Қазақстан Республикасының азаматтық заңы бойынша сақтандыру шартының құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2014 в 08:36, курсовая работа

Описание работы

Осы курстық жұмыста сақтандыру құқығы онда арнайы түсіндіруді талап ететін терминдердің елеулі қолданылатын құқықтық салалардың біріне жатады.Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 3, 4-баптарында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 817-820-баптарында және т.б. алылды.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
1. Сақтандыру туралы жалпы ережелер
1.1. Сақтандыру қызметінің түсінігі.....................................................................5
1.2. Сақтандыру қызметі саласындағы заңнамалар…………..……………..….8
1.3. Сақтандыру құқығының негізгі түсінігі.......................................................10
2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңы бойынша сақтандыру шартының құқықтық жағдайы
2.1. Сақтандыру шартының түсінігі мен нысаны...............................................21
2.2. Сақтандыру шартының элементтері.............................................................25
2.3. Сақтандыру шартының ерекшеліктері.........................................................42
2.4. Сақтандыру шартының күшінде болуы.......................................................45
3. Сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың тәртібі
Қорытынды..........................................................................................................49
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................51

Файлы: 1 файл

Сақтандыру.doc

— 298.00 Кб (Скачать файл)

 

 

                                                  Жоспар

 

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Сақтандыру туралы жалпы ережелер

1.1.  Сақтандыру қызметінің түсінігі.....................................................................5

1.2. Сақтандыру қызметі  саласындағы заңнамалар…………..……………..….8

1.3. Сақтандыру құқығының негізгі түсінігі.......................................................10

2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңы бойынша сақтандыру шартының құқықтық жағдайы

2.1. Сақтандыру шартының  түсінігі мен нысаны...............................................21

2.2. Сақтандыру шартының элементтері.............................................................25

2.3. Сақтандыру шартының ерекшеліктері.........................................................42

2.4. Сақтандыру шартының күшінде болуы.......................................................45

3. Сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың тәртібі

Қорытынды..........................................................................................................49

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................51

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Кіріспе

Осы курстық жұмыста сақтандыру құқығы онда арнайы түсіндіруді талап ететін терминдердің елеулі қолданылатын құқықтық салалардың біріне жатады.Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 3, 4-баптарында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 817-820-баптарында және т.б. алылды.

         Сақтандыру – сақтандыру шартымен анықталған, сақтандыру ұйымының жеке активтері есебімен тікелей сақтандыру төлемдерін қалыптастыратын сақтандыру жағдайы немесе басқа жағдайлардың пайда болуындағы  заңды және жеке тұлғалардың заңды қызығушылығын мүліктік қорғау жөнінде қатынастар кешенін ұсынады.   Сақтандыру қызметі – Қазақстан Республикасы Заң талаптарына сәйкес мемлекеттің өкілетті органының лицензиясы негізінде қалыптасатын сақтандыру шарттарын орындау және бекітумен байланысты сақтандыру ұйымдарының қызметі.         Осы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Олар:

І-бөлім. Сақтандыру.

ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының азаматтық заңы бойынша сақтандыру шарты туралы түсінік.

ІІІ-бөлім. Сақтандыру шартының жарамсыздығы

         Әрбір бөлімге қысқаша сипаттама  беретін болсақ І-бөлімде сақтандыру туралы жалпы түсінік беріліп, сақтандыру кластарының мәнін түсіндіреді. ІІ-бөлімде Сақтандыру шартының түсінігі мен нысаны, оның элементтері, ерекшеліктері баяндалады. ІІІ-бөлімде сақтандыру шартының жарамсыздығының екі жақты құқықтық салдарына жол бермеуге байланысты шаралар туралы баян етілген.

 Жалпы ереже бойынша сақтандыру  шарты жарамсыз деп танылса сақтандырушы сақтанушыға одан алынған сақтандыру сыйлықақыларын қайтаруға, ал сақтанушы сақтандырушыға алынған сақтандыру төлемдерін қайтаруға міндетті.  Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Осы Заңмен тікелей реттелген қатынастарды коспағанда, сақтандырудан туындайтын және өзге де заң актілерінің қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актілермен реттеледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Осы Заңмен реттелетін қатынастар.  Осы Заң кәсіпкерлiк қызмет түрі ретінде сақтандырудды жүзеге асырудың негізгi ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерiн құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметiн тоқтату ерекшелiктерiн, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру рыногындағы қызметiнің талаптарын, сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін қадағалауды қамтамасыз ету принциптерін белгілейді. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi органның) және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi Ұлттық Банк) осы Заңға сәйкес қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерi сақтандыру рыногының барлық қатысушылары үшін мiндеттi болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              

                                                    

                1.Сақтандыру туралы жалпы ережелер

                     1.1. Сақтандыру қызметінің түсінігі

Қазіргі жағдайда сақтандыру – бұл өмірдің әртүрлі салаларында барынша жиі болатын  жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі.    Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел және осылар сияқты т.б.  жағдайлар нәтижесінде  өздерінің қозғалмайтын және  қозғалатын мүліктерінен  айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы  тиісінше тәуекелдердің  өсе түсуіне  әкелді, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне, шарт бойынша   әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік  азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттілік  одан әрі өсе түседі.                                                   Айтылғандардың сенімділігін Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен №491 27 қараша, 2000 жылы бекітілген, 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын қабылдау фактісі растайды. Бұл бағдарламаның мақсаты ретінде қазіргі заманға сәйкес және тұрақты ұлттық сақтандыру  нарығын қалыптастыру белгіленген (аталған). Мұндай сақтандыру нарығы мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субъектілердің  мүдделерін қорғаудың шынайы  құралы болуы қажет. Осымен қоса тиімді сақтандыру жүйесін құру, мемлекеттік әлеуметтік  саясаттың бір құрамасы ретінде де танылуы  керек.          Бағдарламада атап өтілгендей, сақтандыру саласы адам өмірінің өндірістік және әлеуметтік-экономикалық  қызметтерінің барлық жағын қамтиды. Сақтандырудың туралы ережелер дәстүрлі орын толтыру (компенсациялық) міндетімен бірге өзге де міндеті қарастырылған. Енді сақтандыру жинақтау – қаражат сақтау міндетін де атқаруы қажет.      Сақтандырудың мәні бірқатар факторлармен анықталады. Ол мемлекет тарапынан қаралған шаралар көлемі мен сипатынан тәуелсіз  халық пен ұйымдардың әртүрлі мүдделерін қосымша қорғауды ұсынуға  мүмкіндік береді. Табиғи және техногендік  апаттар, әсерлерін жою бойынша шығындардың негізгі ауыртпалығы қазіргі уақытта оның мүмкіншіліктері объективті шектеулі болып келетін мемлекеттік бюджетке келіп түседі. Сақтандыру осы қолайсыздықты жоюы тиіс. Бұдан басқа сақтандыру механизмін пайдалану өндірісте қолданылып жүрген технологияның жетілдірілуіне, кәсіпкерлік қызметтің  жедел дамуына  мүмкіншілік береді.         Сақтандыру туралы жүйе республика экономикасы тұрақты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды көтеру үшін қосымша негізді құруға, азаматтар мен шаруашылық субъектілер  мүлкін сақтандыруға әсер етуі қажет.   Сақтандыру мәселелері медицинаны қоса алғандағы әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей қатысты. Қазіргі заманғы сақтандыру индустриясын  құру мемлекетке келесі міндеттер қатарын шешуге мүмкіндік береді:

  1. табиғи-техногендік сипаттағы қарастырылмаған шығындарды толтыруда мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты азайтудың;
  2. нарықтық экономика қағидаларына сай сақтандыру жәрдемімен әлеуметтік қамтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешуге  жинақталған  зейнетақыны төлеуге, еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға, асыраушының қайтыс болуына, жұмыссыздыққа жәрдем ақыларды төлеуге, денсаулық сақтауға қатысты шығындардың орнын толтыруға;
  3. халық пен ұйымдардың қаражаттарын ұзақ мерзімде негізде  ұлттық экономикаға шоғырландыруға. 

Мемлекет бұдан бұрын жеткілікті қуатты әлеуметтік кепілдіктер жүйесін қамтамасыз етуге  қабілетсіз болып шықты. Кепілдіктерді қамтамасыз ету міндеті қазір сақтандырудың «иығында» болып тұр. Осымен бірге бірқатар мамандықтардың қауіптілігінің  дәрежесіне өсе түсті. Құқық қорғау органдары ұйымдасқан (кәсіби) қылмыспен бетпе-бет келді, техногендік апаттар саны артты. Нарық жағдайында (жаңа еңбек қатынастарында) адамның өмір сүруі үшін өмір мен денсаулыққа келтірілген зардаптарды қалпына келтіруде  қандай да болсын бір мүмкіншілігі болуы өте маңызды. Жоғары қауіптілік көздерімен келтірілген зардаптардың орнын толтыру, соның ішінде автомобиль көлігі ж.б. мәселе де өзекті. Мұның барлығы Қазақстан Республикасында нарықтық қайта қалыптасу кезеңінде сақтандыру саласында ең маңызды өзгерістер басталуына негіз қалаған заңдардың, өзге нормативті-құқықтық актілердің қабылдануына әкелді. Бірінші кезекте өзін тиімсіз қылып көрсеткен сақтандырудың толығынан мемлекеттік жүйесінен бас тартылады. Бәсекеге негізделген сақтандыруға жол берілді. Сақтандыру кәсіпкерлік түрлерінің біріне айналды, және қазір ол кәсіпкерліктің ең жоғары ұйымдастырылған түрлерінің бірі. Сақтандырумен әлеуметтік міндеттерді орындалудың маңыздылығын есепке ала отырып, мемлекет сақтандыру дамуын бақылаусыз өз бетімен  жібере алмады. Сондықтан сақтандырудың дамуы қазіргі заманғы құқықтық салалардың бірінің сақтандыру құқығының дамуымен бірге болды. А.И.Худяковтың анықтамасына сәйкес: «Сақтандыру құқығы елдегі сақтандыру ісін ұйымдастыру және сақтандыру қызметін жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы».1                      Сақтандыру ісінің дұрыс ұйымдастыру мәнін төмендетпей, сақтандыруға жататын жағдайлар әсерінен зардап шеккен тұлғаларға мүліктік өтем жасау мақсатына жетуді қамтамасыз ететін тікелей құралы болып жеке жасалған азаматтық-құқықтық шарт келетінін айтып кетейік. А.И.Худяков азаматтық құқық үлесіне шарттық сақтандыру  міндеттемесінің жалпы құрылысын анықтауды жатқызады.2 Біздің көзқарасымыз бойынша, азаматтық құқық көзқарасынан шарттық қатынастар шеңберінде пайда болатын барлық мәселелерді қажетті реттеу, сақтандыру қатынастарын ықылассыз қатысушыларына азаматтақ-құқықтық әсер етудің шегі мен мазмұнын анықтау қажет. Шарттың толық құнарлы жүйесінің болмауы, біздің көзқарасымыз бойынша, КСРО кезіндегі қалыптасқан сақтандырудың әлсіз жақтарының бірі болды.       Сақтандыру шартын қарастыруда біз әкімшілік (қаржылық) құқық саласына жататын құқықтық нормалар әрекетін ескермесек болмайды. Сақтандыруға арналған заң актілерінде  аталған шартты  қарастыруды да пайдаланылатын түсініктер жиынтығы бар.        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               1.2 Сақтандыру қызметі саласындағы заңнамалар

    Сақтандыру заңнамасы және сақтандыруға қатысы бар өзге де заңнамалық актілер сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметі аясында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге ат салысатын нормативтік құқықтық актілер, былайша айтқанда Қазақстан Республикасының Зандары болып табылады. Бұл жерде сақтандыру заңнамасы тек сақтандыру саласын және сақтандыру қатынастарын тікелей әрі жан-жақты реттеу мақсатында қабылданған сақтандыру  туралы  арнайы зандардың жүйесін білдіреді. Сақтандыруға қатысы бар заңнамалық актілерге Қазақстан Республикасының басқа құқық салалары ауқымындағы қоғамдық қатынастарды регламенттеуге әрі реттеуге арналғанымен құрамында сақтандыру құқығының нормалары (кездесетін) бар кодекстер, зандар жатады. Осыған дейін біршама уақыт бұрын сақтандыру қатынастарын кешенді реттейтін заң актісі болып Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 3 қазанынан «Сақтандыру туралы» заң күші бар Жарлығы саналды. 2000 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» жаңа Заңы қабылданды, қазір ол заңгерлер тарапынан жоғары бағаланады. Онда сақтандыру ісін ұйымдастыруды қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қарастырылған. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар көбінесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 803-845 баптарын қамтитын «Сақтандыру» деп аталатын тарауында мазмұндалған. Сақтандырудың жекелеген түрлерін реттейтін бөлек нормативтік актілердің  де бірқатар саны бар, мысалы 1996 жылдың  31 қазанынан № 1319 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 жылдың 2 сәуіріндегі № 460 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген және т.б.       Сақтандыру қызметіне бақылау жүргізу туралы заңнамалар Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 наурызда қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңында мазмұндалған. Сонымен бірге сақтандыру туралы жекелеген нормалар Қазақстан Республикасының 1995  жылдың 31 тамызынан «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңында да бекітілген.

Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi әрi осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт-та осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.  
       «Тұтыну кооперативi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қоғамдар қызметiне осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде қолданылады.    

           Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек сақтандыру ұйымы - Қазақстан Республикасының резиденті ғана жүзеге асыра алады. 
      Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру ұйымдарымен, жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде уақытша болатын жеке тұлғалармен - Қазақстан Республикасының резиденттерімен осы тұлғалардың тек Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана сақтандыру шарттарын жасасуға және оларды орындауға жол беріледі. 
      Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға: 
      1) жеке және заңды тұлғалардан - Қазақстан Республикасының резиденттерінен Қазақстан Республикасының резиденті еместердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге; 
      2) жеке және заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасының резиденттерінің пайдасына сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резиденті еместерден алынатын сақтандыру төлемдерін жүзеге асырумен байланысты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.   Сақтандыру ұйымының басқа мемлекеттiң аумағында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты сақтандыру трансшекаралық сақтандыру болып табылады. 
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі қайта сақтандыруға қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін беруі пруденциялық нормативтерді есептеу тәртібіне қойылатын талаптар ескеріліп жүзеге асырылады. 
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымының атынан сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметке жол берiлмейдi. 
      Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымының атынан Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резиденттерi - сақтандыру ұйымдары және аталған Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымымен жасалған тиiстi шарты болған жағдайда Қазақстан Республикасының резиденттерi - сақтандыру брокерлерi жүзеге асыра алады. 

Информация о работе Қазақстан Республикасының азаматтық заңы бойынша сақтандыру шартының құқықтық жағдайы