Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 18:47, курсовая работа

Описание работы

Әлемдік дипломатиялық тәжірибеге британдық дипломатиялық қызметтің қосқан үлесі өлшеусіз. Ұлыбританияның өзге мемлекеттермен қарым-қатынасының өсуі белгілі бір ретте халықаралық байланыстар орнату және осы қызметті атқаратын кәсіби қызметкерлерден тұратын тұрақты аппарат құру қажеттілігі туындады. Бұл аппарат дипломатиялық қызмет немесе шетел қызметі деп аталған. Ұлыбританияның дипломатиялық қызметте өте ауқымды тәжірибесі бар ел. Британ дипломатиясы мен дипломатиялық қызметінің тарихы шетелдермен сауда қарым-қатынасын орнату мақсатында 1303 жылғы Көпес хартиясын қабылдаудан бастау алады.

Содержание работы

Кіріспе

1. Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы
1.1. Англиядағы дипломатиялық қызметтің пайда болуы және дамуы.....6
1.2. Джордж Каннинг – саяси қайраткер, сыртқы істер министрі..............11
1.3. Форин офис құрылымы және қызметі...................................................13

2. Англияның дипломатиялық қызметінің және сыртқы саясатының жүйесі
2.1. Қазіргі уақыттағы Англияның дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері...................................................................................................20
2.2. Дипломатиялық кадрларды дайындау, іріктеу және оларға қойылатын талаптар...........................................................................................................24

Қорытынды.....................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................33

Файлы: 1 файл

англия курсовой.doc

— 533.00 Кб (Скачать файл)

     1968 жылы 17 қазанда  – «жаңа» Форин офистің туған  күні – Сыртқы істер министрлігі мен Одақ істері министрлігі, бірегеу мекеме Форин офисқа бірігеді. Көп уақыт бойы жеке өмір сүрген үш кадрлық дипломатиялық қызметт (дипломатиялық қызмет, Форин офистің кәсіби кадрлары және шетел сауда комиссарларының шетел қызметі) – үш жыл бұрын – 1965 жылы 1 қаңтарда бірегей «Ұлы Мәртебелімнің дипломатиялық қызметіне» бірігеді. 60-жылдары құрылған дипломатиялық жүйе өзгерместен қазіргі кезеңге дейін өмір сүріп келеді [1,с.25].  Альтернативтік құрылымды қайта құру  (М.Тэтчер үкіметі тұсында) сыртқы істер үрдісіндегі қалыптасқан дәстүрлі кәсіби дипломатияны әлсірете алмады.

Қорытындылай келе Форин  офисі қалыптасқалы бері маңызы күн  артқан офис деп толыққанды айта аламыз. Алғашқы қалыптасқан кездегі  қызметі біршама ауқымы тар болғанымен уақыт өте келе маңызы артты. Форин офисі дипломатиялық қызметте және сыртқы қатынаста тәжірибелі офис.

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Англияның дипломатиялық қызметінің және сыртқы

саясатының  жүйесі

 

 

2.1. Қазіргі уақыттағы Англияның дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері

 

      Британ дипломатиялық қызметі немесе «Ұлы мәртебелімнің дипломатиялық қызметі», үкіметтің сыртқы саяси істерін дайындауда, дипломатиялық бағытты белгілеуде монопольды позицияны иеленеді [1,с.26-27]. Парламенттік сайлауда жеңген жаңа үкімет құрылуын аяқталғаннан кейін Ұлыбританияның орталық дипломатиялқ мекемесінде бірнеше ғана саяси басшылар тағайындалады. Алдыңғы аппарат өз орнында қалады. Жаңа үкімет пен қызметін аяқтаған басшылықтың арасында сыртқы саяси бағытта қаншама айырмашылықтар мен дипломатиялық көзқарастарында өзгешеліктер болғанымен, сайланған саяси жетекшілер мекеменің алдыңғы құрамын өзгертпейді. Дипломатиялық қызметті осындай ұйымдастыру әлемдік тәжірибеде аналогы жоқ болып табылады. Осы себептен де осындай формадағы ұйымдастыру шетел дипломатттарының  таңғалушылық пен түсінбеушілігін тудырады. Куәлардың айтуы бойынша, 1945 жылы болған Постдам конференциясында кеңестік те, американдық та делегация  1945 жылы 26  шілдеде парламенттік сайлауда жеңіске жеткен лейбористік партияның жетекшісі премьер-министр К.Эттли мен сыртқы істер министрі Э.Бевин конференцияға өздерінің алдындағы консерваторлар У.Черчиль мен Э.Иденнің тұсындағы кеңесшілер, көмекшілер мен эксперттердің бірге келгеніне таңданысып қараған [8,с.486]. 

