Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 20:09, курсовая работа
Зерттеудің өзектілігі: Акционерлік қоғамның құрылуын, мәнін және ондағы қаржы мәселелерін қарастыру. Яғни, акционер – акцияның меншік иесі болып табылатын адам.
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы бар, осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай – ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзіретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.
КІРІСПЕ---------------------------------------------------------------------------------------
І. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ТЕОРИЯЛАРЫ----------------------------------------
1.1 Акционерлік қоғамның мәні, пайда болуы---------------------------------------
1.2. Акционерлік қоғамның құрылымы және оның қызметін ұйымдастыру---
1.3 Акционерлік қоғамның акциялары------------------------------------------------
ІІ. «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ----------
2.1 «Қазақтелеком» АҚ-ның құрылуы және басқару құрылымы, ұйым
қызметінің тиімділігі-----------------------------------------------------------------
2.2 Кәсіпорынның экономикалық жағдайы ------------------------------------------
2.3 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету
тиімділігінің көтеру жолдары------------------------------------------------------
ҚОРЫТЫНДЫ--------------------------------------------------------------------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--
Қазіргі менеджментке мыналар тән:
-өндіріс тиімділігін көтеруге тұрақты ұмтылысы;
-нарық жағдайына және сыртқы ортаның өзгерістеріне байланысты мақсаттар мен бағдарламаларды әрдайым өңдеп тұру;
-кәсіпорын қызметінің жоспарланған соңғы нәтижесіне жетуге бағытталу;
-басқару шешімдерін қабылдау негізінде көп вариантты есептеулерге қазіргі заманғы ақпараттық базаны қолдану;
-жоспарлау функциясының өзгеруі – ағымдағыдан болашаққа;
-фирма қызметін жақсартудағы негізгі факторларға бағытталу;
-математикалық әдістерді және есептеу базасындағы техника жетістіктерін максималды түрде қолдану;
-фирма қызметкерлерінің барлығын фирманы басқаруға ынталандыру;
-өзгерістерді болжау кезінде басқаруды іске асыру;
-инновацияға, кәсіпорын жұмысына жаңалық енгізуге жүгіну;
-әрбір басқару шешіміне түбегейлі экономикалық талдау жүргізу.
Басқаруға қазіргі кезде өскен талаптар кәсіпорынның көлемінің ұлғаюымен, технология күрделілігімен, ең күшті басқарушылық тәжірибені үйрену қажеттілігімен сипатталады. Қаржылық, басқарушылық және басқа мәселелер бойынша барлық шешімдер басқаруды ұйымдастыру сферасындағы іскер адамдармен дайындалып жасақталады және олар сол шешімнің орындалуына бақылау жүргізеді.
«Қазақтелеком» басшылығына берілген ұсыныстарға талдау жасалып, қазіргі кезде бұл кәсіпорынның еңбек ресурстарын басқаруда көп қиыншылық жоқ деуге болады. Кәсіпорынға жаңа идеялары, ұсыныстары, көзқарастары бар адамдар келген жөн. Басқаруға персоналдың қатысуының оң жақтары өзімізге белгілі. Біріншіден, басқаруға персоналдың қатысуы өндірістік процессті демократияландырады. Осы берілген жүйе қолданылса, кәсіпорындағы шиеленісті жағдайлар шешіледі.Екіншіден, жұмысшылардың кәсіпорынды басқаруға қатысуына сезінудің өзі өзм еңбегінің сапасын көтеруге және еңбек тәртібін тұрақтандыруда негіз болады. Осының нәтижесінде кәсіпорында кадрлар ағымы төмендейді. Үшіншіден, басқару процесіне қатысу жұмысшылардың атқаратын қызмет сапасына жауапкер- шілігін жоғарылатады, ал өнім сапасы бұл тұтастай алғанда кәсіп- орынның төлем қабілеттілігін анықтайтын критерийлердің бірі.
«Менеджмент» термині нарықтық
экономикадағы фирма
Менеджер әр түрлі мамандарды
– инженерлерді жоба құрушыларды,
экономистерді, статистика
қамтамасыз ету.
Өндірістік революция кезеңінде француз экономисті Д.Сэй кәсіпорынның өндірістік қызметін басқарудың бір ерекшелігін айтқан болатын: «нарықтық бәсеке шарттарында өз позициясын сақтап қалу үшін немесе кәсіпорынды қаржымен, табыспен қамтамасыз ету үшін өндіріс шығындарын азайту керек». Бірақ қазіргі индустриалды қоғам кезеңінде, ақпараттық жарылыс шарттарында кәсіпорын өз өнімін өткізу, кәсіпорын табысын кеңейту және ақржы жағдайын жақсарту сияқты сұрақтарға көп көңіл бөлінеді. Қатаң бәсекелестік шарттарында өз кәсіпорнында өндірістік шығындар деңгейін шектен төмен түсіру мүмкін емес болғандықтан кәсіпорындар өз табысын көбейтудің басқа жолдарын іздейді.
Алдыңғы бөлімде көрсетілгендей, «Қазақтелеком» АҚ-ы қазіргі уақытта өз қызметін көрсетуде айтарлықтай қиыншылықтар қөріп отырған жоқ. Демек, қазіргі уақытта бұл мекеменің қаржылық жағдайы тұрақты деуге күмән бар. Егер «Қазақтелеком» қоғамында ғана емес, сонымен қатар басқа да акционерлік қоғамдардың басқару процесінде қиыншылықтар көрінсе, онда бұларда басқару техникасын, тіпті стратегиясын тұтастай өзгертуі қажет. Ол үшін мыналар керек:
- мүмкіндігінше максималды түрде өндірісті мемлекеттік дамыту бағдарламаларына қатысу;
- өзінің көрсететін қызметтеріне тапсырыс берушілерді үнемі іздеу жұмыстарын жүргізу;
- жаңа қызметтерге сұранысты талдау жұмыстарын жүргізу;
- кәсіпорынның барлық қызметтерін тиімді жарнамамен қамтамасыз ету;
- белсенді коммерциялық қызмет жүргізу (мысалы, басқа фирмалардың тауарларын өткізу, бос тұрған ғимараттар мен територияларды жалға беру т.б.);
- көрсететін қызметтерге өндірістік шығындарды азайту.
Маркетинг бұл кәсіпорынның
Қазіргі уақытта маркетинг тауарлар мен қызметтерді нарықта өткізудің әдістері болып қана қоймай, одан да көп жағдайлармен қамтамасыз етеді. Маркетинг -екі жақты процесс, фирмаға тұтынушылардың қажеттілігі туралы ақпарат түседі, осыдан кейін фирма тұтынушыларға қажетті тауарлар мен қызметтерді игеріп, оған ұсынуы керек. Осылайша, маркетинг тұтынушы мен өндірушінің қосындысында негізделген.
Егер кәсіпорын пайда табуға бағытталса, онда ол өнім сатуы керек немесе қызмет көрсетуі керек, ол үшін сатып алушыны іздеп, оның қажеттіліктерін анықтау қажет, сәйкесінше тауар өндіріп немесе қызмет көрсетіп, бағасымен келісіп, оны нарыққа жылжытуы керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастардың қалыптасу процесінің жүруімен сипатталады. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы экономиканың барлық сферасын қамтыған дағдарысты жеңу және экономиканы әкімшіл - әміршілдік арқылы басқарудың мүмкін еместігін алдын ала анықтап берді.
Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі кәсіпорынды мүліктік жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар құқықтарына бөліп беру. Шаруашлықтың акционерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік құқығын бекітудің материалдық алға шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде қысқартады, сол сияқты бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді.
Шағын жобаның І бөлімінде:
«Акционерлік қоғам теориялары» бөлімінде акционерлік қоғамның құрылуы, мәні қарастырылады.
