Бюджет және оның экономикадағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 22:09, курсовая работа

Описание работы

Түбегейлі экономикалық реформа әрбір әкімшілік аймақтық бірліктің нақты қаржылық дербестігін қамтамасыз етудің экономикалық негізделген жолдарын іздеу,биліктің жоғарғы және жергілікті деңгейлерінің құзыретін қайта бөлу,шаруашылықтандыру сияқты нарықтық әдістерге көшуді қарастырады.Осыған байланысты қаржы,бюджет,салық салаларында білікті мамандар дайындау өзекті мәселе болып отыр.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................
I.Бюджет жүйесінің экономикалық мәні
1.1.Бюджет жүйесінің қалыптасуы.............................................5
1.2.Бюджет мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде..............14
II.Бюджет жобасын қарау және бекіту процеуралары
2.1.Республикалық бюджет жобасын бекіту..............................16
2.2.Жергілікті бюджет жобаларын қарау....................................20
III.Біріңғай бюджеттік жіктеу.....................................................22
IV.Бюджетаралық қатынастар.....................................................24
Қосымша........................................................................................26
Қорытынды....................................................................................27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................29

Файлы: 1 файл

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті.doc

— 150.50 Кб (Скачать файл)

     Үшінші  кезеңде Парламент палаталарының-Мәжіліс пен сенаттың пленарлық отырысында тиісті қаржы жылға арналған республикалық бюджет жөніндегі заң жобасын талқылау іске асырылады.Жобаны талқылау барысындағы депутаттармен еңгізілген барлық өзгерістермен толықтырмалалар дәйектілік пен бюджет теңдіктілігін сақтау принциптердің талаптарына сәйкестік болуы қажет.

       Бірінші  принциптің талабы-ол бюджет жобасына  еңгізілетін әрбір ұсыныс жазбаша  түрде дәйекті және елдің әлеуметтік экономикалық даму басымдылықтарына сәйкестік болуы тиіс.Ал екінші принцип бюджет жобасына еңгізілетін әрбір өзгерістің қосымша түсімдер түрінде немесе шығыстарды қысқарту түрінде бюджеттің белгіленген тапшылығын сақтау үшін тиісті қаражат көзі бар болуы керек.

       Республикалық  бюджет жөніндегі заң жобасын  үкімет парламентте талқылау  үшін ағымдағы жылдың қыркүйек  айының 1 жұлдызына дейін тиісті  заң қабылдау арқылы бекітіледі.Егерде  белгіленген мерзімге дейін республикалық  бюджет жөніндегі заң қабылданбаса,онда республика Президенті алдымыздағы қаржы жылдың бірінші тоқсанына арналған бюджет бекітілгенге дейін әрекетте болатын республикалық қаржы жоспары жөнінде Жарлық жариялауға құқы бар.Бұл жоспар республикалық бюджет жобасының төрттен бірі көлемінде ағымдағы жылдың 30желтоқсанға дейін бекітілуі тиіс.

     Парламентте  талқылау барысында елдің әлеуметті-экономикалық  дамуының орташа мерзімдік жоспары,орташа  мерзімді фискалдық саясаты,бюджет  жобасы мен ақша –несиелік  саясат жөніндегі Үкіметтің баяндамалары тындалады.Сондай-ақ Парламент палаталарының тиісті комитеттернінің бюджет жобасы бойынша тұжырымдары тындалады.

     Жобаны  талқылау Парламент палаталарымен  бірге отырыстарында екі оқудан  кем өткізілмейді.Бірінші оқығанда  республикалық бюджеттің кірістері,шығыстары,операциялық сальдо,таза несиелендіру,қаржы активтер операциялары бойынша сальдо,тапшылық немесе профицит және оны қаржыландыру немесе пайдалану бойынша жалпы көлемдері бекітіледі.Екінші және одан кейінгі оқығанда алдымыздағы қаржы жылға арналған республикалық бюджет жөніндегі заң жобасы баптары бойынша бекітіледі.Бюджет қаңтар айының « жұлдызынан басталып,желтоқсан айының і» жұлдызында аяқталатын бір қаржы (бюджет) жылына бекітіледі.Республикалық бюджет жөніндегі заң жобасында бюджеттік жіктелуге сәйкес түсімдердің барлық түрлерінің сомасы,жалпы мемлекеттік реттеуші салық бөлі нормативтері,функционалдық топтар,ішкі топтар,әкімшіліктер,бағдарламалар мен ішкі бағдарламалар боынша шығыстардың шекті мөлшерлері,бюджеттің тапшылық мөлшері,оны өтейтін көздер және ресми трансферттердің жобалық мөлшерлері көрсетіледі.

         Тиісті жылдың Республикалық  бюджет жөніндегі Заңында республикалық  бюджеттен төменгі тұрған бюджеттерге  функционалдық топтар бойынша  нақты бағдарламаларды іске асыру үшін ерекше субвенциялар түрінде берілетін ресми трансферттер көлемі аңықталады.Республикалық және жергілікті бюджеттер құрамында бюджет төлемдерінің түсуі мен бюджеттік ақша беру мерзімдері сәйкес келмегеннен кейін пайда болатын ақша құралдарының уақытша жетпегенін өтеу үшін жыл бойы пайдаланатын қолда бар резервінің айналымм мөлшері жасалады және бекітіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.Жергілікті бюджет жобаларын қарау

 

 Жергілікті бюджеттерді  қарау ,құру,бекіту, және атқару  Бюджеттік кодекс ережелері мен басқа да нормативтік актілермен реттеледі.осы актілерге сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республика Үкіметінің тапсырмасы бойынша тамыз айының 15 жұлдызына дейін облыстар,Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне сол жергілікті бюджет кірістеріне жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдардан бөлінетін түсімдердің жобаланған мөлшерлерін хабар етеді.

      Сонымен  бірге жалпы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру мен жергілікті атқарушы органдар қажетті болған оқиғада пайдалануға арналған несиелердің мүмкіндік сомалары және де жергілікті өкілдік пен атқарушы органдардың басқару аппараттарын ұстауға арналған шығындардың лимитіне республикалық бюджет құралдарынан бөлінетін шамаланған сомалар жеткізіледі.

      Содаң  соң осы,көрсеткіштер және өздерінің болжамдық мәліметтері,яғни аумақтар бойынша жасалған олардың даму боламдары мен бағдарламалары негізінде,жергілікті атқарушы органдар келесі қаржылық жылға өз бюджеттерінің болжамдық көлемдерін дербес аңықтайды.Осы маңда облыс және аудан органның келесі қаржы жылдың облыс бюджеті жөніндегі шешіміне сәйкес сол облыстың өкілдік органы белгілейді.

         Тиісті жергілікті бюджеттердің  кірістері мен шығыстарының теңестілігі  үшін жауапкершілік толығымен  жергілікті өкілдік және атқарушы  органдарға жүктеледі,сондай-ақ төменгі бюджеттерді құру,бекіту және атқару процесіне мемлекеттік орталық және жергілікті АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ АРАЛСАСУЫ ЖІБЕРІЛМЕЙДІ.Жергілікті бюджеттердің барлық параметрлері біріңғай бюджеттік жіктеліге сәйкес аңықталады.

        Облыстар,Астана Мен Алматы қалаларының келесі қаржы жылдың бюджеттерінің жобасы тиісті маслихаттар талқылауға ағымдағы жылдың қазаң айының 15 жұлдызына дейін еңгізулуі қажет.Бұл бюджеттер Республикалық бюджет жөніндегі Заң өз күшіне еңгеннен кейін екі апта ішінде бекітілуі тиіс.Ал аудан мен облыстық маңызы бар қала атқарушы органдары ағымдағы жылдың қараша айының 1 жұлдызына дейін тиісті маслихатта талқылауға өз бюджеттерін еңгізілуі қажет және ол облыс бюджеті қабылдағаннан кейін екі апта ішінде бекітілуі тиіс.Егерде белгіленген уақытта жергілікті бюджет жүйесі бекітілмесе,онда жергілікті атқарушы орган келесі жылдың 1 тоқсанына жергілікті қаржы жоспарын қабылдау жөнінде шешім шығаруға құқы бар.