   Қазіргі уақытта  британ дипломатиялық қызметінің өзіндік ерекшеліктері, стилі қалыптасқан бар:

  1. дипломатиялық аппарат өкілдері және басқа мекемелердің мамандарымен мәселені жан-жақты қарастыру;
  2. қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарынан (БАҚ) белгілі мерзімге дейінгі тұйықталу;
  3. сұрақтарды шешуде компромисс ізеп, ал қорытынды шешімді қабылдағанда консенсус негізінде қабылдау қарастырылған.

    Ұлыбританияның  шетел 182 мемлекетте 300-ден аса  дипломатиялық және консулдық  мекемелері бар. Орталық аппаратта  (Форин офис) және шетел дипломатиялық  өкілдіктерінде (елшіліктер, консулдықтар, халықаралық ұйымдар аясындағы тұрақты миссиялар) дипломатиялық сипаттағы жұмыс орындарға  «Ұлы Мәртебелімнің дипломатиялық қызметіндегі» қызметкерлер тағайындалады [1,с.27]. 

   Шетелдердегі  Форин офистің және дипломатиялық пен консулдық өкілдіктеріндегі штаттық тізімі – 6 мың адамды құрады (оның 3,5 мың – кадрлық дипломатиялық қызметтің қатардағы қызметкерлері, ал қалғандары – конкурссыз жұмысқа орналасатын, дипломатиялық қызметтегі административтік қызметкерлер). Сонымен қатар, британ елшіліктерінде жанама қызметте контракт бойынша 705 мың шетел азаматтары жұмыс атқарады. Жоғарыда атап өткендей, Ұлыбританияда 300-ден аса дипломатиялық және консулдық өкілдіктер бар. Бұл көрсеткіш өз кезегінде Германия, Франция және Италиямен салыстырсақ британдықтарда персонал саны 2 есе аз. «Ұлы Мәртебелімнің дипломатиялық қызметі» негізі халықаралық ұйымдар аясында Лондонда он сегіз тұрақты өкілдіктің қызметін, сонымен бірге тәуелді территориялардағы (барлығы 13 территория) саяси бағыттың жұмысын қамтамасыз етеді [1,с.27].

    Әлемдік сахнада  халықаралық ұйымдардың көбеюі  британ дипломатиялық аппаратының  «модернизациялану» процесіне   басты фактор болды. Басшылықтың  ықпалымен Форин офистің құрылымы  біршама өзгертілді. Қазіргі таңда  Ұлыбритания халықаралық ұйымдарда халықаралық келіссөздерді жүргізудегі дипломаттарының кәсіби шеберлігінің арқасында белсенді әрекет етеді.  Форин офис шетелдерге әскери программа құруда көмек көрсетеді, сонымен қатар шетелге әскери мамандар дайындауға қатысады. Әскери мекемелердің ықпалы дипломатиялық аппаратқа да, ағылшын дипломаттарының қызметтеріне де тиеді. Өйткені Форин офистің басшылық құрамының жартысынан көбі әскери институттардан сынақтан өткен. Имперлік әскери колледждегі 1 жылдық оқу қызметтік жоғарылаудың бірден-бір жолы және ол үш-төрт жыл уақыт алатын сынақтан өтуге балама жол болып табылады. Сонымен бірге, осындай сынақтан кейін дипломаттарды барынша жауапкершілігі жоғарғы лауазымға тағайындайды.

   Британ дипломатиялық  қызметінің БҰҰ-на назары, Ұлыбританияның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүше болғандығымен түсіндіріледі. Ұлыбритания бейбітшілікті сақтау, нығайту іс-шараларына белсене қатысады және БҰҰ-ның шеңберінде өтетін жаһандық және аймақтық мәселелерді шешуде қызығушылық білдіреді. БҰҰ-дағы британ дипломатиясының қызметі БҰҰ-ның мамандандырылған бағыты мен бірнеше секторы бойынша Форин офистің БҰҰ департаментімен атқарылады. Департаменттің қызметкерлері ретінде халықаралық ұйымдарда қызмет атқарған біліктілігі мен тәжірибесі бар тұлғалар тағайындалады. 70-жылдардың соңында және 80 жылдары оның қызметкерлері Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметінің механизмін  жетілдіруде бірқатар ұсыныстар жасаған болатын [7,с.159].  Мысалға, қарулы қақтығыстардың алғышарттарын болдырмау шаралары, Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері мен сыртқы істер министрлері арасындағы консультацияны қарастыру. Тұрақты жұмыс істейтін «әлемнің ең қауіпті нүктелерінде» болған  «БҰҰ-ның  елшілері» институтын құру проектісін айта кеткен жөн [7,с.159-160].

