Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 18:47, курсовая работа
Әлемдік дипломатиялық тәжірибеге британдық дипломатиялық қызметтің қосқан үлесі өлшеусіз. Ұлыбританияның өзге мемлекеттермен қарым-қатынасының өсуі белгілі бір ретте халықаралық байланыстар орнату және осы қызметті атқаратын кәсіби қызметкерлерден тұратын тұрақты аппарат құру қажеттілігі туындады. Бұл аппарат дипломатиялық қызмет немесе шетел қызметі деп аталған. Ұлыбританияның дипломатиялық қызметте өте ауқымды тәжірибесі бар ел. Британ дипломатиясы мен дипломатиялық қызметінің тарихы шетелдермен сауда қарым-қатынасын орнату мақсатында 1303 жылғы Көпес хартиясын қабылдаудан бастау алады.
Кіріспе
1. Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы
1.1. Англиядағы дипломатиялық қызметтің пайда болуы және дамуы.....6
1.2. Джордж Каннинг – саяси қайраткер, сыртқы істер министрі..............11
1.3. Форин офис құрылымы және қызметі...................................................13
2. Англияның дипломатиялық қызметінің және сыртқы саясатының жүйесі
2.1. Қазіргі уақыттағы Англияның дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері...................................................................................................20
2.2. Дипломатиялық кадрларды дайындау, іріктеу және оларға қойылатын талаптар...........................................................................................................24
Қорытынды.....................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................33
Келесі ғасырдың бірінші онжылдығында Форин офистің кәсіби буынының деңгейі беки түседі. 1906 жылғы административтік реформа бойынша министрдің орынбасары Ч.Хардиндж және оның жолын жалғастырушылар осы қызметті атқара отырып, министрдің және үкіметтің атына, СІМ-нің бөлімшелерінен және шетелмекемелерінен келген барлық құжаттарды қарауға құқық алған болатын [1,с.23]. Тек қана қарап шығуға ғана емес, сонымен қатар өздерінің ойларын, ұсыныстарын және бағаларын бере алатын болды. Осылай кәсіби дипломатиялық қызметкерлер өзінің басшысы арқылы сыртқы істер мәселелеріне бастапқы кезеңдерінде дайындалуына және құрылуына ықпал ете алатын болды. Э.Грейден (1905-19165жж.) бастап бірде-бір сыртқы істер министрі, өзінің саяси ықпалы қаншама күшті болғанымен кадрлық дипломаттар ойымен санасуына тура келді. Белгілі, Э.Грей кезінде орыс-ағылшын Антанта блогын құру идеясын министрге 1907 жылғы кадрлық дипломатиялық қызметтің басшысы Ч.Хардиндж және оның қызметкерлері ұсынған болатын. Жақындағы мысалға тоқталсақ – Форин офистің қызметкерлері Г.Вильсон үкіметіне 60-жылдарда АҚШ-қа Вьетнамдағы соғыста әскери көмек көрсетуді қажет емес деп ұсыныс айтқан, бұл ұсыныс өз кезегінде салмақты және қарапайым «Вьетнамдағы соғыс жеңіс таба алмайды» деген ойдан шықты. Дипломаттардың ұсынысы үкімет тарапынан қабылданады. Бірнеше онжылдықтан кейін кәсіби әрі білікті дипломаттардың үкіметке қысым жасауынан Ұлыбритания ЕО-қа (Еуро Одақ) және 1975 жылғы референдум батыс-еуропалық интеграцияға қосылуды қамтамасыз етті [7,с.91-97].
Ұлыбританияның дипломатиялық қызметінің ядросы - Форин офистің қызметтік шенеуніктері ғана емес, британ дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлері. Бір айта кететін жайт, Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейін Форин офис пен шетел дипломатиялық кадрлары бір-бірінен тәуелсіз, паралельді түрде өмір сүрді. Шетелдерде тұрақты өкілдіктердің құрылуы орталық дипломатиялық мекемелерден ертерек құрылды (ең алғашқы ағылшындық тұрақты елші – Джон Стайл VIII Генрихпен 1509 жылы испан королі Фердинанд тұсында тағайындалған). Тұрақты өкілдермен қатар XVII- XVIII ғасырларда және одан кейінгі уақыттарда да Ұлыбританияда дипломатиялық белсенділіктің деңгейін көрсететін шетелдерге көптеген төтенше дипломатиялық миссиялар жіберіліп отырған. Осылай, 1509-1688 жылдар аралығында шетелге әртүрлі категориялы 602-ден аса елшілер жіберілген екен [1,с.23-24].
Көпшілік елшілер өз миссияларын екі-үш реттен орындады, бұл өз кезегінде кәсібиліктің басталуының көрінісі. Дипломатиялық қызметтегілер «қызметтік баспалдақ» арқылы жоғары лауазым алуына мүмкіндік туындады. XVIII ғасырдың басында сол кезде қалыптасқан барлық рангтерден өткен елшілер де пайда болды (осындай елшілердің бірі – Ресейдегі I Петр тұсындағы бірінші тұрақты елші Ч.Витворт ). XVIII ғасырдың аяғына қарай 7 дипломатиялық ранг болды [1,с.24].
Басқару міндеттерінің
парламент пен үкімет арасында
бөлінуі, дипломатиялық
XIX ғасырдың екінші жартысына дейін, кіші қызметкерлерді елшілердің өзі және Форин офистің басшылары тағайындаған. 1856 жылдан бері үміткерлерге ауызша емтихан енгізілді. Ал 1906 жылы қабылдау емтихандары міндетті түрде, ауызша және жазбаша тапсырылатын болды. Жалпы конкурстық қабылдау ниет еткендер үшін (әйелдерден басқа) ашық болатын, бірақ мүлік цензі бұқара халықтың орта тап өкілдеріне (жылдық табыс мөлшері – 400 фунт стрелинг немесе 25-30 мың фунт қазіргі уақытпен салыстырғанда) дипломатиялық қызметке жолын жапты. 1919 жылы ғана, шетелдегі елшілерге жалақы төлеу басталғанда, мүліктік цензді алып, орта тап өкілдерін қызметке алу мүмкіндігі туды [1,с.24].
Құрылымдық жағынан Форин офис:
Ағылшындық Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) «пирамидасының» негізі болып – қарасытыратын мәселелеріне байланысты біріккен департаменттер (1997 жылы 71 департамент) және одан үлкенірек бөлімдер – директориаттар (жалпы саны - 13) болып табылады. Егер Форин офистің кәсіби және саяси жетекшілерін британдық дипломатиялық қыметтің шыңы деп атасақ, онда оның қуатты негізі болып департаменттер болып табылады. Департаменттерде күнделікті дипломатиялық жұмыстың негізі көлемі орындалады. Ағылшындық Сыртқы істер министрлігінің ерекшеліктеріне олардың көптігі жатады. 70-жылдары департаменттердің саны 70 жетсе, ал 1985 жылы – 64 жетті [7,с.153].
80-жылдардың екінші жартысында бөлімдер территориялық (географиялық) – 21. функционалдық (халықаралық ұйымдармен байланысты, ақпараттандыру және мәдени байланыстар, консулдық сұрақтармен және т.б. айналысатын) -31, административтік және шаруашылық – 12 болып бөлінге болатын. Бөлімдердің үштен бір бөлігі саяси-географиялық сипатта болды. Аймақ бойынша бөлу келесідей болды:
- 11 бөлім – Азия және Африка;
- 3 бөлім – Солтүстік Америка және Батыс Еуропа;
- 2 бөлім – Кеңес Одағы мен еуропадағы социалистік елдер істерімен айналысқан. Бұдан басқа 3 бөлім Орталық және Оңтүстік Америка істеріне жауапты болды. Сонымен бірге, Ирландия, Гонконг және Фолкленд (Мальвин) аралдары істерімен айналысатын жеке департаменттер бөлінді. Форин офистің бөлім қызметкерлері шетелдерімен екіжақты қатынаста жұмыс атқарады. Олардың қызметіне: ағымдағы ақпаратты бағалау және қарастыру; екіжақты саяси қатынастардағы мәселелер бойынша ұсыныстарды құру; дипломатиялық хат алмасу ісін жүргізу және т.б.
Форин офистің жергілікті
бөлімдері шетел
Ағылшын дипломатиялық
қызметінің ардагерлері,
Форин офистің бөлімдерінің жағдайы аса жоғары емес. Олар кеңесші дәрежесіндегі дипломаттармен басқарылады. У.Уоллес айтпақшы, тек қана Сыртқы істер министрлігі ғана емес, Уайтхолдың басқа да мекемелері «барлық сұрақтарды барынша төменгі деңгейде, бөлім деңгейлерінде шешуге тырысады» [7,с.154-155]. Неғұрлым сұрақтар бөлім деңгейінде шешілсе, соғұрлым Форин офис жетекшілерінің аса маңызды сұрақтарды шешуге баса назар аударады. Бұл принциптің қолданылуын мақұлдауға болар еді, егер шынайы практикада Форин офис дипломаттарға қажет емес шешімді қабылдау үшін, әлде ол туралы басшылыққа хабарламау үшін қолданбағанда.
Территориялық бөлімдер – Форин офистің анағұрлым тұрақты буыны болып табылады. Елтану бағытындағы кадрларды дайындау және іріктеу жүйесі жалпы өзін ақтап шықты деп айтуға болады. Мамандардың айтуынша, әртүрлі аймақтарда кадрларды дайындау теңдәрежеде емес дейді [7,с.155]. 1975 жылы Форин офисте 182 арабтанушы, яғни территориалдық бөлім қызметкерлерінің жартысына сәйкес келеді. Арабтанушылардың көпшілігін қызметтік бөлімдерге және халықаралық ұйымдардағы қызметтерге бағыттады. Сонымен бірге латынамерикантанушылардың саны территориялдық бөлімдер үшін және сәйкес елдердегі елшіліктер үшін тым аз болды. Данкеннің баяндамасын талқылау кезінде мамандар, кәсіби дипломаттар өздері жаһандық сипаттағы зерттеген оқиғаларды байланыстыра алмайды деген қорытындыға келді. Форин офистің «кең бағыттағы мамандар» [7,с.156] бағдары да сынға түсті.
Дәл Форин офистің
территориалдық бөлімінде
Егер территориалдық
бөлімдер Ұлыбританияның
1973 жылы функционалдық
бөлім қызметкерлерінің саны
территориалдық қызметкерлер
Халықаралық ұйымдармен айналысатын бөлімдердің ішінде 70-жылдары құрылған қоршаған ортаны қорғау, әлемдік теңіз және азаматтық авиация жатады. Бөлімнің қызметіне халықаралық ынтымақтастық саяси бағыттарын қарастырады, ал ғылыми-техникалық сұрақтар бойынша Уайтхоллдың басқа мекемесі айналысады.
Кәсіби дипломаттардың ішінде, мысалға Р.Уэйд-Гери функционалды бөлімдердің тым көптігін және оларды территориалдық бөлімдерге қайта құру қажеттігін, сонымен қатар олардың қызметін бекіте түсу ойын айтады [7,с.161-162].
Орталық дипломатиялық мекемені экономика саласында белсенді істерге бағыттай отырып, Форин офис басшылары сауда-экономикалық қарым-қатынастарды британ ықпалының беки түсуінің бірден-бір жолы деп түсінеді. Форин офистің анықтама қағазында сыртқы экономика саласында дипломатиялық қызмет 3 негізгі мақсатты көздейді. Олар:
Форин офистің экономикалық бөлімдері тар мамандандырылған. Арнайы сауда қарым-қатынастары мен экспорт туралы бөлім, валюта-қаржылық қатынастар бойынша, батысеуропалық интеграция туралы екі бөлім, энергетикалық ресурстар туралы бөлім және ғылым мен ғарыш туралы бөлімдер бар.
Экономикалық бөлімдер жұмысының жетекші формасы – ағылшын дипломатиялық өкілдіктерінен келетін ақпарат пен анықтамаларды жинау, өңдеу және талдау жасау. Жыл сайын Форин офис экономикалық сұрақтардың сан түріне байланысты 50 мыңнан астам хабарлама алады [7,с.157]. Сауда министрлігі арқылы өңделген ақпарат - британ өндірісінің Конфедерациясынан және басқа да мекемелер мен ұйымдардан ағылшын компанияларына жеткізіледі. «Бізде бір әлде екінші тауарды сататын қажетті біліктілік жоқ, бірақ біз британ экспортерларына көмектесе алатын қызмет көрсете аламыз», - деді Форин офистің өкілі парламенттік тыңдау барысында.
Сауда-экономикалық
бөлім қызметкерлері үшін
XX ғасырдағы
екі дүниежүзілік соғыс
Информация о работе Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы