Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 18:47, курсовая работа
Әлемдік дипломатиялық тәжірибеге британдық дипломатиялық қызметтің қосқан үлесі өлшеусіз. Ұлыбританияның өзге мемлекеттермен қарым-қатынасының өсуі белгілі бір ретте халықаралық байланыстар орнату және осы қызметті атқаратын кәсіби қызметкерлерден тұратын тұрақты аппарат құру қажеттілігі туындады. Бұл аппарат дипломатиялық қызмет немесе шетел қызметі деп аталған. Ұлыбританияның дипломатиялық қызметте өте ауқымды тәжірибесі бар ел. Британ дипломатиясы мен дипломатиялық қызметінің тарихы шетелдермен сауда қарым-қатынасын орнату мақсатында 1303 жылғы Көпес хартиясын қабылдаудан бастау алады.
Кіріспе
1. Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы
1.1. Англиядағы дипломатиялық қызметтің пайда болуы және дамуы.....6
1.2. Джордж Каннинг – саяси қайраткер, сыртқы істер министрі..............11
1.3. Форин офис құрылымы және қызметі...................................................13
2. Англияның дипломатиялық қызметінің және сыртқы саясатының жүйесі
2.1. Қазіргі уақыттағы Англияның дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері...................................................................................................20
2.2. Дипломатиялық кадрларды дайындау, іріктеу және оларға қойылатын талаптар...........................................................................................................24
Қорытынды.....................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................33
Шетел хабарламасын
жүргізу үшін ағылшын
Алайда, 1539 жылы ғана VIII Генрих билік еткен кезеңде, король хатшысының міндеттері 2 тұлға арасында бөлініп, олардың қызметтері Франциядағыдай шетел істерімен ғана шектелді. Ұлыбританияда Франция мемлекетіндей II Генрих тұсында, екі хатшы міндеттері географиялық принцип бойынша бөлінді деп ойлауымызға болады. Бірақ, негізгі бөліну Оңтүстік және Солтүстік департамент болып ғасыр өткеннен кейін ғана жүзеге асты. Сыртқы істер мәселелері бойынша екі мемлекеттік хатшылық департаментінің бөліну I Яков билік еткен тұста қолға алынды. Осындай бөлінуге түрткі болған, сол кезеңде «отыз жылдық» соғыстың басталуы еді. Әрбір қызметтегі шенеунік нейтрал елдің өкілі ретінде жауласып жатқан мемлекеттердің өкілдері, тарихи оқиғалар, мәселелер арқылы көптеген тәжірибе жинады.
Ағылшын Сыртқы
Істер Министрлігі туралы
1640 жылы екі
мемлекеттік хатшылардың
Отар елдермен хат алмасудың көптігі 1768 жылы, тек қан отарлардың істерімен айналысатын үшінші мемлекеттік хатшылықты құруды қажет етті. Алайда, он төрт жыл бойы екі мемлекеттік департамент елдің ішкі және сыртқы істерімен айналысуды жалғастырды [2,с.150]. 1782 жылы ғана маркиз Рокингемнің үкіметі уақытша билікке келгенде міндеттердің бөлінуі орын алды. Ішкі істер министрлігі (Home Office) деген атқа ие болған, Оңтүстік департаментке ішкі істермен айналысу тапсырылса, ал Сыртқы істер министрлігі деп аталған (Foreign Office) Солтүстік департаментті Чарльз Джеймс Фокс басқарды.
Осындай түрде
қызметтердің бөлінуіне
1961 жылғы дипломатиялық
қызмет туралы Вена конвенциясы
1815 жылғы Вена
конгрессіне дейін Англияда
Бұл кезеңге
дейін елші оған жеке ұсынған
жас мамандардан
Осындай іріктеу жүйесі XIX ғасырдың соңына дейін сақталған еді. Виктория королеваның билік еткен тұсында, 16 жыл бойы елшілікте еш жалақысыз еңбек еткен қызметкерді кездестіруге болатын. 1918 жылдың өзінде дипломатиялық қызметке түсуші жас маман, кем дегенде 2 жылда өзіндік табысы 400 фунт стерлингке жететіндей болуы шарт болды. 1914 жылғы Макдонелл комитетінің ең маңызды ұсынысы - осы шарттарды жеңілдетуге бағытталды және 1920 жылы жанама салық мөлшері өсіп, кіші дипломатиялық қызметтегілер өзіндік табысы болмаса да, өмір сүруіне жағдай жасалды [4,с.118-119]. Бұл – дипломатиялық қызметтің демократизациялануы еді.
Алғашында Ұлыбританияның
дипломатиялық қызметінде
Жалпы ағылшын дипломатиясы өз бастауын ертеден алғанын аңғаруға болады. Ағылшын дипломатиясы өзге елдің дипломатиясында кездеспейтін ерекшеліктерге ие. Жоғарыда айтылғандай ағылшын дипломатиясы бір қалыпта тұралап қалған жоқ. Әр кезеңде жанданып, өзегірске ұшырап отырды. XVI-XVII ғасырларда қалыптаса бастаған британ дипломатиясы ХХ ғасырда бой түзерлік дипломатияға айналды.
1.2. Джордж Каннинг – саяси қайраткер
Джордж Каннинг
(1770 ж. 11 сәуір – 1827 жыл 8 тамыз)
– ағылшындық саяси қайраткер,
тори партиясының либерал
Джордж Каннинг – 1770 жылдың 11 сәуірінде қарапайым заңгер отбасында дүниеге келген. Оның атасы – ауқатты ирландық жер иесі. Жастайынан әкесінен айырылып, жетім қалады. Каннингті өз қамқорлығына жиен ағасы алып, оны жасөспірім кезінде Итонға, кейіннен Окфорд университетінің Крайс-Черч-колледжінде білімін шыңдауға көмектескен [6]. 1791 жылы «Линкольнз Инн» заң мектебіне түсіп, бірақ кейін саяси қызметтті таңдаған. Кіші Уильям Питтке таныстырылып, оның қамқорлығымен 1793 жылы парламентте орын алады. Питтің саясатын парламентте барынша қолдап, оның баспасөзде де шебер қорғаушысы бола білді. Сонымен қатар, «Anti-Jacobin» тори партиясының журналының қызметіне де атсалысқан. Өзін тезарада керемет сөз шебері ретінде көрсетіп, 1796 жылы Питтің кабинеті тұсында Сыртқы істер министрінің көмекшісі қызметіне тағайындалады. Қызмет баспалдығы бойынша көтерілуі басталып, Каннинг – 1799 жылы Үндістандағы департаменттің арнайы өкілі және 1800 жылы біріккен әскери қазынашылыққа тағайындалады.
1801 жылы Каннинг пен
Питт қызметтен кетіп, бірақ
1804 жылы үкіметке қайта келеді.
1806 жылғы Питтің өлімінен кейін
Каннинг және оның жақтастары
қызметтен кететтіндерін
Каннинг континентальді
державалардың саясатына қиыс
қарап, 1823 жылы Англияны «Қасиетті
Одақтан» шығарады. Каннинг басқа
елдердің ішкі істеріне
Сыртқы істер министрі
қызметін Каннинг 1827 жылдың сәуірі,
кабинеттің басшысы болғанға
дейін атқарды. 1822 -1827 жылдар аралығында
Каннинг ағылшындық
1.3. Форин офис құрылымы және қызметі
Британ дипломатиясының ұйымдастыру формасын жетілдіруде ең маңызды қадам – 1782 жылғы (Солтүстік департамент негізінде) бірегей орталықтандырылған дипломатиялық мекеменің, қазір де өзінің атауын сақтап қалған – Форин офистің құрылуы болды. 1795 жылғы Форин офистің басшысының тұрақты орынбасары қызметінің тағайындалуы, оның административті басқарумен қатар, барлық дипломатиялық кадрларды соның ішінде, «саяси» қызметке және кадрлық аппаратты бөлумен айналысты (1796 жылы штабында небары – 14 адам болса, ал 1832 жылы – 23, 1861 жылы – 37, ал 1913 жылы – 52 адам болған) [1,с.22].
1832 жылғы прогрессивті реформа арқасында, әрі мемлекеттік басқару функцияларының монарх және парламент құзыретіне бөлінуі, кәсіби дипломатиялық шенеуніктердің позицияларын бекіте түсті. Сайлауда жеңіске жеткен саяси партияның лидері өзінің кабинетінің мүшелерін тағайындаумен қатар, сыртқы істер министрі – Форин офистің саяси басшысын тағайындау құқын алды. Сонымен қатар, британдық Сыртқы Істер Министрлігі және оның барлық аппараты (СІМ) «Тақтың (престол) кәсіби қызметшісі» деген статусқа ие болады. Өз кезегінде, Форин офис саяси жетекшілерден біршама тәуелсіздігі, жеке административтік басқаруы әрі ранг бойынша өздерінің табельдерін де бекітетін болды.
Информация о работе Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы