Қазақстан Республикасының азаматтық заңы бойынша сақтандыру шартының құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2014 в 08:36, курсовая работа

Описание работы

Осы курстық жұмыста сақтандыру құқығы онда арнайы түсіндіруді талап ететін терминдердің елеулі қолданылатын құқықтық салалардың біріне жатады.Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 3, 4-баптарында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 817-820-баптарында және т.б. алылды.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
1. Сақтандыру туралы жалпы ережелер
1.1. Сақтандыру қызметінің түсінігі.....................................................................5
1.2. Сақтандыру қызметі саласындағы заңнамалар…………..……………..….8
1.3. Сақтандыру құқығының негізгі түсінігі.......................................................10
2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңы бойынша сақтандыру шартының құқықтық жағдайы
2.1. Сақтандыру шартының түсінігі мен нысаны...............................................21
2.2. Сақтандыру шартының элементтері.............................................................25
2.3. Сақтандыру шартының ерекшеліктері.........................................................42
2.4. Сақтандыру шартының күшінде болуы.......................................................45
3. Сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың тәртібі
Қорытынды..........................................................................................................49
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................51

Файлы: 1 файл

Сақтандыру.doc

— 298.00 Кб (Скачать файл)

 

                                 1.3 Сақтандыру құқығының түсінігі

Сақтандыру құқығы онда арнайы түсіндіруді талап ететін терминдердің елеулі қолданылатын құқықтық салалардың біріне жатады. Түсіндіру түсініктер (терминдер) қолданылатын нормаларды талқылаған кезде оларды әртүрлі түсіну қаупімен қорғайды. Сонымен бірге түсініктерді анықтау бұл қазіргі құқықта кең қолданылатын тәсіл, ол нормативтік актілерді заң техникасы көзқарасынан жетіктеу қылуға мүмкіншілік береді (материалды артық қайталамауға мүмкіншілік береді). Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 3, 4-баптарында, Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің 817-820-баптарында және т.б. ашылады.       Сақтандыру – сақтандыру шартымен анықталған, сақтандыру ұйымының жеке активтері есебімен тікелей сақтандыру төлемдерін қалыптастыратын сақтандыру жағдайы немесе басқа жағдайлардың пайда болуындағы  заңды және жеке тұлғалардың заңды қызығушылығын мүліктік қорғау жөнінде қатынастар кешенін ұсынады.   Сақтандыру қызметі – Қазақстан Республикасы Заң талаптарына сәйкес мемлекеттің өкілетті органының лицензиясы негізінде қалыптасатын сақтандыру шарттарын орындау және бекітумен байланысты сақтандыру ұйымдарының қызметі.    Сақтандыру жағдайы – сақтандыру шарты сақтандыру төлемін қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы – табиғи әсер, техногендік сипат және нақты адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар, сақтандыру жағдай ретіндегі қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық және ықтималдық белгілеріне иемденуі қажет. Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдығының деңгейі шарт жақтарымен өз бетінше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, соңғысы орын алса мұндай жағдай кездейсоқ болмайды. Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен кездейсоқтығының талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын фактілерге қолданылмайды (ҚР АК-нің 817-б. 3-т.).  Сақтандыру жағдайларының  түрі заң актілерімен (сақтандыру міндеті болып келген кезде) және шарттарымен (сақтандыру ерікті болып келген кезде) анықталады.           Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке тұлға;       Сатып алу сомасы – жинақтаушы сақтандыру шарты қолдану мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.     

Сақтандыру ережелері – белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтынсақтандыру ұйымының құжаты.           Қайта сақтандырушы (цедент) – өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы.          Қайта сақтандыру – сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар.            Сақтандыру сыйақысы – сақтандырушының сақтандыру шарты мен аннуитетте анықталған мөлшерде сақтанушыға сақтандыру төлемін жүргізудің соңғы міндеттемелерін қабылдау үшін төлеуге міндетті ақша сомасы. Сақтандырушыдан алынған сақтандыру сый ақылары сақтанушының меншік құқығына жатады.           Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайының пайда болуындағы жауапкершіліктің шектеулі көлемін ұсынатын ақша сомасы.         Сақтандыру төлемі – сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандару жағдайы туған кезде не жинақтаушы сақтандыру шартында белгіленген мерзім туған кезде сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы.Сөйтіп сақтандыру төлемі сақтандырушы іс жүзінде төлейтін ақша сомасы болып келеді. Осыдан сақтандыру төлемінің сақтандыру сомасынан айырмашылығы көрінеді.         Келтірілген түсініктер тізімі аяқты болып табылмайды, бірақ олардың кейбіреулерін сақтандыру қатынастарын одан әрі қарастыру жүрісінде ашу орынды болып келеді.            Қазір Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңның 6-бабына сәйкес сақтандыру салаларға, класстарға, түрлерге жіктеледі.              Сақтандыруды салаларға бөлу сақтандырудың әртүрлі объектілерімен байланысты. Сақтандырудың барлық түрлерін екі сомаға бөлу қарастырылған, олар:           - өмірді сақтандыру;          - жалпы сақтандыру;           Аталған сақтандыру саласының біріншісі заңмен қорғалатын игіліктердің арасындағы ең жоғарғы құндылық болып табылатын азаматтар өміріне қатысты болып келеді. Өмірді сақтандыру саласы бірқатар болмай қоймайтын объективтік сипаты бар өмірлік жағдайларда сақтандырылған  (пайда алушы) тұлғаға ақша төленуін қарастырады.      Бұл тұлғаның қартайған шағында мүліктік мүдделерін кешенді қамтамасыз етуге, адамды жерлеуге шығындарды өтеуге с.с. мүмкіншілік береді. Осы себептен өмірді сақтандыру өмірді азаматтық құқықтық тәсілдермен қорғаудың бір жолы болып келетінін айтуға болады.   Ерікті нысанда сақтандыру өмірді сақтандыру саласына өз кезегінде кластарды енгізеді. Ерікті өмірді сақтандыруда екі класс қарастырылған, олар: 1) өмірді сақтандыру; 2) аннуитетті сақтандыру. Жалпы сақтандыру белгілі бір сақтандыру жағдайларының келіп түсуінде заңды және жеке тұлғалардың аймақтық бұзылған құқықтары мен қызығушылықтарын орнын төлеуді қамтамасыз етуде дәстүрлі жолда болып келеді. Қазіргі кезде жалпы сақтандыруды кластарға бөлу кеңейтілген тізімді қамтиды, оған шолу жасасақ қазіргі кезеңде азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілердің құқықтарын қамтамасыз етуде сақтандырудың мәні бұрынғыға қарағанда салыстырымсыз жоғары болып келеді деген пікірде орнығуымыз мүмкін. Жалпы сақтандырудың кластарына төмендегілер жатады:     1) сәтсіз оқиғадан және аурулардан сақтандыру;     2) медициналық сақтандыру;         3) автомобиль көлігін сақтандыру;        4) темір жол көлігін сақтандыру;        5) әуе көлігін сақтандыру;         6) су көлігін сақтандыру;          7) жүктерді сақтандыру;         8) көлік пен жүктерді сақтандыруды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;  9) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;       10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;            11) темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;            12) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;            13) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;            14) тасымалдаушының  азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;            15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;  16) зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;            Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір кластың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар өкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді. Сонымен, сақтандырудағы әрбір класқа байланысты заңнама заңды нормативтік актілері бойынша арнайы реттеуді қарастыруы қажет.     Осыған байланысты, сақтандырушылар үшін сақтандырудың әрбір класы бойынша жалпы жағдайлар көбіне императивтік (міндетті) болып анықталатынын айтуға болады. Бұның өз сыры бар, міндетті реттеу сақтандырушылардың қызметін пайдаланатын субъектілердің мүдделерін ескеруіне мүмкіндік береді.          Заңда берілген анықтамаға сәйкес, сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы әзірлейтін және ұсынатын сақтандыру өнімі болып табылады. «Өнім» деген түсінікті қолдану интеллектуалдық меншік категорияларын ойға шақырады. Мұндай шарттарда коммерциялық құпиялы болып келетін мәліметтердің болуы мүмкін. Бірақ, «өнім» деген түсінікті біз басқа да позицияда бағалай аламыз. Сақтандыру түрі сақтандырушының да сақтанушының да (пайда алушының) мүдделерін ескеруді қамтамасыз ететін заңның міндетті нормаларына қайшы келмейтін және онда сақтандырудың барлық керекті жағдайлары ескерілген шарт болып келеді.       Заңда сақтандыру нысанының түсінігі де қарастырылған. Ол «сақтандыру түрлері» деген бұрын күшінде болған заңнаманың түсінігіне сәйкес келеді. Сақтандыруды нысандарға бөлу әртүрлі негіздер бойынша жүргізіледі.             Міндеттілік дәрежесіне қарай сақтандыру ерікті және міндетті болады. Соңғы жылдары міндетті сақтандыру кеңінен қолданылады. Мысалы, әскери қызметкерлерінің, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын міндетті сақтандыруды және судьялардың өмірі мен денсаулығын міндетті сақтандыру жүргізілген. Міндетті сақтандыру азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру саласында дамыған, яғни автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, нотариустардың және кейбір өзге субъектілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатады.       «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабына сәйкес, банктердегі салымдарды (депозиттерді) ұжымдық сақтандыру жүзеге асады.    Міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілерімен белгіленеді. Өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндетін азаматқа заң актілерімен де, шартпен де жүктеуге болмайды. Сонымен, өмірді және денсаулықты сақтандыру жағдайларында міндетті сақтандыру қатынастарында сақтанушының (сақтандырылған тұлғадан бөлек қатысуын) міндетті қатысуын талап етеді. Жиі-жиі шартта сақтанушы болып онымен азамат еңбек-қызметтік қатынаста тұратын мемлекеттік орган қатысады. Мұндай жағдайларда сақтандыру сақтанушы қаражаттарының есебінен жүргізіледі. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырудың осы түрін реттейтін заң актілеріне жазылған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға міндетті. Міндеттілік негізінен сақтандыру объектілеріне, сақтандыру жағдайларының тізіміне бір немесе басқа жағдайларда тиесілі сақтандыру төлемнің көлеміне қатысты болып келеді. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері өз кезегінде сақтанушының сақтандыру сыйақыларын төлеу міндетіне әсер етеді. Заң актілеріне сәйкес пайдасына міндетті сақтандыру жүзеге асырылуы тиіс болған адам, егер оған сақтандырылмағандығы белгілі болса, осы міндет жүктелген тұлғадан өзінің сақтандырылуын сот тәртібінде талап етуге құқылы.     Егер сақтанушы міндетті сақтандыру шартын жасамаса немесе оны заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлау жағдайларда жасаса, ол сақтандыру жағдайы (оқиғасы) орын алған кезде сақтандырылғандардың алдында өзі жауапты болады. Сақтанушы жауапкершілігінің көлемі осындай жағдайда тиісті сақтандыру жүзеге асырылған кезде сақтандырылғанға тиесілі болатын сақтандыру төлеміне сәйкес болып келеді.     Міндетті сақтандыру шартын жасаудан сақтандырушы ұйымның да жалтаруға құқығы болмайды. Егер сақтандырушының шарт жасаудан бас тартуы орын алса,  онда сақтанушы соттық тәртіппен сақтандырушыдан өзімен шартты жасауды талап ете алады.3       Ерікті сақтандырудың міндетті сақтандырудан айырмашылығы, ол толығымен тараптардың еркін білдіруіне негізделеді. Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.   Объекті бойынша сақтандыру: а) жеке; б) мүліктік болып бөлінеді. Азаматтың өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және басына байланысты өзге де  мүдделерін сақтандыру жеке сақтандыруға жатады, мысалы, олардың белгілі жасқа келгенін сақтандыру. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған басқа (пайда алушы) адам сақтандырылған болуы мүмкін.       Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру мүліктік сақтандыруға жатады.         Мүлікті сақтандыру кезінде мүліктің жоғалуы (жойылуы), жетіспеуі немесе бүлінуі және заңда көзделген өзге де мүліктік құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайда алушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.          Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын кәсіпкердің шарттары бойынша әріптестерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болуы мүмкін залаладардың  тәуекелі немесе кәсіпкерден тәуелсіз жағдайлардан осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Мүлікті сақтандырудан айырмашылығы сақтандырудың бұл класында тек сол сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.           Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.         Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде басқа тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын жауапкершіліктің болу тәуекелі (қаупі) сақтандырылады. Азаматтық-құқықтық шарттардан және басқа да негіздерден пайда болатын міндеттемелерді бұзуға байланысты пайда болуы мүмкін, жауапкершілік сақтандырылуы мүмкін.      Бұрынғы заңнамамен салыстырғанда қазіргі заңнама сақтандыру нысандарының тізімін көбейтті. Енді сақтандыру нысанасы сақтандыру төлемін жүргізудің негізінен де анықталады. Осыған байланысты сақтандыру тағы екі нысанға бөлінеді, олар а) жинақтаушы; б) жинақтаушы емес.    Сақтандыру төлем төленуін сақтандыру шартында белгіленген кезең аяқталғанда немесе сақтандыру жағдайы туындағанда төленуінің қарастыратын (осылардың қайсысы бірінші болатынын қарап) сақтандыру жинақтаушы болады (ҚР АК-нің 809-1-б.). Яғни, жинақтаушы сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы болмауы да мүмкін. Аннуитет шарты жинақтаушы сақтандыру шартына жатады (ҚР АК-нің 809-1-б. 5-т.). Аннуитет шартының түсінігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 809-1-бабының 3-тармағында берілген. Аннуитет шарты сақтандырушыны шартта белгіленген мерзім ішінде пайда алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті ететін сақтандыру шарты. Сақтандыру төлемдер негіздерінің ерекшеліктерін «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында берілген аннуитеттік сақтандыру түсінігінен көруге болады (7-баптың 2-тармағында). Соған байланысты, аннуитеттік сақтандыру, сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Кейбір жағдайларда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі үшін негіз болып заңмен қарастырылған мерзімінен өткенін көрсететін заңды факт есептеледі.             Жинақтаушы емес сақтандыруда сақтандырудың төлемін жүргізудің негізі болып тек белгілі сақтандыру жағдайы есептеледі. Көрсетілген сақтандыру нысандарының тағы бір ерекшелігі сақтандыру жүргізіліп жатқан объектілерінің өзгешелігі. Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек қана жеке сақтандыру бойынша жасалуы мүмкін. Ескертуге жататын нәрсе – сақтандырудың нысандары бойынша бөлінуі сияқты (толық) болып келмейді. Бұл сақтандыру қызметін лицензиялау үшін қажет болса, яғни мазмұны сақтандырудың көрсетілген нысандарынан ерекшеленетін сақтандыру қызметі пайда болса, онда заңнамада сақтандырудың нысандары бойынша өзге де жіктелуі қарастырылуы мүмкін.         Жоғарыда аталғандай, ерікті сақтандырудың кластарының мазмұны заңға бағынатын нормативтік актілерінің деңгейінде анықталады. Осыдан басқа «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабында сақтандыру кластарының жалпы мазмұны анықталған. Заңда берілген сақтандыру кластарының анықтамасы, сақтандырудың бір немесе басқа түрі туралы көзқарас беріп тұр. Біз аннуитеттік сақтандырудың сипаттамасын негізінен бердік. Енді қалған басқа сақтандыру кластары мазмұнын да қарастырайық.          Сақтандыру класы ретінде өмірді сақтандыру, сақтандырушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі шегінде сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.  Қалған кластар жалпы сақтандыруға жатады. Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру, сақтандырылған тұлға жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіптік жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда оның қосымша шығындарын шектеулі сомада не ішінара немесе толық өтеуді қарастыратын жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Төленетін өтемдердің негіздері мен көлемі азаматтық деликтік құқықтық нормаларымен айқындалатын адамның өмірі мен денсаулығына келтіретін зиянның түрлерімен байланысты.         Медициналық сақтандыру, сақтандырылатындардың медициналық мекемесінен медициналық сақтанадыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолданымдарынан туындаған шығындарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (бұл қатынастардың азаматтық-құқықтық реттеу сұрақтары ескерілмеген) уақыт сыны көтере алмай мүліктік айла-амалға жол салды. Басқа жақтан, Қазақстанда кейбір ұйымдармен іс жүзінде медициналық сақтандыру бойынша шарттық сақтандыру қызметтері көрсетілетін болды. Осымен байланысты қатынастарда қатысушылар тең жағдайда болып келеді және қымбат медициналық қызметтерде, стационарлық емделуде, протездеуде және т.б. қажеттік пайда болған жағдайда бұл сақтандыру сөзсіз өте пайдалы болады. Осының барысында қалыптасқан қажеттілік тиісті сақтандыру нормалары қалыптасуының қажеттілігіне әкелді. Жалпы сақтандыруға көлікті сақтандыруды жатқызады, ол көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Тасымалдау шартымен тығыз байланыста болатын көлік сақтандырумен қатар, жоғарыда айтылғандай, сақтандырудың жеке класында болып келетін жүктерді сақтандыру тұрады. Жүктерді сақтандыру, жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдау әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.  Сақтандырудың басқа да кластарының мазмұны сақтандырудың мүлікті сақтандыру нысаны туралы айтылғанда қосымша сипатталып кеткен. Объектіні сақтандыру тәсілі бойынша, объект бір сақтандыру шартымен сақтандырылған жағдайдағы дағдылы сақтандырумен қатар, қос сақтандыру белгіленеді, ол дегеніміз белгілі бір объектіні бірнеше сақтандырушының әрқайсысымен дербес шарт бойынша сақтандыруы. Сақтандырылғандар тарапынан тұлғалардың көптігі топтық сақтандыру шартын жасауға әкеп соғады, сақтандырушы тарапы жағынан тұлғалардың көптігі ортақ сақтандыруды құрады. Егер сақтандырушының өзі сақтанушы алдындағы өз міндеттерінің бәрін немесе оның бір бөлігін орындамауына байланысты тәуекелді сақтандыратын болса, қайта сақтандыру шарты орын алады. Қайта сақтандырудың өзі де бөлінеді. Заңмен бара-бар және бара-бар емес түсініктері енгізілген. Бара-бар қайта сақтандыру – бұл тиісті сақтандыру шартында көзделген жағдайлар туындаған кезде қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру шарты бойынша цеденттен қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің үлесіне бара-бар мөлшерде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға өзі міндеттеме қабылдайтын қайта сақтандыру. Бара-бар емес қайта сақтандыру бұдан бөлек, сақтандыру шартына сәйкес көзделген жағдайлар туындаған кезде қайта сақтандыру шарты бойынша цеденттің өзі ұстап қалатын сомасынан артығы мөлшерінде жүзеге асыруға өзіне міндеттеме қабылдайтын қайта сақтандыру. Өзі ұстап қалатын сома деп қайта сақтандыру шартымен сәйкес өз есебімен цедент жауапкершілікті атқаратын сақтандыру сомасын айтады.  Қазақстан Республикасында немесе оның шегінен тыс жерлерде жүргізілетін сақтандыру сыйлық ақысы төленетін сақтандыру (қайта сақтандыру) шекарааралық болып табылады. Шекарааралық сақтандырудың талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен белгіленеді. Шетел сақтандыру компаниясының (сақтандыру брокері) қызметіне үндеу рұқсат етіледі, егер оларда сақтандыру саласында өкілетті органмен орнатылған тізімге кіретін бір рейтингілі агенттігінің рейтингі болса. Заңда өзара сақтандырудың мүмкіндігі қарастырылған. Азаматтар мен заңды тұлғалар қажетті қаражатты өзара сақтандыру қоғамдарына біріктіру жолымен өзара негізде өз мүлкін және мүліктік мүдделерін (кәсіпкерлік тәуекелдер, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті) сақтандыра алады. Өзара сақтандырудың ерекшелігіне, егер қоғамның құрылтай құжаттарында мұндай жағдайларында сақтандыру шарттарын жасасу көзделмесе, қоғам өзінің мүшелерінің мүлкін және мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды мүшелік негізінде тікелей жүзеге асыратыны жатады. Кейбір жағдайларда азаматтық сақтандыру құқықтық қатынастарының субъектілері ретінде сақтандыру брокерлері мен сақтандыру агенттері болып табылатын сақтандыру делдалдық саласында пайда болды. Сақтандыру брокері – сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті өз атынан және цеденттің тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және оны уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс. Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкілеттігі мен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.       Сақтандыру брокерлерінің қызметі сақтандыру қызметтер нарығына оны тұрақтандыратындай әсерін тигізу қажет. Содан басқа, олар басқа да қосымша міндеттерді атқаруы қажет. Мысалы, сақтандыру брокері өзі анықтаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының төлем қабілетсіздігі туралы уәкілді мемлекеттік органға кейінге қалдырмай мәлімдеуі тиіс.   Сақтандыру делдалдығы кеңінен шекарааралық сақтандыру саласында дамыған. Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары (сақтандыру брокерлері) ҚР-ның аумағында ҚР-ның резиденті емес сақтандыру ұйымының атынан ҚР-ның шегінен тыс жерлерге шығатын автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыра алады.   Сақтандыру делдалдығын көрсететін субъектілердің бірі болып сақтандыру агенттері танылады. Сақтандырудың азаматтық-құқықтық қатынастарындағы сақтандыру агенттерінің жағдайының сақтандыру брокерлерінің жағдайынан ерекшеліктері (сақтандыру агенттері) берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырады, яғни тек сақтандырушының өкілі болады.      Сақтандыру агенттері ретінде жеке де, заңды тұлғалар да бола алады. Сақтандыру агенттерінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттігі сақтандыру ұйымымен берілген құжаттарымен дәлелденеді. Сақтандыру агентінің өкілеттігі болмаған жағдайда оның сақтандыру агенті ретіндегі қызметіне жол берілмейді, ал жасалған сақтандыру шарттары өкілдерде өкілеттіктер болмаған басқа жағдайлардағы сияқты жарамсыз болып табылады.         Сақтандыру ұйымы сақтандыру агенті сақтандыру ұйымынан алған өкілеттік шегінде жасаған сақтандыру шарты бойынша қабылдаған міндеттемелерді өзі тікелей қабылдаған міндеттемелер ретінде   орындайды.  Сақтандыру шартының ерекшеліктерін және мазмүнын, қолданатын саласын түсіну үшін қажетті негізгі ережелерді қарастырдық. Енді оның заңды конструкциясын қарастыруға көшуге болады.

1. Жеке және заңды  тұлғалар - Қазақстан Республикасының  резиденттерi мен резидент еместерi осы Заңда және уәкілетті органның  өзге де нормативтiк құқықтық  актiлерiнде көзделген талаптарды  ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.

2. Мемлекет Қазақстан  Республикасының Үкiметi  және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционерi бола алады. Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.

3. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды

4. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирленген тұлғалары бар заңды тұлғалар немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикасы резиденттерінің дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама түрде иемденуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге құқығы жоқ.

Аталған шектеу оффшорлық аймақтарда тіркелген тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А" рейтингінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

Оффшорлық деп танылған аймақтардың тізбесі сақтандыру қызметіне қадағалауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

5. Акционерлердің жалпы  жиналысына қатысатын акционер (Қазақстан Республикасының резидент банкі болып табылатын акционерді қоспағанда) өтініш табыс етеді, онда, егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында мұндай акционерлердің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат жоқ болған жағдайда, оның акционерлерінің (қатысушыларының) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындауы туралы көрсетеді.

Аталған өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.

Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіз екені анықталған не осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды бұзу анықталған кезде: 1) егер дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акциялары ескерілмей) шешімді жақтап дауыс берсе, онда акционерлердің жалпы жиналысының шешімі осы акционердің дауыстары ескерілмей қабылданған болып есептеледі;

2) егер өтінішті табыс  еткен акционердің дауысы шешуші  болса, онда бұл мән-жай Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімін жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

 

 

 

 

        

                  

                  2.Қазақстан Республикасының азаматтық заңы бойынша                        сақтандыру шартының құқықтық жағдайы

         2.1 Сақтандыру шартының түсінігі мен нысаны

 Сақтандыру шарты бойынша  бір тарап (сақтанушы) сақтандыру  сыйлық ақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.4 Сақтандыру шарттық қатынастарының ерекшелігі: сақтандырушы шығаратын ережелерде көрсетілген жағдайларға сақтанушы қосылу керек. Өз кезегінде сақтандырушы заңның барлық талаптарының және оның қызметін тұтынушылардың мүддесін сақтау бойынша міндетін атқарады. Егер сақтанушының қызметін бақылайтын өкілетті мемлекеттік орган заңның бұзылуын ережелерде көрсе, онда ол сол немесе басқа сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия (рұқсат) бермеудің негізі болып есептеледі.  Сақтандыру ережелері сақтандырушымен сақтандырудың әр түрі үшін бөлек дайындалады және сақтандырудың тиісті түрін жүргізу үшін лицензияны (рұқсатты) беру құқығы өкілетті мемлекеттік органымен келсілуге жатқызылады. Шартта қарастырылмаған жағдайларға байланысты даулар пайда болса, онда басшылыққа сақтандыру ережелеріндегі жағдайлар алынуы тиіс.            Сақтандыру ережелері мыналарды қарастыру керек:     1) сақтандыру объектілерінің тізімін;       2) сақтандыру сомаларын анықтаудың тәртібін;     3) сақтандыру тәуекелдерді;         4) сақтандыру жағдайларының қатарынан алып тастаулар және сақтандыруға шек қоюлар;          5) сақтандыру шарты қолданылуының мерзімі мен орнын;    6) сақтандыру шартын жасаудың тәртібін;      7) тараптардың құқықтары мен міндеттерін;      8) сақтандыру жағдайы орын алғандағы сақтанушы жасауы тиіс әрекеттерді;            9) сақтандыру жағдайының орын алғанын анықтайтын құжаттар тізімін;            10) сақтандыру төлемдерін жасаудың жағдайлары мен тәртібін;   11) сақтандыру төлемі немесе сақтандыру төлемінен бас тарту жөнінде шешім қабылдау мерзімін;          12) сақтандыру шарты жағдайларының тоқталуын;     13) дауларды шешудің тәртібін;        14) сақтандыру тарифтерін және оларды экономикалық негіздеу;   15) ерекше жағдайлар;          Сақтандыру ережелеріндегі жағдайларды сақтандырудың әдет-ғұрып нормаларына жатқызуға болады деп айта аламыз. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 825-1-бабының 4-тармағының мазмұны осыны дәлелдейді. Келісім бойынша сақтанушы мен сақтандырушының арасында қосымша жағдайларды ескеретін сақтандыру шарты жасалуы мүмкін.          Қосымша жағдайлар үш еседен көп қайталанса, сақтандырушы заңнама қарастырған тәртіпте сақтандырудың белгілі бір түрі бойынша ережелерді өзгертуге міндетті. Яғни, бұл жағдайлар сақтандырушының тұрақтанған тәжірибесінің бөлігі ретінде қарастырылады.       Сақтандыру шартының сипаттамаларын қарастырайық. Заңнамадағы анықтамасына сәйкес сақтандыру шарты консенсуалды болып қаралады. Бірақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 827-бабына сәйкес, сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлық ақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөліп-бөліп төлеу қарастырылса бірінші сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады. Осыны ескерсек іс жүзінде жалпы тәртіп бойынша сақтандыру шарты реалды болып келетіні түсінікті. Сақтандыру шартына консенсуалдық мінез тараптардың келісімімен немесе жеке заң актілерімен берілуі мүмкін.     Сақтандыру шарты өзара шарт, оны сақтанушы мен сақтандырушының негізгі құқықтары мен міндеттеріне назар аудара отырып көруге болады. Сақтанушы сақтандыру сыйлық ақыларын төлеу керек, ал сақтандырушы олардың төленуін талап етуге құқылы. Тиісінше (өз кезегінде) сақтанушы сақтандырушыдан оның сақтандыру төлемін жасау бойынша міндеті орындалуын талап ете алады.          Сақтандыру шарты – ақылы шарт, тараптардың әрқайсысы берілгеннің орнына мүліктік қанағат алады. Сақтандырушы тарапы сақтандыру сыйлық ақылары түрінде мүліктік қанағат алады, ал сақтанушы тарабы болса немесе пайда табушы сақтандыру төлемін алған ретте мүліктік қанағаттандыруға қол жеткізеді. Сақтандыру шартының ақылығы сақтандыру төлемі барлық жағдайларда жасалмайтынына қарамастан сақтала береді. Оның орнатылуы мен алынуы сақтандыру шартын жасау кезінде тараптардың ниетімен қамтылады.             Сақтандыру шарты жағдайларына қарамастан жазбаша нысанда жасалуы керек. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның сақтандыру шартын рәсімдейтін құжаттар арасында таңдауға мүмкіншілік береді.           Тараптар шарттың барлық жағдайлары көрсетілетін бір құжатты жасап оған қолдарын қоя алады. Мұндай шартты жасау жеке келісілген жағдайларға, бір-біріне сай келмейтін тәуекелдерге байланысты сақтандыру жасалғанда қолданымдырақ болып келеді.       Сақтандыру сақтанушыны бір жақты тәртіпте сақтандырушы әзірлеген үлгілік шарттарға (сақтандыру ережелеріне) қосылу жолымен де жасалады. Мұндай шарт өзінің заңды табиғаты бойынша қосылу шарты болып келеді. Азаматтардың мүддесіне қарай сақтандыру жүргізілсе (мүліктерін, олардың өмірі мен денсаулығын ерікті сақтандыру), онда шартты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру куәлігін (полисті) беру жолымен жасау жиі кездеседі. Сақтандыру шарты шартты жасауға тараптардың ерік білдіруін дәлелдеуге және олар барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келгенін білдіретін жазбаша құжаттармен айырбас жасау арқылы да жасалуы мүмкін. Шарттың бір немесе өзегеше жазбаша нысанының арасында таңдау тараптардың келісімімен немесе сақтандырушымен жүргізіледі.          Қазіргі азаматтық заңнама шартты жалпы полис беру арқылы жасасу мүмкіншілігін де қарастырады. Шарттың мұндай нысаны сөз бір текті мүліктердің әртүрлі партиясын белгілі кезең ішінде негізінен бірдей жағдайлармен жүйелі сақтандыру жөнінде жүрген жағдайда қолданылады. Содан басқа, жалпы полис бойынша сақтандыруды жүзеге асырудың міндетті талабы болып сақтанушы мен  сақтандырушының арасында келісімнің болуы келеді. Сақтанушының талабы бойынша сақтандырушы оған полис әсер ететін мүліктің жеке партияларына бөлек сақтандыру полистерін беріп тұруға міндетті. Жалпы полиске сақтандыру полисінің мазмұнына сәйкес келмеген жағдайларда артықшылық сақтандыру полисінде болады (соған көңіл бөлінеді).         Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 826-бабында сақтандыру шартының мазмұны анықталады. Онда мыналар болуға тиіс: 1) сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері; 2) сақтанушының (егер ол жеке адам болса), тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса) және тұрған жері немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері; 3) сақтандыру объектісі; 4) сақтандыру жағдайы; 5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдері; 6) сақтандыру сыйлық ақысының мөлшері, оларды төлеудің тәртібі мен мерзімдері; 7) шарттың жасалу күні және қолдану мерзімі; 8) егер  олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету; 9) шарттың (сақтандыру полисін) номері, сериясы; 10) шарттың жағдайларына өзгерістер енгізілетін кездер мен оларды енгізу тәртібі; 11) сатып алу сомасын  (жинақтаушы сақтандыру үшін) төлеудің шарттары мен оның мөлшері.  Айтылғаннан сақтандыру шартының елеулі жағдайларына мыналар жататындығы туралы қорытынды жасауға болады, олар:     1) сақтандыру объектісі;         2) мүмкін болатын сақтандыру жағдайы;       3) сақтандыру сомасы және сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдері;           4) сақтандыру сыйлық ақысының мөлшері, оларды төлеудің тәртібі мен мерзімдері;             5) шарттың қолдану мерзімдері;        6) шартты өзгерту тәртібі бойынша шартқа өзге де елеулі жағдайлар енгізілуі мүмкін.            Егер сақтандыру шартында заң актілерінде көзделгендермен салыстырғанда сақтандырушының жағдайын нашарлататындай жағдайлар болса, онда осы заң актілерімен белгіленген ережелер қолданылады. Яғни, сақтандыру жөніндегі нормалардың диспозитивтігі сақтанушының жағдайын жақсартатын жағдайларға ғана таралады. Осыған себеп болып жоғарыда айтылған сақтандыру шартының ерекше әлеуметтік маңыздылығы келеді, азаматтардың ажырамас мүдделері, нарықтық арнайы субъектілермен сақтандыру компанияларымен шарт жасайтын  жеке кәсіпкерлер мен басқа да тұлғалардың мүдделері есепке алынуы қажет.      Осыған сәйкес сақтандыру шартында көрсетілуге тиісті жағдайлардың толық болмауына байланысты жауапкершілікті сақтандырушы атқарады. Сақтандырушы шарты бойынша жеке жағдайлардың толық болмауына байланысты дау пайда болған жағдайларда, дау сақтандырушының пайдасына қарай шешіледі. Бірақ бұл ереже қайта сақтандыру шарттарына таралмайды.           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        

                         2.2 Сақтандыру шартының элементтері

 Сақтандыру шартының тараптары сақтандырушы мен сақтанушы болып табылады. Сақтандырушы сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт  жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру соманың) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясы бар заңды тұлға ғана сақтандырушы бола алады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлык қоғам болып табылады. Жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны жабық акционерлік қоғам болуға тиіс.        Жабық акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына соңғы толық қаржы жылы ішінде үнемі залалсыз жұмыс істеген және осы кезеңде өкілетті мемлекеттік орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді сақтаған жағдайда мемлекеттік тіркеуден өткен  күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен  кейін ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылуына жол беріледі.     Шетелдік қатысушылар мен заңды тұлғалар, шетел азаматтары Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қатысушылары бола алады. Резидент емес сақтандыру ұйымдарының қызметі шектеледі. Қазақстан Республикасының аймағында орналасқан заңды тұлғалардың мүліктік мүддесін сақтандыру немесе оның жеке бөлімшелерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып саналатын және тұлғаның мүліктік мүддесін сақтандыру, тек қана Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын сақтандыру ұйымымен жүргізіледі.     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы коммерциялық ұйым болып саналғанға қарамастан, ол жалпы емес, арнайы құқық қабілеттілігіне иеленеді, ал арнайы құқық қабілеттілік коммерциялық заңды тұлғаларда өте сирек кездесетін қасиет. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметінен бөлек өкілетті мемлекеттік органының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті жүргізуге, тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді және сақтандыру ұйымының қызметінің негізгі бағытымен тығыз байланысты қызметтерінің басқа да түрлерін жүргізуге құқылы.Өз мүшелерінің және өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыруды жүзеге асыру үшін ұйымдастырылған өзара сақтандыру қоғамдары коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.     Қазіргі заң сақтандыру ұйымдарына қызмет көрсетуге рұқсат беретін шектерін анықтауға қатаң қарайтындығымен ерекшеленеді. Бұл өз кезегінде сақтандыру ұйымы қандай сақтандыру шарттарында сақтандырушы бола алатынына әсер етеді.            Қазақстан Республикасының аймағында сақтандыру ұйымының қызметі «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензия негізінде және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясымен, лицензияда көрсетілген сақтандырудың тиісті кластарының шегінде жүзеге асырылады. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызмет өмірді сақтандыру мүмкіндігін және жинақтау сақтандыруды өткізуге жол бермейді.     Сонымен қатар «өмірді сақтандыру» саласындағы қызметте «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметпен қоса атқарылмайды (жазатайым жағдайдан немесе аурудан сақтандыру және медициналық сақтандырудан басқа). Сақтандыру ұйымы, оның сақтандырудың тиісті кластары көрсетілген лицензиясы болған жағдайда, сақтандырудың екі және одан да көп кластарының белгілері мен мазмұнын ұштастыратын (сақтандыру кластарын біріктіруге қатысты шектеулерді ескерсе) сақтандыру түрін әзірлеуге құқылы.              Құқықтық қабілеттіліктің белгілі көлемі қайта сақтандыру ұйымында қарастырылған. Қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясының болуы лицензиатқа бара-бар қайта сақтандыру қызметін де, бара-бар емес  қайта сақтандыру қызметін де жүзеге асыру құқығын береді.      Бара-бар қайта сақтандыру шарттары қайта сақтандыру ұйымы ретінде лицензия алмаған сақтандыру ұйымдарымен де жасалады. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша немесе «өмірді сақтандыру» салыс бойынша оған лицензия сақтандыру ұйымы ретінде берілген бара-бар қайта сақтандыру жөніндегі қызметті өзінің лицензиясында көрсетілген кластар бойынша қайта сақтандыруға лицензиясыз да жүзеге асыруға құқылы.   Егер «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру ұйымында лицензия болса, онда ол лицензия алып бара-бар қайта сақтандыру жөніндегі қызметті де, бара-бар емес қайта сақтандыру жөніндегі қызметті де сақтандырудың тек осы саласында жүзеге асыруға құқылы.    «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша да сақтандырудың және қайта сақтандырудың осындай өзара қатынасы (байланысы) орын алады.   Егер ұйым қайта сақтандыруды, қызметтің ерекше түрі ретінде жүргізсе мұндай шек қойылу қолданылмайды. Лицензияны алып, ол «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша бара-бар және бара-бар емес қайта сақтандыруды жүргізеді.        Сақтанушы болып сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға келеді. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтандырушылар бола алады. Сақтандырушының құқықтық жағдайы сақтандыру шартының конструкциясына байланысты өзгеруі мүмкін.       Сақтандыру шартының нормалары мен сақтандырылған адам деген түсінік енгізіледі. Сақтандырылған адам – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылған адам болып табылады. Егер сақтанушы мен сақтандырылған адамның жеке бастары сәйкес келмесе, оларды бәрібір шарттың бір   тараптары ретінде бағалауға болады, яғни мұндай жағдайларда сақтанушының құқықтары сақтандырылған адамға ауысады.    Сақтандырылған адам статусының сипаттамасы пайда алушы деген түсінікті есепке алмағанда толық емес болады. Ол сақтандыру үшін нақтылы несие беруші болып табылатын субъектіні сипаттайды. Пайда алушы – сақтандыру шартына немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға.     Пайда алушы жеке де,  мүліктік те сақтандыру бойынша тағайындала алады. Сақтандырудың міндетті түрі бойынша пайда алушы сақтандырудың осы түрін реттейтін заң актілерімен айқындалады, ерікті түрі бойынша оны сақтанушы тағайындайды.          Егер міндетті сақтандыру туралы заң актілеріне немесе өз еркімен сақтандыру туралы шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып табылады. Сонымен, кейбір жағдайларда, сақтанушы сақтандыру шартын аз пайдасына қарай жасаған тұлға ретінде анықтауға болады.   Үшінші тұлғалар пайдасында жасалатын өзге шарттар болып келсе, мысалы сатып алу-сату, мүлік жалдау, рента және т.б. шарттар, онда солармен бірге үшінші тұлға пайдасына жасалатын сақтандыру шарты да орын алуы мүмкін.            Сақтандырылған адам сақтандыру шартына заң актілерімен сақтанушыға үшінші тұлғаны сақтандыруды жүзеге асыру міндеті жүктелгесін қатысуы мүмкін. Өз еркімен сақтандыру кезінде сақтанушы үшінші тұлғаны сақтандыру шартында сақтандырылған адам ретінде айқындай алады.             Егер сақтандыру сақтанушыдан бөлек басқа тұлғаға байланысты жүргізілсе, сақтандырылған адамның жеке басы және соған байланысты оның мүдделері (сақтандырылған адамды жеке сақтандыру), не сақтандырылған адамның мүлкі және мүліктік мүдделері (сақтандырылған адамның мүліктік сақтандырылуы) сақтандыру объектісі болады. Сақтандырылған тұлғаның мүлкін сақтандырған кезде, сақтандырылатын тұлғаның өзінін мүлкін сақтауда мүддесінің бар болуы міндетті талап болып келеді.             Міндетті сақтандыру жөнінде және сақтанушы тұлғалардың нақты анықталмаған тобын сақтандыратын жағдайлар туралы айтатын болсақ, осы кездерде сақтандыру шарттық қатынастарында сақтандырылатын адам ретінде тұлғаның қатысуы еріксіз жүргізілуі мүмкін екенін айта аламыз. Өз еркімен сақтандыру кезінде жеке тұлғаның жеке басын немесе мүлкін сақтандыру жөніндегі қарсылығы шарт жасаудың мүмкін еместігіне, ал егер ол жасалып қойған болса – шарттың бұзылуына әкеп соғады.     Егер шарт бойынша сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адамға белгілі бір міндеттер жүктелетін болса, сақтанушы осы себепке байланысты (осы шартты жасауға) сақтандырылған адамның келісімін алуы тиіс.              Сақтанушыға үшінші тұлғаның сақтандыру міндеті жүктелген жағдайда, аталған тұлға сақтандырушыдан бұл міндеттің орындалуы туралы есеп талап етуге, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда – оның сақтандырылған адам болып табылатындығын дәлелдейтін құжатты алуға құқылы (ҚР АК-нің 815-б. 4-т.). Сақтандырылған адамға оның статусын білдіретін құжат берілетініне берілмейтіне тәуелсіз, сақтандыру құқықтық қатынастарында сақтандырылған адамның жеке басы тұлғалардың анықталмаған (белгісіз) әрқашан нақты анықталған болып келеді.    Сақтанушы үшінші адамды сақтандыру жөніндегі өз міндетін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда, бұл тұлға өзінің сақтандырылмағаны жөнінде біліп, сот тәртібімен сақтандыру міндеті заңмен жүктелген тұлғаға оны сақтандыруды талап етуге құқылы.     Үшінші тұлғаларды сақтандыру жөнінде міндеттеменің өз еркімен орындалуы бұдан бөлек, осы міндеттеме орындалмай қалғанда орын алуы мүмкін қолайсыз жағдайлардың пайда болуын келтірмеу қажеттілігімен қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші тұлғаны сақтандыру бойынша оған жүктелген міндеттемені орындамаған немесе заңды актілермен қарастырылған ережелермен салыстырғанда сақтандырылған адамның жағдайын нашарлататын жағдайлардың негізінде шарт жасаған тұлға сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылған оқиғаны болуы себебінен өзі жауапкершілікті көтеретін (зиянды өтейтін болады). Жауапкершіліктің мөлшері сақтандыру тиісті жүргізілгенде төленетін сақтандыру төлемінің көлеміне сәйкес болады.        Кәмелетке толмаған азамат сақтандырылған болып табылатын жағдайда оның құқықтарын жүзеге асыру тәртібі, олардың құқықтарын және қорғалатын мүдделерін заң бойынша өкілдік ету нормаларына сүйенеді.   Жалпы ережеге байланысты сақтандырылған адам шарт бойынша міндеттемелерді орындамайды, олар сақтанушыға жүктеледі (ҚР АК-нің 815-б. 6-т.). Сақтанушы үшінші тұлғаны сақтандыруға байланысты шығындарды өтеуге міндетті. Сонымен қатар, егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, үшінші сақтандырылған тұлға пайда алушы болып келеді.   Бірақ, сақтанушымен және сақтандырылған тұлғамен қатар шарттың бір тарапында пайда алушы бөлек тұлға да қатысуы мүмкін және ол сақтандыру жағдайы орын алса сақтандыру төлемін алуға құқылы болады.  Жалпы ережелерге байланысты ол сақтандырылған адамның жазбаша келісімі бойынша тағайындалады. Пайда алушы болып сақтандырылған адамның кәмелетке толмаған балалары, оның басқа да еңбекке жарамсыз асырауындағы тұлғалар келуі мүмкін, мысалы оның кәсіби қызметі жоғары дәрежедегі тәуекелмен байланысты тұлғаның өмірі сақтандырылатын болса. Кәмелетке толмаған пайда алушының да құқықтары  оның заңды өкілдерімен жүзеге асырылады.         Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша пайда алушы ретінде тек сақтанушы бола алады, ол сонымен бірге бір уақытты сақтандырылған адам болуы да қажет. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырған кездерде пайда алушылар болып сақтанушы олардың алдында жауапкершілікті көтеретін тұлғалар, яғни сақтанушының әрекеттерімен оларға зиян келтіретін тұлғалар келеді. Осы ереже шартта пайда алушы болып сақтанушының өзі немесе басқа тұлға аталғанына, ия болмаса пайда алушы көрсетілмегеніне қарамастан қолданылады.      Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру жағдайы болса, бірақ шартта пайда алушылар  көрсетілмесе, олардың ретінде сақтандырылған адамның мұрагерлері қарастырылады.      Пайда алушы сақтандыру жағдайы орын алған кезде тікелей сақтандырушыға сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемін төлеу туралы талап қоюға құқылы. Соынмен қатар, пайда алушыға сақтандыру шартын оырндауға байланысты міндеттемелер жүктелуі мүмкін емес, оларды мұндай жағдайларда сақтанушы атқарады (ҚР АК-нің 816-б. 9-т.).   Азаматтық кодексте сақтанушының тарапы жағынан құқықтық мирасқорлық және сақтандырылған адам немесе пайда алушының орнына басқа тұдғаны тағайындаудың тәртібі тікелей реттелген. Сақтандырушының тарапы жағынан құқықтық мирасқорлық азаматтық құқықтағы универсалдық (әмбебап) және сингулярлық құқықтық мирасқолықтың жалпы ережелеріне орын алады.           Мүлікті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтанушының құқықтары мен міндеттері мұрагерлік тәртібімен осы мүлікті қабылдаған адамға ауысады. Сонымен, сақтанушыны тарапынан  универсалдық (әмбебап) құқықтық мирасқорлық сақтандыру шартының шеңберінде жалпы ережелер бойынша жүзеге асады.      Сингулярлық құқықтық мирасқорлық тәртібі бойынша сақтанушының құқықтары мен міндеттемелерінің ауысуы ерекшеленеді. Егер басқа тұлғаға алғашқы сақтанушының мүлкіне меншік құқықтары (немесе өзге де заттық құқықтары) ауысса, мұндай тұлғаға сақтандыру шарты бойынша құқықтар мен міндеттемелердің ауысуы сақтандырушының келісімімен жіберіледі, ал жалпы ережелер бойынша талап ету құқығын беру борышкердің келісімін талап етпейді. Сақтандырушының келісімінсіз сингулярлық құқықтық мирасқорлыққа жол беру жеке сақтандыру жөніндегі бөлек заңды актілермен немесе шарттың өзімен қарастырылуы мүмкін.      Жеке сақтандыру шартын сақтандырылған адамның пайдасына жасаған сақтанушы қайтыс болған жағдайда, осы шартта айқындалған құқықтар мен сақтандырылған тұлғаға оның келісімімен ауысады.      Шарт бойынша міндеттерді орындауға қарасты тұлғаның қабілеттілігі есепке алынады. Сақтандыру шарты бойынша міндеттерді сақтандырылған адамның орындалуы мүмкін болмаған жағдайда, оның құқықтары мен  міндеттері заң актілеріне сәйкес оның құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша міндеттерді жүзеге асырушы тұлғаларға ауысуы мүмкін.  Заңды тұлға болып есептелетін  сақтанушыға құқықтық мирасқорлық жөніде ереже айырықша көрсетілген. Оның универсалдық құқықтық мирасқорын  анықтау жалпы ережелермен жүргізіледі (заңды тұлғаны қайта құру орын алса), ал сақтандырудың құқықтық қатынастарына құқықтық мирасқорды жіберу жөніндегі сұрақты шешу сақтандырушының келісімін алумен байланысты. (ҚР АК-нің 863-б. 3-т.)       Сақтандыру шарты бойынша сақтандырылған тұлғаны ауыстыруды қарастырайық. Ауыстыруға қарасты ерекше ережелер азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру реттері үшін қарастырылған. Азаматтақ-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру кезінде сақтандырылған адам болып табылмайтын сақтанушы бұл туралы сақтандырушыға жазбаша хабарлап, сақтандыру жағдайы басталғанға дейін кез-келген уақытта сақтандырылған тұлғаны басқасымен ауыстыруға құқылы. Сақтандыру шартымен сақтандырылған адамды еркін ауыстыруға тиым салынуы немесе мұндай ауыстыруға шек қойылуы қарастырылуы мүмкін.      Жеке сақтандыру шарты бойынша және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудан басқа мүліктік сақтандыру шартында аталған сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам тек өзінің және сақтандырушының келісімі бойынша басқа тұлғамен ауыстырылуы мүмкін.              Шарт бойынша сақтандыру төлемін алу құқығы егер сақтандырылған адам оны алудан бас тартса, сақтандырылған адамнан сақтанушыға ауысуы мүмкін.             Егер сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам қайтыс болуы, сақтандыру жағдайы болып қарастырылмаса, құқықтық мирасқорлыққа жол берілмейді. Сонымен бірге сақтандырылған тұлғаны ауыстыру мүмкіндігі заңмен немесе шартпен қарастырылуы мүмкін.   Сақтанушы сақтандырылу жағдайы басталғанға дейін сақтандырылған адам болып табылмайтын, сақтандыру шартында аталған пайда алушының, бұл жөнінде сақтандырушыны жазбаша хабар етіп, басқа адаммен ауыстыруға құқылы. Пайда алушыны оның сақтанушымен жасаған келісімінен туындайтын белгілі бір міндеттерді сақтандыру шарты бойынша орындағаннан немесе сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі талап қойғаннан кейін басқа адаммен ауыстыруға болмайды. Сақтандырылған адам болып табылатын пайда алушыны ауыстыру сақтандырылған адамды ауыстыруға қарастырылған жалпы ережелер бойынша жүргізіледі.              Сақтандырылған адам болып саналмайтын пайда алушы қайтыс болған жағдайда не пайда алушының құқықтарынан бас тартса, соңғысының құқығы сақтандырылған тұғаға ауысады. Сақтандырылған адамның қайтыс болуынан жалпы салдарына әкеледі (ҚР АК-нің 816-б. 6-т.).      Сақтандыру объектісі жеке және заңды тұлғалардың мүддесі болып есептеледі. Сақтанушының құқыққа қайшы мүдделері сақтандыру объектісі бола алмайды, оларды сақтандыру артынан сақтандыру шартының жарамсыздығына әкеліп соғады. Сақтандыруға жататын мүдделер, мүліктің жойылуының немесе басқа да  жоғалуының, кәсіпкерлік қызметтен күткен пайданы алмаудың азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартудың өмірге немесе денсаулыққа зиян келтірудің салдарынан болатын және тағы басқаларға байланысты қолайсыз мүліктік зардаптардан құтылу немесе оларды азайтуға бағытталған сақтанушы (сақтандырылған адам) субъектісінің ықыласымен байланысты. Яғни, сақтандыру объектісін олар жөнінде басқа да абсолютті және арақатыстық, мүліктік және мүліктік емес құқықтық қатынастар топтары пайда болатын азаматтық құқықтар объектілерінің өздерімен теңестіруге болмайды.      Сонымен, сақтандыру объектісін сипаттай отырып қорытынды жасауға болады, сақтандыру қатынастары кейбір мөлшерде қалған азаматтық құқықтық қатынастары үшін қамтамасыз етілетін болып табылады.    Сақтандыру шартының заңды объектісі болып қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін сақтандырушының жүріс тұрысы есептеледі.     Сақтандыру шарты көбіне нақты (реалды) шарт болғандықтан, оның мазмұнын талдауды сақтанушының міндетінен және оған қарама-қарсы болып келетін сақтандырушының құқығынан бастау керек. Ең басында (бірінші кезекте) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндетті. Сақтанушы осы өзінің міндетін сақтандырылған адамға да, пайда алушыға да жүктей алмайды. Мұндай міндет оларға заңды актілермен де жүктелмейді.            Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлері шартпен белгілі ақша сомасы ретінде қарастырылады. Сақтанушы шартпен сәйкес, сақтандыру объектісі мен сақтандыру тәуекелінің сипатын ескере отырып, сақтандыру сомасының көлеміне қарап есептелетін сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін белгілейтін сақтандырушы әзірлеген сақтандыру тарифіне байланысты сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге міндеттенеді.    Сақтандырудың міндетті түрі кезінде сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлері заңды актілермен орнатылған олардың мөлшерлерінен көп болмауы керек. Мысалы, автокөлік құжаттарының иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру жөніндегі Ережеге сәйкес, жеңіл көлік иелерінің, 1200 кубтық сантиметрге дейінгі двигатель мөлшері бар микроавтобус иелерінің жауапкершілігін сақтандыру үшін, үш айлық есептік көрсеткіштер көлемінде сыйлықақысы алынады, ал 1200-ден 1600 кубтық сантиметрге дейін кіргізілетін сақтандыру сыйлықақысы төрт айлық есептік көрсеткіштер көлемінде орнатылады және т.б. Сақтандыру компаниялары клиенттерді міндетті түрдегі сақтандырудың осы түрлеріне тарту мақсатында алынатын сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін азайтып тұрады.             Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудің тәртібі мен мерзімдері шартпен белгіленеді. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша олар заң актілерімен белгіленуі мүмкін. Сақтандыру сыйлықақысы әдетте біруақтылы төлем. Шартта сақтандыру сыйлықақысын бөліп-бөліп төлеу көзделуі мүмкін. Тараптар кезекті сақтандыру жарналарын белгіленген уақытта төлемеуге байланысты жауапкершілікті қарастыра алады. Сақтандырушының осы жағдайда шартты мерзімінен бұрын бұзу құқығы да көзделуі мүмкін.    Бірақ, сақтандырушымен бұл шартты бұзу мүмкіндігі жинақтаушы сақтандыру шарттары үшін қарастырылмайды. Азаматтық кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, жинақтаушы сақтандыру шартымен орнатылған мерзімде сақтандырушы сақтандыру жарналарын алмаған жағдайда сақтандыру жарнасын төлеу қажеттілігі жөнінде сақтанушыға хабар беруге міндетті.            Хабарландырудың ішіне кіреді:        1) сақтандыру жарнасын төлеу мерзімі;       2) сақтандыру жарнасын төлеудің мерзімін асырып алу үшін өсім мөлшері;              3) сақтандыру сыйлықақысын кейінге қалдыру мерзімі ішінде сақтандыру жарнасын төлемеу жағдайларында сақтандырушының бір жақты тәртіппен шартты тоқтату құқығы.          Сақтандыру сыйлықақысын кейінге қалдыру кезінде сақтандыру жағдайы орын алып қойса сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы берешек сомасын ұстап қалып, сақтандыру төлемін жасауы тиіс. Сақтанушыға сақтандыру жарнасын төлеуі қажет екендігін ескертетін хабарлама, оның жіберілгендігін растауға мүмкіндік беретін жолмен жіберіледі. Сонымен қатар сақтандырудың басқа да түрлерінде, егер сақтандыру жағдайы сақтандыру жарнасын төлегенге дейін болса, оны төлеу мерзімі жіберіліп алынса сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындап, төлену мерзімі өтіп кеткен сақтандыру жарнасын есептеп оны тиесілі сақтандыру төлемінің есебінен ұстап қала алады, бірақ ол сақтандыру төлемін жасау міндетінен босатылмайды.       Сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру тәуекелдерінің күйі туралы хабарлап отыруы керек. Бұл міндетіне сәйкес сақтанушы өзіне белгілі сақтандыру жағдайының болуының мүмкіндігін және шығын көлемін анықтау үшін мәні бар барлық мәліметтерді сақтандырушыға хабарлауға міндетті. Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылған оқиға туындау ықтималдығының дәрежесі, оның орын алу мүмкін зиянды салдары өз кезектерінде сақтандырушы тәуекелінің дәрежесін бағалауға мүмкіншілік береді.              Тәуекелдің дәрежесін бағалауға маңызды болып сақтандырушы өңдеген сақтандырудың типтік жағдайларында (сақтандыру ережелерінде) немесе  сақтанушыға шартты жасасу уақытында жіберілген жазбаша сұрауда нақты көрсетілген жағдайлардың барлығы табылады. Сақтанушы бір немесе өзге қалыптасқан жағдайда тәуекелді бағалау үшін маңызды болып табылатын өзге фактілерді де сақтандырушыға хабарлауға міндетті. Барлық жағдайда да ол адал болуы керек. «Егер ол, мысалы, оның сақтандырып отырған туысқаны емдеуге келмей ауырып, өлім ауызында жатқанын білсе, оның мұндай сақтанушы адамгершілікке де, заңға да қарсы тіршілік істейді».5             Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 832-бабы 1-тармағының нормасын қолдану осы баптың 3-тармағының әсері салдарынан біршама ерекшеліктерге ие болады.        Өзінің қызмет ету аймағында біліктілігімен сипатталатын сақтандыру шартын  жасасқан кезде өзінің тәуекелін бағалау үшін мәні бар барлық фактілерді барынша толық анықтауы тиіс. Егер сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға қойған сұрақтарына жауап болмаған жағдайда бекітілсе, онда сақтандырушы тиісті фактілер сақтанушымен хабарланбады деп шартты бұзуды немесе оны жарамсыз деп тануды талап ете алмайды. Сонымен қатар шартты жасағаннан кейін сақтанушы сақтандырушыға оған тәуекелінің дәрежесін бағалауға қажет фактілер жөнінде жалған ақпар бергені белгілі болса, сақтандырушы шартты жарамсыз деп тануды талап ете алады.

Жоғарыдағыдай жағдайлар сақтандырушыға оның шартты жасағанына дейін белгілі болса немесе сақтандырушы олар туралы білуге тиіс болса, онда сақтанушы өз міндетін орындамаған деп есептелмейді. Сақтанушының жасырын қылған фактілері сол кезеңге дейін жойылса, онда да сақтандырушының шартының жарамсыздығын талап ете алмайды. Мүлікті сақтандыру шартын жасағаннан кейін де сақтанушы сақтандырушыға шарт жасасқан кездегі хабарланған жағдайлардағы белгілі болған елеулі өзгерістерді, ауытқушылқты сақтандырушыға хабарлап отыруға міндетті. Сақтандыру туралы нормалардың мағынасы бойынша жағдайлардағы елеулі өзгерістер болып сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін өзгерістер табылады. Сонымен қатар сақтандыру шартында тікелей көрсетілген өзгерістер барлық жағдайда маңызды болып саналады.   Жалпы полис бойынша сақтандыру кезінде сақтанушы шартта көрсетілген мерзім ішінде, ал егер бұл мерзім қарастырылмаса, мүліктің әрбір партиясын алғаннан кейін ізінше, сақтандырушыға оған тәуекелдің дәрежесін анықтауға қажет мәліметтерді хабарлап отыруы керек. Сақтандырушының шығынды төлеуі мүмкін болған қауіпті кезең өткенімен сақтанушы жоғарыда аталған міндеттерден босатылмайды.     Сақтанушының келесі міндеті сақтандыру жағдайы болғаны туралы сақтандырушыға хабарлауда болып келеді. Оған сақтандыру жағдайы орын алғаны туралы белгілі болғаннан кейінге қалдырмай сақтанушы осы туралы сақтандырушыға немесе оның өкіліне хабарлауы тиіс. Егер шартта ескертудің тәсілі мен мерзімі көрсетілсе, хабарлау міндеті шартқа сәйкес орындалуы керек. Кейбір жағдайда хабарлау (ескерту) заң актілерінде көрсетілген мерзімде жасалады.          Көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы ережелердің 3-тармағына сәйкес сақтандыру жағдайы болған соң ол туралы 3 күн мерзім ішінде сақтанушы (демалыс пен мереке күндерін есептемегенде) сақтандырушыны хабардар етуі керек. Сақтанушы бұл кезде оқиғаның болған уақытын, орын және барлық жағдайларын көрсетуі керек.             Шартқа сәйкес сақтанушы сақтандырылатын тұлға болмаса, онда аталған міндет сақтандырылған тұлғаның өзінде болып келеді. Егер өзін сақтандыру шарты жасалса және сақтандыру жағдайы болып сақтандырылғанның өлімі келсе, онда сақтандырушыға сақтандыру жағдайы болғаны туралы сақтанушы хабарлайды, ал егер ол біруақтылы сақтандырылған болса бұл міндет пайда алушыға жүктеледі. Осындай сақтандыру шарттарында хабарлау мерзімі 30 күннен кем болмауы тиіс. Мерзімнің мұндай ұзақтығы жақын адамның дүниеден өтуінің жақындарына ауыр болатынына байланысты. Сонымен бірге бұл кездерде сақтандыру жағдайының фактілері айқын болатынын да ескерген. Пайда алушы сақтанушымен және сақтандырылушымен бірге сақтанатын жағдай туралы сақтандырушыға хабарлауға әрқашан құқылы болып келеді. Оның бұл құқығына есертуді сақтандырушыға сақтанушы немесе сақтандырылған жасағаны әсер етпейді. Сақтандырушыға сақтандырылатын жағдай болғаны туралы тиісті мерзімде ескертілмегені расталса, онда сақтандырушының сақтандыру төлемін жасаудан бас тарту құқығы пайда болады. Бұған сақтандырушы сақтандыру жағдайы туралы өзі білген немесе ескерту жасалу (жасалмауы) оның міндетіне әсер етпейтін реттер кірмейді. Біз бұл жерде сақтандырушының ескертілмеуі сақтандыру жағдайы болғанда оның мүліктік мүдделеріне ешқандай әсер етпейтін реттер туралы айтып отырмыз. Мысалы: өлім табиғи себеппен болса (аурудан) және бұл сақтандырылатын жағдай болып қаралса.            Сақтанушы сақтандырылатын жағдайдан болатын шығындарды азайтуға ықпал жасауы керек. Сақтанушының өзінің осы міндетін орындау қалыптасқан жағдайда шығынның алдан-алу мақсатында қажетті қисынды және қолайлы шаралар жасалуын талап етеді. Олардың қатарына сақтандырылған мүлікті құтқаруға және сақтауға бағытталған шаралар да кіреді. Мұндай шараларды жүзеге асыра келе сақтанушы, сақтандырушының нұсқауын қадағалау керек, егер оған бұл туралы алдын-ала ескерілсе.   Сақтанушы сақтандыру жағдайы болуы үшін жауапты тұлғаға қойылуы мүмкін талаптардың сақтандырушыға берілуін қамтамасыз етуі керек (ҚР АК-нің 831-б. 5-т.). Осы себептен сақтанушы (сақтандырылған тұлға) сақтандыру төлемін алғаннан кейін барлық құжаттарды, айғақтарды сақтандырушыға беруі тиіс және сақтандырушының оған өткен талап құқығын жүзеге асыруы үшін қажетті барлық мәліметтерді де хабарлауы керек. Мысалы, сақтандырылған тұлға алдындағы шарт орындалмаса, ал сақтанушы болып өзге тұлға келсе, онда шартты бұзған субъектіге талап құқығы сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз етуге тікелей міндетті болып сақтандырылған тұлға келеді. Ол шарт мәтінінің барлық жазылған хаттарды есеп айырысу жүргізілгенде төлем қағаздарының көшірмелерін және басқаларды сақтандырушыға беруі тиіс. Сақтандырушыға да бірқатар міндеттер жүктеледі. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 830-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандырушы сақтанушыны сақтандыру ережелерімен таныстыруы қажет.         Сақтандырушының негізгі міндеті сақтандыру жағдайы орын алғанда сақтандыру төлемін сақтандыру шарты мен заң актілерінде көрсетілген мерзім мен мөлшерде төлеуде болып келеді. Жоғарыда аталған автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Ережелерінің 33-тармағына сәйкес сақтандыру шартында қарастырылған құжаттар бар болған жағдайда сақтандырушы сақтандыру төлемдерін құжатты алғаннан кейін 7 банктік күннен кешіктірмей бастауы керек, осыған сақтандыру төлемі жайлы таластар сотта қаралатын жағдайлар жатпайды.  Аталған міндеттерді тәжірибе тұрғысында бағалау  үшін «сақтандыру сомасы» және сақтандыру төлемін ұғымдарын толық түсінудің маңызы үлкен болып келеді. Сақтандыру сомасының мөлшері шартта көрсетіледі. Міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру сомасы сақтандыратын жағдай болған кезде болатын нақты нұқсан мөлшерінен кем болмауы керек, тұлғаның өзін сақтандыру кезінде  (міндетті сақтандыру жағдайларын бірге алғанда) сақтандыру сомасы екі жақтың келісімімен белгіленеді. Ал мүлікті ерікті сақтандыру үшін керісінше шектеулер қарастырылған. Мүлікті сақтандыру кезінде сақтандыру сомасы шартты бекіту кезіндегі заттың іс жүзіндегі құнынан аспауы қажет. Шартты бекіткен кезде анықталатын мүліктің құны сақтандыру құны деп аталады. Ол мүліктің нарық құнына негізделеді. Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандырғанда сақтандыру құны болып, кәсіпкерге сақтандыру жағдайы болған кезде орын алуы мүмкін шығындар есептеледі.             Егер сақтандыру сомасы шартта көрсетілген сақтандыру құнынан асып кетсе, онда сақтандыру шарты оны жасасу сәтіндегі сақтандыру құнынан асып келетін сақтандыру сомасының бөлігінде жарамсыз болып келеді.  Сақтандыру шартында белгіленген мүлік құны жөнінде тараптар дауласа алмайды. Тек бір ерекшелік (алып тастау) бар, ол оны сақтанушы әдейі жаңылыстырды деп айтатын сақтандырушының дауласуына тарайды. Сонымен, сақтаныдрушы іс жүзінде сақтандыру төлемін өтеу міндетін іске асыруы сақтандыру сомасының мөлшерімен есептелінеді, сонымен бірге ол негізге алынған сақтандырушылық қамтамасыз ету жүйесіне және сақтандыру жағдайы туындаған кезде орын алған барлық фактілерге де байланысты. Бара-бар қамтамасыз ету жүйесі қолданылады, соған сәйкес сақтандырылған мүлікке келген зиян, сақтандыру сомасы мүлік құнын анықтайтын соманың қандай бөлігін құрайтынына қарап үлесті көлемде өтеледі. Бұл жағдайда келтірілген шығынның сомасын сақтандыру сомасының мүлік құнының сомасына қамтамасыз анықтайтын процентке көбейтіледі.            Алғашқы тәуекелділік сақтандыруы деп аталатын жүйеге сәйкес келтірілген шығын сақтандыру құны сомасының және сақтандыру сомасының проценттік ара-қатынасының байланысына қарамастан сақтандыру сомасының көлемінде өтеледі. Сақтандыру қамтамасыз етудің үшінші түрі бойынша шығын қатаң түрде шектелген мүліктің сақтандыру құнының шеңбері көлемінде өтеледі, бұл жүйе бойынша да шартта  кейде шығынды өтеудің ең жоғары және ең төмен шектері көрсетіледі.6     Бірінші сақтандыру жүйесіне сәйкес  сақтанушыға (сақтандырушыға, пайда алушыға) төлем келтірілген зиян  мөлшерінен аз төленеді. Ал қалған екі жүйеге сәйкес сақтандыру төлемі сақтандыру сомасын басшылыққа алады, ал егер мүмкіндік болса төлем келтірілген зиян сомасынан аз болмайды, (егер бұл заңмен шектелмесе). Аталып өткендей, міндетті сақтнадыру кезінде сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандыратын жағдай себебінен келтірілген нақты нұқсан мөлшерінен кем болуы мүмкін емес. Ал, егер сөз мүлікті және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру туралы болса, оны сақтандыру төлемі сақтандыратын жағдай себебінен сақтанушыға (сақтандырылушыға) келген нақты нұқсан мөлшерінен аса алмайтынын да айта аламыз. Сақтандыру төлемін жасау кезінде сақтанушы немесе сақтандырылған тұлға зиян әкелушінің есебінен немесе басқа да жолдармен келген шығынның қанша мөлшерін өндіріп ала алатыны да есептелінеді. Өзін сақтандырудың сақтандыру төлемі сақтанушыға (пайда алушыға) әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша және басқа да сақтандыру шарттары бойынша оған тиесілі сомаларға қарамастан төленеді.              Мүлікті сақтандыру шарты бойынша, сақтандыру төлемін сақтандыру сомасы шегінде зиянды заттай өтеумен ауыстыру қарастырылуы мүмкін. Бірақ бұл тұлғаның өзін сақтандыру шарты бойынша қолданылуы мүмкін емес. Заңмен қарастырылған кейбір жағдайлар орын алса, олар сақтандыру жағдайына әсер еткен болса, сақтандырушы сақтанушыға сақтандыру төлемін төлеуден толық немесе ішінара бас тартуға құқылы болып келеді. Аталған жағдайларға мыналар жатады: 1) сақтаушының, сақтандырылғанның немесе пайда алушының сақтандыратын жағдайдың тууына себепші болып келген қасақана әрекеттері. Яғни аталған тұлғалардың іс-әрекеттері азаматтық-құқықтық көзқарастан заңсыз болып есептеледі, бұл өз кезегінде сақтандырушыны сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден босатады және ол өз қалауы бойынша ғана сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жасай алады. 2) сақтаушының, сақтандырылғанның немесе пайда алушының іс-әрекеті заң актілері бойынша қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық деп табылуы.          Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 839-бабының 1-тармағы бойынша жоғарыда аталғандар сақтандырушының сақтандыру төлемін жасаудан босататын сөзсіз негіздер болып келеді. Мұнда ерекшелік мына ретте қарастырылады, өзін сақтандыруда тұлғаның өлімі оның өзін-өзі өлтіруі салдарынан болса және осыған дейін сақтандыру шарты 2 жылдан кем емес мерзім ішінде күшінде болса, онда сақтандырушы сақтандыру төлемін жасау міндетінен босатылмайды.        Сақтандыратын жағдайдың тууына мынадай себептер әсер етсе сақтандырушы сақтандыру төлемін өтеуден босатылады, олар: 1) ядролық жарылыстың, радиацияның және радиактивті қабыну әсері; 2) әскери іс-әрекеттер; 3) азамат соғысы, халық қозғалысы, қандай да болсын жаппай тәртіпсіздіктер және ереуілдер. Ерікті сақтандыру үшін диспозитивті реттеу қолданылады, бұл ретте екі тарап сақтандырушы айтылғандай жағдайлар орын алса сақтандыру төлемін өтеуден босатылмайды деп келісуі мүмкін. Дәл, осы міндетті сақтандыру кезінде заң актілерімен қарастырылуы мүмкін. Егер мүлікті сақтандыру шартында өзгеше қарастырылмаса, мемлекеттік органдардың өкімі бойынша сақтандырылған мүлікті тартып алу, тәркілеу, оған арест салу, оны реквизициялау сақтандырушыны сақтандыру төлемін өтеуден босатылады. Мұндай заң шешімі әртүрлі тұрғыдан түсіндіріледі. Егер сақтандырылған тұлғаның заңға қайшы іс-әрекеттері себебінен меншік құқығы шектелетін немесе тоқтатылатын болса, жасалмауы тиіс. Егер мемлекеттік органдардың іс-әрекеті заңсыз болса, онда мемлекеттік органдардың және мемлекеттің өзінің деликтілік жауапкершілігінің тетігі іске қосылады, ал бұл жағдайда сақтанушының шығындарды өтеуі оның нормаларының қолданылуына негізсіз бәсеке жасайды. Реквизиция қолданған жағдайда ерекше, себебі құқық тұрғысынан алғанда, меншік иесінің де іс-қимылы реквизицияны қолданған мемлекеттік органның да іс-қимылы құқық жағынан ақаулы болып келмейді. Сақтандырушыны өз міндеттерінен босату бұл жағдайда реквизицияның ақылы мінезін ескеріп жасалатын сияқты және де бұл кейбір идеологиялық көзқарастарға да негізделеді, олар бойынша реквизиция азаматты азаматтық борышын атқаруға шақыру болып қаралуы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда да шарттың тараптары сақтандыру төлемі туралы сұраққа басқаша шешім табуы мүмкін.             Сақтандырушының сақтандыру төлемін жасаудан бас тартуына мыналар себепті болуы мүмкін: а) сақтанушы сақтандыратын объекті туралы,  сақтандыру жағдайы және оның зардабы туралы сақтандырушыға әдейі жалған мәлімет беруі; б) сақтандырушының сақтандыратын жағдайын болдырмау үшін шараларды әдейі қолданбауы; в) мүлікті сақтандырудағы сақтанушының шығын келтірудегі кінәлі тұлғадан өтем алуы; г) сақтандыру жағдайының тууын сақтандырушының зерттеуіне және келтірген шығын мөлшерін анықтауға сақтанушының кедергі келтіруі, д) сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы хабарламау; е) сақтандыру жағдайының тууына себепші болған тұлғаға сақтандырушыға сақтандырылған (пайда алушы) тұлға орнына талап ету құқығын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды берудег бас тарту. Бұл жағдай, егер сақтандыру сомасы төленіп қойса, сақтандырушы төлемді толық немесе ішінара қайтаруды талап етуге құқылы. Сақтанушының заңсыз іс-әрекеттері салдарынан сақтандырушы сақтандыру міндеттерінен босатылатын болса, онда ол осымен бірге сақтандырылған немесе пайда алушы тұлғаларға да сақтандыру төлемін жасау міндетінен босатылады. Сақтандыру төлемін өтеуден бас тарту себептерінің тізімі аяқты емес, шартпен тағы да  басқа да себептер қарастырылуы мүмкін.           Барлық реттер сақтандыру төлемін жасаудан бас тарту жөніндегі шешім сақтандырушының өзімен қабылданады және бұл шешім сақтанушыға жазбаша түрде хабарланады. Сақтанушыға жасалған хабарламада төлемді жасаудан бас тартудың дәлелді себептері көрсетілуі керек.      Егер сақтанушы шығынды немесе алдын алу мақсатында шығынданса, одан сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылған тұлғаға) олардың сақтандыру жағдайы орын алған соң шығынды азайту үшін жұмсағандарын өтеуге міндетті.            Сақтанушы болуы мүмкін шығынды азайту немесе оның алдын алу мақсатында шығынданса немесе сақтандырушының нұсқауын орындап шығындаса, онда сақтанушы қолданған шаралар пайдасыз аяқталса да сақтандырушы сақтанушыға шығын орнын толтыруға міндетті.     Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 829-бабының 2- трамағына сәйкес  төлемақы мөлшерінің шегі шығынның орнын толтыруды қоса есептегенде сақтандыру сомасы мөлшерінен аспауы керек. Егер шығын сақтандырушының сақтанушыға берілген тапсырмасын орындау кезінде кетсе ғана ерекшелік орын алады. Бұл жағдайда сақтанушының қосымша шығындарды сатандыру төлемақысына қарамастан толық өтеледі.    Сақтандырушының кейбір құқықтары сақтандыру тәуекелділігінің  ұлғаюымен байланысты (сақтанушыдан бұл туралы хабар алумен), мүлікті зардап шегуді азайту үшін, сақтандыру жағдайының қолайсыз нәижесін орташа деңгейге дейін төмендету мақсатында сақтандырушы шарт жағдайына өзгеріс енгізуді талап ете алады. Бұған қол жеткізу тәсілдерінің бірі Азаматтық кодексте тікелей көрсетілген, ол тәуекелділіктің ұлғюына байланысты қосымша сақтандыру сыйлық ақысын талап ету арқылы жүзеге асады. Бірақ сақтандырушы тәуекелділік көрсеткішін белгілі бір сатыға дейін азайту үшін бір ғана тәсілді таңдауы керек. Бұдан кейін шарт мөлшердегі тәуекелділік жағдайында деп есептелініп орындалуы керек. Өзін сақтандырудың кейбір жағдайларында да тәуекелдік көрсеткішінің ескеру мүмкіншілігі қарастырылған. Осыған қатысты біз ертеректе тоқтатылған немесе уақытша тоқтатылған жинақты сақтандыру шарттарын қайта қалыпқа келтіру жағдайын мысал ете аламыз. Егер жинақты сақтандыру шартын қалпына келтіру кезінде сақтандырылған кісінің денсаулығы нашарлап кетсе, сақтандырушы сақтандыру сыйлықақсының мөлшерін қайта есептеп шығаруға құқылы. Сақтанушы шарттың жаңа жағдайларда жалғастыруға қарсылық шарт тоқтатылады.          Егер сақтанушы немесе сақтандырылған тұлға сақтандыру шартына өзгеріс енгізуге немесе қосымша сыйлықақы төлеуге қарсы болса, сақтандыру азаматтық заңнаманың шарт тоқтатылуы туралы жалпы ережелерін сәйкес шар туралы тоқтатылуын талап ете алады. Сақтанушы немесе сақтандырылушы тәуекелділік көрсеткішіне әсері бар өзгерістердің болғанын сақтандырушыға хабарламаса, онда бұл жағдайда да жоғарыда аталған шартты тоқтау мүмкіншілігі бар болып келеді.  Сонымен қатар сақтандырушы сақтанушыны (сақтандырушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілікке  тартып, орын алған шығындарын өндіріп ала алады.   Сақтандырушы, егер тәуекелділік көрсеткішінің жоғарлауына себепші жағдайлар жойылса, шартты бұзуды талап ете алмайды.     Сақтандыру шарт бойынша тәуекелділік көрсеткішінің ұлғаюымен байланысты сақтандырушының құқығы өзін сақтандыру шарттарын да барлық реттерде бірдей орын алмайды. Өзін сақтандыру шарттары бойынша тәуекелділік өзгерістерінің салдары, олар шартпен тікелей қарастырылғанда туындауы мүмкін.           Сақтандырушы сақтандыру құпиясын сақтауға міндетті (ҚР АК-нің 828-б. 3-т.) көрсетілген норма тұжырымдамасы бойынша сақтандыруға сақтандыру құпиясының ережесін тек қарапайым орындау міндеті жүктеліп қоймайды, ол сақтандыру құпиясы туралы мәліметтердің таралуына жол бермеу үшін қолынан келген шараларды жүзеге асыруға да міндетті.   Сақтандыру құпиясының жария болуы бұзылуының бір жағдайы ретінде міндетті түрде сақтанушы мен сақтандырылушының құқықтарына немесе заңды қорғалатын мүдделеріне нұқсан келтірмейді. Құқыққа қайшы нәтижелер кейінрек те туындауы мүмкін немесе олардың туындауының қаупі орын алады. Сондықтан кез-келген жағдайда сақтандырудың құпиясын жария етуге болмайды (осыған жол берілмеуі керек). Сақтандыру құпиясына сақтандыру анықтайтын сомасының мөлшерін, сатып алу сомасын және төлнеген сақтандыру сыйлықақысын сақтанушыға, сақтандырылушыға немесе пайда алушыға байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының басқа да жағдайлары кіреді.         Тарату алдындағы сақтандыру ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттар туралы мәліметтер сақтандыру құпиясына жатпайды. Сонымен қатар, сақтандыру қызметін жүзеге асырудың жалпы жағдайлары, ұсынылатын сақтандыру қызметтерінің тізімі, сақтандыру тарифтері, сақтандыру мерзімдері, сол сияқты сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының өзге негізгі жағдайлары сақтандыру құпиясының және коммерциялық құпияның нысанасы бола алмайды.      Заңмен айқындалған сақтандыру құпиясының ережелері бойынша сақтандыру нарығының кәсіби қызметі арқылы алынған сақтандыру құпиясын жариялауға құқылы емес, бұған сақтандыру нарығының өзге кәсіби қатысушысына жататын қосылып сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарына байланысты ақпарат беру және заңнамада қарастырылған өзге жағдайларда ақпарат беру жатпайды, яғни соңғы аталған әрекеттер коммерциялық құпияны бұзу ретінде бағаланбайды. Сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтер олардың өндірісінде қылмыстық және азаматтық істер болып келетін соттарға (олардың ұйғарымдары бойынша), тергеу және анықтау органдарына берілуі мүмкін. Прокурор осы мәліметтерді қолында бар материалдары бойынша қызмет бабы шегінде тексеру жүргізу туралы қаулысы негізінде ала алады. Мемлекеттің уәкілді органына бұл мәліметтер сақтандыру қызметіне қадағалау мақсатында беріледі. Сонымен бірге бұл мәліметтер сақтанушының (пайда алушының) өкіліне нотариус куәландырған сенімхаттың негізінде берілуі мүмкін. Жалпылама сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтер қандайда болсын үшінші тұлғаларға берілуі мүмкін, бірақ осыған сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның, пайда алушының) жазбаша келісімі қажет.   Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 830-бабының 6-тармағы сақтандыру құпиясы жайлы мәліметтерді сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы қайтыс болғаннан кейін берілу ережесін қарастырады.   Мәліметтер беріледі:          1) мұрагерлерге           2) соттар мен нотариустарға, егер олардың өндірісінде мұрагерлік туралы істер болса. Мәліметтер соттың ұйғарымының, қаулысының немесе нотариустың мөрімен куәландырған оның жазбаша сұранысының негізінде беріледі. Нотариустың жазбаша сұранысымен бірге сақтанушының өлімі туралы куәліктің көшірмесі ұсынылуы керек.       3) Шетелдік консулдық мекемелерге, егер олардың өндірісінде мұрагерлік туралы істер болса.         Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамдары, қызметкерлері, сақтандыру брокерлері, сақтандыру агенттері тағы да басқа сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді білетін тұлғалар құпияны жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілікті көтереді. Одан басқа, егер сақтандырушы сақтандыру құпиясын жариялаған болса, сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) келтірілген шығынды өтеуді, ал тиісті жағдайларда моральдық залал үшін жауапты тұлғаға талап ету құқығы өтеді. Бірақ сақтандырушының суброгациямен байланысты құқығы әрқашан бола бермейді.    Сақтандыру шарты бойынша заңды бұзушыға талап ету бойынша суброгация орын ала алмайды деп қарастырылуы мүмкін. Осымен қатар сақтандыру жағдайы оқиғалы мәндегі фактілер (құбылыстар) салдарынан болуы мүмкін және бұл орын алса, онда суброгация негізінен болуы мүмкін емес. Өз кезегінде суброгация нормалары шартпен шығарылып тастауы мүмкін емес, егер сөз қасақана шығын келтірушіге арналған талап туралы болса. Көп мемлекеттерде қолданылатын  «суброгация қағидатының» мағынасы мынада: сақтанушының сақтандыру төлемақысын алумен қатар оның заң мен шарт бойынша зиян келтіру үшін жауапты тұлғадан өтем алуына жол беруге болмайды. Өзгеше тәсіл қолдану сақтанушының жеткілікті заңды негізсіз байып кетуіне әкелер еді.7 Сақтандырушыға өткен талап ету құқығы онымен сақтанушы (сақтандырылушы) және шығындар үшін жауапты тұлғаның араларындағы қатынастарды реттейтін ережелер ескеріліп жүзеге асырылады. Яғни, сөз азаматтық құқықтық шарттық жауапкершілік туралы нормаларды қолдануда немесе азаматтық құқықтық бұзушылық болып келеді.          

Информация о работе Қазақстан Республикасының азаматтық заңы бойынша сақтандыру шартының құқықтық жағдайы