Бюджет және оның экономикадағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 22:09, курсовая работа

Описание работы

Түбегейлі экономикалық реформа әрбір әкімшілік аймақтық бірліктің нақты қаржылық дербестігін қамтамасыз етудің экономикалық негізделген жолдарын іздеу,биліктің жоғарғы және жергілікті деңгейлерінің құзыретін қайта бөлу,шаруашылықтандыру сияқты нарықтық әдістерге көшуді қарастырады.Осыған байланысты қаржы,бюджет,салық салаларында білікті мамандар дайындау өзекті мәселе болып отыр.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................
I.Бюджет жүйесінің экономикалық мәні
1.1.Бюджет жүйесінің қалыптасуы.............................................5
1.2.Бюджет мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде..............14
II.Бюджет жобасын қарау және бекіту процеуралары
2.1.Республикалық бюджет жобасын бекіту..............................16
2.2.Жергілікті бюджет жобаларын қарау....................................20
III.Біріңғай бюджеттік жіктеу.....................................................22
IV.Бюджетаралық қатынастар.....................................................24
Қосымша........................................................................................26
Қорытынды....................................................................................27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................29

Файлы: 1 файл

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті.doc

— 150.50 Кб (Скачать файл)

            Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

 

 

 

 

                                          Кафедра : «Қаржы»

 

 

 

 

 

 

 

 

         Курстық жұмыс

 

 

Пәні:  «Қаржы»

 

Тақырыбы: «Бюджет және оның экономикадағы рөлі»

 

 

                                  Орындаған:                                                          

                                                                 Ф-15 тобының студенті

                                                                 Ергазина А.Ж.

   Тексерген:


 

 

 

 

 

           

 

                              Қарағанды қаласы 2012 жыл

 

 

 

                                                    «Қаржы»

     

 

Курстық жұмыс

 

 «Бюджет және оның экономикадағы рөлі»

 

                  Жоспар:

 

Кіріспе............................................................................

 

I.Бюджет жүйесінің экономикалық мәні

 

1.1.Бюджет жүйесінің қалыптасуы.............................................5

 

1.2.Бюджет мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде..............14

 

II.Бюджет жобасын қарау және бекіту процеуралары

 

2.1.Республикалық бюджет жобасын бекіту..............................16

 

2.2.Жергілікті бюджет жобаларын қарау....................................20

 

III.Біріңғай бюджеттік жіктеу.....................................................22

 

IV.Бюджетаралық қатынастар.....................................................24

 

Қосымша........................................................................................26

 

Қорытынды....................................................................................27

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................29

                              

 

 

 

 

 

 

                          Кіріспе

 

Түбегейлі экономикалық реформа әрбір әкімшілік аймақтық бірліктің нақты қаржылық дербестігін қамтамасыз етудің экономикалық негізделген жолдарын іздеу,биліктің жоғарғы және жергілікті деңгейлерінің құзыретін қайта бөлу,шаруашылықтандыру сияқты нарықтық әдістерге көшуді қарастырады.Осыған байланысты қаржы,бюджет,салық салаларында білікті мамандар дайындау өзекті мәселе болып отыр.

         Бұл тәжірибелік жинақ осы  мақсатта көмекші оқу құралы  болмақ.Жинақ Қаржы (салалар бойынша) 0703002 мамандығы бойынша орта кәсіптік білім берудің Мемлекеттік жалпыға бірдей  міндетті стандарттарына сәйкес Бюджет және Бюджет жүйесі курсының типтік бағдарламасына негізделіп құрастырылған.

         Тәжірибелік жинақта қаржыгердің  іс-тәжірибелік процесінде кездесіп  отыратын бюджеттің әзірленуі  мен атқарылуы бойынша тест  тапсырмалары есептер мен жағдаяттар берілген.Олардың кейбіреулерін оқытушының басшылығымен дәрісханада,ал басқаларын өз бетінше орындауға болады.Сондай-ақ,оқушылар үшін бақылау сұрақтары ұсынылады.

        Тәжірибелік жинақтың мақсаты-курс  бойынша алынған теориялық білімді ңығайту және есеп айырысуды құрастыру бойынша бюджеттің жобасына және бюджеттің атқарылуына қатысты іс-тәжірибелік дағдыларды дарыту.

       Тәжірибелік жағдайларды есепке  ала отырып,тапсырмаларды орындау  барысында оқушылар заң жинақтарымен,нұсқаулар  және бланкілік материалдарымен жұмыс жасау әдістерін үйрену қажет.Сондықтан тәжірибелік жинақта нұсқаулық және нормативтік материалдар көшірмелері қосымша ретінде берілген.

           Тәжірибелік сабақтардың дәрісханада  және дәрісханадан тыс жүргізілу  процесін басқару үшін,әрбір тапсырманың мақсаты көрсетілген,қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттері және нормативтік құжаттар,тапсырманы орындау бойынша шарттар мен әдістемелік нұсқаулар берілген.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.Бюджет жүйесінің экономикалық мәні

 

1.1.Бюджет жүйесінің қалыптасуы

 

 

Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы[ Бюджеттің пайда болуы мемлекеттің дамуы мен оның қаржы ресурстарына деген сұранысының артуымен тікелей байланысты. Орталықтандырылған ақша қорының құралуы және жұмсалуы бюджеттің кірісі мен шығысының ыңғайласа жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын"кіріс" жинақтаса, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге орталықтандырылған қордан бөлінетін қаржы "шығыс" болады.Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайындағы мемлекеттің бюджеттік жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалып белгіленген және бекітілген қоғамдық мемлекеттік маңызы басым мүделерді қаржыландыратын және мемлекеттің қаржы саясатын іске асыру аясындағы қаржылық құқықтық қатынастарды бюджеттік реттейтін,сондай-ақ бюджеттік құқықтық қатынастар субьектілерінің және жергілікті бюджеттер алдындағы міндеттемелерін тиісінше орындауларын қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік экономикалық,мәдени,саяси-әкімшілік аяларының өзекті проблемаларын басымды бағыттары бойынша нақтылы шешетін экономикалық әрі құқықтық тетік болып табылады.

    Қазақстан  Республикасы қаржы жүйесінің  орталық буыны ретінде көрініс  табатын бюджеттік жүйенің материалдық  негізін құрайтын мемлекеттік  бюджет (республикалық бюджет пен  жергілікті бюджеттердің жиынтығы) Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің мәңгілік атрибуты және оның егемендігінің экономикалық-қаржылық негізі болып саналады.

    Бюджеттік  жүйе арқылы жалпы ұлттық өнімнің  Қазақстан Республикасының қаржылық  заңнамалық актілерінде көзделген тиісті бөлігі қайта бөлінеді.

    Бюджеттік  жүйеде әрдеңгейдегі және әр  түрлі бюджеттер,Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорыреспубликалық және  жергілікті бюджеттерді жоспарлау  процесі,бюджеттік қатынастарды  реттеуді аясындағы уәкілетті  мемлекеттік органдардың құзыреті,мемлекеттік бюджеттік бақылау нысандары мен стандарттары және т.б. орын алады.

      Қазақстан  Ресбуликасының бюджеттік жүйесі  әрқайсысы дербес бюджеттік-экономикалық  институт болып табылатын және  тиісті қаржылық құқықтық нормалармен  негізделген,сондай-ақ өздеріне сай материалдық –заттай қорлар арқылы көрініс табатын мемлекеттік бюджеттік экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді.

       Бюджеттік  жүйенің барлық элементтері қосылып  бюджет мехнизмін құрайды.Бюджет  механизмінің осындай негізгі элементтеріне:

1.бюджеттік жүйенің  тиімді жұмыс істеуіне қажетті  ақпараттық және нормативтік  құқықтық база құру;

2.бюджеттерді тиісті  құзыретті (өкілді) органдар деңгейінде  қарап,бекіту;

3.бюджеттік болжамдау  және жоспарлау;

4.бекітілген бюджеттерге өзгерістер,түзетілер еңгізу;

5.бюджеттердің атқарылуы  жөніндегі есептемелерді әзірлеу;

6.бюджеттердің атқарылуына  экономикалық құқықтық талдау  жасау;

7.бюджеттік ресурстарды  тікелей мемлекеттік басқару  және мемлекет шығындарын дер  кезінде қаржыландыру жатады.

     Қаазақстан  Республикасының бюджеттік жүйесі  бюджеттердің және Қазақстан  Республикасы Ұлттық қорының,сондай-ақ  бюджеттік процестер мен қатынастардың  жиынтығынан тұрады.

   Қазақстан Республикасы  бюджеттік жүйесінің тиісті деңгейлерінде:

1.республикалық бюджет;

2.облыстық бюджет,республикалық  маңызы бар қала,астана бюджеті;

3.аудан (облыстық маңызы  бар қала) бюджет тәрізді дербес  бюджеттер жұмыс істейді.

     Сонымен  қатар,Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексінде белгіленген  жағдайлардың орын алуына орай Қазақстан Республикасында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі,бекітілуі және атқарылуы ықтимал.