Акционерлік қоғам - кәсіпорын, ұйым мен мемлекеттік орындардың еркін біріккен түрі. Ол акциясын айналымға шығару арқылы өзінің босаған қаржы ресурстары мен еңбекшілердің сақтық корып орталықтандыруға жұмылдырады. Акционерлік қоғам өз жарғысы негізінде жұмыс жасап, кез келген шаруашылық саласында құрыла алады. Сондай-ақ, қаржы мен өндірістік-шаруашылық қызметпен айналысатын күрделі ұйымдардың да негізі бола алады. Бұған жетекшілік жасау басқарма, директордың бақылау кеңесі және басқада ұжым түрлері арқылы жүргізіледі. Басқарудың ең жоғарғы түрі - акционерлердің жиналысы болып табылады, жиналыста алатын өз дауысы бар.
ІІ бөлімінде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның басқару құрылымы, ұйым қызметінің тиімділігі және оның қаржылық мәселелері сөз болады. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Жарғысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексіне сәйкес жаңа редакцияда әзірленді және бұдан әрі Қоғам деп аталатын "Қазақтелеком" акционерлік қоғамын ұйымдастыру мен іс-әрекеттерінің құқықтық негіздерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша Қоғам заңды тұлға болып табылады, өзінің дербес балансы бар, өзінің атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелене және атқара алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады. Қоғам өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, негізгі мақсаты акционерлерінің мүддесі үшін табыс табуды көздейтін коммерциялық ұйым болып табылады.
Акционерлік қоғамдар – нарықтық экономиканың айрылмас бөлігі. Олармен шығарылатын бағалы қағаздар кәсіпорындар, ұйымдар, және жеке азаматтар арасында орналастырылады. Акционерлеу – жекешелендірудің бір әдісі.
Акционерлік қоғамның бір ерекшелігі – корпорация міндеттемелері бойынша қатысушылардың акцияларды сатып алуға салған қаржыларына деген жауапкершілігінің шектеулілігі. Мұндай шектеулі жауапкершілік кәсіпорынға өз мүлігінің кіші бөлігімен тәуекел етуге дайын кең көлемде тұлғаларды тартады. Бірақ, мұндай тұлғалардың көп саны АҚ-ға ірі капитал құруға мүмкіндік береді. АҚ-ғы ірі капитал дұрыс басқаруды талап етеді.
Акционерлеу тек мына жағдайда тиімді болады: егер акционерлік формада бұрынғы меншік қатынастары сақталмаса. Ал мұндай қауіп мемлекеттік кәсіпорынның акционерленуіне тән, бұл жағдайда акциялардың жартысы мемлекетте болады.
Қосымша 1
«Қазақтелеком» АҚ-ның техника - экономикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
2011 ж |
2012 ж |
Өзгерісі +/- |
1. Өнім өткізуден түскен табыс |
159 912 312 |
163 117 619 |
+ 3 205 307 |
2. Өткізілген өнімнің өзіндік құны |
114 719 608 |
115 272 273 |
+552 665 |
3. Жалпы табыс |
45 192 704 |
47 845 346 |
+2 652 642 |
4. Кезең шығыстары |
17 377 524 |
11 751 697 |
-5 625 827 |
5. Дебиторлық қарыздар |
18 463 502 |
22 725 424 |
+ 4 261 922 |
6. Кредиторлық қарыздар |
22 889 316 |
19 909 367 |
- 2 979 949 |
7. Негізгі құралдар |
183 804 459 |
202 398 431 |
+18 593 972 |
8. Қор қайтарымдылығы |
0,87 |
0,80 |
-0,07 |
9. Қор сыйымдылығы |
1,14 |
1,24 |
+0,1 |
10. Салыққа төлегенге дейінгі табыс |
49 677 830 |
284 605 681 |
+234 927 851 |
11. Коопративтік табыс салығы |
3 231 245 |
4 076 223 |
+844 978 |
12. Таза табыс |
46 446 585 |
280 529 458 |
+234 082 873 |
13. Рентабельділік деңгейі |
40,4 |
243,3 |
+202,9 |
Информация о работе «Қазақтелеком» АҚ-ның құрылуы және басқару құрылымы, ұйым қызметінің тиімділіг