны болып табылады. Есебін таба білген елдер бұл салаға белсене кіріскелі қашан. Индустриясын дамытып, өз өлкесінің жарнамасымен жұрт назарын аударуда.: Табиғатын тамшалатып, тарихын танытқаны үшін қып-қызыл пайдаға батып жатыр. Түркия мемлекетінде шикізат көздері өте тапшы болғанымен, ел табыстың 50 пайызын туризмнен табады. Туристерді тартудан дүние жүзі бойынша бірінші орында тоғызыншы орында. Алдағы уақытта алғашқы бестіктің қатарына енбекші. Жыл сайын 22 млн туристі қабылдап, бюджетіне 18-19 млрд қаржы құятын елдердің бірі болып табылады.
1. Кіріспе.......................................................................................................3
2. Негізгі бөлім
Табиғаты............................................................................................................4
Экономикасы....................................................................................................5
Мәдениеті...........................................................................................................6
Тарихы................................................................................................................8
Стамбұл қаласы Түркия Республикасының дамыған туристік орталықтарының бірі...................................................................................10
Түкия мемлекетінің туристік мүмкіншіліктері.......................................11
3. Қорытынды............................................................................................15
Қолданылған әдебиеттер
Мазмұны:
Табиғаты......................
Экономикасы...................
Мәдениеті.....................
Тарихы........................
Стамбұл қаласы Түркия
Республикасының дамыған туристік
орталықтарының бірі..........................
Түкия мемлекетінің туристік
мүмкіншіліктері...............
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Түркия мемлекеті - Батыс Азияда және Оңтүстік Шығыс Еуропа жерінде орналасқан мемлекет. Аумағаның 97%-ы Кіші Азия(Анадолы) түбегін, 3%-ға жуығы Еуропа ендігін немесе оңтүстік Шығыс Балқан түбегін (Шығыс Фракияны) қамтиды. Солтүстік Шығысында ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТЫҒЫ елдерімен, Шығысында Иранмен, оңтүстік батысында Иракпен, Сириямен, солтүстік батысында Болгария мен Грекиямен шектеседі. Жерінің аумағы 780,6 мың км 2, халқының саны 75,1 млн адам(2004). Астанасы Анкара қаласы. Негізгі Түрік халқы. Одан басқа күрдтер, арабтар, гректер, кавказ халқы т.б тұрады. Сондай ақ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқында болып, кейін Батыс Еуропада қалып қойған, 1940-50 жылы. Шығыс Түркістанда Қытай комунистеріне қарсы күресіп, Үндістан мен Пәкістан арқылы келген және 1970-80 жылы. Ауғаныстандағы соғыстан бас сауғалаған қазақтар мен олардың ұрпақтары тұрады. (10-15 мың адам). 1982ж қабылданған соңғы конституциясы бойынша мемлекет басшысы президент. Жергілікті халық негізінен ислам дінінің суннит тармағынр ұстанады. Президент елдегі бір палаталы парламент Түркия мемлекетінің Ұлы ұлттық мәжілісі жеті жылға сайланады. Президент пример министр мен үкімет мүшелерін мәжіліс депутаттары арқылы тағайындалады. Елде көппартиялы сайлау жүйесі орныққан. Премьер министр сайлауда ең көпшілік алған партия арасынан үсынылады және үкімет мүшелері партиялардың мәжілістегі орнына тәуелді. Ресми тілі түрік тілі. Әкімшілік жағынан алпыс жеті уәлатқа бөлінген. Түркия 1991ж 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел болып табылады. Ұлттық валютасы түрік лирасы. Түрік халқы алғашқы болып елге инвестиция тартты. Қазір Қазақстанда көптеген түрік компаниялары әртүрлі салада жұмыс істеуде. Екі ел арасында тығыз экономикалық, мәдени, саяси байланыстар орныққан.
Негізгі бөлім
Түркия Кіші Азия мен Армян қыраттары шегінде жатқан таулы ел болып табылады. Солтүстік және оңтүстік жағалаулары аз тілімденген. Батыс жағалауы шығанақты келеді. Жері батыстан шығысқа қарай 160 - км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 500-600 км, ал теңізбен шектесетін жағалауы 7 мың км созылып жатыр. Жері негізінен таулы үстіртті. Солтүстігін Понтии таулары (Качкар тауы, биіктігі 3937м), оңтүстінгін Тавр тау жүйелері (Демирқазық тауы, биіктігі 3726м), ал шығысын Солтүстік Тавр жоталары, ішкі бөлігін Анадолы үстірті алып жатыр. Жері әртүрлі клима белдеулерінде орналасқан. Жерорта теңізі жағалауның жазы ыстық, құрғақ, қысы жылы, аяз болмайды. Қара теңіз жағалауыны қызы жылы, жазы ыстық, жауын шашын мөлшері 900-2000мм аралығыныда. Жауын шашын күзден бастап көктемге дейін жауады. (600-700мм). Ішкі аймақтарында (Орталық және оңтүстік шығыс Анадолы) климаты континентті( жазы ыстық, қысы суық әрі ұзақ) . Жауын шаыш мөлшері 300-550мм. Шығыс Анадолының климаты тым континентті, қысы суық (-40 оС дейін) әрі ұзақ (5-6 ай) Жазы салқын құрғақ. Дегенмен, кей жерлерде (Дияртақыр қазаншұңқырында) ыстық, құрғақ (+46оС дейін). Тауларныда мәңгі қар жатады. Пайдалы қазбалардан хромит(Тавр, Батыс Понтии таулары), борат (Батыс Понтии таулары), боксит (Батыс Понтии, Тавр таулары), вольфрам, сынап, сүрме (Қыршехир, Мендерес, Батыс Понтии таулары), мыс (Понтии, Шығыс Тавр), тас көмір (Понтии таулары), мұнай (Оңтүстік Шығыс), мырыш, темір, қоңыр көмір, марганец, қорғасын, магнезит, барит, асбест, күкірт, тас тұзы өндіріледі. Жан жануарлар дүниесі дала мен таулы орманды жерлерді мекендеушілерге бөлінеді (борсық, бұғы, аю, елік, қабан, тауешкі және құстардың толып жатқан түрлері) Туркияны қоршап жатқан теңіз бассейндері балық түрлеріне бай.
Экономикасы.
Түкия аграрлы индустриялы ел. Ол азық түлік өндіруде дербестікке жеткен әлемдегі санаулы елдердің бірі. Егіншілік ауыл шарашылығының жетекші саласы. Ел аумағының 33%-ын егістік алп жатыр. Оның 80%-ын дәнді дақылдар өсіріледі. Егістік алқаптың 15%- ына техникалық дақылдар егіледі. 4.2%-ын бақ пен жүзім баулары алып жатыр. Жерорта теңізінің жағалауында негізінен жүзім, інжір, маслина, алма, цитрусты жемістер, өрік өсіріледі. Ал Қара теңіздің шығыс бөлігінде шай(жылына екі жүз мың т шамасында) өсіріледі. Мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Түркия ангор ешкісінің жүнін әлемдік нарыққа шығаратын жетекші елдердің бірі. Ауыл шаруашылығының ежелгі саласы жібек тұтын өсіру әлі күнге дейін сақталып қалған. Елде балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерліктер өте көп: жылына шамамен 180 мың балық ауланады. Ел аумағының шамамен 25%-ын орман тоғай алып жатыр. Түркия өнеркәсібінің тарихы XIX- ғ соңынан басталады. 1927 жылы өнеркәсіпті қолдау жөніндегі жаңа заң қолданысқа енді. 1927 - 50 жылы жалпыұлттық өндірістегі өнеркәсіптің үлесі 20% -ға артты. 1960 жылы жоспарлы даму кезеңі басталып, үкімет мемлекеттік секторға басшылық жасауды өз қолына алды. 1980 жылы экономика мен өнеркәсіптегі тоқырауды жоюға арналған жаңа экономикалық бағдарлама әзірленді. Бұл бағдарлама елдің экономикасын әлемдік экономикамен ынтымақтасуға бағыттайтын жаңа жаңа саясатқа жол салды. Бағдарлама нарықтық экономикаға жол ашып, импортты ырықтандырды. Және төлемдердің табиғи балансын қалыптастырды. Өнеркәсіп секторының үлесі ауыл шаруашылығының үлесін қысқарту есебінен ұлғайды. Соған орай осы кезеңде өнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығару арта түсті. 1990-1994 жылдардан бастап өнімдерді бөлу жүйесі жақсарып, елдегі жұмыссыздық пен аймақтық сәйкессіздік ахуалы жойыла бастады. Қазіргі кезеңде түкия әлемдік стандарттар бойынша тауар шығаратын өнеркәсіптің жетекші салаларын құрылымдық жағынан жетілдіріп, экспортқа бағдарланған даму стратегиясын ұсынуда. Елде туризм жақсы дамыған және ол экономикаға үлкен кіріс кіргізуде. Түркия мемлекеті Еуроодаққа кіруді мақсат етіп, ел экономикасын Еуропалық стандартқа жақындату мақсатында көптеген шаралар жүргізді. Негізгі сауда серіктестері: ЕУРООДАҚ елдері, АҚШ, Иран, Ирак, ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТЫҒЫ елдері,т.б