  Форин офистің  штаттық тізіміне, сонымен қатар Британ Кеңесінің көпшілік бөлігі және БИ-БИ-СИ халықаралық қызметі енеді. Олардың қызметі негізінен Сыртқы істер министрлігі бөліп отырған бюджетпен қаржыландырылады. Ұлыбританияның дипломатиялық аппараты қызметінің шығындарының барлығы (ақпараттық-тарату жұмысы, «мәдени дипломатия», халықаралық ұйымдардағы өкілдікті қамтамасыз ету, үкіметтік емес ұйымдарға гранттар және т.б.),  (1997 жылы) 1,1 млрд фунт стерлингті құрады, яғни бюджеттің шығын көлемінің 0,3 пайызын ғана құрады (бұл көрсеткіш АҚШ-та 1 пайыздан көбірек) [1,с.28]. 

    90-жылдары дипломатиялық  қызметті құрылымдық және кадрлық  модернизациялауды 60-80 жылдардағыдай  парламенттік және үкіметтік  комиссия емес, өздері ұсыныс  жасайтын болды [1,с.26].  Кәсіби дипломатиялық қызметтің өзгешелігін 1994 жылғы үкіметтің Ақ кітабында мемлекеттік басқару сұрақтары бойынша былай делінген: «Дипломатиялық қызмет - өзінің арнайы қажеттілігі және ұйымдастырылуы бар, мемлекеттік қызметтің жеке бөлігі» [6,с.7-8].

   Форин офистің  және шетел мекемелеріндегі жұмыс атқару принципінің негізі – мәселелер мен сұрақтарды мүмкіндігінше төменгі деңгейде қызметінде шешу. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, мәселелердің 80-90 пайызы департаменттер деңгейінде министрлердің орынбасарларына жеткізілмей шешіледі. Соңғыларына аса маңызды істер жайында ғана хабарлайды [1,с.28с].

  Министрлердің орынбасарлары  арасында келіспеушіліктер туындаған  жағдайда, арбитр рөлінде тұрақты  орынбасар болады. Мемлекеттік маңызды  жағдайларда, мемлекеттің қауіпсіздік  мүдделеріне қатысты болса ғана (мысалға, 1982 жылғы Флокленд дағдарысы) Сыртқы істер министрлігінің саяси жетекшілері, сонымен қатар министрдің өзі де қосылады. Қалған жағдайларда министр, оның кабинеті кәсіби дипломатиялық аппараттың қызметкерлеінің ұсыныстары мен ойларына жүгінеді. Осындай жағдайда, оның сыртқы істердегі рөлі сөзсіз өте жоғары болып келеді.

 

 

Форин офис мекемесі

 

 

    Ұлыбританияның  дипломатиялық мекемесі дәстүрлі  функцияларды, үкіметаралық саяси  келісімдерді ғана жүргізумен  шектелмейді, сонымен қатар мәдени байланыстар сферасына қатысты, халықаралық ақпарат, шет мемлекеттерге көмек көрсету, саяси іссапарлар жүргізу қызметтерін атқарады. Көпшілік мемлекеттерде мұндай қызметтер жеке мекемелерге тапсырылған.

   Ұлыбританияның  дипломатиялық қызметі - британ үкіметінің шетелдердегі уәкілі болып табылады. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңдағы дипломатиялық қызметте әлемнің 170-тен аса мемлекеттерінде қызмет атқаратын 14400 қызметкерден құралған. Жұмыс күшінің үштен бір бөлігі британдық мемлекеттік қызметкерлерінен және үштен екі бөлігі жергілікті масштабтағы елшіліктер мен қызметкерліктерінде жұмыс атқарады [6].

   Өз уақытында  В.И.Ленин ағылшын үкіметі «жоғары  тәжірибелі буржуазиялық дипломаттардың»  қызметін қолданғанын деп атап  өткен еді [7,с.8-9]. Ұлыбританияның Сыртқы және одақ істері министрлігі (Форин офис) шетел дипломатиялық өкілдіктерімен біріге отырып, мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бағытын анықтауда және дәстүрлі шешуші рольге ие болуын сақтап отыр.

   Ұлыбританияның  дипломатиялық қызметі елдің мүддесін қорғау және дамыту мақсатында бүкіл әлемдегі жаһандық офистер (Елішіліктер, Жоғарғы комиссилар мен Консулдықтар) жүйесімен қызмет атқарады [6].

Қорытындылай келе ағылшын  дипломатиясын қазіргі таңда  халықаралық қатынаста маңызды  ролге ие және дипломатиялық қатынастың озық үлгісін көрсете білген мемлекет. Оған дәлел Ұлыбританияның 182 шетелде 300-ден аса дипломатиялық және консулдық мекемелерін ұстауы. Ұлыбритания дипломатиясы дипломаттарға деген жоғары талаппен ерекшеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Дипломатиялық  кадрлар дайындау, іріктеу және  оларға қойылатын талаптар

 

   Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттік аппаратты демократизациялау процесі басталып, алғашқы кезекте, оның әлеуметтік базасын кеңейтуі кадрлық дипломатиялық қызметке әсер етті. Нәтижесінде бүгінгі күні қызметке алынатын дипломаттардың тек қана үштен бірі ғана – Оксфорд пен Кэмбридж колледждерінің түлектері (жарты ғасыр бұрын олардың үлесі 90-95 пайызды құраған болатын). 1995 жылы қызметке қабылданған әйелд  адамдардың саны алғаш рет ер адамдардың санынан басымырақ түседі. Бүгінгі күні британдық кәсіби диплолматтардың төрттен бірі - әйел адамдар, олардың ішінде – 9 елші. Осыған қарамастан, XX ғасырдың басында қалыптасқан   дипломатиялық кадрларды іріктеу, дайындауға қойылатын талаптар қатты өзгеріске ұшырамаған [1,с.28-29]. 1917 жылдың өзінде Э.Сатоу қысқа анықтама берген: дипломат «білімді джентельмен» болуы керек. Ал қазір бұл анықтамаға – «білімді леди»-ді қоссақ болады. Жоғарыда атап өткен критерий қазірдің өзінде өз күшін жоғалтқан жоқ [1,с.29]. 

   Классикалық үлгідегі  саясаттанушылық, құқықтық және  жалпыгуманитарлық дайындық, тәрбиелілік  пен жақсы мәнерлер, психиканың  орнықтылығы – дипломатиялық  қызметтің лауазымына үміткерлерге  қойылатын ең басты талаптар  [8,с.495]. 

  Білімді және қабілетті  тұлға, британдық мамандардың  ойынша (мысалға, алдыңғы уақыттағы Ұлыбританияның БҰҰ бас пәтері Женевадағы өкілі Питер Маршалл), «өзінің үлкен әріптестерін бақылай отырып өзіндік жеке тәжірибе жинай алады» және қызмет кезінде арнайы, кәсіби біліктілікті де қалыптастыра алады [1,с.29].   Осы тұжырымдарға сүйене отырып, кәнігі британдық дипломатияның жетекшілері дипломатиялық кадрларға арнайы университеттерде және университеттен кейін дайындық жүргізудің қажет емес екендігін айтады. Қызметте жүріп, кәсіптің «даналығын» игере алатын кадрларды анықтау мақсатында Ұлыбртанияда 40-жылдардың соңынан конкурстық жүйе қалыптасып, қазіргі күні де бұл жүйе сақталып отыр. Соңғы ақпаратттарға сүйенсек, жоғарғы дәрежелі қызметке үміткерлердің сан бір орынға 120 адамды құраса, ал басқа – «орындаушы» дәрежесіне – бір орынға 86 адамды құрады [1,с.29-30]. 

  Кадрлық дипломатиялық  персонал 2 негізгі разрядқа (санат)бөлінген:

  1. «А» - басқарушылық санаты. Осы санаттағы қызметкерлердің жұмысының негізгі бағыты саясат талдау болып табылады. Олар шетел өкілдіктеріне 3-ші және 2-ші хатшы лауазымына ие болады. «А» санатындағы қызметкерлер өздерінің «Е» санатындағы әріптестеріне қарағанда қызмет баспалдағымен жылдам көтеріледі. Бұл санатты Ұлыбританияның басым көпшілігін Форин офистің елшілері мен мен кәсіпқой жетекшілері құрайды. 
  2. «Е» - орындаушылық санаты. Бұл санаттағы қызметкерлер негізінен консулдықдықтарда, ақпаратты анықтау, сауда-экономикалық, мәдени және басқа да қызмет бағытында, «жоғары саясатқа» қатысты емес жұмыстармен айналысады. Төменгі дәрежеден жоғары дәрежеге көтерілуі қызметінің орта тұсында (5-деңгейдегі қызмет рангісі) болады [8,с.495]. 

Басқарушылық санаттағы дәрежелі қызметке қабылдану үшін, үміткер конкурстық сындар жүйесінен өтуі тиіс (жыл сайын 205 мың үміткерлердің ішінен 23-25-і ған қабылданады). [1,с.30].  Конкурс Сыртқы істер министрлігінің жоғарғы буыны мен шетел жоғарғы оқу орындарынан шенеуніктерінің қатысуымен Азаматтық (мемлекеттік) Іріктеу Комиссиясының ұйымдастырылуымен және ашылуымен жүргізіледі. Үміткер комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:

  1. британдық азаматтық туралы;
  2. оқу орындарынан кепілгерлік;
  3. үміткердің қалауымен басқа да құжат түрлері [8,с.496]. 

Информация о работе Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы