АЙналым активтері мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 08:21, курсовая работа

Описание работы

Айналым активтерін басқару саясаты кәсіпорынның айналым активтерінің қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары.

Содержание работы

Кіріспе ............................................................3
1 Тарау. Айналым құрылымының экономикалық мазмұны мен негіздері ....5
1.1 Кәсіпорынның айналым активтерінің экономикалық мәні
мен жіктелуі .......................................................................................5
Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің
түзілу көздері .......................................................................................10
Фирманың ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерін басқару
саясатының негізгі түрлерінің сыныптамасы ............................................14
2 Тарау. Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді міндеттемелерінің тиімділігін талдау .................................23
2.1. ЖШС «Смактың» айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау.....................................23
2.2. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін қарастыру.........................35 Тарау. Айналым капиталын басқару .....................................................................45
Қорытынды.....................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................70

Файлы: 1 файл

сакымзада.doc

— 539.00 Кб (Скачать файл)

Кәсіпорындарға инвестициялық салық несиелері мемлекеттік билік органдарымен беріледі. Ол бойынша кәсіпорынның салық төлемдерінің уақыты шегеріледі. Инвестициялық салық несиесін алу үшін кәсіпорын өзінің тіркелген жеріндегі салық органдарымен несие келісім шартын жасасады.

Жұмысшылардың инвестициялық  жарнасы (салымы) — бұл жұмысшының экономикалық субъектінің дамуына деген белгілі бір пайызға төленген ақшалай жарнасы. Тараптардың пайдасы келісім шартпен немесе инвестициялық салымдар туралы ережелермен рәсімделеді.  Кәсіпорынның  айналым  құралдарына деген сұранысы айналымға қарыздық бағалы қағаздар мен облигацияларды шығару арқылы өтеле алады. Облигация облигацияны ұстаушы мен құжатты эммитациялаған тұлға арасындағы қатынасты растайды.

Айналым құралдарын түзудің  тағы бір көзі тартылған қаржылар болып табылады. Бұл топқа тозу (амортизация) қоры, жөндеу қоры, алдағы төлемдер резерві, қаржы резерві, сыйақы және қайырымдылық қорлары және т.б. жатады. Осы қорлардың барлығы және кәсіпорынның резервтері белгіленген уақытта өзінің мақсатты бағытында қолданылады. Яғни айналым құралдарын жабудың көздері ретінде айналымға тартылуы тиіс. Кредиторлық қарыздар әдетте басқа кәсіпорындардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың қаржыларын кәсіпорынның айналымына жоспардан тыс тартуға жатады. Мұндай тартылған қаржыларды шоттарды және міндеттемелерді төлеу мерзімі аясында пайдалану занды құбылыс болып табылады. Алайда көптеген жағдайда кредиторлық қарыздар есеп-төлем тәртіптерін бұзу нәтижесінде пайда болады. Осыған орай кәсіпорынның жеткізушілер алдында қабылданып алынған, бірақ ақшасы төленбеген тауарлы-материалдық құндылықтар үшін несиелік қарыздар пайда болады. Салық төлемдерінің уақытын кешіктіргені үшін салық органдарының алдында уақыты өткен қарыздар пайда болады.

Бюджеттен тыс қорларға жарнаны уақытында төлемеу және басқа төленбеген қаржылар кредиторлық қарыздардың пайда болуына әкеп соғады. Кредиторлық қарыздар, оны өтеудің көзі болғандықтан дебиторлық қарыздармен сабақтасып жатады.

