Қазақстан Республикасының азаматтық заңы бойынша сақтандыру шартының құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2014 в 08:36, курсовая работа

Описание работы

Осы курстық жұмыста сақтандыру құқығы онда арнайы түсіндіруді талап ететін терминдердің елеулі қолданылатын құқықтық салалардың біріне жатады.Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 3, 4-баптарында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 817-820-баптарында және т.б. алылды.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
1. Сақтандыру туралы жалпы ережелер
1.1. Сақтандыру қызметінің түсінігі.....................................................................5
1.2. Сақтандыру қызметі саласындағы заңнамалар…………..……………..….8
1.3. Сақтандыру құқығының негізгі түсінігі.......................................................10
2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңы бойынша сақтандыру шартының құқықтық жағдайы
2.1. Сақтандыру шартының түсінігі мен нысаны...............................................21
2.2. Сақтандыру шартының элементтері.............................................................25
2.3. Сақтандыру шартының ерекшеліктері.........................................................42
2.4. Сақтандыру шартының күшінде болуы.......................................................45
3. Сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың тәртібі
Қорытынды..........................................................................................................49
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................51

Файлы: 1 файл

Сақтандыру.doc

— 298.00 Кб (Скачать файл)

Егер сақтанушы төлемақысын сақтандырушы өтеген кезде, шығын келтірген кісіден шығынды талап ету құқығынан бас тартса немесе бұл құқықты жүзеге асыруға сақтандырылушы тұлғаның кінәсіне байланысты мүмкіндік болмаса, сақтандырушының сақтандыру төлемін өтеуден толық немесе сәйкес келетін бөлігінде бас тартуына болады немесе ол артық төленген сақтандыру төлемінің бөлігін қайтара алады.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          2.3 Сақтандыру шартының ерекшеліктері

