Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 15:58, реферат
Дүниежүзілік экономикалык, қатынастардың (ДЭҚ) пәні—осы қатынастарды жүзеге асыру механизмдерін (тетіктерін) талдап, оқыту.
ДЭҚ жекелеген елдердің салалық, аймақтық шаруашылығының субъектілері — өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіидегі кешенді экономикалық қарым-қатынастарын зерттейді.
ДЭҚ-тің механизміне өзінің құқықтық, заңдық нормаларымен қоса, оларды жүзеге асыратын әдістер мен амалдар жиынтығы жатады. Бұл әдістер мен амалдардың негізгі тобын дүниежүзілік келісім-шарттар, хартиялар, кодекстер т.б. осы қарым-қатынастардың көздеген мақсаттарға жетуіне қажетті құжаттар құрайды.
КІРІСПЕ 2
1.ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ 3
2.ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ 4
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕК БӨЛІНІСІНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР. 8
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 9
4.ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСНДЕГІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА 10
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ 12
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ (ҮЙЛЕСТІРУ) БАҒЫТТАРЫ 13
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 14
XX ғасырдың орта шенінен бастап Дүниежүзілік экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, Дүниежүзілік қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Валюталық қатынастар дегеніміз — дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді, ғылыми-техникалық айырбасты, туризмді, заңды және жеке тұлғалардьщ ақша аударуын қамтамасыз етеді.
Валюталық қатынастар ұлттық және дүниежүзілік деңгейде жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды.
Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз — мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны (формасы).
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
— Ұлттық валюта бірлігі;
— ресми алтын-валюта қорының қүрылымы;
—Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын механизмі;
— валютаиың айырбасталу мүмкіндігі (обратимость, конвертируемость валюты);
— валюталық шектеулердің деңгейі;
— мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жузеге асыру тәртібі және т. б.
Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы (құны) мен паритеті жатады.
Валютаның курсы дегеніміз — жекелеген елдердің валюталарының ара қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының „бағасы".
„Паритет — валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатысы. Паритет валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы (құны) оның паритетіне дәлме-дәл келмейді.
Дүниежүзілік валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.
Бұл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте-бірте қалыптасуы нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекетаралық келісімдер арқылы заңдастырылған.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
— ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;
— дүниежүзілік өтімді (ликвидный) активтердің құрамы мен құрылымы;
— валюталық паритеттер мен курстардың (валюта құнының) механизмі;
— валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;
— дүниежүзілік есептеулердің нысандары;
— дүниежүзілік валюта рыноктары мен дүниежүзілік алтын рыногындағы орныққан тәртіп;
—дүниежүзілік валюта-қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар (дүниежүзілік валюта қоры — МВФ, дүниежүзілік даму банкі — МБРР және т. б.)
Дүниежүзілік Валюта жүйесінің негізгі міндетттеріне тұрақты экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі дүниежүзілік есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.
Дүниежүзілік Валюта жүйесі дүниежүзілік экономикалық қатынастарды кеңейтуге, немесе, керісінше шектеуте әсер ететін ең маңызды механизмдердің бірі.
Қазақстан экономикасын дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау және оның дүниежүзілік қатынастар мен дүниежүзілік еңбек бөлінісіне белсенді қатысу процестері енді ғана басталып келе жатыр. Дегенмен, мемлекетіміздің соңғы жылдардагы ұтымды әрі өзара тиімді сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтып, дамытуға ұмтылыстарын атау керек. Еліміздің дүниежүзілік интеграциялық процестерге қатысып, көп жақты ынтымақтастықты қалыптастыруға мүдделілігі орнығып келеді.
Бұл
арада, ең алдымен Ресей
1. Н.Қ.Мамыров,
Д.М. Мадиярова, А.Е.Қалдыбаева
2. Майдан-Әли Бегалиев. Дүниежүзілік экономикалық қатынастар. Алматы “Санат” 1998.