Дүниежүзілік экономикалық қатнастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 15:58, реферат

Описание работы

Дүниежүзілік экономикалык, қатынастардың (ДЭҚ) пәні—осы қатынастарды жүзеге асыру механизмдерін (тетіктерін) талдап, оқыту.
ДЭҚ жекелеген елдердің салалық, аймақтық шаруашылығының субъектілері — өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіидегі кешенді экономикалық қарым-қатынастарын зерттейді.
ДЭҚ-тің механизміне өзінің құқықтық, заңдық нормаларымен қоса, оларды жүзеге асыратын әдістер мен амалдар жиынтығы жатады. Бұл әдістер мен амалдардың негізгі тобын дүниежүзілік келісім-шарттар, хартиялар, кодекстер т.б. осы қарым-қатынастардың көздеген мақсаттарға жетуіне қажетті құжаттар құрайды.

Содержание работы

КІРІСПЕ 2
1.ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ 3
2.ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ 4
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕК БӨЛІНІСІНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР. 8
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 9
4.ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСНДЕГІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА 10
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ 12
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ (ҮЙЛЕСТІРУ) БАҒЫТТАРЫ 13
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 14

Файлы: 1 файл

рефф.doc

— 119.00 Кб (Скачать файл)

      Дүниежүзілік еңбек бөлінісінің мәні өндіріс процесін бөлшектеу мен біріктірудің диалектикалық бірлігінен көрінеді.

      Өндірістік процестің ойдағыдай жүруі ондағы атқарылатын әр түрлі еңбек процестерінің бөлектеніп мамандануына, содан соң кооперацияланып, өзара жарасымды іс-қимылдарға көшуіне байланысты.

      Еңбек бөлінісі тек қана бөлектену процесі емес, сонымен қатар еңбекті біріктіру әдісі. Мұндай диалектикалық бірлік Дүниежүзілік деңгейде ерекше көрінеді.

      Қоғамдық еңбек бөлінісі өндірістік әрекет түрлеріне байланысты мынандай нысандарға бөлінеді:

      1) Қоғамдык, еңбек бөлінісінің жалпы түрі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, қызмет көрсету т.б.);

      2) Қоғамдық еңбек бөлінісінің дербес түрі (сала ішіндегі еңбек бөлінісі);

      3)   Қоғамдык, еңбек бөлінісінің жеке-дара түрі (кәсіпорын ішіндегі еңбек бөлінісі);

      Еңбектің аймақтық бөлінісі ел ішіндегі бөлініс және еларалық бөлініс болып келеді.

      Дүниежүзілік еңбек бөлінісі дегеніміз—қоғамдық еңбектің еларалық бөлінісінің жоғарғы сатысы. Ол жекелеген елдердің, экономикалық пайдалы ендіріске түрақты түрде маманданып, белгілі сандық және сапалық арақатынастар арқылы басқа елдермен өндіріс өнімдерімен алмасуы.

       Дүниежүзілік шаруашылықтағы үдемелі өндіріс процестерін жузеге асыруда Дүниежүзілік еңбек бөлінісінің рөлі зор. Ол, біріншіден, осы процестердің өзара байланысын қамтамасыз етеді, екіншіден, салалық, аймақтық және еларалық қажетті пропорцияларды қалыптастырады.

      Дүниежүзілік еңбек бөлінісі теориясының ғылыми дәлелі мен даму бағыттары саяси экономияның классиктері А. Смит және Д. Рикардоның еңбектерінде көрсетілген. А. Смит „Халықтар байлығының жаратылысы мен себептерін зерттеу” (1776 ж) еңбегінде сауда мен іскерлік еркіндігінің тиімділігін дәлелдеді. Оның пікірінше сауда еркіндігін шектеу дүниежүзілік аймақтық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне кедергі болады. Бұл кедергілерді жою дүниежүзілік айырбасты кеңейтіп, ұлттық экономикалардың мамандануын жеделдетеді, олардың өзара байланысын күшейтіп, дүниежүзілік шаруашылықтың құрылуына жол ашады.

     Дүниежүзілік еңбек бөлінісі ғылыми теориясы классиктерінің басты еңбегі — "Өндірістік шығындардың салыстырмалы теориясы”. Бұл теорияның негізінде әр түрлі елдердің өндіріс жағдайларындағы айырмашылықтар, олардың өнім өндіру шығындарын да әркелкі етеді деген идея жатыр. Осы идеяға сәйкес, қандай бір елде болмасын оның табиғат жағдайына қарамастан кез келген тауар өндірісін қалыптастыруға болады.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕК БӨЛІНІСІНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР.

      Дүниежүзілік еңбек бөлінісінің дамуына ең алдымен әсер ететін факторларға еңбек өнімділігін арттыру, өндірістің жоғары тиімділігіне жету және өндіріс шығындарын мейлінше төмендету факторлары жатады.

     Дүниежүзілік еңбек бөлінісінің тартымдылығы сонда, бұл процеске қатысушы әрбір субъект одан өзінің экономикалық мүддесін қанағаттандыратын мүмкіндіктерді іздеп табады.

     Дүниежүзілік еңбек бөлінісінің артықшылықтарына экспортталатын тауарлардың халықаралык, және ішкі бағалары айырмашылығынан және тиімді импортты ынталандырудан түсетін пайдаларды да қосуға болады.

    Дүниежүзілік шаруашылык, жүйесі құрылуының өзі Дүниежүзілік еңбек бөлінісінің біріктіруші қызметінің арқасында мүмкін болды.

    Дүниежүзілік еңбек бөлінісінің даму тенденцияларына зер салсақ, олардың бірте-бірте тереңдеп, Дүниежүзілік тауар айырбасының қарқынды өсуіне игі ықпалын тигізіп отырғанын көрер едік.

1 -к е с т е    Дүниежүзілік еңбек бөлінісі қарқынының коэффициенттері

 

 

1971—1980

1981—1990

1991—2000

Дүниежүзілік шаруашылық Өнеркәсібі дамыған елдер

Дамушы елдер

1,08

 

1,11

 

0,99

1,21

 

1,31

 

1,03

1,08

 

1,15

 

0,80


      Дүниежүзілік шаруашылықтағы еңбек бөлінісі әлем мемлекеттерінің өндірістік, ғылыми-техникалық, сауда т. б. қарым-қатьнастарының объективті негізі.

      Дүниежүзілік еңбек бөлінісіне белсенді түрде қатысу барлық мемлекеттер үшін пайдалы, Себебі, олар өндіріс құнының ұлттык, және интерұлттық айырмашылықтарынан табысты болады. Сонымен, құн заңы дүние-жүзілік еңбек бөлінісінің қозғаушы күші.

       Дүниежүзілік еңбек бөлінісіне қатысу адамзаттың бүкіл әлемдік проблемалары — қоршаған ортаны қорғау, азық-түлікпен қамтамасыз ету, ғарышты, мұхиттарды игеру т.с.с. жобаларды шешуге көмектеседі.

      Мамандардың болжауы бойынша, болашақта өнеркәсібі дамыған елдердің өндірісі сыртқы тұтынушыға қарай бейімделеді де, ішкі сұраныс импорт арқылы қанағаттандырылатын болады.

      Үстіміздегі ғасырдың соңғы онжылдығы дүние жүзіне орасан зор саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістер әкелді. Олар Дүниежүзілік еңбек бөлінісіне елеулі әсер етті. Бұл әсерлер Дүниежүзілік еңбек бөлінісінің интеграциялық қуатын бұрынғыдан да артырып отыр.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

     

Дүниежүзілік еңбек бөлінісі дамуының негізгі бағыты Дүниежүзілік мамандану мен өндірісті кооперациялауды мейлінше кеңейту және тереңдету.

      Мамандану мен кооперациялау дүниежүзілік еңбек бөлінісінің нысандары, сонымен қатар оның мәнін анықтаушы категориялар.   Кәсіпорындардың жекелеген өнімдерді өндіруге мамандануы қазіргі ғылыми-техникалық прогреске тікелей байланысты. Өндірістің технологиялық құрылымының күрделенуі өнім өндіру үшін пайдаланатын бөлшектер мен тетіктердің сандық мөлшерін көбейтіп жібереді. Мысалы, жеңіл автомобиль шығаруға қажет бөлшектер пен тетіктердің саны 20 мыңға, прокат станында—100 мыңға, электровозда—250 мыңға жуықтады.

      Өндірістің дүниежүзілік мамандануы екі бағытта, өндірістік және территориялық болып өрбиді. Өз кезегінде өндірістік бағыт салааралық, салалық және маманданған жеке кәсіпорындар болып үшке бөлінеді.

      Қазақстан дүниежүзілік еңбек бөлінісіндегі өз орнына „кетігін тауып қалануы” үшін ел экономикасындағы басымдықтарды белгілеп сыртқы экономикалық байланыстар стратегиясын жасауы қажет.