Мәдениеті
Түркия
әдебиеті көп жанрлы, терең
мазмұнды фольклордан бастау
алады. Түркі дәстрлі
Тарихы
Түркия жерін адамдар ерте замандардан мекендеген. Ежелгі халықтар: фракиялықтар, хеттер, лилиялықтар, галаттар, армяндар, ассириялықтар, гректер, және т.б бұл жерде өз мәдениеттерін қалдырған. Ежелгі заманда және орта ғасырларда бұл аймақ түрлі мемлекеттер бірлестіктердің Хетт патшалығының, Мидияның, ахемен әулиетінің, Александр Македонский державасының, Селевки әулиетінің, Пергамның, рим империясының, Византияның және т.б құрамында болды. Б.э.д III ғасырда басталған халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде қазіргі Түркия жеріне сақ скифтер, сарматтар, ғұндар, аландар т.б келе бастаған. 750 жылы Бағдат халифатын құрған Аббас әулиеті Орталық Азия түріктерін әскерге көптеп тарта бастады. Ол әскерлер өз отбасымен Кіші Азияға орналасты. Жалпы Түркі тайпалары Түркия жеріне екі бағыттан:
XI ғасырдың аяғында қыпшақтардан ығысқан Түрік халқы мен оғыз тайпалары Кіші Азияда Салжұқ әулиетінің басшылығымен өз мемлекетін құрды. XII ғасырда түркі салжұқтар Византияны кішіАзиядан біржолата тартып алды. 1243 Кіші Азияны түркі монғолдар бағындырды. XIII ғасырдың аяғына таман бұл өңірде тәуелсіз ұсақ иеліктер пайда болды. XIV ғасырдың 20-30 жылдары Кіші Азияның солтүстік батысында дербес иеліктерді бір орталыққа біріктірген Осман сұлтанның атағымен Осман сұлтандығы қалыптасты. XIV ғасырдың 2 жартысында осман түріктері Шығыс Фракияны, Болгарияны, Македонияны бағындырды. 15 ғасырдың бас кезінде Әмір Темірден күйрей жеңілгенімен көп ұзамай қайта күшейгкн түрік Османдар 1453 жылы Византияның орталығы Константинопольды басып алып, Стамбұл деген атпен өз астанасына айналдырды. 1450-70 жылы Себияны, Боснияны, Аттиканы, Трапезун ипериясын, Қырым хандығын, Валахия мен Албанияны өзіне қаратты. 1514-17жылдары Осман сұлтандығы Месопатамия, Сирия, Палестина, Египет, Хиджиз, 1519 жылы Алжирдің біршеме бөлігін бағындырды. XVI ғасырда қуатты Осман флоты бүкіл жерорта теңізі бассейнін бақылап тұрды. Түрік зиялылыры, әсіресе, әскери элита өкілдері ел тәуелсіздігі мен тұиастығы үшін күресті өз қолдарына алды. Оларды Түрік ұлтшылы Мұстафа Кемал Ататүрік басқарды. 1920 жылы -1923 жылы сәуірде Анкраға шақырылған Түркия мемлекетінің Ұлы ұлттық Мәжіліс өзін елдегі бірден - бір заңды үкімет органы ретінде жарилап, 1921-1922ж шетел басқыншыларынан бүкіл Анадолы жерін азат етті. 1923 жылы 29 қазанда Түркия Республика болып жарияланды. 1924-34 жж елдің экономикалық әлеуметтік және мәдени саласында реформалар жүзеге асырылды, шетел концериялары түгел дерлік жойылып, ұттық банктер құрылды, порт құрылыстарры, өнеркәсіп орындары салынды. II - дүниежүзілік соғыс басталған кезде Түркия алғашында Ағылшын – Француз блогында қосылып, 1940 жылы Франция тізе бүккеннен кейін Гитлершіл Германиямен дақындаса бастады . КСРО- ға шабуыл жасағаннан кейін Ұлыбританиямен одағын сақтай отырып, өзін бейтарап ел ретінде жариялады. 2- дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ- пен жақындасып 1952 жылы НАТО – ға мүше болды. Халықтың тұрмыс деңгейі нашарлап, елде бейберекетсіздік орын алуына байланысты 1960 жылы әскери төңкеріс іске асты. Бірақ 1960-70 жылы халықтың тұрмысы көтерімеді. 1980 жылы болған кезекті әскри төңкерістен кейін, 1982 жылы жаңа Концтитуция қабылданды. Экономика нарықтық қатынастарға көшіріліп, 1980-90 жылдары ел жедел дами бастады . 1987 жылы Түркия Еуроодақққа мүше болуға тырысқанымен, әртүрлі себептермен бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. 1991 жылы желтоқсанда КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алған Орта Азия түркі мемлекетттері мен тығыз байланыс орнатты.
