АЙналым активтері мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 08:21, курсовая работа

Описание работы

Айналым активтерін басқару саясаты кәсіпорынның айналым активтерінің қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары.

Содержание работы

Кіріспе ............................................................3
1 Тарау. Айналым құрылымының экономикалық мазмұны мен негіздері ....5
1.1 Кәсіпорынның айналым активтерінің экономикалық мәні
мен жіктелуі .......................................................................................5
Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің
түзілу көздері .......................................................................................10
Фирманың ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерін басқару
саясатының негізгі түрлерінің сыныптамасы ............................................14
2 Тарау. Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді міндеттемелерінің тиімділігін талдау .................................23
2.1. ЖШС «Смактың» айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау.....................................23
2.2. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін қарастыру.........................35 Тарау. Айналым капиталын басқару .....................................................................45
Қорытынды.....................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................70

Файлы: 1 файл

сакымзада.doc

— 539.00 Кб (Скачать файл)

 

   *"Смак" ЖШС есептік мәліметтері бойынша құрылды.

3-кестенің мәліметтері көрсетіп отырғандай, 2005 жылы кәсіпорынның ағымдағы активтері 2004 жылға қарағанда 38561 мың теңгеге төмендегені көрінеді, ал 2005 жылы олардың 2004 жылға қарағанда 215255 мың теңгеге немесе 52,98 пайызға өскеңдігін байқаймыз. Бұл ТМЗ-ның өсуімен байланысты, бұл өндіріс көлемінің біршама өскендігін көрсетеді. 1-кесте мәліметтеріне қарасақ, сатудан түскен түсім 148,48 пайызға өскен. Ол шығынның азаюына әкелген. Ағымдағы активтердің құрылымында ТМЗ-ға көп орын беріледі. Сонымен қатар ТМЗ-ның ағымдағы активтердің құрылымындағы үлес салмағының 2004 жылғы 66,8 пайыздан 2005 жылы 95,8 пайызға дейін артқаны байқалады. Дебиторлық қарыздар мен ақша каражаттары қарқыны тұрақты түрде төмендеп, ағымдағы активтер құрылымында аз ғана үлес алады — сәйкесінше 3 пайыз және 1,2 пайыз (01.01.04. мәліметтер бойынша). Айналым құралдарының құрамы деп өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларын құрайтын элементтер жиынтығын айтады. Яғни олардың жеке элементтер бойынша орналасуы. Айналым құралдарының құрамы мен құрылымы экономиканың әр саласында әр түрлі болып келеді. Олар өндірістік, экономикалық және ұйымдастырушылық белгілері бойынша көптеген факторлармен анықгалады.

Таза айналым капиталы дегеніміз ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы айырмашылық. Сондықтан оның компоненттерінің құрамындағы кез келген өзгеріс оның мөлшері мен сапасына тура немесе жанама әсер етеді. Әдетте, таза айналым капиталының қалыпты өсуі оң қарқын ретінде қарастырылады. Алайда басқа да жағдайлар болуы мүмкін. Таза айналым капиталын есептеу 4-кестеде берілген.

 

Кесте-4«Смак» ЖШС-інің таза айналым капиталы деңгейі (мың теңге)

Көрсеткіштер

 

2004 жылы

2005 жылы

Басы 

Соңы

Басы

Соңы

Ағымдағы актив 

444884

407093

407093

621579

Ағымдағы пассив

97082

105361

105361

302270

Таза айналым капиталы

347802

301732

301732

319309




 

Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, таза айналым  капиталы оң мәнге ие. Бұл субъектінің қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. 2005 жылға дейін таза айналым капиталының төмендеу қарқыны байқалады да, 2005 жылдың соңында оның көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 2,76 пайызға өскендігі көрінеді.

 

Кесте-5

Көрсеткіштері

Абсолютті көлемдер, мың  тг

Үлес, салмағы, %

Өзгерістер

01.01.04

01.01.05

01.01.04

01.01.05

Абс.көл

Үлес салмақ

%

Ақшалай қаражат

46742

13037

10,5

3,5

-33705

-7,3

87,4

Дебиторлық қарыз

100915

97109

22,7

23,9

-3806

+1,2

9,9

ТМЗ

297227

296177

66,8

72,9

-1050

+6,1

2,7

Барлық АА

444884

406323

100

100

-38561

0

100


 *"Смак" ЖШС есептік мәліметтері бойынша құрылды.

 

Айналым капиталының негізгі құрамдас бөлігі ретінде кәсіпорынның өндірістік запастарын қарастыруға болады. Олар өз кезегінде шикізат пен материалдар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім және басқа да запастардан кұралады. Кәсіпорын өз қаражатын запастар құруға жұмсайтын болғандықтан запастарды сақтаудың шығындары тек қана қойма шығындарымен ғана байланысты емес, сонымен бірге тауардың бүлінуі мен ескіруіне де байланысты.

Көптеген кәсіпорындар запастарды құру мұндай кәсіпорынға тән капиталды салымдарының қауіптілігіндей деңгейде. Сондықтан сақтаудың шығынын есептегенде кәсіпорын капиталының орташа құнын алады.

Ағымдағы  активтердің белгілі бір түрін  белгілі бір мөлшерде сақтағаннан  болған экономикалық және ұйымдастырушылық-өндірістік нәтижелері осы актив түріне тән сипатта болады. Мысалы, дайын өнімнің көп запасы (алдағы үлкен сатылымға орай қарастырылған) сұраныс әдеттен тыс өсіп кеткенде өнім тапшылығының тумауына жәрдемдеседі. Осылайша шикізат пен материалдардың жеткілікті көп мөлшердегі запастары осындай запастардың өндіріс процесінің тоқтауынан немесе неғұрлым қымбат тұратын материал-алмастырғыштарды сатып алудан болатын жетіспеушілігі кезінде кәсіпорынды сақтап қалады. Шикізат пен материалдарды көп мөлшерде сатып алуға берілген үлкен тапсырыс әрине үлкен запастардың кұрылуына экеп соғады. Дегенмен егер кәсіпорын жеткізушілерден көп тапсырыс бергені үшін жеңілдіктерге, көтерме бағаға қол жеткізе алса мұндай тапсырысты жасауға әбден болады. Осындай себептерге байланысты кәсіпорында дайын өнімнің жеткілікті запасы болған жөн. Ол өндірісті неғүрлым ұзақ та үнемді басқаруға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде енді кәсіпорынның өзі, әдеттегідей, клиенттеріне жеңілдіктер бере алады. Қаржы менеджерінің міндеті — запастарды сақтаудың нәтижелері мен шығындарын шығарып, қалыпты балансты жасау.

Дебиторлық қарыз —  айналым капиталының маңызды  компоненті, бөлігі. Бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынға немесе мекемеге тауар сатқан кезде, оның ақшасы бірден төленеді деп үміттену міндетті емес. Жеткізілген тауарлар үшін төленбеген шоттар (немесе тапсырып алу шоттар) дебиторлык қарыздың көп бөлігін кұрайды.

Дебиторлық қарызға  тән элемент — маңызы бойынша  құнды қағазға жататын (коммерциялық құнды қағаздар) тапсырып алу векселі.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар. Ақша қаражаттарына кассадағы, есеп шоты мен депозиттік шоттардағы ақшалар жатады. Қысқа мерзімді салымдарды құрайтын бағалы қағаздарға: басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздары, мемлекеттік қазыналық билеттер, мемлекеттік облигациялар және жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар жатады.

Қаржы менеджері қолма-қол қаражат пен бағалы қағаздар арасында таңдау жасағанда өндіріс менеджері шешетіндей міндеттерді орындайды. Қандай жағдайда да ақша қаражатының үлкен қорын құрумен байланысты артықшылықтар болады. Олар қолда бар ақшаның түгесілу қаупін азайтады және заң тағайындаған уақыттан бұрын тарифті төлеу талабын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, уақытша бос, пайдаланылмай жатқан ақша қаражатын сақтаудың шығындары оларды бағалы қағаздарға қысқа мерзімді салу шығындарынан әлдеқайда жоғары. Мысалы, оларда шартты түрде мүмкін болған қысқа мерзімді инвестициялау кезінде алынбаған пайда түрінде қарастыруға болады. Осылайша қаржы менеджері ақша қаражаттарының тиімді запасының мәселесін шешуі керек болады.