     Облыстар,Астана  мен Алматы қалаларының әкімдері  аудан мен облыстық маңызы бар қала бюджеттері бекітілгеннен кейін бір апталық мерзімде бюджеттік жоспарлау және атқару орталық бір апталық мерзімде бюджеттік жоспарлау және атқару орталық органдарына облыстар,Астана мен Алматы қалаларының жиынтық бюджеттерін,тиісті жылға жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын,жергілікті инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды,облыстар,Астана мен алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының қарыздарын өтейтін шығындар көлемін ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III.Біріңғай бюджеттік жіктеу.

 

Бюджеттерді құрастыру  мен атқару олардың нысанды тағайындауына  сәйкес болуы үшін кірістердің қайнар көздерін регламентациялауы және бюджеттік  қаражаттарды бюджетте қарастырылған  бюджетте шығындар көлемі мен бағыттарына  сәйкес жұмсалуы тиіс.Кірістердің қайнар көздері мен бюджеттік ақша бөлу бағыттарын регламенттеу-ол бюджет құрастыру мен атқарудың міндетті шарты.Бұл шарт кірістер мен шығындарды топтау арқылы,яғни кірістерді формалар мен түрлері бойынша,ал шығындар шаралар мен нысанды тағайындары бойынша біріктіру жолымен іске асырылады.Мұндай кірістер мен шығындарды топтастыру бюджеттік жіктеу деп атаалды.Бюджеттік жіктеу бюджеттен нысанды қаржыландыру,бюджеттік қаражаттар пайдалануына қаржылық бақылау және бюджеттік тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді.

       Бюджеттік  жіктеудің негізі болып әлеуметті-экономикалық  ведомстволық және аумақтық белгілері  боынша кірістердің қалыптастыру  мен құжаттардың жұмсалатын бағыттары  және олардың құрамы мен құрылымын  көрсететін көрсеткіштер топтауы табылады.Бюджеттің кірістері мен шығындарының,оның тапшылығын өтейтін қайнар көздерінің мұндай топтастыруы бюджетті құрастыру мен атқаруда пйдаланылады,барлық деңгейдегі бюджеттер көрсеткіштерінің салыстыралығын қамтамасыз етеді, және бюджеттік процеске ақпараттық технологиялар еңгізуге мүмкіндік береді.

     Қазақстан  Республикасында бюджеттік процесс  бюджеттердің барлық деңгейлеріне  бірдей және міндетті біріңғай  бюджеттік жіктеу негізінде іске  асырылады. Бюджеттік кодексте берілген аңықтамаға сәйкес біріңғай бюджеттік жіктеу негізнде біріңғай бюджеттік жіктеу-ол бюджеттің кірістері мен шығындарының функционалды,ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша және бюджеттің жіктеу обьектілеріне аңықтамалық атаулар мен топтастырулық код бекітілген міндеттілік топтастыру.Біріңғай бюджеттік жіктеу бюджет шығындарының функционалдық және экономикалық жіктеуінен тұрады.

Бюджет жіктеуін құру принциптері бюджеттің кірістері  мен шығындарының экономикалық мазмұны,ұлттық экономиканың құрылымы мен басқару жүйемен дәлелденеді.Кірістердің қайнар көздерін топтастыру мен бюджет шығындарының мақсаттарын аңықтаудың негізі мен ең алдымен мұндай реттемелеу барлық бюджеттік процестің әрекеті мен тиімділігінің және қаржылық бақылаудың міндетті шарты арқылы қолданылады.Осыған байланысты бюджеттік жіктеу айқын және аңық болуға және де кірістердің экономикалық,ведомствалық,аумақтық қалыптасуы мен бюджеттік құжаттарды пайдалану бағыттары,олардың құрамы мен құрылымы жөнінде тодық түсінік беруге тиісті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV.Бюджетаралық қатынастар.

