Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 20:14, курсовая работа

Описание работы

Бірінші тарауы: Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негіздері туралы жазылған. Екінші тарауы: «АКА» жшс қаржылық жағдайын талдау жайында түсіндіріледі.
Үшінші тарауы: «АКА» жшс-ның қаржыландыру қайнар көзін пайдалану тиімділігі мен жетілдіру жолдарына толығымен арналған.

Содержание работы

КІРІСПЕ ...................................................................................................................4

1 КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУДЫҢ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ…..........................................................................................6
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты...............................6
1.2 Кәсіпорындар қаржысы түсінігі.....................................................................10
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқарудың ақпараттық негізі.......14

2 «АКА» ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАСҚАРУДЫН ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ.................................................................................................................21
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы.......................................21
2.2 Кәсіпорын қаржысының құралу көздері және құрылымы........................25
2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оған баға беру..........29

3 «АКА» ЖШС-НЫҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҚАЙНАР КӨЗІН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ....................................................32 3.1 Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің проблемалары.........................32 3.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары...........................33

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................39

Файлы: 1 файл

Мазмұны.doc

— 255.50 Кб (Скачать файл)

      2008 - 5104,5 т

      2010 - 5168,2 т

      2012 - 2292,5 т

Кәсіпорынның  биды өңдеп  және өңдемей сатудағы қаржылық пайдасының айырмашылығы. Қазіргі  нарықтық бағамен  есепегенде. Нарықтық баға бойынша  бидайдың тоннасы 110 доллар.

Соңғы 4 жылдыа бидайдың орташа өнімділігі 1,0525 т/га тең. Мақсат бидайды өңдемей сатуға қарағанда оны өңдеп сатқаннан пайданың қаншалықты ұлғайатына көз жеткізу. Ол үшін  4 жылғы жалпы түсімді салыытыру керек. Онан 5 жылғы орташа мәліметтер пайдаланылады. Өнімді сатудан тускен табыс көлемінің қосындысы. Оның ішіне өңделген және өңдеуден өткізілмеген бидайды сатудан түскен табыс кіреді[16].

-      Өңделмеген  бидай саудасынан түскен табыс  - 51 067 178,00тг.(3222,4т)

-      Өңделген  бидайдан түскен табыс - 461 337 441,35 тг. (17915,5т)

Бидайды өткізу түріне байланысты табыстың өзгерісі. Бидайды өңдеп  ұнға айналдырып сатудан  табыстың сомасы  үлкен болады. Оны  өнімнің  орташа 4 жылдық бағасына қарап  білеміз.1т  өңделмеген бид. 4жылдағы  орт. бағ. – 16385 тг, 1т өңделген бид. 4 жылдағы орт. бағ – 29837,5тг.

 

4 жылдық жалпы өнімді  тек қана  өңдемей сатудан түсетін  табыс(тг)  = 4 жылдық жалпы өнім  көлемі(т) *  1т өңделмеген бидайдың  орташа  бағасы(тг).

4 жыл ЖӨ-і өңдемей  сатудан табыс(тг) = 21137,9*16385 = 346344491,5тг

4 жыл ЖӨ-і өңдеп  сатудан табыс(тг) = 21137,9*29837,5 = 630702091,3тг

Сандардың арасындағы айырмашылық, олардың процент  күйінде берілгенде анық байқалады:

- өңдеуден  түсетін  табыс(%) = 346344491,5 * 100/630702091,3 = 182,10%, яғни  бидайды өндіріс  орындарынан өткізіп өңдеп сатудан  тусетін табыс, өны өңдемей  сатудан түсетін табысқа қарағанда  1,8 есеге, немесе 82,1%-ке артық .

Кәсіпорын тауардға кеткен шығынды есепке алуға  көп көңіл  бөледі. Шығындар жіктелуі: өндіріске жтатын шығындар тура шығындар болып есептеледі, көмекші өндірістердің  шығындары және жанама шығындар.  Оларды жүйеге келтіріп, үнемі бақылудға  алып отырады.

Мемлекетке  салық  төлеу кәсіпорынның мемлекетпен  экономикалық қатынасының маңызды  бөлігі. Мемлекетке салық салу кәсіпорынның өнімдерндегі өзіндік құнның ішінде орын алады.

Содан кейін болашақ  кезеңдегі шығындар есептеледі, сатуға жарамсыз тауарларды есептелінеді. Содан кейін өндірістік шығындар түрлеріне байланысты есептелінеді, өнім, қызмет түрлеріне байланысты, шығынның өндіріске қатысты емес түрнлеріне байланысты және жалпы кәсіпорын  бойынша есепке алынады.

Дайын өнімге кеткен шығынды  есептеу кезінде  калькуляция  әдісін қолданады. Өнімнің  өзіндік  құнын шығару шығындардың  алгебралық қосындысын табу арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіпорын заңды тұлға  ретінде өзіне  тиесілі салық  түрлерін төлуді жүзеге асырып отырады[17].

Серіктестіктің 2007-2008 ж.ж  қаржылық  жағдайы талданып жатқандықтан, сол кезеңдерде төленген салық  түрі :

- корпоративті табыс салығы;

- қосымша құн салығы;

- жер салығы;

- мүлік салығы;

- көлік салығы;

- әлеуметтік қатамасыз ету салығы;

- жер учасклерін пайдаланғаны үшін салық;

Төленген  салық түрлеріне  байланысты, яғни оларды өткен кезеңмен салыстыра  отырып Серіктестік жұмысың  даму қарқынына, яғни табыстылығының өзгерісіне баға береміз.

Ол  үшін кем дегенде  екі кезеңде  бюджетке төленген салық  және басқа да міндетті төлемдерінің ақша сомаларын жинастыру қажет.

Бұл жинақта серіктестіктің салық  және басқа да міндетті төлемдерінің  түрлері және олардың сомалары  жайлы толық ақпарат береді.

Ал кестені жинаудың басты  мақсаты кәсіпорын табысының  өткен кезеңмен салыстырғандағы  өзгерісі.

Кәсіпорын иелігіндегі  мүлік оның бухгалтерлік балансының активінде орын алады. Мүліктің жалпы сомасы айналымнан тыс және айналымдағы қаражаттың немесе ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтердің  қосындысынан тұрады[18].

Серіктестіктің  қысқа  мерзімді активтері бухгалтерлік баланстың  бірінші бөлімін құрайды. Оның құрамына ақша қаражаты, қысқа  мерзімді дебиторлық қарыздар, запастар, басқа қысқа  мерзімді активтер кіреді.

Ұзақ  мерзімді активтер бухгалтерлік баланстың  екінші бөлімін құрайды. Оның құрамына ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар, негізгі қаражаттар, биологиблық активтер, басқа ұзақ мерзімді активтер құрайды.

Сонымен қатар активтер монитарлы және монитарлы  емес деп  ажыратылады.

- Монитарлы  – ақша қаражаттары, қысқа  мерзімді қаржылық салымдары  жатады. Оларға қайта бағалау  жүргізілмейді.

- Монитарлы  емес – ақшалай күйде емес, бирақ ақшалай нақты құны бар  активтер жатады. Олардың нақты  құнын анықтау қайта бағалаудан  кейін ғана белгілі болады.Кәсіпорын мүлкінің құрылымын және өзгерісін талдау жүргізу үшін төмендегідей  аналитикалық кестелерді пайдалану керек:

Кестенің  негізгі  мақсаты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкінің активтерінің  құрылымын  ашып көрсету. Акивтердің, мүліктердің жалпалп баланстағы үлесн көрсету, кезең басымен  салыстырғанда кезең соңында  активтердің өзгерісін  көрсету. Қанша теңгеге өскенін немесе кемігенін көрсету. Сонымен қатар  оны пайыз түрінде жазу. Кәсіпорын  активтерді типіне қарай екі топқа  бөліп жіктеп жазамыз. Олардың баланстағы лесінтабу.

Кәсіпорын маңызды компоненттерінің бірі  ол кәсіпорынның мүлкі. Ол баланстың  Активінде орын алады.  Оларды типтеріне  қара жіктеп, кластарына байланысты  біріктіріп  жеке - жеке  ақша сомалары кестеде орын алады.

Ағымдағы  активтер жыл басымен салыстырғанда  жыл аяғында  50802,63 мың теңгеге  немесе 18,84  %-ға кеміген. Әсіресе Ақша қаражаты 14254,17 теңгеге немесе 91,95 %-ға кеміген. Ал ағымдағы активтердің ішіндегі “ағымдағы салықтық активтер” жерма есе жақын сомаға артқан. Немесе 1955,66 %-ға, яғни 5560,33 теңгеге артқан.

Айналымнан  тыс активтерде жыл басымени салыстырғанда 2,6 есеге, яғни 37,18 %-ға артқан. Кестеге қарасақ, жыл соңында ұзақ мерзімді активтердің барлық түрінің артқанын байқаймыз. Сның ішінде ерекше қарқынмен 97,76%-бен артқан “ басқа да ұзақ мерзімді активтер.

Өткен жылмен салыстырғанда  Серіктестіктің баланстағы акивтерінің  артуы оның “айналымнан тыс активтерінің”  артуымен байланысты. Айналымнан тыс  активтер  жыл басымен салыстырғанда 1350440,3 мың теңгеге немесе 37,18 %-ға артқан. Ал “айналымдағы активтер” (қысқа мерзімді активтер) жыл басымен салыстырғанда керісінше 50802,63 мың теңгеге немесе 18,84 %-ға кеміген. 2008 жыл Серіктестіктің баланстағы активтерінің жалпы сомасы  717108,15 мың теңгеге тең. Жыл басымен салыстырғанда ол 13,31 %-ға немесе 84241,4 мың теңгеге артқан[15].

Кәсіпорынның  жылдық пайдасы барлық жылдық кірістердің  жиынынан барлық жылдық шығындар айырмасы болып табылады. Сол шыстар өз кезегінде  түрлеріне байланысты топталады.

Солардың  ішіндегі өндірсті іске асыруға кеткен шығындардың орны бөлек. Себебі Кез келген қаржылық талдауда талданып отырған кәсіпорынның қаржыландыру көздерін е айрықша орын  береді. Оларға :

-  Сыртқы қаржыландыру  көздері;

Ішкі қаржыландыру көздері  жатады.

Ішкі  қаржыландыру көздерін ғана пайдаланатын кәсіпорындар өндірісті қарыздық капиталмен жүхзеге асырмайды. Өнімді өндіруге және өңдеуге өзінің қаражатын жұмсады;

Өнімді  өндіруге және өңдеуге өзінің ақша қорларын пайдаланатын, сонымен қатар  қарыз капиталын пайдаланатын  кәсіпорындар сыртқы қаржыландыру көздерін пайдаланатындардың қатарында. Сыртқы қаржыландыру көздеріне:

Банктерден алынаты  кредиттер;

ЗТ-дан алынатын ақша қаражаттары жатады;

Кәсіпорынға салынған инвестицияларды  т.б  жатқызамыз.

Серіктестіктің  айтып кететін ерекшелігі  бар. Кәсіпорын 10 жылдың ішінде 2 рет банктерден несие алған. Олар қысқа мерзімді несиелер болып табылады. Барлық несиелер уақытылы банктерге қайтарылған. Соңғы жылдарда өндірісті өзінің қаражатымен және серіктес Заңды тұлғалардан алған қарыз капиталымен жүзеге асырылып отыр.

“АКА” ЖШС-нің өндірісті  қаржыландыру көздері кестеде келтірілген.

Кәсіпорын өнірісті қаржыландырудың  сырқы  көздеріне Банктерден алынған  кредиттерді  пайдаланбағаны кестеде  көрсетілген. Сыртқы қаржыландыру көздеріне басқа  ЗТ алынған қарыздар ғана жатады. Олардың  жалпы өндірісті қаржыландырудағы үлесі 2007 жылы 6,38 %-ға, 2008 жылы 12,53 %-ға тең.

2008 жылы 2007 жылға қарағанда  жалпы  өндірісті қаржыландыру 71152,96 мың  теңгеге немесе 39,67 %-ға  артқан. Оның  ішінде кәсіпорынның  өзін өзі  қаржыландыру 2008 жылы 2007 жылға қарағанда  46006,89 мың теңгеге, басқаша сөзбен  айтқанда 30,49 %-ға арқан. Ал Заңды  тұлғалардан алған қарыз көздерінен  құралған қаржыландыру сомасы 25146,07 теңгеге, басқаша сөзбен айтқанда 174,45 %- ға өскен[19].

Сонымен, кәсіпорын  банктерден несие алуға мұқтаж емес. Өндірісін жүргізу үшін өзінің ақша қаражаты толықтай жеткілікті. Оны  келтірілген кестеде байқай алдық. Сонымен  қатар өскен жылдардағы статистика мәліметтері осыған дәлел  болып отыр. 

 

 

2.3  Кәсіпорынның қаржылық  жағдайын талдау  және оған баға  беру

 

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдау ушін келесі әдістер  пайдаланылады:

кәсіпорынның қаржылық жағдайын қазіргі заманға сай  және объективті түрде  бақылау. Яғни кәсіпорынның  осал тұстарын қарастыру, олардың пайда болу себептерін анықтау. Осал тұстарды жою жолдары.

қаржылық жағдайды жақасрту. Жақсарту жолдарын қарастыру. Оның  төлем қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру жолдары.

қаржылық өзгерістерді мүмкіндігінше болжау.

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдаудағы мәліметтер ткөзі  бухгелтерлік баланс болып  табылады.

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы тұрақты, тұрақсыз және кризистік  болу мүмкін. Кәісіпорынның  қаржылық төлемдерді уақытында жүргізу, өзін өзі уақытылы қаржыландырып  отыру мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының тұрақты екенін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның комерциялық  және қаржылық қызіметтерінің жоспарға сәйкес орындалуына байланысты.

Кәсіпорынның  қаржылқ  жағдайын талдау әдетте горизантальді  және вертикальді талдаудан басталады. 

Жинақталған бухгалтерлік балансты  сараптау кеінде 2008 жылы 2007 жылға қарағанда жалпы  активтер 71152,96 мың теңгеге немесе 39,67 %-ға артқан. Есепті кезең соңында, есепті кезеңнің басына қарағанда айналымнан тыс активтердің 1350440,3 мың теңгеге немесе 37,18 %-ға артқан. Ал айналымдақы қысқа мерзімді активтер 50802,63 мың теңгегн немесе 18,84 %-ға кеміген.

Жыл ссоңында  жыл басымен  салыстырғанда  пассивтегі жарғылық және резервті капиталдың мөлшері 57,83 %-ды құрайды. Ол жыл басымен  салыстырғанды 9831,9 мың теңгеге азайған. Бұл өзгеріс бөліндеген пайданың бір бөлігін өндіріске жұмсағаннан болғанын баланстан байқай аламыз.

Қысқа мерзімді міндеттемелердің  пассивтегі үлесі жыл басымен  салыстырғанда  айтарлықтай өзгермеген, ол 17,8 %-ды құрап  тұр. Бірақ жыл басымен салыстырғанда  ол 9,27 %-ға, яғни 10394,48 мың теңгеге  артқан. Пассивте ұзақ мерзімді активтер айтарлықтай өзгеріске ұшыраған, жыл басымен салыстырғанда ол 86,97 %-ға  артып, 83678,82 мың теңгеге артқан.

Қорыта  келгенд Кәсіпорынның есепті жылғы балансының  динамикасында  өткен жылмен салыстырғанда артулар  мен кемулер бар. Кемулер Айналымды активтерде және жарғылық, резервік капиталдардың сомаларында орын алған. Артуларға тоқталатын болсақ Ұзақ мерзімді активтер және қысқа, ұзақ мерзімді міндеттемелерде орын алған.

Жарғалық, резервтік капитал  міндеттемелердің 57,83 %- құрауы, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі  мен қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді. Жыл басымен салыстырғанда  жарғалық, резервтік капиталдың жалпы  міндеттемелрдегі үлесінің 67,08 %-дан    57,83 %-ға азайуы динамика қаржылық тұрақтылықтың  кемуін білдіреді, бірақ пайызды санға айналдырып қарасақ жыл соңындағы  жарғалық, резервтік капитал жыл басына қарағанда небәрі 9831,9 мың теңгеге кеміген. ( Қосымша 5)

Төлем қабітеттілік –  бұл кәсіпорынның өзіне алған  міндеттемелерін уақытылы жауып  отыру болып табылады[21].

Төлемқабілеттілікті талдауғ  кіреді:

- баланстың ликвидтілігін талдау

- ликвиттілік коэфиценттерін талдау.

Баланстың ликвидтілігі оның міндеттемелерін  активтерімен жабу мүмкіншілгімен анықталады.

Активтердің ликидтілігі  – активтердің  ақша қаражатына айалу  уқытымен, мөлшері  анықталады. , қысқа мерзімді қаржылық салымдар)-1248 мың тг

А2 – жылдам өтімді активтер (қысқа  мерзімді дебиторлық қарыздар)

-  қысқа мерзімді  дебиторлық қарыздар – 36231,7

А 3 - өтімділігі төмен  активтер (запастар, ҚҚС, ұзақ мерзімді деьиторлық қарыздар, басқа да айналымдағы  активтер) запастар –173873,2

басқа да айналымдағы  активтер – 1640 мың тг. ҚҚС – 5844,6

А4 – қиын өтімді активтер ( ұзақ мерзімді активтердің барлық түрлері ) - 498270,6

П1 – қысқа мерзімді міндеттемелер ( кредиторлық қарыздар) кредиторлық қарыздар – 115669,2

П2 – қысқа мерзімді пассивтер (қысқа  мерзімді кредиттертер мен қарыздар, қызметкерлермен есеп айырысу, басқа  да қысқа мер. активтер )

- басқа да қысқа мер. активтер – 5468,1

- міндетті және ерікті төлемдер – 1352,7

П3 – ұзақ мерзімді міндеттемелер (ұзақ мерзімді пассивтер, болашақтағы  табыс)

- Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар – 179888,6

Информация о работе Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты