«Қазақтелеком» АҚ-ның құрылуы және басқару құрылымы, ұйым қызметінің тиімділіг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 20:09, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі: Акционерлік қоғамның құрылуын, мәнін және ондағы қаржы мәселелерін қарастыру. Яғни, акционер – акцияның меншік иесі болып табылатын адам.
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы бар, осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай – ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзіретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.

Содержание работы

КІРІСПЕ---------------------------------------------------------------------------------------

І. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ТЕОРИЯЛАРЫ----------------------------------------
1.1 Акционерлік қоғамның мәні, пайда болуы---------------------------------------
1.2. Акционерлік қоғамның құрылымы және оның қызметін ұйымдастыру---
1.3 Акционерлік қоғамның акциялары------------------------------------------------

ІІ. «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ----------
2.1 «Қазақтелеком» АҚ-ның құрылуы және басқару құрылымы, ұйым
қызметінің тиімділігі-----------------------------------------------------------------
2.2 Кәсіпорынның экономикалық жағдайы ------------------------------------------
2.3 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету
тиімділігінің көтеру жолдары------------------------------------------------------


ҚОРЫТЫНДЫ--------------------------------------------------------------------------------

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--

Файлы: 1 файл

мини жоба АҚ.doc

— 193.50 Кб (Скачать файл)

Қоғам қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, іскерлік этикасының жалпы қабылданған қағидаттарымен (дәстүрлерімен), Корпоративтік басқару кодексімен, Листингтік ережелермен, шарт міндеттемелерімен және осы Жарғымен   жүзеге асырылады.      

Қоғам Қазақстан Республикасының  байланыс операторы ретінде жалпы  пайдаланымдағы телекоммуникация желілерін  және жекеменшік телекоммуникация жүйелерін  құру, құрастыру, пайдалану және оларға техникалық күтім жасау қызметтерін жүзеге асырады, Халықаралық электр байланысы одағының Регламентіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа мемлекеттердің Байланыс әкімшіліктерімен, компаниялармен, пайдаланушылармен, халықаралық ұйымдармен есеп айырысу құқығымен жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісі операторының, оның ішінде қалааралық және халықаралық  байланыс операторының  міндеттерін атқарады.

Қоғам мынадай қызмет түрлерін ұсыну бойынша қызметті жүзеге асырады:

  1. таксофон желісі, телеграф байланысы мен АТ-50 және телекс абоненттік телеграфтау  желісі, деректер беру қызметтері, оның ішінде  арналар мен пакеттерді коммутациялау қызметтерімен бірге, жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісінің   дыбыстық байланыс базалық қызметтерін;
  2. телекоммуникация қызметтерінің барлық түрлерін тарату үшін арналар мен байланыс жолдарын, оның ішінде цифрлыларын жалға беру;
  3. қосымша қызметтер көрсету, оның ішінде, конференц-байланыс, сөздік пошта, хабар күту, шақыру күту, шақыру жіберу, шақыруларды бұғаттау, шақыруларды селективтік қабылдау, шақырушы абоненттерді идентификациялау, шақыруларды іріктеу, жедел шақыру, қайта шақыра отырып нөмірді теру, деректер банкі қызметтері, бейнеконференциялар өткізу, интерактивтік ақпарат құралдары қызметтері, “клиент сервер” типті жүйелерді пайдалану және жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілері немесе жеке телекоммуникация жүйелері арқылы көрсетуге болатын басқа да қызметтерді;
  4. ақпараттық–анықтамалық қызметтердің және операторлар арқылы қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерінің барлық түрлерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық және өзге де қызметтермен тегін қосылыстарды;
  5. бағдарламалық өнімдерді, жабдықтарды, консалтинг қызметтерін жеткізуден тұратын  ақпараттық технологиялар  саласындағы қызметтер, сондай-ақ  ақпараттық жүйелерді енгізу және  сервистік қызмет көрсету бойынша қызметтер.

6) жоғары технологиялы байланыс  қызметтерін:

а) зияткерлік байланыс желісі, кадрларды қайталап көрсету қызметтері;

б) интернетке коммутациямен қатынау;

в) бөлектелген арналар арқылы интернетке қатынау;

г) ашық цифрлы арналарды ұйымдастыру;

д) VPDN (жеке коммутациялы виртуалды желілер);

е) бейнеконференцбайланыс;

ж) басқа да жоғары технологиялы байланыс қызметтері.

           7)  сымсыз байланыс қызметтерін:

а) барлық пейджингтік және басқа  да ұқсас сымсыз деректер мен хабарлар беру қызметтерін енгізу, пайдалану, қабылдау және беру;

б) барлық дербес байланыс қызметтері  мен барлық дербес байланыс жүйелерін, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген транкингтік ұтқыр жүйелерді  және стандарттардың ұялы байланыс қызметтерін қоса отырып, бірақ бұлармен шектеліп қоймай, енгізу, пайдалану, қабылдау және беру.

8) спутниктік байланыс қызметтері: телекоммуникацияны пайдаланушыларға  спутниктік байланыс қызметтерін  ұсыну мақсатында радиожиілік  спектрі мен геостационарлық  және төменорбитальдық байланыс  спутниктерінің орбиталарын пайдалану.

Жарғылық капитал Қоғамның қызметін қамтамасыз ету үшін құралады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілері мен осы Жарғы талаптарына сәйкес белгіленген, Қоғам құрылтайшыларының акцияларға олардың атаулы құны бойынша және инвесторлардың орналастыру бағамы бойынша төлемдері арқылы қалыптасады.

Қоғам акционерінің:

1) Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінде және  осы Жарғыда көзделген  көзделген тәртіппен Қоғамды басқаруға қатысуға;

2) дивидендтер алуға;

3) Қоғамның берешегі  пайда болған мерзімге қарамастан, белгіленген мерзімде алынбаған дивидендтердің төленуін талап етуге;

4) Қазақстан Республикасы  заңнамасының, Қоғамның Корпоративтік  басқару кодексінің, Листингілік  ереженің, Қоғамның ішкі құжаттарының  талаптарына сәйкес Қоғамның  қызметі, акционерлік капитал (акциялар) саласындағы мәмілелер туралы ақпарат алуға, Акционерлердің жалпы жиналысы немесе осы Жарғыда айқындалған тәртіппен Қоғамның қаржы есептілігімен танысуға;

5) Акционерлердің жалпы  жиналысына Қоғамның Директорлар  кеңесіне сайлау үшін кандидатура ұсынуға;

6) Қоғамның тіркеушісінен  немесе нақтылы ұстаушыдан оның  Қоғамның бағалы қағаздарына  меншік құқығын растайтын үзінді  көшірмелер алуға; 

7) Қазақстан Республикасының  заңнамасына және осы Жарғыға  сәйкес оған тиесілі акциялар  мен Қоғамның өзге де бағалы қағаздарын кепілге беруге және сатуға;

8) Қоғамға оның қызметі  туралы жазбаша сауал салуға  және Қоғамға сауал келіп түскен  күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік  күн ішінде дәлелді жауаптар  алуға; 

9) Қоғамның органдары  қабылдаған шешімдерге сот тәртібімен дауласуға;

10) өз бетімен немесе  басқа акционерлермен бірлесе  отырып Қоғамның дауыс беретін  акцияларының бес және одан  да көп пайызын иелену кезінде  Қазақстан Республикасының заңнамалық  актілерінде көзделген жағдайларда  өз атынан сот органдарына  Қоғамға келтірген шығындарды Қоғамның лауазымды тұлғаларының Қоғамға өтеуі және Қоғамның лауазымды тұлғаларының және (немесе) олардың аффилиирленген тұлғаларының ірі мәмілелер және (немесе) жасалуына мүдделі мәмілелер жасасу туралы шешімдер (жасасуға ұсыныстар) қабылдау нәтижесінде алған пайданы (кірісті) Қоғамға қайтаруы туралы талап етумен жүгінуге;

11) Қоғам таратылған  кезде мүліктің бір бөлігіне;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда көзделген тәртіппен өз акцияларына айырбасталатын Қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға;

13) Қоғам бұзған өзінің  құқықтары мен заңды мүдделерін  қорғау үшін мемлекеттік органдарға өтініш білдіруге;   

14) Қоғамның басқа акционерлерімен  және өкілдерімен акционерлердің  негізгі құқықтарын және Қоғамды  корпоративтік басқару саясатын  сақтау мәселелерін қарауға құқығы  бар.  

Қоғамның акционері:

1) осы Жарғыда және  Қазақстан Республикасының заңнамасында  көзделген тәртіппен, көлемде және тәсілдермен акцияларды төлеуге;

2) осы акционерге тиесілі акцияларды Қоғамның тіркеушісіне және нақтылы ұстаушыға Қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгерісі туралы 10 (он) күн ішінде хабарлауға;

3) Қоғам немесе оның  қызметі туралы қызметтік, коммерциялық  немесе Қоғамның заңмен қорғалатын  өзге де құпиясы болып табылатын  ақпаратты жария етпеуге;

4) Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінде көзделген  өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Қоғамның органдары  мыналар болып табылады:

1) жоғарғы орган –  Акционерлердің жалпы жиналысы;

2) басқару органы –  Директорлар кеңесі;

3) атқарушы орган –  Басқарма;

4) Қоғамның қаржы-шаруашылық  қызметіне бақылауды, ішкі бақылау  саласында бағалауды, тәуекелдерді басқаруды және корпоративтік басқару саласында құжаттарды орындауды, сондай-ақ Қоғам қызметін жетілдіру мақсатында консультация беруді жүзеге асырушы орган – Ішкі аудит қызметі.

 

2.2. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның  2011-2012 жылдар аралығында техникалық-экономикалық  көрсеткіштерін талдау

 

      «Қазақтелеком» АҚ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанынан, ҚР Министрлер Кабинетінің «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік қоғамын құру туралы» 1994 жылғы 17 маусым №666  Қаулысына сәйкес құрылып қызмет етеді.

       Қоғам ҚР барлық территориясы бойынша өз қызметін таратады, ол қоғамның жарғылық қорына берілетін филиалдардан тұрады. Филиалдар заңды тұлға болып табылмайды. Филиалдар акционерлер Кеңесімен бекітілетін филиал туралы ереже негізінде өз қызметін атқарады.

 

Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткішін талдау өндірістік қызметтің әртүрлі көрсеткіштерін және олардың өзара байланыстылығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл қоғамның есепті мерзімін өткен кезеңдерімен салыстырау отырып, даму деңгейін объективтік сипаттауға толық мүмкіндік береді. Кесте мәліметтеріне сүйене отырып (Қосымша 1), 2011-2012 жылдар аралығындағы өндірістік қаржылық қызмет нәтижесінде талдау жүргіземіз. 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда, өнімді өндіруден түскен табыс көлемі 3 205 307 теңгеге өскен. Бұл соңғы жылы қоғамда қызмет көрсету көлемінің ұлғайғандығын көрсетеді. Қызмет көрсету көлемі артқан сайын оған жұмсалатын шығын мөлшері өсетіні белгілі құбылыс. Осыған сәйкес зерттеу жүргізіліп отырған қоғамда өзіндік құн көлемі сәйкесінше 552 665 теңгеге ұлғайған. Тұрақты шығындар шамасы керісінше 5 625 827 теңгеге азайып отыр. Яғни, қоғам жұмыс істеу барысында әкімшілік персонал жұмысын дұрыс үйлестірген және ақпараттық технологиялардың озық түрін пайдалану арқылы бұл шығын мөлшері азайып отыр. Қоғамда дебиторлық қарыз көлемі 4 261 922 теңгеге өсіп отыр. Қоғамға келіп түсетін қарыздың шамасы өтелетін қарызды жабуға жеткіліксіз. Қоғам қызмет көрсету мақсатында қажетті құралдарды сатып алу нәтижесінде оның құны 18 593 972 теңгеге ұлғайған. Кәсіпорынның интенсивтілігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштер қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығы. Яғни, қор қайтарымдылығы азайып, қор сыйымдылығы көбейіп отыр. Акционерлік қоғамды зерттеу жүргізілген жылдардағы таза табыспен аяқтап, рентабельділік деңгейі 40%-200% шамасында өзгеріске ұшырап отыр. Алдағы уақытта қоғамның қаржылық нәтижесін жақсарту мақсатында жүргізілетін нақты іс-шаралар:

    • қоғамның қызмет көрсету деңгейін жақсарту мақсатында кадрларды біліктірілігін үнемі жетілдіріп отыру;
    • міндетті төлемдерді уақытылы жүргізіп отыру;
    • күмәнді дебиторлық қарыздардың көлемінің көбеуіне жол бермеу және оларды қайта есепке алу және т.б.

 

2.3. Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың

қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары

 

          Акционерлік қоғамның қаржысы – бұл қоғамды құруының, қызметінің, қайта құрудың және жоюдың барлық кезеңінде пайда болатын ақшалай қатынастар. Акционерлік қоғам қаржысының ролі көпжақты: олар қоғам құрылтайшыларымен, еңбек ұжымымен, сатып алушылармен, бюджетпен, банктермен және сақтандыру және басқа да ұйымдармен қатынасты қамтиды.

          Демек, акционерлік қоғам қаржысы шикізат, материал және басқа да тауарлы-материалды құндылықтарды сатып алуда, өндірілген өнімді (қызметті) өткізуде, инвестиция процесінде, акциялар бойынша дивидендтер төлеуде және т.б. қатысады.

         Демек, акционерлік қоғам қаржысы ақша капиталының (жарғылық капиталдың, айналым капиталының, табыстың, пайданың, резервтердің және басқа да қорлардың)  құрылу функциясын орындайды.                                                

          Өндіріс – технология, ұйымдастыру  және  қызметтің  әр  түрлі  сәйкестендіру бойынша  күрделі  процесс. Басқалар жақсы  істейтін  жұмысты   басшы   өз     қолына   алмауы    керек.   Менеджер    өз    кезегінде

айналасына  тәжірибелі  мамандарды  жинауы  керек.  Яғни,  өзіне,  ұйымдастырушының   міндетіне   кіретін   жұмыстарды   қалдыруы   керек. 

Ұйымдастыру  бұл  - мақсатты анықтау,  қолда  бар  ресурстарды  білу  және мақсатқа  жету  үшін  оларды  дұрыс  жұмсау.  Ұйымдастыру бұл  - мәселені  іздеу, оны  орындаушыға  түсіндіру  және  оның  орындалуын  бақылау.  Ұйымдастыру, бұл  яғни  шешімдер  қабылдап  білу,  міндеттерді  және  жауапкершіліктерді бөлістіріп  беру.  Сонымен қатар,  ұйымдастыру бұл жоспарлау,  басқару,  талдау, яғни  мұнда ең  бастысы -  білім қажет.

         Еңбек  ресурстарын,  қаржыны  және  өндірісті  басқару  облысында  қажет  білімді  менеджмент  деп  аталатын  ғылым  береді. Менеджмент  сонымен  қатар,  акционерлік  қоғамды  басқаруда  да  үлкен  роль  атқарады. Демек,  акционерлік  қоғамдардың  тиімді  қызмет  етуінде  бұл  саланың  да  атқаратын  маңызы  зор.  Бұл  глобальды  жүйені 3  негізгі  жүйешелерге   бөлуге  болады:

 

 

 

 


              

Сурет 1.  Менеджмент элементтері

 

          Менеджмент   нарық   жағдайындағы    басқару    ретінде   фирманың    нарық қажеттіліктерін, тұтынушылардың нақты сұраныстарын  қанағаттандыруды,  сұранысқа  ие  және  фирмаға  болжамды  пайдасын  әкелуін  қамтамасыз  етеді.  

Информация о работе «Қазақтелеком» АҚ-ның құрылуы және басқару құрылымы, ұйым қызметінің тиімділіг