Айналым құралдарының түзілуі, пайдаланылуы және ұйымдастырылуы өндіріс барысына, ағымдағы өндірістің және қаржы жоспарының орындалуына белсенді ықпал етеді. Айналым құралдарын ұйымдастыруға кіретіндер:

  1. Айналым құралдарының құрамы мен құрылымын анықтау;
  2. Айналым кұралдарына деген сұраныстарды айқындау;
  3. Айналым құралдарының түзілу көздерін аныктау;
  4. Айналым құралдарын басқару әрі бағыттау;
  5. Айналым құралдарының тиімді пайдаланылуына және сақталуына жауапкершілік

Өндіріс көлемін және өнімнің сатылуын ұлғайту, жаңа сату нарығын, яғни кәсіпорын капиталының айналым аумағын игеру айналым кұралдарымен жоспарлы, неғұрлым тиімді де үнемді жұмыс істеу арқылы, яғни айналым құралдарының неғұрлым аз мөлшерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Айналым   құралдарын   жоспарлау  мен  оларды  тиімді   пайдалануға  жауапты менеджерлердің басты міндеті де осы. Кәсіпорынның  айналым  құралдарына деген  сұранысы   көптеген  факторларға байланысты:

  • өндіріс және өткізу көлеміне;
  • бизнес түріне;
  • қызмет аумағына;
  • өндіріс циклінің ұзақтығына;
  • кәсіпорын капиталының құрылымына;
  • кәсіпорынның есеп саясаты мен есептесу жүйелеріне;
  • кәсіпорынның шаруашылық қызметін іс жүзівде несиелеу шарттарына;
  • материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне;
  • тұтынылатын шикізаттың түрлері мен құрылымдарына;
  • кәсіпорынның өндіріс көлемі мен өнімді сатудың өсу қарқынына;

- менеджерлер мен есепшілердің шеберлігіне және тағы басқа факторларға.

Кәсіпорынның айналым құралдарына деген сұранысын тура есептеуді айналым құралдарының өндіріс сферасы мен айналым сферасындағы болған уақытымен жүргізген жөн. Ол жоғарыда аталған факторларға байланысты. Мұны айналым құралдарының айналымдылығы мен пайдаланылу тиімділігін қарастыратын екінші тарауда қарастырамыз.

Қысқа мерзімді міндеттемелерге – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар жатады.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның даму қабілетіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің қарастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігін өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туындағанда ол банктің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз.

Қарыз негізінен келісім-шарттың  негізінде бір тарап (қарыз беруші) екінші бір тарапқа (қарыз алушыға) өзінің меншігіндегі мүлкін немесе ақшасын береді, ол кезде қарызды алушы жағы сонымен байланысты барлық міндеттемелерді орындауды өз міндетіне алады.

 

1.3. Фирманың ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерін  

      басқару саясатының негізгі түрлерінің сыныпттамасы

 

"Айналым капиталы" деген термин ақша қаражаты түріндегі немесе бір жыл, болмаса бір өндіріс циклі ішінде соған айналдырылған кәсіпорынның қозғалмалы активтеріне қатысты. Таза айналым капиталы ағымдағы активтер (айналым құралдары) мен ағымдағы міндеттемелер (қысқа мерзімді несиелер мен кредиторлық қарыздар) арасындағы айырмашылық ретінде анықталады және айналым активтері қаржының ұзақ мерзімді көздерінен қандай мөлшерде өтеліп жатқанын көрсетеді (1-сурет).

 


 



 


 

 

 


 

 

 

Сурет 1. Активтер мен оларды жабу көздерінің арасындағы өзара байланыстың логикасы

* Ескерту автордың құрастыруымен

 Айналым құралдары әржақты сипатталуы мумкін. Бірақ негізгі сипатамаларына олардың ликвидтілігі, көлемі және құрылымы жатады.

Өндіріс қызметі процесінде айналым құралдарының жеке элементтерінің тұрақты өзгеруі жүріп отырады3. Кәсіпорын шикізат пен материалдар сатып алады, өнім шығарады, сосын оны әдеттегідей несиеге сатады. Нәтижесінде дебиторлық қарыз пайда болады. Ол белгілі бір уақыт өткеннен кейін ақша қаражатына айналады (2-сурет).

                                                   Ақша қаражат


 

 

                  Дебиторлық   қарыз                                    Өндірістік                                    

                                                                                 материалдық запастар


 

                                                     Дайын өнім

Сурет 2. Ағымдағы активтердің айналысы

 

* Ескерту автордың құрастыруымен

Айналым активтерінің айналыс табиғаты айналым капиталдарын басқаруда негізгі мәнге ие. Ағымдағы активтер өтімділік дәрежесі, яғни олардың абсолютті өтімділікке ие ақша қаражаттарына ауыса алу қабілеті бойынша ажыратылады. Айналым құралдарының көлемі мен құрылымына келетін болсақ, олар көбінесе салалық қарастылығына байланысты анықталады. Мысалы, айналым сферасының кәсіпорындары тауарлы запастың жоғары үлес салмағына ие, қаржы корпорацияларында әдетте ақша каражаттарының көп мөлшері мен олардың эквиваленттері байқалады.

Айналым құралдарының көлемі өндіріс процесінің сұранысымен ғана емес, сонымен бірге кездейсоқ факторлармен де анықталады. Сондықтан айналым капиталын тұрақты және ауыспалы деп бөлу қарастырылған (3-сурет).

Тұрақты айналым капиталы (жүйелі бөлігі) — ағымдағы активтердің өндіріс қызметін іске асыруға қажетті минимумы.

Айналым капиталының  ауыспалы категориясы (немесе ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігі) науқан кезіндегі резервті капитал ретінде қажетті қосымша ағымдық активтерді көрсетеді.

Активтер Өзгермелі бөлік Барлық актив



Сурет 3. Кәсіпорынның активтерінің динамикалық қатарының

компоненттері

* Ескерту автордың құрастыруымен

Айналым капиталдарын басқару саясатының мақсатты бағыты ағымдағы активтердің көлемі мен құрылымын, оларды жабу көздері мен ұзақ мерзімді өндіріске және кәсіпорынның тиімді қаржы қызметіне жеткілікті олардың арасындағы қатынас арқылы анықтау болып табылады. Бұл факторлар мен нәтижелі көрсеткіштердің өзара байланысы көрнекті. Кредиторлар алдындағы міндеттемелерді үнемі орындамау экономикалық байланыстардың үзілуіне, осыдан шығатын көптеген салдарларға әкеп соғады.

Қалыптасқан мақсатты бағдар стратегиялық сипатқа  ие. Сонымен бірге ағымдағы қызметті басқаруды тиімді ететін айналым құралдарының мөлшерін қолдау да маңызды. Күнделікті қызмет тұрғысынан алғанда кәсіпорынның қаржы-шаруашылық сипаттамасының ең маңыздысы оның өтімділігі, яғни қысқа мерзімді кредиторлық қарыздарды уақытында жауып отыру қабілеті. Кез-келген кәсіпорын үшін өтімділіктің жеткілікті деңгейі шаруашылық қызметтің тұрақтылығының көрінісі. Өтімділікті жоғалту тек қана қосымша шығындар емес, сонымен бірге өндіріс процесінің ауық-ауық тоқтап қалуына да әкеп соғады. 4-суретте таза айналым капиталының жоғары және төмен деңгейдегі өтімділіктің қауіптілігі көрсетілген. Егер ақша қаражаты, дебиторлык қарыз және өндірістік-материалдық запастар салыстырмалы төмен жағдайда болса, онда төлем қабілетінің жоқтығы немесе рентабельді қызметті іске асыруға қажетгі қаржының жетіспеу ықтималдығы жоғары.

 

 

Қауіп деңгейі


 

 

 

 

 

 


                                                                Таза айналым  капиталының деңгейі

Төмен        Орташа Жоғары

 

Cурет 4. Айналым капиталының тәуекелі мен деңгейі

* Ескерту автордың құрастыруымен

Суретте көрсетілгендей, таза айналым капиталы көлемінің өсуімен өтімділік қаупі азаяды. Сөзсіз, өзара байланыс неғұрлым күрделі түрде. Өйткені өтімділік деңгейіне ағымдағы активтердің барлығы бірдей деңгейде әсер етпейді. Дегенмен, айналым құралдарын басқарудың өтімділікті жоғалту қаупін минимумға жеткізетін қарапайым вариантын жасауға болады: ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден қаншалықты асып тұрса, соншалықты қауіп аз; осылайша таза айналым капиталы өсіруге талпынуға болады.

Пайда мен  айналым капиталының деңгейі арасындағы тәуелділік түпкілікті басқа түрге жатады. (5-сурет).

Айналым капиталы төмен  дәрежеде болған жағдайда өндірістік қызмет қажетті деңгейде қолдау көрмейді, бұл – өтімділікті жоғалту ықтималдығы, жұмыстың ауық-ауық тоқтауы және пайданың төмендігі. Айналым капиталының бірқатар тиімді деңгейінде пайда максималды болады. Айналым құралдарыньң көлемін одан әрі жоғарылату кәсіпорынның құзырында уақытша бос, қозғалыссыз ағымдағы активтер болуына, сондай-ақ пайданы төмеңдететін қаржыландырудың артық шығындарына әкеліп соғады. Осыған орай айналым капиталдарын басқарудың өтімділік қаупін азайтуға байланысты жоғарыда қарастырылған варианты шындыққа жанаспайды.

 

                        Пайда

                   ТАК деңгейі


                     Төмен        Орташа      Жоғары

Cурет 5. Пайда мен айналым капиталының деңгейі арасындағы байланыс

* Ескерту автордың құрастыруымен

Осылайша айналым капиталдарын басқару саясаты ликвидтілікті  жоғалту қаупі мен жұмыстың тиімділігі ортасында ауызбірлікке табуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл екі маңызды міндетті шешуге мүмкіндік береді.

1. Төлем   қабілетін   қамтамасыз   ету.   Егер   кәсіпорын   шоттарын   төлеуге, міндеттемелерін орындауға қабілетсіз болса, мүмкін банкрот болғанын жарияласа, мұндай шарт жоқ деп есептеледі .

2. Активтердің қол жетерлік көлемін, құрылымын және тиімділігін қамтамасыз ету.  Әртүрлі ағымдағы активтердің әртүрлі деңгейі пайдаға әрқалай әсер ететіні белгілі. Мысалы, өндірістік-материалдық запастардың жоғары деңгейі сәйкесінше ағымдағы көп шығындарды қажет етеді. Мұндайда дайын өнімнің кең ассортименті сату көлемін көтеруге және кірісті ұлғайтуға әсер ете алады. Ақша қаражатының, дебиторлық қарыздар мен өндірістік запастардың деңгейіне байланысты әр шешім осы актив түрінің тиімділігі тұрғысынан да, сондай-ақ айналым құралдарының тиімді құрылымы жағынан да қарастырылуы тиіс.

Жоғарыда  көрсетілгендей, ағымдағы активтердің өтімділігі мен тиімділігі көп жағдайда таза айналым капиталының деңгейімен анықталады. Қысқа мерзімді қарыз негізгі құралдарды жабудың көзі бола алмайтынын ескерсек, көрсеткіштің бұл мәні нөлден белгілі бір максималды мәнге дейін М өзгеретіні белгілі. Көрсеткіш нөлдік мәнде болғанда «таза айналым» капиталының өтімділігін жоғалту қаупі неғұрлым жоғары мәнге жетеді; бұл көрсеткіштің өсуімен қауіп азаяды. Таза айналым капиталы максималды мәнге М теория түрінде қысқа мерзімді кредиторлық қарыз болмаған жағдайда жете алады. Бұл жағдайда М ағымдағы активтердің құнына тең, ал өтімділікті жоғалту қаупі нөлге тең.

Информация о работе АЙналым активтері мен түрлері