Туркия республикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 13:54, реферат

Описание работы

Туризм ХІХ ғасырдың феномені және табыстың тайқазаны болып табылады. Есебін таба білген елдер бұл салаға белсене кіріскелі қашан. Индустриясын дамытып, өз өлкесінің жарнамасымен жұрт назарын аударуда.: Табиғатын тамшалатып, тарихын танытқаны үшін қып-қызыл пайдаға батып жатыр. Түркия мемлекетінде шикізат көздері өте тапшы болғанымен, ел табыстың 50 пайызын туризмнен табады. Туристерді тартудан дүние жүзі бойынша бірінші орында тоғызыншы орында. Алдағы уақытта алғашқы бестіктің қатарына енбекші. Жыл сайын 22 млн туристі қабылдап, бюджетіне 18-19 млрд қаржы құятын елдердің бірі болып табылады.

Содержание работы

1. Кіріспе.......................................................................................................3
2. Негізгі бөлім
Табиғаты............................................................................................................4
Экономикасы....................................................................................................5
Мәдениеті...........................................................................................................6
Тарихы................................................................................................................8
Стамбұл қаласы Түркия Республикасының дамыған туристік орталықтарының бірі...................................................................................10
Түкия мемлекетінің туристік мүмкіншіліктері.......................................11
3. Қорытынды............................................................................................15
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

turkiya_respublikasynyn.doc

— 132.50 Кб (Скачать файл)

 Әулие  Софи мұржайы  адамзатттың  керемет  көз тартар  туындыларының бірі  болып табылады.  Бұл  мұражайдың негізін Ұлы  Константин   құрған. Ал  VI  ғасырда Юстианның   бұйрығымен   қайта   жөндеуден өткен. Оның  биіктігі 55 метрге,  ал   диаметрі  31  метрге   дейін  жетеді.  Туристерді   бұл  мұражай  тамаша   византиялық   әшекейлерімен  таң  қалдырады.  Түрік  керамкасының  мұражайы  Мехмет  басқыншының  бұйрығымен  ХV ғасырда салынған.  Бұл   мұаражайда  VІІ  ғасырдағы  ең   әжемі  керамикалық   бұйымдар  сақталған.  Түрік  және  Ислам  мәдениетінің  мұражайы  1524  жылы  Сүлеймен  сұлтанның  резеденциясы  ретінде   ұлы   уәзір  Ибраһим  Пашаның  қолдауымен салынған.  Бұл  Осман империясының  ең  танымал  тұрғын  үй  кешендерінің  бірі.  Әшекейлер   мұражайында V-VІ ғ  Ұлы  Византия  императорлардың  сарайында  әлі   күнге  дейін  сақталған мозайкалы   еденімен  танымал.  Теңіз  мұражайы Бешіктас  ауданында  орналасқан.  Бұл  мұражайдан  сұлтандардың ортағасырлық  қайықтарын   көруге   болады.  Түркия  тарихы  тереңге   ескерткіштерге   толы.  Ежелгі  кезеңдегі   византиялықтардың арбалар  жасауға  қолданған  және  қоғамдық  өмірлерінің  негізгі  орталығы   болған иппподромнан  қазіргі  кезде  тек   үш   ескерткіш  қалған. Олар Феодосия  обелискісі,  күміс  серпетин  және  Константин  колонналары.  Ахмет ІІІ  фонтаны  Топкан  қамалының  алдында орналасқан.  Беязыт  мұнарасы  1828  жылы  ІІ  Махмұтттың  бұйрығымен  салынған.  Оның биіктігі  85  метрге  дейін  жетеді.  Галат  мұнарасы (62 метр) 1348 жылы  салынған. Бұл  жерде  кешке  туристерге   романтикалық кештер  ұсынылады..  Қыздар  мұнарасы  Қыз Кулеси  деген атпен  танымал. Бұл  Стамбұлдың ең романтикалық  орындарының  бірі  болып табылады.   Ол ХІІ ғасырда  салынған.  Стамбұл  дүниежүзілік  мәдениет  орталығы  болып табылады. Түркия елінде  маусым-шілде айларында әлемдік   әртістердің қатысуымен  мәдениет   фестивалі өтеді. Ал  наурыз- сәуір айларында Халықаралық   кино   фестивалі өтеді.  Кұмқапы Стамбұлдың  ең танымал  жерлерінің  бірі.  Бұл  жерде   көптеген  таверналар,  балық  мейрамханалары,  барлар  өте  көп. Ортакей- Стамбұлдың  түнгі  өмірінің  орталығы. Мұнда   көптеген  джаз   клубтар,  мейрамханалар,  кафелер  мен клубтар  көптеп  кездеседі.  Татилия Джумхириети – елдің ең  үлкен  атттракцион паркі  болып табылады. Кез  - келген  турист  белгілі бір  елге  барған кезде  міндетті   түрде  суенирлер сатып алғысы келеді. Түрік  халқы  ерте  заманнан  жақсы  сатушылар  болған. Егер, сіз  арзан бағамен ұлттық  тауарларды  сатып алғыңыз келсе,  Капалы  Шаршы базарына барғаныңыз  дұрыс болады. Ол  қаланың ескі   бөлігінде орналасқан. Бұл жерде кішігірім 4000  жуық  дүкендер  бар.  Мысыр Шашысы  базарына  барсаңыз сіз өзіңізді  шығыс елінде   жүргендей сезінесіз.  Бұл жерде   әртүрлі   шөптер мен шай түрлері сатылады.  Ал егер  турист  жаңа    еуропалық стильдегі заттарды  ұнатса,  Ақмерез, Карусель, Капитоль сауда үйлеріне  барсаңыз  өкінбейсіз.   Сонымен қатар,  Түркия  әлемге   экологиялық таза   курорттарымен  танымал.  Бұл курорттар  өзінің  төмен  бағасымен және  жоғарғы  дәрежедегі  қызмет көрсетуімен   туристердің  ағынын  мыңдап  тартуда.  Түркия мемлекетіндегі  танымал курорттардың  қатарына   Анталия, Кушадасы, Кемер, Алания,  Белек,   Мармарис, Бодрум  жатқызуға   болады.  Түркия  курорттарында турстер жоғарғы дәрежеде   демалып қана  қоймай, сонымен қатар,  кернекмт   көңіл көтерулеріне  болады.  Кемер- Тарус тауының етегінде,  теңіз жағасында орналасқан. Курорт  өзінің  экологиялық  таза ауасымен,  қарағайлы  ормандарымен  және  жаңа заман  талабына  сай  қонақ  үйлер  мен клубтардың  жиынтығынан   тұрады.  Бірнеше   жылдар  бұрын  Кемер кішкене  балықшылар кенті  болған.  Қазір  бұл  курорттарда теңіз жағалауында демалып қана  қоймай,  сонымен  қатар  романтикалық   кештер  өткізуге  болады.  Кемер  курорты   ежелгі антикалық  қала   олимптің  жанында  орналасқандықтан,  онда  танымдақ   экскурсиялар   жүргізуге  болады.  Фитхие- инфрақұрылымы  жақсы   дамыған  жас порттық  қалаларының бірі  болып табылады.  Ол  қарағайлы ормандар  басқан  тау етегінде орналасқан.  Қала  1913  жылы  әуе апатында  қайтыс болған  ұшқыштың атымен   аталған.  Фитхие  сейсмикалық   белсенді  аймақта орналасқан. 1956 және 1957 жылы  бұл қалада  қатты  жер сілкіністері  болған.  Туристерге  танымал демалыс  орны   Кушадасы - теңіз айлағы.  Қаланың маңында археологтар қазба   жұмыстарының  нәтижесінде ежелгі  гректің Эфес, Милет,  Дидила,  Афродииас қалдықтарын тапқан.  Памукале – түрік  тілінен  аударғанда «Мақта   қамалы» дегенді  білдіреді.  Осы  жерде құрамында калции  бар   ыстық бұлақ көзерінің   көмегімен ақ  тау массивтері  пайда болған.  Туристер   тамаша  ақ массивті  тауларды  тамашалап қана  қоймай,  «Клеопатра  хауызында» шомылады.  Бұл  жерде  көптеген   сауықтыру   орталықтары  бар.  Сиде- жаңа  және  ең  танымал туристік  орталықтардың  бірі .  Мрамариас- Эгей  теңізі  мен Жерорта  теңізі  түйіскен  жердегі   ежелгі  Фискос қаласының  орнында  орналасқан.  Бұл  жерде  ежелгі  ескерткіштер  жаңа  ғимараттармен  тамаша   үйлесім  тапқан.  Көптеген  барлар,  кафелер,  мейрамханаларда  би  мен  әннің  ұштасуына,  бұл  қаланы  бишілер  қаласы  деп атаған.  Ал Анталияға жазда түрлі мемлекеттерден  көптеп  туристер  ағылып келеді.  Қыс мезгілінде  бұл  жерде  қысқы  ойынға  дайындықтар  өткізіледі.  Стамбұл  қаласы   Түркия  мемлекетінің  ең дамыған  туристік  оратлықтарының  бірі  болып табылады.  Стамбұл қаласы  дүние  жүзіне  сан ғасырлық  қамалдарымен танымал.  Алтын  мейіс және  Мрамор  теңізі  қиылысқан  жерде  Х V – ХІХ ғғ  Осман империясының  билігі  кезінде     Топкан  қамалы салынған.  Қамал өте   үлкен аумақты алып  жатыр және  көптеген  ғимараттар  мен аулалардан  тұрады.  Бірінші қамалдың  ауласында   татмаша  бақ орналасқан.  Екінші  қамалдың  оң  жағында  бұрын асхана  болған,  ал қазір  оны  хрусталь, күміс  және  қытай  форфоры  қойылған  мұражай  жасалған.  Үшінші  аулада аудиенциялар, ІІІ Ахметтің   кітапханасы,  зергерлік  бұйымдар мен киімдердің  көрмелері  орналасқан. Бұл  затттарды  сұлтандардың  отбасы кезінде   кигендіктен аса құнды   мұра  болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

               Туризм ХІХ  ғасырдың   феномені  және  табыстың  тайқазаны   болып табылады. Есебін  таба  білген елдер бұл  салаға  белсене  кіріскелі  қашан. Индустриясын дамытып,  өз  өлкесінің  жарнамасымен жұрт  назарын аударуда.:  Табиғатын тамшалатып, тарихын  танытқаны  үшін  қып-қызыл  пайдаға батып  жатыр. Түркия  мемлекетінде   шикізат  көздері    өте тапшы  болғанымен,  ел  табыстың 50 пайызын  туризмнен  табады.   Туристерді  тартудан  дүние  жүзі   бойынша бірінші  орында  тоғызыншы  орында.  Алдағы  уақытта  алғашқы  бестіктің қатарына  енбекші.  Жыл  сайын  22 млн  туристі  қабылдап,  бюджетіне  18-19 млрд  қаржы  құятын елдердің  бірі  болып  табылады.  Ал енді  ел діни  туризмді  дамытуға  да  білек  сыбана  кірісті.  Түркия мемлекетіндегі  туризмнің дамуы еуропалық мемлекеттер,  әсіресе Германия мен Ресей мемлекеттің   туристердің  елеулі  үлестерін  қосты.  Сонымен  қатар,  Түрік халқы  ерте  кездерден жақсы   саудагерлер болғандықтан,  туристер  бұл елде  ұтымды  және  арзан бағамен тауарлар сатып ала   бастады.  Сондықтын туризмнен    елеулі  пайда тауып отырған түіктерден  еліміз  үлгі  алып,  төл  туристік  бизнесімізді  дамытамыз  деген  ойдамын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер:

    1. Интернет: www.gooogle.kz
    2. Интернет: www. Kulturturizm.gov.tr
    3. «Қазақстан». Ұлттық  энциклопедия\ Бас  редакторы. Ә.Нысанбаев.- Алматы 2001

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Туркия республикасы