Стамбұл қаласы Түркия Республикасының
дамыған туристік орталықтарының бірі.
Истанбұл Түркия мемлекетінің ең дамыған қаласы. Стамбұл иліннің әкімшілік орталығы. Мәрмәр теңізінің жағалауында, Босфор бұғазының қос жағасында, Азия мен Еуропаны байланыстыратын су торабында орналасқан. Тұрғыны 10.1 млн адам. Стамбұлдың Еуропалық бөлігі Азиялық бөлігімен Византии көпірі (ұз.1560) және парлмдар арқылы байланысқан. Стамбұл мемлекеттің ең ірі сауда, қаржы , өнеркәсіп және мәдени орталығы. Мұнда жиһаз, машина жасау, қағаз, химия, цемент, дәнді дақылдар, жеңіл өнеркәсіп, әйнек өнеркәсібі жақсы дамыған. Қалада үш университет, экономика және сауда академиясы, мәнерлі өнер және кескіндеме, археологиялық музей, қыш музейі, муниципалдық музей және т.б бар. Қала алғашында Рим императорының құрметіне константинополь деп аталды. 395- 1453 Византия мемлекетінің, 1453- 1918ж Осман сұлтандығының, 1918-23 жылы Түркия мемлекетінің астанасы болды. Стамбұлда көне ескерткіштер өте көп. Ола үш дәуір сәулет ескерткіштерінен тұрады. Византия кезеңінен қалған император сарайлары мен ғибадатханалары, қасиетті Ирина, Айя Софья музей ғимараты, қасиетті килесе Димаси шіркеуі сақталған. Сонымен қатар орта ғасырлық түрік өнерінен Анадолухисары, Румелихсары, Едлкуле қамалдары, Шахзаде Фатих Исами, Баязит мешіттері сақталған. Қазір музей саналатын топкана сұлтанның кешені т.б көптеген кесенелер мен фонтандар қала сәулетінің құрамдас бөлігі болып табылады. 18- ғасырдан Стамбұл сәулетіне Батыс Еуропа стилі ене бастады. Қазіргі заманғы биік ғимараттар да бой көтерді. Қаладағы тарихи орындарды біріктіретін Ататүрік атындағы мәдени орталық және т.б мәдени, денсаулық орындары бар.
Түкия мемлекетінің туристік мүмкіншіліктері.
Түркия мемлекетіні өзінің экономикасын туристік бизнесін дамыту арқылы экономикасын дамыта алған елдердің бірі болып табылады. Түкияның туристік орталықтарының бірі тарих тамыры тереңде жатқан қамалдарымен танымал. Олар: Сұлтанахмет мешіті, Сүлеймен мешіті, Рүстем Паша мешіті, Фатих мешіті, Жаңа мешіт, Михримах сұлтан мешіттері негізгі болап табылады. Сұлтанахмет мешітін 1609-1616 жылдары Мехмет атты сәулетші салған. Негізінен ғимараттар көк мешіт деген атпен танымал. Мешітте 6 мұнара бар. Стамбұлдың ең әдемі мешіттердің бірі 1550-1557 жылдары Синан атты сәулетшінің туындысы Сүлеймен мешіті болып табылады. Мешіттің іші ақ мәрмәрдан жасалған, бағында сұлтан Сүлеймен сұлтан мен оның жұбайы Роксананың кесенесі және Осман империясы кезінде өмір сүрган атақты сәулетші Синанның моласы, 4- медресе, медициналық мектеп, түрік моншалары, асхана және кедейлерге арналған пана болатын орындар бар. Түркия мемлекеті елдегі мұражйлардың санымен және әрқилылығымен танымал. Олар: Әулие Софи мұржайы, Археолгия мұражайы, Түрік керамикасының мұражайы, Әулие Ирина мұражайы, түрік және ислам мәдениетінің мұражайы, түріккілем мұражайы, Еретабан қамалының мұражайы, әшекейлер мұражайы, әуе мұражайы, әскери мұражай, Ататүрік үйінің мұражайы, Сардарбек ханымның мұражайы, теңіз мұражайы, Қала мұражайы және т.б бар.