Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 20:14, курсовая работа
Бірінші тарауы: Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негіздері туралы жазылған. Екінші тарауы: «АКА» жшс қаржылық жағдайын талдау жайында түсіндіріледі.
Үшінші тарауы: «АКА» жшс-ның қаржыландыру қайнар көзін пайдалану тиімділігі мен жетілдіру жолдарына толығымен арналған.
КІРІСПЕ ...................................................................................................................4
1 КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУДЫҢ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ…..........................................................................................6
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты...............................6
1.2 Кәсіпорындар қаржысы түсінігі.....................................................................10
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқарудың ақпараттық негізі.......14
2 «АКА» ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАСҚАРУДЫН ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ.................................................................................................................21
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы.......................................21
2.2 Кәсіпорын қаржысының құралу көздері және құрылымы........................25
2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оған баға беру..........29
3 «АКА» ЖШС-НЫҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҚАЙНАР КӨЗІН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ....................................................32 3.1 Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің проблемалары.........................32 3.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары...........................33
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................39
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..............................
1 КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУДЫҢ
БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ….....................
1.1 Қаржылық жағдайдың
мәні және оны талдау мақсаты.......................
1.2 Кәсіпорындар қаржысы түсінігі......................
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқарудың ақпараттық негізі.......14
2 «АКА» ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫН БАСҚАРУДЫН ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ........................
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы,
басқару құрылымы......................
2.2 Кәсіпорын қаржысының
құралу көздері және құрылымы.........
2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оған баға беру..........29
3 «АКА» ЖШС-НЫҢ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҚАЙНАР КӨЗІН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ.......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған байланысты ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері маңызды болып отыр. Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының мәні жоғарлады.
Шаруашылық субъектілерінің қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ету шаруашылық қызметін экономикалық тұрғыдан сауатты басқаруды талап етеді, ал ол өз кезегінде шаруашылық қызметін талдаумен тығыз байланысты. Экономикалық талдау көмегімен кәсіпорын қызметінің нәтижесі мен оған әсер етуші факторлардың даму тенденциясы, өзгеру себептері жан-жақты терең талданады, басқарушылық жоспарлары мен шешімдері негізделеді, олардың орындалуына бақылау жүргізіледі, өндіріс тиімділігін арттыру резервтері анықталады.
Қаржылық және басқарушылық талдау бизнесте басқару шешімдерін қабылдаудың ғылыми базасы болып саналады. Басқару шешімдерін негіздеу үшін өндірістік және қаржылық тәуекел деңгейіне баға беріп, баламалы шешімдер арасынан кәсіпорын үшін ең ұтымдысын таңдай алу керек.
Курстық жұмыстың мақсаты – Корпорацияның қаржылық жағдайды талдаудың басқару әдістері мен “АКА” ЖШС-ның мысалында.
Зерттеу тақырыбының міндеті – Корпорацияның қаржылық жағдайды талдаудың басқару әдістері мен «АКА» ЖШС қаржылық жағдайын басқарудын әдістерін талдау және «АКА» ЖШС-ның қаржыландыру қайнар көзін пайдалану тиімділігі мен жетілдіру жолдары. Зерттеу объектісі – “АКА” ЖШС. Қазақстан республикасында бірінші, валюталық дағдарыстан кейін қызметін ауылшаруашлық өнім өндіруден бастаған шағын кәсіпорын. Қазіргі таңда жан-жақты өнім түрлерін өндіреді, тек қана өнім өндірумен айналыспайды, сонымен қатар қызмет көрсетумен айналысады. Он жылдың ішінде шағын кәсіпорыннан алуан түрлі өнім өндіретін, қызмет көрсететін қаржылық жағдайы тұрақты, өндірісті әрі қарай дамытуға қаржылық жағынан мүміншілігі өте зор серіктестікке айналды.
Курстық жұмыстың зерттеу дәрежесі. Қаржы ресурстарын құру көздерін қалыптасуын және оны пайдалануын талдаған кезде “АКА” ЖШС мәліметтері, оның ішінде бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп қолданылды.
Зерттеу әдістері – курстық жұмыста ғылыми абстракция, синтез, гипотеза, индукция, талдау және салыстырмалы трендтік талдау әдістері қолданылған.
Курстық жұмыстың құрылымы. курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен мәні, зеттеу әдістері қарастырылған.
Бірінші тарауы: Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негіздері туралы жазылған. Екінші тарауы: «АКА» жшс қаржылық жағдайын талдау жайында түсіндіріледі.
Үшінші тарауы: «АКА» жшс-ның қаржыландыру қайнар көзін пайдалану тиімділігі мен жетілдіру жолдарына толығымен арналған.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдгі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізу мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржылық ресурстарымен қамтамассыз етілуін көрсетеді.
«Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бұл – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын денгейде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,табысты өсіру негізінде қаржыны тарату,пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы».
Ал кәсіпорынның жалпы қржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамассыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайнда ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айрысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның әріқарай дамуы үшін барлық есеп айрысулар мен барлық міндеттерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңарту жәнеде әлеументтік клматты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:
- Пайд болу орнына дайланысты – ішкі және сыртқы;
- нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
- құбылыс бойынша – қарапайым және күрделі;
- әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынның еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады[1].
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс техналогиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы және құрылымы, олардың басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурстары, соның ішінде таза табыс қаншалықты көп болса, соншалықты өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе оны өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен техналогия, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкімінің салық және несие саясаты, кәсіпорын қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыру оның өз контрагенттері мен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өзжинақ қорын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күн ғана емес, болашақтада кәсіпорынның қажылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келеді, ал займ мерзімі біткен кезде – облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелерінеде қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктерде өз несиелері мен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда – қандай пайызбен және қандай мөлшерде деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғаты кәсіпорынмен келісімшартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдағы, салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқада міндеттерді уақытылы және толық төлей алады[1].
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастардағы потенциялын анықтайды, кәсіпорынның және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіорынның қаржылық жағдайының абьективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдауғ, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін ақтарады[2].
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұараққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұлыс басқарды. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықлың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы – дамуына кедергі жасап, басы артық қорлармен және резерфтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндетті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті реттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қкржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігі, кәсіпорынның сұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсалюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың денгейінің өзгеруіне әсер ететін факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақлылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғыни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдай кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қортындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жыйынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қорды құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсу мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және несие қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет ету мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерйиялық жақтары арасында тығыз байланысы пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметтің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштері мен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын оның өнімді сатуына, алын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажеткі денгейге сәйкестігіне және оның бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Информация о работе Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты