Аралық бақылауға арналған коллоквиум сұрақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 17:05, реферат

Описание работы

Дедукция-жалпы ережелердің негізінде жеке құбылыстар мен процестерді дәлелдеуге мүмкіндік беретін, ғылыми зерттеу әдісі.
Индукция– жалры ережелер мен принциптерді айқындауға мумкіндік беретін, жекеленген бөлек факторлардың негізінде жүргізілетін ғылыми зерттеу әдісі

Файлы: 1 файл

Аралық бақылауға арналған коллоквиум сұрақтары.docx

— 107.29 Кб (Скачать файл)

 

 

Экономикаға мемлекеттің араласуы қажет деп  санайтындар?

 

 

33. Классикалық саяси экономияның көрнекті өкілдері?

Классикалық саяси  экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер, Карл Маркс «Капитал») - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі  нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа  бөлу арқылы барлық экономикалық  құбылыстар да талданды. Қосымша  құнның теория  мағынасы  өндірісте  пролетариаттың қаналуы арқылы  көрініс тапты.

б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.

 

34. Егер тауарға деген сұраныс оның ұсынысынан көп болса, онда нарықта не байқалады?

1.Ұсыныс<  Сұраныс

1.Нарықта  өндірілетін өнімнің артық болуы

2.Ретсіз  бағаны жоғарлатудан

3.Өнімнің  сапасының жоғары болмауына байланысты

4.Ақшаның  аздығынан жетіспеушілінінен

 

35. Қажеттіліктер дегеніміз?

Экономикалық  қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері:

Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.

Екінші  реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.

Қанағаттандыру  түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.

Жеке  қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.

Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

 

36. Нарықтық экономиканың басты ерекшеліктері?

Нарықтық  экономика – шаруашылық шешімдерді әрбір экономикалық агенттер дербес қабылдайтын халық шаруашылығын ұйымдастыру жүйесі, еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке, жеке меншікке негізделеді.

  • Нарықтық экономика(араластан ерекшілігі) -  меншікке, бәсекеге негізделеді.

Нарықтық  экономикадағы мемлекеттің басты  мінеті – бизнес жүргізу және бәсекелестік үшін жағымды шаруашылық жағдайлар  тудыру

нарықтық  экономика  ресурстарды бөлуге,  немесе пайдаланудың тиімділігін жоғары деңгейде болуына ықпал етеді.

Нарықтық экомомикада  өндіріс пен тұтынуды кадағалайтын әкімшілік бақылау жоқ, оның қызметін бәсеке атқарады. Нарықтық экономика  жеке және қоғамдық мүдделердің үйлестігін туғызады. Бәсекелік нарықтық ортаның  өз пайдасын ұлғайтуды көздеген кәсіпорындар мен ресурстарды  сатушылар,   бір   мезетте,   әлдебір   көрінбейтін қолмен бағытталынып, мемлекеттік  немесе қоғамдық мүдделерді қамтамасыз етуге ықпал тудырады. Бәсекелестік тауар өндіріп, қызмет көрсету кезінде  фирмаларды ең тиімді технологиялық  үрдістерге өтуге итермелейді. Бәсекелестік рынокта фирманың ең тиімді технологияны пайдалану жөнінен артта қалуы  оның рыноктан ығыстырылуына әкеп соғады. Яғни, бәсекелестік жаңа технологияны пайдалану жөнінен кәсіпорындарды құлшындырып жібереді. Сол арқылы нарықтық жүйе шектеулі ресурстарды  тиімді бөлуге көмектеседі. Өйткені, нарықтық экономикада бәсеке тетігінің арқасында  ресурстар қоғам аса мұқтаж болып  отырған тауарлар мен қызметтерді  өндіруге бағытталынады. Бөлу тиімділігін  болжау экономистердің көпшілігін мынадай  ойға жетелейді: еркін рыноктың жұмыс  істеуіне мсмлекеттің араласуы кейбір жағдайларда ғана қажет болмаса, ұдайы араласуының керегі жоқ. Бәсекелік  нарықтық ортаны құру ресурстарды тиімді бөлу мен еркіндікке жеткізеді.

Нарықтық жүйе жағдайыңда материалдық  ресурстар үкіметтікі емес, жеке адамдар

 

37. Кәсіпкерлік ұғымының толық анықтамасы?

Кәсіпкер- иелігіндегі мүлікті т.б. заңды негізде пайдалану жөнінде өз бастамасымен шешімдер қабылауға және кез-келген  іс-қимылды жүзеге асыруға құқылы заңды ұйым немесе жеке азамат.

Кәсіпкерлік істі бастамас бұрын:

        1. Не өндіремін?
        2. Қалай өндіремін?
        3. Кім үшін өніремін?

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

  • Дербестік және тәуелсіздік;
  • Экономикалық ынталық;
  • Шарушылық тәуесел және жеке жауапкершілік;
  • Жаңашылдық, т.б.

 

 

38. Ұсынысқа әсер етуші факторлар

Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға  мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың  бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Ұсынысқа  бағадан басқа да бағасыз факторлар  әсерін тигізеді:

  1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.
  2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.
  3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.
  4. Келешекте инфляциялық және  тапшылық жағдайлардың  өзгерістерін күту.
  5. Бәсекенің деңгейі
  6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.
  7. Ұсынысқа  өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде  өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

 

39. Сұраныс көлемі азайғанда сұраныс қисығы калай жылжиды

Сұраныстың  қисық сызығы – сұраныстың өзгерістерін көрсететін кесте.

Сұраныстың қисығы

Сұраныс қисығының жылжуы

Р

 

 

 

    Р1                         А

 

   Ро                                       В

D

 

 

 

Q1Qо              Q

Р

 

 

 

                                                       D1

 

                                                     D  

 

Do                                         Q

Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің  өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді.

Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі,ол қисық сыздықтың  орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - жоғары (өсуі); солға – төменге (азаюы).





Сұраныс пен  ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне  қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара  өзгерістерден  туындайды

 

40. Экстенсивті және интенсивті ұлғаймалы ұдайы өндіріс

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің көбейтілген ауқымда қайталануы. Ол өзі үшке бөлінеді: интенсивті, экстенсивті, аралас.

    • Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы  арқылы дамиды.
    • Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.
    • Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

 

 

 

41. Негізгі капиталдың тозу түрлері

Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан кызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады.

Материалдық тозу мынадай жағдайларда орын алады:

  • жүмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;
  • табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде. Материалдық тозудың екі жағы болады:
  • техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;
  • құндық — құнның жаңа өнімге көшуі.

Моралдық тозу — бұл негізгі капиталдың,еңбек құралдарының құнының төмеңдеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы.

Моралдық  тозудың екі түрі болады:

  • еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;
  • құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі, рентабелділігі жоғары болады.

Аталған екі  жағдайдада негізгі капиталдың құны жойылады, төмендейді, өйткені еңбек құралдарының бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді (белгіленеді).

 

 

42. Кәсіпкерлік қабілет факторынан түсетін табыстың көзі?

Соңғы жылдары көптеген елдердің экономистер  өндіріс факторына кәсіпкерлік  қаблетті де жатқызды. Кәсіпкерлік қабілет - бұл барлық өндірісі факторларын тиімді пайдалануға қабілеті бар адам ресурстарының ерекшк түрі. Оған мынадай қасиеттер тән болуға тиіс.

1). Өндіріс факторларын дұрыс  үйлестіру мен келістіру үшін  оның білім деңгейі жоғары  болуы керек.

2). Дұрыс шешімдер қабылдай білуі  керек.

3). Жаңамалдыққа ұмтыла білуі  керек.

4). Тәуекелшіл болуы тиіс.

Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын  материалдық және материалдық  емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық  өндіріс болып табылады.  Материалдық  өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс  істеу үшін қажетті игіліктерді  өндіреді. Материалдық емес өндіріске  ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету  саласы жатады.

    Өндірістік бағдарламаны  жасағанда, онда толығымен өндірістік  қуаттылықты қолдану, жаңа ғылыми  жетістікті қолдану, шикізат және  материалдар шығыстары, энергия  және отын, өндірістің шығындарын  азайту және пайданы өсіру  көздері  қарастырылады.

Егер өндірістің бөлімшелерінің ұйымдастыру  типтері соғұрлым майда болса, ол келесі өндірістің технологиясы арқылы іске асады:

1.Құрылыс  алаңындағы құрылыс тәптіштерін  (детальдарын) монтажға дайындау, онда өндіріс құралдары, материалдар  және еңбек күші объектіге  тасымалданады.

2. Топтық өндіріс ағымдық және  цехтік өндірістің арасында аралық  формада болады. Осыған сәйкес  топтардың бірігуі өндірістік  қорлармен бір-бірін толықтырып  отырумен анықталады. 

3. Сериялық өндіріс ағымдықтың  өндірістің ерекше жағдайы болып  табылады. Технологиялық операциялар  өндірістік процеспен сәйкес  бөлінген, бірақ жұмысшы циклдарының  арасындағы байланыс жоқ.

 

43. Сұраныс дегеніміз?

Сұраныс – сатып алушының төлем қабілетімен қамтамасыз етілген, тауарларға және қызметтерге қажеттілік.

Сұраныс заңы – басқа шарттар тең болғанда төмен бағамен, жоғары бағамен салыстырғанда көбірек тауарлар сатуға болады.

Сұраныс инфляциясы – сұраныс жағындағы факторлар тудырған инфляция.

Сұраныс көлемі – сатып алушының тауарлардың осы көлемін сатып алуға дайын болуы.

Сұраныс функциясы – сұранысты белгілейтін, сатып алынған тауарлар көлемінің, оның бағасының және басқа факторлардың араларындағы өзара байланыс.

Сұраныстың  баға жөнінен икемділігі – баға бір пайызға өзгергенде, осы тауарға сұраныстың проценттік өзгерісі.

Сұраныстың  қисық сызығы – сұраныстың өзгерістерін көрсететін кесте.

Сұраныстың  табыс жөнінен икемділігі – табыс жөнінен өзгерістің проценттік көлемі – табыс өзгерісі 1 процентке болғанда осы тауарға сұраныстың процент өзгерісі.

Информация о работе Аралық бақылауға арналған коллоквиум сұрақтары