Сақтандыру шартының кейбір ерекшеліктері сол сақтандыру шартының ерекше арналуына байланысты болады. Бұл мысал, шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру және зиян келтіру үшін жауапкершілікті сақтандыру шарттарына қарасты. Осындай кездерде сақтандыру олар арқылы шарттық және деликтілік жауапкершілік жүзеге асатын тетіктерге қосымша болып келеді. Сонымен қатар құқық бұзушылық іс-әрекетіне байланысты сақтандыру төлемін жасауды қарастыратын нормалар және құқық бұзушының жауапкершілігін тікелей анықтайтын нормалар арасында белгілі бір қатынастар анықталады. Мұндай сақтандыруды қолданудың саласы сол сияқты онымен белгілі дәрежеде қамтамасыз етілетін немесе деликтілік жауапкершіліктің ерекшеліктері азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың бір немесе өзге шарттары бойынша кім пайда алушы болып келетініне тікелей әсер етеді.   Егер болуы мүмкін деликті жауапкершілік сақтандырылса, онда пайда алушы болып кез-келген зиян шегуші субъект болып табылады. Шартты жауапкершілікті сақтандыру кезінде арақатыстық мінезі сақтандыруда пайда алушының тұлғасы нақты анықталатынына әсерін тигізеді. Бұл қасиетте әрқашан жауапкершілігі сақтандырылған тұлғаның шарт бойынша әріптесі болып келеді. Егер заңмен немесе шартпен осыған жол берілсе, тұлғада шарт бойынша бірнеше әріптесі болғанда, тұлға бір немесе бірнеше әріптесі алдындағы жауапкершілігін сақтандыра алады. Жауапкершілікке қатысты сақтандыру тетігі тек көмек болатыны сақтандырушының пайда табушы алдындағы міндеті тек нақты нұқсан мөлшерімен шектелетініне әкеледі. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың ерекшелігі тағы да мынада, сақтандырылушы тұлғаның іс-әрекетінің заңсыздығы, оның кінәлілігі сақтандырушыны сақтандыру төлемақысын өтеуден босатпайды, керісінше, оны төлеудің негізгі шарты болып табылады. Сақтандырудың дәстүрлі түрлерінде осындай жағдайлардың салдарынан сақтандырушы өзінің міндетінен босатылады. Сақтандыру нормалары мен жауапкершілік нормалары арасындағы үйлесімділік сақтандырушының қолына жәбірленушінің зиян келтірушіге талабының белгілі бөлігі жәбірленушіге жасалған сақтандыру төлемінің көлеміне сәйкес өтетінімен қамтамасыз етіледі.              Жоғарыда аталып өткендей, бір объект бірнеше сақтандырушымен сақтандырылса, онда қос сақтандыру орын алады.бұл жағдайда тұлғалардың көптілігі бар міндеттемелер туындамайды, өйткені объект әрбір сақтандырушымен дербес жасалатын шарттар бойынша сақтандырылады. Сонымен бірге заңнама сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) қос сақтандыру болған жағдайда оның әрбір шарт бойынша құқықтарын өзара есепке алуды қарастырады. Бұл шешім де жоғарыда айтылып кеткен тұлғаның негізсіз баюына жол бермеу талабына байланысты.     Мүлікті қос сақтандыру кезінде әрбір сақтандырушыға шарт бойынша сақтанушы алдында міндет артылады, бірақ сақтанушының барлық сақтандырылушыдан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы нақты нұқсан сомасынан асып кетуі мүмкін емес. Қос сақтандыру жағдайы борышкер тарапынан тұлғалардан көптілігі бар ортақтасқан міндеттемелерден ұқсастық туралы айтуға мүмкіншілік береді. Бірақ әрине, сақтандырушылар арасындағы сақтандырылатын жағдай туындаған кезінде тікелей құқықтық байланыстар бллмайды. Сақтанушы сақтандыру шарты бойынша әр сақтандырушыдан сақтандыру шарты қарастырған көлемде сақтандыру төлемін ала алады. Егер сақтандыру төлемі нақт нұқсан орын толтырмаса сақтанушы жетпеген соманы келесі сақтандырушыдан алуға құқылы. Бір немесе бірнеше сақтандырушыдан сақтандыру төлемін алғаннан кейін сақтандырушылар арасында туынды қатынастар пайда болады. Бірақ олар мазмұны бойынша өз міндеттемелерін орындаған ортақтасқан борышкерлер араларында пайда болатын құқықтық қатынастардан елеулі ерекшеленеді.             Қос сақтандыру жүргізген сақтандырушылардың міндеттері мен құқықтарының ерекшелігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 821-бабының 2-тармағының 3-тармақшасында қарастырылған. Егер сақтандырушы келтірілген зиян басқа сақтандырушымен төленіп сақтандыру төлемін өтеуден толық немесе ішінара босатылса, онда ол зиянның орнын толтырған сақтандырушыға тек сақтандыру сыйлықақысының тиісті бөлігін төлеуге міндетті. Қос өзін сақтандыру орын алғанда бұл тәртіп орын алмайды. Әр сақтандырушы сақтанушы алдындағы өзінің сақтандыру міндеттерін басқа сақтандырушыларға қарамастан атқаруы тиіс.               Көп тұлғалармен шарттқа отыруды қарастырайық. Топтық сақтандыруда бір сақтандыру шарты бойынша бірнеше тұлға сақтандырылады. Олар бір уақытылы пайда алушы да болып табылады. Топтық сақтандыру мүлікті сақтандыру саласында да, өзін сақтандыруда да қолданылады, ол сақтандырылған тұлғаларды нақты анықтауы немесе анықтамауы мүмкін, тұлғалардың белгілі бір санатына тарауы мүмкін.   Тұлғаларды нақты анықтамай сақтандыру жүргізгенде, олардың қатарын шарт талаптарына сәйкес анықтау қажет. Болашақта әрбір топтық сақтандырылған тұлғаға қатысты сақтандыру жағдайын, оған болған әсерді, тұлғаға нақты тиесілі сақтандыру төлемін анықтауға мүмкіндік беруі керек. Егер өзінің жұмыскерлерін ұжымдық сақтандыруды жұмыс беруші жүзеге асырса, онда сақтандыру тек жеке болуы мүмкін.                   Сақтандыру объектісі бір шарт бойынша бірнеше сақтандырушымен сақтандырылуы мүмкін. Мұндай сақтандыру – ортақ сақтандыру деп аталады. Ортақ сақтандыру шартында келісілген үлесте әр сақтандырушының жеке міндеті мен құқығы белгіленеді. Егер әрбір сақтандырушының міндеті мен құқығы белгіленіп көрсетілмесе, онда олар сақтанушы алдында сақтандыру төлемі бойынша ортақтасқан борышкерлер болады. Ортақ сақтандыру ірі және өте ірі тәуекелділікті сақтандыру қажеті пайда болғанда қолданылуы мүмкін. Ортақ сақтандыру үшін сақтанушылар бірлескен қызмет туралы негізінде жай серіктестіктерді құра алады, олар сақтандыру пұлдары деп аталады. Жоғарыда аталғандардан басқа ортақ сақтандыру шартының шеңберіндегі өзара қарым-қатынасының ерекшелігі орын алатын өкілдіктің ерекше қатынасынан көрініс табады. Бұл ортақ сақтандырушылар арасындағы келісіммен қамтылса онда сақтанушымен қатынасқа олардың барлығының атынан бір ғана ортақ сақтандырушы кіруі мүмкін, осымен бірге әрбір ортақ сақтандырушы тек өзінің үлесінде ғана жауапты болып келеді.            Сақтандыру шарттарының тағы бір ерекше түрі – қайта сақтандыру. Қайта сақтандыру жағдайлары қайта сақтандырушы және қайта сақтанушы жасасқан шартқа сәйкес анықталады. Қайта сақтандыру қатынастары бұдан бұрын қалыптасқан сақтандыру қатынастарынан туынды болып келеді, сондықтан сақтандырудың тікелей объектісі болып азаматтық қатынастар барлық субъектілерінің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделері емес, тек алғашқы сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымының мүдделері келеді. Сондықтан қайта сақтандыру шартының болмысы алғашқы жасалған сақтандыру шартының күшінде болуына тәуелді болып келеді. Қайта сақтандыру шартының мазмұны да сақтандыру шартына қойылатын талаптарға сәйке болуы керек. Субъектілердің құқықтық жағдайының ерекшелігі бар. Сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы қайта сақтандыру шартында сақтанушының құқықтары мен міндеттеріне ие болады. Қайта сақтандыру шарты да қайта сақтандырушылар тарапынан қатысушылардың көптілігіне де жол береді. Тиісті қайта сақтандыруды жүзеге асыру үшін олар бірлескен қызмет туралы шарттар негізінде жай серіктестіктерге біріге алады. Сақтандыру міндеттемелерінің орындалу кепілдігі ізінше екі немесе бірнеше қайта сақтандыру шарттарын жасау арқылы күшейтілуі мүмкін.         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       2.4 Сақтандыру шартының күшінде болуы

Жоғарыда айтылғандай сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлегеннен кейін екі жақ үшін де міндетті болып күшіне енеді. Сонымен бірге жалпы ереже бойынша сақтандыру шарты сақтандырушы бірінші сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемін төлегеннен кейін егер заңнама немесе сақтандыру шарты өзгеше қарастырмаса өзінің қолданылуын тоқтатады. Сақтандыру арқылы қорғаудың мерзімі шарт күшінде болатын мерзімге сәйкес келеді. Сақтандыру шарттарымен немесе сақтандыру қатынастарын реттейтін заң актілерімен шарт тоқтатылуының өзге жағдайлары да қарастырылуы мүмкін.    Сақтандыру шарты мерзімінен бұрын мына жағдайларда тоқтатылуы мүмкін:             1) егер сақтандыру объектісі өзінің болмысын тоқтатса.     2) оны ауыстыру орын алмаған кезде сақтанушы болып келмейтін сақтандырылған тұлғаның өлімі жалпы ереже бойынша шарт міндеттері мен құқықтарының пайда алушылардан басқа тұлғаларға ауысуына әкелмейді. Егер сақтандырылушымен бірге шартта тұлғалардың аталған санаты қатыспаса, онда сақтандырылушылардың өлімі бірден шарттың тоқтатылуына әкеледі.            3) сақтанушының сақтандырылған мүлкін алу, егер сақтандырушы сақтанушының ауысуына қарсы болса, ал заң актілерінде немесе сақтандыру шартында осыған қатысты өзге ереже қарастырылмаса. Бұл жағдайда сөз ішінара құқықтық мирасқорлық мүмкіндігі туралы болып отыр. Сақтандыру шартында оның арнайы ережелері қолданылады. Оған қатысты сақтандырушы борышкер болып келетін сақтанушыны ауыстыру тек борышкер – сақтандырушының келісімімен рұқсат етіледі, себебі сақтандырушы әрқашан өзінің тәуекелінің дәрежесін бағалауға құқығын сақтап қалады.            4) өз кәсіпкерлік немесе азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған сақтанушы кәсіпкерлік қызметін бекітілген тәртіпте тоқтатса. Бұл сақтандыру класы бір тараптан кәсіпкерлік қызмет субъектісінің қатысуын болжайды және сақтанушы тарапынан құқықтық мирасқорлыққа жол бермейді, өйткені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 810, 812-баптарына сәйкес кәсіпкерлік тәуекелдерді шарт бойынша немесе азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру кезінде сақтанушы мен сақтандырылушы бір тұлға болуы керек.        5) сақтандырылатын жағдай туындау мүмкіндігі жойылса және сақтандыру тәуекелдігі сақтандыратын жағдайдан басқа негізден өз болмысын жоғалтса. Сақтандыру шартын тоқтатудың бұл негізі жинақтаушы сақтандыру шартына тарамайды, өйткені бұл шарт бойынша сақтандыру төлемін жасау міндеті сақтандыратын жағдайға тәуелсіз орын алады.   Жоғарыда аталған барлық жағдайларда, сақтандыру шарты тоқтатылады деп сақтандыру шарты тоқтатылуының бір негізі орын алса да шарт тоқтатылады деп есептеледі. Шарттың тоқтатылуында бірінші тарап бұл туралы екінші тарапқа кейінге қалдырмай хабарлауы керек. Сақтанушы бұл жағдайда сақтандыру шартынан кез-келген уақытта, бас тарту себебіне қарамастан, бас тарта алады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 842-бабында сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатудың салдары қарастырылған. Сақтандыру шартын ертерек жоғарыда аталған негіздердің біреуі бойынша тоқтатқанда, егер сақтандырушыда сақтандыру шартын тоқтатуға мүддесі болмаса, бірақ сақтандыру шартының сақталуын мүмкін емес қылатын объективті жағдайлар қалыптасса, болмаса оның сақтандырушыға тиімсіз жақтары ашылса, онда ол сақтандыру күшінде болған уақыттқа қарай белгілі бір үлесте сақтандыру сыйлықақысын алу құқығыга ие болады. Егер сақтанушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 811-бабының 1-тармағында қаралғаннан басқа себептермен шарттан бас тартса, онда сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақылары сақтанушыға қайтарылмайды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                3. Сақтандыру шартының жарамсыз деп танылудың тәртібі

Сақтандырумен қамтылған қоғамдық қатынастар ерекшелігі сақтандыру жарамсыздығының қосымша реттелуін талап етеді. Бұның нақты себебі бар. Сақтандыру қатынастарының субъектілері, әсіресе, егер бұл сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) тарабы болса, көптеген жағдайларға мүлік пайдасын заңсыз алуға тырысады, кейде олар сомасы бойынша өте елеулі болып келетін сақтандыру төлемдерін талап ету құқығына негізсіз иеленеді. Қосымша ескерілуі керек, сақтандыру сыйлықақысын төлегеннен кейін сақтандыру шарты сақтанушының елеулі міндеттерін қарастырмайды және осы жағдайда сақтанушы сақтандырушыға қатысты бір жақты құқыққа иемденген тұлға болып келеді. Сондықтан сақтандыру төлемдерді жасау негіздерінің шынайы өлшемдерін анықтамаса, онда сақтандырушы сақтанушының негізгі талаптарынан орғана алмай қалуы мүмкін.              Сақтандыру шартының жарамсыздығын қарастырайық. Егер оған жүйелі түрде келетін болсақ, онда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 843-бабымен қарастырылған сақтандыру шарттарын жарамсыз деп танудың барлық негіздері, мәмілелерді, олардың мазмүны, ондағы субъектілердің еркінің, нысанының ақаулықтарына байланысты жарамсыз деп танудың негіздерімен байланысты екені, олардың жеке көрінісі болып келетіні көрінеді. Сонымен қатар, сақтандыру шарттары жарамсыз болып табылады, егер сақтандыру кез-келген жағдаймен байланысты болса, егер ондай жағдайда мәміленің субъектілік құрамының, мазмұнының, нысанының, ондағы еріктің ақауы болса, басқаша айтқанда, сақтандыру шартына азаматтық құқықтағы (ҚР АК-нің 843-б. 1-т.) мәміленің жарамсыздығы туралы жалпы ережелер бүтіндей және толығымен таратылады.             Сақтандыру шарттарының заңнамада арнайы бөлініп шығарылатын негіздеріне мыналар жатады:          1) шартты жасау сәтінде сақтандыру объектісінің болмауы;   2) сақтандыру объектілері ретінде құқыққа қайшы мүдделердің қарастырылуы;             3) сақтандыру объектісі болып заңды күшіне енген сот шешіміне сәйкес тәркіленуге жататын мүлік немесе қылмыстық жолмен табылған, әлде қылмыс құралы болған мүлік келсе;        4) сақтандыратын жағдай ретінде пайда болудың ықтималдық және кездейсоқтық сипаты жоқ, шарттың күшінде болу кезеңінде ол болмай қоймайтын объективтік оқиға қарастырылса және бұл туралы тараптар немесе ең болмағанда сақтандырушы алдын ала білсе;     5) сақтанушы шартты жасағанда заңсыз пайда табу мақсатын көздесе, сол сияқты сақтандыру шартын сақтандыратын жағдай орын алған соң жасаса;             6) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты сақтандырушыдан өзге тұлғаның мүддесіне немесе пайдасына жасалса;      7) шарт бойынша жауапкершілікті сақтандыруда сақтандырушыдан бөлек, басқа тұлғаның жауапкершілігінің тәуекелдігі сақтандырылса;   8) сақтандырылушының келісімін алу міндетті болып табылған кезде оның келісімінің болмағаны;          9) шарттың жазбаша нысанын сақтамау. Егер әңгіме міндетті сақтандыру жайында болса, онда сақтандырудың жекелеген түрлерін реттейтін заңнамалық актілері мен шартты жарамсыз деп танудың өзге негіздері қарастырылуы мүмкін.          Сақтандыру шартының жарамсыздығының құқықтық салдары екі жақты, бір жақты реституциямен немесе реституцияға жол бермеумен байланысты. Жалпы ереже бойынша сақтандыру шарты жарамсыз деп танылса сақтандырушы сақтанушыға одан алынған сақтандыру сыйлықақыларын қайтаруға, ал сақтанушы сақтандырушыға алынған сақтандыру төлемдерін қайтаруға міндетті.        Егер шарт сақтанушының заңсыз әрекеттері әсерінен пайда болатын негіздер бойынша жарамсыз деп танылса, ал сақтандырушы бұл туралы шартты жасау кезеңінде де, оны орындау барысында да білмесе немесе білуі керек болмаса сақтандырушы өзінің шығындарын ескеріп қалып, сақтанушыға шарттың аяқталмаған мерзімі үшін сақтандыру сыйлықақысын қайтаруға тиіс. Егер сақтандыру төлемі жүргізілген болса, сақтандырушыда төленген соманы қайтаруды талап ету құқығы болып келеді. Мұндай нәтижелер сақтандыру шарты сақтандырушыға сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуға құқық беретін, ертеректе қарастырылған негіздер бойынша тоқтатылса да орын алады.           Сақтандыру шартының жарамсыздығы бір немесе екі тараптың қылмыстық мақсаттарымен байланысты болғанда, бір жақты реституция жүргізілетін болады, мысалы, қылмыстық мақсаттарды тек сақтанушы көздесе, болмаса, егер оларды сақтандырушы да көздесе, реституцияға жол берілмейді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                

 

 

                                                   Қорытынды

Курстық жұмысымды қорытындыласам сақтандырудың мәні бірқатар факторлармен анықталады. Ол мемлекет тарапынан қаралған шаралар көлемі мен сипатынан тәуелсіз халық пен ұйымдардың әртүрлі мүдделерін қосымша қорғауды ұсынуға мүмкіндік береді. Табиғи және техногендік  апаттар, әсерлерін жою бойынша шығындардың негізгі ауыртпалығы қазіргі уақытта оның мүмкіншіліктері объективті шектеулі болып келетін мемлекеттік бюджетке келіп түседі. Сақтандыру осы қолайсыздықты жоюы тиіс. Бұдан басқа сақтандыру механизмін пайдалану өндірісте қолданылып жүрген технологияның жетілдірілуіне, кәсіпкерлік қызметтің  жедел дамуына  мүмкіншілік береді. Сақтандыру жүйесі республика экономикасы тұрақты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды көтеру үшін қосымша негізді құруға, азаматтар мен шаруашылық субъектілер  мүлкін сақтандыруға әсер етуі қажет. 

Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек қана сақтандыру ұйымы - Қазақстан Республикасының резиденті жүзеге асыра алады.

  Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымдарымен, жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болатын жеке тұлғалармен - Қазақстан Республикасының резиденттерімен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана сақтандыру шарттарын жасасуға жол беріледі. Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Сақтандыру қызметі ХVII ғасырда лондондық Эдвард Ллойдтың дәмханасында бастау алған деп саналады. Дәмханадан теңізге шығып оралмаған кемелердің салдарынан зиян шеккен саудагерлер кездесетін. Кемелер және олардың командалары жиі – жиі теңіз қарақшыларының құрбаны болған. Сөйтіп саудагерлер кемелердің жойылуы немесе жоғалуы жағдайында кемені экспедицияға жіберген саудагердің шығынын қалған саудагерлер арасында өзара үлестіруді шешеді. Бұл үшін олар экспедицияға мүлік құнынан төлемдерді ерекше қорға аударуға келіседі. Осы қордан шығынға түскен саудагерге көмек көрсететін [1, 2б.]. Міне, осылай, қазіргі түсініктегі сақтандыру пайда болған, алайда өзара көмек қажеттігі адамдармен ерте заманнан сезілген. Біз жеке ел болып тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, бұрынғы коммунистік жоспарлы экономиканың орнына нарықтық қатынастар келгеннен кейін Қазақстанда сақтандыруды дамытудың қажеттілігі туындады. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкелді, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалардың (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне, шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болды. Өз кезегінде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттілік одан әрі өсе түседі. Халықтың әлеуметтік тұрақтылығы, оның әлеуметтік қорғалуы кез келген мемлекеттің экономикасының өркендеуі мен қазіргі заманғы демократиялық қоғам дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы әлеуметтік қамсыздандыруға жауапкершілікті бөлуді қарастыратын халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі құрылды. 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді.

Сақтандыру шарты өзара шарт, оны сақтанушы мен сақтандырушының негізгі құқықтары мен міндеттеріне назар аудара отырып көруге болады. Сақтанушы сақтандыру сыйлық ақыларын төлеу керек, ал сақтандырушы олардың төленуін талап етуге құқылы. Тиісінше (өз кезегінде) сақтанушы сақтандырушыдан оның сақтандыру төлемін жасау бойынша міндеті орындалуын талап ете алады. 

Мен осы курстық жұмысымда сақтандыру құқығының түсінігіне, сақтандыру шарттарына, «Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы» заңдарына тоқталдым.

Бұл курстық жұмыс кіріспеден,3 бөлімнен, қорытынды және пайдалан-ылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 

 

                

 

                      

 

 

 

 

                      

 

 

                       Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

                       Нормативтік- құқықтық әдебиеттер

1. ҚР Конституциясы 30.08.95. Алматы, ТОО «Баспа».2007.

2. ҚР Азаматтық Кодексi (жалпы бөлiм) 01.09.1999. Алматы. Жетi жарғы. 2003, Алматы, (13.02.2009 өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген)

3. ҚР Азаматтық Кодексi (ерекше  бөлiм) 1.07.1999,  Алматы .Жеты Жарғы. 2003. (13.02.2009 өзгерiстер мен толықтырулар  енгiзiлген

4. ҚР Азаматтық іс жүргiзу  Кодексi  13.07.1999. Алматы. Жеты Жарғы.2002, ИПС – «ЮРИСТ»-2009 ж.

5. Қазақстан Республикасының  «Нормативтік құқықтық актілер»  туралы заңы. 24 наурыз 1998 ж., «ЮРИСТ», 2008.

                        Арнайы әдебиеттер:

1. Баянов Е. Мемлекет және  құқық негiздерi. Алматы, 2001

2.Жайлин Ғ.А. ҚР-ның Азаматтық құқығы Алматы, 2003

3.Төлеуғалиев Ғ.И. Қазақстан  Республикасының Азаматтық  құқығы. Алматы, 2001

4. А.И. Худяков Страховое право Республики Казахстан. – Алматы: Жеті Жарғы, 1997

 

 

1 А.И. Худяков Страховое право Республики Казахстан. – Алматы: Жеті Жарғы, 1997 – 23 бет.

2 А.И. Худяков Страховое право Республики Казахстан. – А лматы: Жеті Жарғы, 1997 – 28 бет.

 

3 Міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы болып тек сақтандырудың осы  түрін жүргізуге лицензиясы бар ұйым келуі мүмкін. Осымен бірге міндетті сақтандыруды жүргізуге лицензиясы бар ұйым үшін міндетті сақтандыру шартын жасасу міндетті болып келеді (ҚР АК-нің 806-б. 5-т.).

4 2000 ж. 18 желтоқсандағы ҚР АК-нің 803-бабының 1-тармағы.

5 Худяков А.И. Аталған еңбек . 180 б

6 Худяков А.И. Аталған жұм., 193-196 беттер.

7 Гражданское право. 1т. Учебник для вузов (академический курс), жауап. Ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. –Алматы, 2000. -579б

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының азаматтық заңы бойынша сақтандыру шартының құқықтық жағдайы