 

Бюджеттік процестегі жоғарғы  тұрған және төмен тұрған бюджеттер  деңгейлері арасындағы қатынастарды бюджет аралық қатынастар деп есептеледі.Қазақстан  Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджетаралық қатынастар келесі принциптерге негізделенеді:

  • облыстар,республикалық маңызы бар қалалар,астана бюджеттерінің облыс бюджетімен арақатынастарындағы теңбе-тендік;
  • түсімдерді шектеудің келесі критерийларын сақтай отырып оларды тиімді бөліп тарату;

а)сыртықы факторлардың әсерінен тәуелді емес және тиянақты сипаттағы салықтық емес түсмдерді төмен тұрған бюджеттер бойы бекіту;

 

ә)мемлекеттік мекемелер  көрсететін қызметтер үшін төлем  түрдегі салықтық емес түсімдер осы  қызметтерді қаржыландырылған бюджеттің  кірістеріне есепке алнады;

 

б)қайта бөлу сипаты мен бір қалыпты емес жайғастыру салықтық базасы бар салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары деңгейлері бойынша бекіту;

 

в)салықтар мен басқа  да міндетті түрдегі төлемдерді жоғары дәрежеде жиналуын қамтамасыз ету бюджет деңгейі бойынша бекіту;

 

г)айқын аумақтық байлауы  бар салықтық база бойынша жиналатын  салықтарды жергілікті бюджеттер артынан  бекіту;

  • ҚР әкімшілік-аумақтық бірліктерінің минималды бюджеттік қамтамасыз ету деңгейлерін қамтамасыз ету;
  • Жергілікті атқарушы органдарының мөлшерлес деңгейдегі мемлекеттік қызмет көөрсетуін қаматамсыз ету;
  • Мемлекеттік қызметтерді неғұрлым тиімді және нәтижелі өңдіру мен көрсетуді қамтамасыз ету мүмкіншілігі бар билік деңгейі бойынша бюджеттік қызметтерді бекіту арқылы оларды атқарудың максималды тиімділігі мен нәтижелілігі;
  • Бюджеттік қызметтер сапасын жоғарлату мен олардың қажеттілігінің есебін жақсарту мақсатпен сол қызметтерді атқаруын бюджет жүйесінің неғұрлым төмен деңгейіне жүктеу арқылы бюджеттік қызметтерді көрсету деңгейін оларды алушыларға максималды жақындату;
  • әрбір бюджет деңгейінің алынған ресми трансферттер мен несиелерді тиімді және мақсатты пайдалануына жауапкершілігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Қосымша

 

Республикалық бюджетті әзірлеу,қарастыру,бекіту

 

 

 

 

 


 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Қорытынды

 

Сонымен бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.    Бюджеттік жүйе арқылы жалпы ұлттық өнімнің Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамалық актілерінде көзделген тиісті бөлігі қайта бөлінеді. Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы. емлекеттік бюджеттің "кірісінің" ең қомақты бөлігі салықтық түсімдерден, ал қалғаны басқа түсімдерден, капиталды айналымға қосудан түсетін табыстардан және гранттар мен өтемдерден құралады. Бюджеттің шығысы кіріс бөлігінің және бюджет тапшылығының деңгейіне, оның орындалуына қарай реттеледі. Бюджет бойынша шығыстың кірістен асып түсуі бюджет тапшылығын туындатады, ал оның көлемі жалпы ішкі өнімге не ұлттық валютаға шағып көрсетіледі. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (жою) көздеріне мемлекеттік құнды қағаздарды сатудан түскен табыстар, ішкі және сыртқы капитал нарығынан алынған қарыздар, Ұлттық банктің кредиттері жатады.Мемлекеттік бюджетте жалпы ішкі өнім көлемінің 2-3% шамасындағы тапшылыққа ғана жол беріледі. Көрсетілген шамадан асып кеткенде, бюджет тапшылығын ішкі және сыртқы заемдар жаба алмайды. Сондықтан мемлекет айналымға еріксіз қосымша ақша шығаруға мәжбүр болады. Бұл ақшаның құнсыздануына, инфляцияның өршуіне және халықтың тұрмыстық деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін ҚР Президентінің тікелей басшылығымен құрылған бюджеттік комиссия Үкіметтің парламентке ұсынған заң жобаларын алдын ала қарап, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ, бюджеттің кірісі мен шығысы арасындағы сәйкестіктің бұзылмауын назарда ұстап, оның орындалу барысын үнемі қадағалап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Бюджет және оның экономикадағы рөлі