    Бюджеттік  жүйенің жоғарғы деңгейінде орналасқан  республикалық бюджет Қазақстан  Республикасының Бюджет кодексінде  нақтылы айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен құрылатын;орталық мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттерін және функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге әрі мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық басымды бағыттарын іске асыруға арналған;сондай-ақ Қазақстан республикасының негізгі қаржылық заңымен бекітілетін орталықтандырылған негізгі ақша қоры-Қазақстан Республикасының орталық бюджеті ретінде еркшеленеді.

    Бюджеттік  жүйенің орта деңгейіндегі облыстық  бюджет,республикалық маңызы бар қала,астана бюджеті Қазақстан республикасының Бюджет кодексінде айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын,облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың,республикалық маңызы бар қаланың,астананың және оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік саясатты тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте іске асыруға арналған және облыс,республикалық маңызы бар қала,астана мәслихатының нормативтік құқықтық шешімімен бекітілетін орталықтандырылған негізгі ақша қоры болып табылады.

    Ал бюджеттік  жүйенің төменгі деңгейіндегі  аудан (облыстық маңызы бар  қала) бюджетіне Қазақстан республикасының  бюджет кодексінде айқындалған  салықтық және басқа да түсімдер  есебінен қалыптастырылатын,ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)  жергілікті мемлекеттік органдарының және оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге,сондай-ақ тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы)мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған және аудан (облыстық  маңызы бар қала) мәслихатының нормативтік құқықтық шешімімен бекітілетін орталықтандырылған негізгі ақша қоры жатады.

    Қазақстан  республикасы Бюджет кодексінің 4-бабына сәйкес бюджеттік жүйеден  орын алған Қазақстан Республикасының  ұлттық қоры Қазақстан республикасының Үкіметінің Қазақстан Ұлттық банкідегі шотында шрғырландырылатын,мемлекеттің қаржылық активі түріндегі,сондай-ақ,өзге де мүлік түріндегі активтері ретінде көрініс табады.

    Қазақстан  Республикасының Ұлттық қоры  мемлекеттің тұрақты элеуметтік-экономикалық дамуын әрі қаржылық активтердің және өз ге де (материалдық емес активретді қоспағанда) мүліктердің және өзге де қорлануын қамтамасыз ету,сондай-ақ экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және сыртқы факторлардың қолайсыз ықпалын төмендету мақсатында қалыптастырылады.

       Қазақстан  республикасының Ұлттық қоры  жинақтау және тұрақтандыру функцияларын  жүзеге асырады.Осы орайда,оның  жинақтау функциясы мемлекеттік  қаржылық активтердің және өзге  де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етуге,ал тұрақтандыру функциясы шикізат ресурстарына қатысты элемдік бағаның коньюктурасына байланысты республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған басымдықтарды нысаналайды.

      Ұлттық  қорды қалыптастыру және пайдалану  мән-жайы дүниежүзілік,сондай-ақ ішкі тауарлық және қаржылық рыноктардың коньюктурасы,мемлекеттегі және шетелдердегі экономикалық жағдайлар ,республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйі мен ерекшеліктері ескеріле (макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық пен Қазақстан республикасының Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала)отыырып айқындалады.

     Қазақстан  республикасы Ұлттық қорының  түсімі,қалыптастырылуы,сондай-ақ жұмсалуы  ұлттық және шетелдік валюталар  арқылы жүргізіледі.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын Қазақстан Ұлттық Банкі мен қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан ұлттық банкі басқарады.

     Қазақстан  Республикасындағы төтенше жағдайларда  немесе соғыс жағдайларында еңгізілетін төтенше мемлекеттік бюджет республикалық жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады.Қазақстан республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын еңгізу және оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті еңгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.

Төтенше мемлекеттік  бюджетті Қазақстан республикасының  экономика бюджетттік жоспарлау  министрлігінің құзырындағы бюджеттік  жоспарлау жөніндегі орталық  уәкілетті орган әзірлейді,сондай-ақ аталған осы бюджет Қазақстан республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітіледі әрі оның қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының парламенті дереу хабардар етіледі.

Төтенше мемлекеттік  бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы  еңгізілген мерзім ішінде Қазақстан  республикасының бюджеттік жүйесінде  қолданыста болады.Аталған бюджеттің  жұмыс істеуі кезеніңде тиісті қаржы  жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және мәслихаттардың тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлерді жергілікті бюджеттер туралы нормативтік құқықтық шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.

Информация о работе Бюджет және оның экономикадағы рөлі