Ағымдағы міндеттемелерге  қысқа мерзімді несиелер мен кредиторлық қарыздар жатады. Нарықтық экономика жағдайында несиелердің негізгі көздері коммерциялық банктер болып табылады. Әдеттегідей, банктер қарыз алушыдан оның сұрап отырған несиесінің тауарлы-материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуін құжатпен растауын талап етеді. Басқа вариант бойынша кәсіпорын өзінің дебиторлық қарыздарының бір бөлігін қаржы мекемесіне сатады да, оған қарыз міндеттемесі бойынша ақша алуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ кейбір кәсіпорындар өздерінің қысқа мерзімді қаржыландыруға қатысты проблемаларын өздерінің ағымдағы активтерін кепілге беру арқылы шешсе, кейбіреуі оның бір бөлігін сатуы да мүмкін. Кеңірек талдау жүргізу үшін барлық айналым активтерін тәуекел категориялары бойынша топтастырған жөн.

Мысалы, аяқталмаған өндіріс немесе алдағы кезеңдердің шығындарына қарағанда дебиторлық қарыздарды сатудың ықтималдығы анағұрлым жоғары. Мұндайда айналым құралдары түрлерінің пайдаланылу аймақтарын ескерген жөн. Бір ғана мақсатқа қолданылатын активтертің тәуекелі өте жоғары. Яғни көпмақсатты активтерге қарағанда сатылу ықтималдығы төмен. Жоғары тәуекел категориясына жататын активтерге неғұрлым қаржы көп салынса, соғұрлым кәсіпорынның өтімділігі төмен.

 

Кесте-6Ағымдағы активтердің тәуекел дәрежесі бойынша жіктелуі

Дәрежесі

Ағымдағы активтер тобы

Ең төменгі 

Қолма-қол ақша қаражаттары, оңай сатылатын қысқа мерзімді бағалы қағаздар.

Төменгі

Қалыпты қаржы жағдайындағы кәсіпорынның дебиторлық қарызы+қорлар (көп жатып қалғандарынан басқа) +сұранысқа ие, халық жаппай тұратын дайын өнім

Орташа 

Өндірістік – техникалық мақсаттағы өнім, аяқталмаған өндіріс, алдағы мезгіл шығындары.

Жоғары 

Кәсіпорынның ауыр жағдайдағы дебиторлық қарыздары, пайдаланудан  шығып қалған дайын өнім қорлары, көп жатып қалған қорлар, өтімділік  еместер.


*"Смак" ЖШС есептік мәліметтері бойынша құрылды.

Келтірілген талдаудың  дамуы үшін қиын сатылатын активтер мен активтердің жалпы көлемінің  қатынасының, сондай-ақ қиын сатылатын  және оңай сатылатын активтердің  өзгеру қарқынын бағалаған дұрыс. Осы айтылған қарқындардың өсуі өтімділіктің төмендегендігін көрсетеді.

Мұндай талдау жүргізген  кезде айналым құралдарындағы сатылатын және оңай сатылатын деп жіктеу тұрақты болмайтындығын естен шығармаған жөн. ол нақты экономикалық шарттардың өзгеруімен ауысып отырады. Мысалы, қамтамасыз ету тұрақсыз болғаңда және ақшасының құнсыздануы жалғасқанда кәсіпорындар ақша қаражаттарын өндірістік қорларға және тауарлы-материалдық құндылықтардың басқа түрлеріне салуға ынталы болуы мүмкін. Оған деген нарық бағасы тұрақты өсуде. Ол аталған топтың активтерін оңай өткізілетіндерге қосуға негіз болады.

Кәсіпорын балансындағы қиын өтетін активтердің көлемінің көптігінің бұдан да ауыр жағымсыз салдарлары болады. Өлі капитал деп аталатын бұл қаржы кәсіпорындағы құралдардың айналымдылығын тежейді. Нәтижесінде оның қызметінің тиімділігін  төмендетеді.   Біздің   кәсіпорындарда   көбінесе   рентабельділік   көрсеткіштерінің  құлдырауы көп жағдайда қиын өтетін активтердің барлығы мен үлесінің өсуімен анықталады.

Соңында, айналым құралдарының жеке элементтерінің құрамында көрінетін қиын өтетін активтер кәсіпорынның өтімділігінің шынайылығын бұрмалап көрсетеді. Бұл  оның басшылары мен іскер серіктестерін тура жолдан адастыруы мүмкін. Көптеген   кәсіпорындарда   тауарлы-материалдық   құндылықтардың   сақталуын қадағалаудың едәуір әлсіреуі жағдайды одан ары ұшықтыра түседі. Формалді түрде жүргізілген инвентаризация кәсіпорын басшысы мен бухгалтериясына материалдык құндылықтардың саны мен сақгалуының айқын бейнесін ашпайды. Егер қиын өтетін активтер айналым құралдарының көп бөлігін құрайтын болса, онда кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері тез арада қаржы жағдайы мен кәсіпорын жағдайын   тұрақтандыратын   шараларды   қарастыру   керек.   Ондай   шараларға мыналарды жатқызуға болады:

  • "төмен" сапалы активтерді анықтау үшін (тозған қондырғылар, көп жатып қалған материалдар;   қайтып   алынуы   мүмкін   емес   дебиторлық   қарыздар)   мүлік инвентаризациясын жүргізу жне кәсіпорын мүлкінің шынайы көлемін анықгау;
  • сатып алушылармен есеп айырысуды ұйымдастыруды жетілдіру (инфляция кезінде өнімді сатудың қолайлы жағдайын күтіп отырмай, оны тезірек өткізіп жіберген жөн);

- тауарлы-материалдық   құндылықтардың   шектен   тыс   қорларын   қысқарту, нәтижесінде шығатын ақша қаражаттарын қысқарту.

Айналым құралдарын ұйымдастыру олардың тиімділігін арттырудың жалпы кешенді проблемасында негіз қалаушы болып саналады.

Айналым құралдарының өндіріс пен айналымдағы тиімді қатынасын тағайындау өндірістік бағдарламаны орындауды қаржы құралдарымен қамтамасыз етуде маңызды  рөл атқарады. Сонымен бірге айналыс құралдарын пайдалану тиімділігін арттырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.

Мемлекет жүргізіп отырған қаржы саясаты кәсіорынның қалыпты өндірістік-қаржы қызметіне кедергі жасауы немесе серпіліс беруі мүмкін. Оның ішіне айналым құралдарын рационалды пайдалану да кіреді. Мемлекетгік салық саясаты мұнда басты рөл атқарады. Мысалы, бірқатар салықтарды (жұмыс, қызмет) өнімнің өзіндік құнына енгізу, қосымша құн салығын бюджетке төлеудің ерекшеліктері, пайда салығын аванспен төлеу кәсіпорынның айналым құралдарын өндірістік емес шығындарға жұмсауға жұмылдырады. Бұл кәсіпорындарды үлкен пайызбен қарыздар алуға, жоспардан тыс қаржы көздерін іздеуге, қаржы тәртібін бұзуға мәжбүрлейді. Айналым құралдарын басқа арнаға бұру олардың айналымдылығын тежейді, кәсіпорын жұмысының тиімділігін төмендетеді, оның қаржы жағдайын нашарлатады. Кәсіпорынның айналым құралдарын ұйымдастыру міндетті түрде олардың сақталуы мен тиімді пайдалануын жүйелі түрде бақылаумен іске асады. Бұған ревизиялар мен статистикалық мәліметтер, операциялық және бухгалтерлік есептер негізіндегі зерттеулерді жатқызуға болады. Бұны активтердің құрылымы мен құрамын адын-ала талдамай іске асыру мүмкін емес. Сондықтан оған ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Міндеттеме – бұл бір тұлғаның нақты әрекетпен басқа тұлғаның пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борыш қордың нақты әрекетіне мыналар жатады:

  • мүлікті беру;
  • жұмысты орындау;
  • ақша төлеу

және басқалар әйтпесе  бір әрекеттен бас тарту, ал несие  беруші борыш қорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.

Информация о работе АЙналым активтері мен түрлері