      Сыртқы экономикалық қызметті күшейту шеңберінде Республикаға кәсіпкерлікті дамыту мен халықтың салым ақшасын қатыстыру үшін жағдай жасау керек, өйткені ұлтгық капитал барлық дамушы елдерде шетел инвестициясына қарағанда 8—12 есе көп инвестицияны қамтамасыз етеді;

—    сыртқы экономикалық байланыстар саласында заңдар кешенін  талдап жасап, енгізу, олардың орындалуын және тұрақтылық кепілдігін қамтамасыз ету;

—   инфрақұрылымды  дамыту — көлікті,   байланысты, қаржы нарығы мен сақтандыру ісін, банкілер жүйесін дамытып, қазіргі заманғы ақпарат жүйесін құру;

—  дүниежүзілік құқық пен маркетинг, статистика саласында кадрлар, салық инспекторларын, банкі қызметкерлерін, аудармашылар, қаржы қызметкерлерін,  аудиторлар, бухгалтерлер, сыртқы сауда жөніндегі, нарық үшін және   реформаны   білікті   басқару үшін   қажетті   басқа кәсіптегі мамандар даярлау;

— республика үшін басым салалар бойынша, сондай-ақ экономикалық блоктар тұрғысынан да белсенді сыртқы экономикалық саясат жүргізу және экономикасы біздің экономикамен өзара бірін-бірі толықтыратын жекелеген елдермен нысаналы жүмыс жүргізу қажет.

      „Шетел банкілерінің Қазақстандағы экономикалық қызметке қатысуын жеңілдетіп, экономиканың басым салаларында неғүрлым үйлесімді валюта режимі мен шетел иеліктеріне режим енгізіп, нақты ұлттық жобаларды жүзе-ге асыруға "портфель инвестициялары" түрінде шетел капиталын көбірек қатыстыру қажет"1.

       Қазақстанның халықаралык, еңбек бөлінісіндегі рөлі еліміздің негізгі байлығы — жерді, пайдалы қазбалар шикізатын, дайын өнімді тиімді пайдаланумен байланысты. Елдің салыстырмалы жоғары ғылыми-техникалық потенциалын да естен шығармау керек. Қазақстанның салыстырмалы артықшылықтарын тиімді пайдалану мемлекетті жанданды-рып, экоиомиканың жедел дамуын қамтамасыз етеді.

4.ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСНДЕГІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА

      Халықаралык, экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

       Американ ғалымы Дж. Сакстың пікірінше „қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жок,"1.

       Дүниежүзілік сауда — еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өидірушілер арасыда пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.

       Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен экономи-када жүріп жатқан қүрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді.   Мұның өзі дүниежүзілік сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

      Дүниежүзілік сауда дегеніміз — дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.

      Сыртқы саудада „фритредерствоны" (еркін сауда), немесе „протекционизмді" (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырсыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бүл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

      Фритредерство саясатын ең алғаш А. Смит өзінің „Салыстырмалы артықшылықтар теориясында" анықтаған. Ол: „айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады",— деп жазған.

      XX ғасырдың екінші жартысынан бастап Дүниежүзілік сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.

      Дүниежүзілік сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:

       1) Дүниежүзілік еңбек бөлінісі мен өндірісгі интернационалдаудың дамуы;

        2)  экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;

        3) дуниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;

         4) тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы Дүниежүзілік сауданың реттелуі;

         5)  көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып,    кеден    бажы    төмендеп,     еркін    экономикалық аймақтардың құрылуы;

         6)  сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;

         7)   сыртқы   рынокқа   бейімделген   экономикасы   бар „жаңа индустриалды елдердің" пайда болуы т. б.

        Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне бастады. Бұл дүниежузілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдығынан айырыла бастады.

         Егер 1950 жылы АҚШ-тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, 1990 жылы ол тек қана 8/1 тең болды. Өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ-тың деңгейіне жақындады.

        Сөйтіп, 90-жылдары Батыс Еуропа Дүниежүзілік сауданың орталығына айналды. 80-жылдары Дүниежүзілік сауда-саттықта Жапония едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтар экспорттауда Жапония дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңде өз тау-арларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның „жаңа индустриадды елдері"— Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.

        Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы төрт жүзге жуық критерийлерден турады. Олардың негізгілеріие жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандардан басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал-жабдықтар т.б. факторлар ескеріледі.

       Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық формуланың баяндамасында бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік рынокқа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.

       Мамандардың болжауы бойынша XXІ ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер санағында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болады. 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ, Бұлардан соң Германия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол.

      Дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер, ең алдымен „жаңа индустриалды елдер" өз экспорт-тарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен жабдықтардың үлесі артты.

Информация о работе Дүниежүзілік экономикалық қатнастар