Еңбек ақының формалары және жүйелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 16:38, курсовая работа

Описание работы

Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты еңбек ақы және жұмысшыларды әлеуметтік қолдау мен қорғау саласында саясат та өзгеріске ұшырайды. Бұл саясатты жүзеге асырудың көптеген функцияларын мемлекет тікелей кәсіпорындарға артқан, яғни еңбек ақының формаларын, жүйелерін, мөлшерін кәсіпорындар өздері анықтайды. Жұмысшылардың еңбек нәтижесін ынталандыруға көп көңіл бөлінеді. «Еңбек ақы» түсінігі жаңа мазмұнымен толықтырылды және сонымен қатар әртүрлі премиялар, қосымша төлемдер және әлеуметтік жеңілдіктер, ақшалай және натуралды түрдегі барлық ақы түрлерін алып жатыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ ..................................................................................................3

Еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері.........5

Еңбек ақының мәні, қызметтері және қағидалары.........................5

1.2 Еңбек ақының формалары және жүйелері............................................

1.3 Кәсіпорында еңбек ақы қорын пайдаланудың тиімділігі ....................

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мысалында өнеркәсіптік кәсіпорында
еңбек ақыны ұйымдастыруды талдау

2.1 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ң технико-экономикалық сипатының мәні

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да еңбек ақыны ұйымдастыру талдау.......

«ММГ» АҚ-ның еңбеке ақы жүйесі.....................................................

Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру жолдарын жетілдіру

3.1 Еңбек ақы төлеудің шетелдік тәжірибесі...........................................

3.2 Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру.......................

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................

Файлы: 1 файл

1. 2 Е_бек а_ыны_ формалары ж_не ж_йелері.doc

— 782.50 Кб (Скачать файл)

2000 жылы Қазақстан Үкіметі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның меншігіне Павлодар мұнай өңдеу заводының ( қуаттылығы жылына 7,5 млн. тонна) акция пакеттерінің 51% берді. Бұл завод этильденбеген бензин, реактивті двигательдерге арналған отын, қыстық және жаздық дизель отынын, мазут өндірілді. Акция пакеттері заводтың бұрын тұтынған мұнай төлемі ретінде берілді. Павлодар мұнай - химия заводының қалған 49 % акциялары мемлекеттің қарауында. Завод мұнайды отын  нұсқасында өңдейді, қайта өңдеу сапасы 80- 85 % құрайды, бұл мұнай өңдеудің әлемдік деңгейіне сай.

Мұнай өңдеу мынадай процесстерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:

  • Мұнайды электрлік сусыздандыру және тұзсыздандыру;
  • Электросусыздандырылған және тұзсыздандырылған мұнайды қайта айдау;
  • Реактивті, дизельді отынды және бензинді гидротазарту;
  • Бензин фракцияларын каталитикалық реформинттеу;
  • Каталитикалық крекинттеу;
  • Газофракциялау;
  • Мұнай битумдарын өндіру;
  • Кокс өндіру
  • Күкірт өндіру

 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 2007 жылы 5 млн 255 мың тонна мұнай өндірген болса, 2008 жылы – 5млн. 660 мың тонна өндірген, яғни 2007 жылмен салыстырғанда 7,7 % артық өндірген. Жоспарлы тапсырма – 5,4 млн. тонна., мекемеге мерзімінен бұрын «Тәуелсіздік күніне» орай орындалды. Компания құрамындағы «Қаламқасмұнайгаз»- 1.5 млн. тонна мұнай өндірген. 2008 жылдың соңына дейін 250 мың тоннадан астам мұнай жоспардан тыс өндірілді.

2008 жылдың қорытындысы бойынша табиғи газ өндірісі 2/3, 654 млн. кубометрге жетті, ал 2007 жылы 166, 131 млн. кубометр газ өндірілген еді.

2008 жылдың желтоқсанында мұнай өндіру көлемі 486,1 мың тонна болды, ал 2007 жылы осы кезеңімен салыстырғанда 4,2 %  артық. Ал, газ өндірісі 2008 жылы – 19, 369 млн кубометрге жетті, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 36,7 % артық.

2008 жылы компания жоспар бойынша 5 млн. 640 мың тонна өндіруді    және жоспардан тыс 110 мың тонна мұнай өндіруді жоспарлаған.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ үлкен жобаларды іске асыруды жоспарлаған. Мысалы, Қаламқас кен орнында электр энергиясын  өндіретін станция саласында және жерасты суларын жанайтын  қондырғылар орнатылды. Асар кен орнында Жетібай кен орнын сумен қамтамасыз ету үшін 7 ұңғыма бұрғыланды.

Өндіріске жаңа техника мен технологиялар ендірілуде. Осы мақсатқа жыл сайын 15 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Әсіресе, тереңде винттік насостарды қолдану мен жер қыртысын гидроайыру (гидроразрыв) тәсілдерін қолдану жақсы нәтижелер берді. Жерқыртысын гидроайыру тәсілі 2001 жылдан бастап Жетібай кенорнында қолдана бастады. Бүгінгі күнге дейін 160 ұңғыма – операциялары жүргізілді, соның нәтижесінде қосымша 650 мың тонна мұнай өндіруге қол жеткізілді. Биылғы жылдың 1 тоқсанының жоспарын «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 58 мың 400 тоннаға артық орындады (мұнай өндірісін 4,9 %-ға арттырды ).

Түбектің барлық аймақтарында  орналасқан «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік  қоғам  электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етілген. Қаламқас және Жетібай учаскелерін қоса санағанда, Маңғыстауэнергомұнай»  жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінде 500-ге жуық  адам жұмыс істейді.  

Акционерлік қоғамда сенімді  коммуникация жұмыстарын  жүргізетін «Мұнайтелеком»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  қазіргі  заманға сай  байланыс  құралдарымен жабдықталған. Барлық өндірістік және  технологиялық процесстер  толық  компьютерленген және  автоматтандырылған. Автоматтандыру,  ақпараттық технология мен байланысының  басқармалары  жұмыс істейді. Кен орындарын ғылыми  зерттеу мақсатында арнайы  құрылған ғылыми- өндіріс  орталығы жұмыс  істейді.

2003 ж классикалық құбырлар  өндірістін  завод  құрылысы  аяқталып  пайдалануға  берілді.  Маңғыстау  обылысының  климат  жағдайында болат құбырлар  пайдалану  прйесінде сырқы  және  ішкі  коррозиялар  әсерінен  тез  қозғалыстан шығады. Ал, жаңа  технология   мен  пласталған әйнекпластикалық  құбырлар,  біздің климат  жағдайында 15 тен 50 жылға  дейін шыдайды. Әйнек пласт құбырлар болат  құбырлармен  салыстырғанда 4 есе жеңіл. Тағы да 2 артықшылықтары – жоғары  беріктілігі  көрсеткіштері  мен төмен жылу өткізгіштігі. Сондықтан оларды   пайдалану  өндірістін  тиімділігін  арттырады. Завод аймағында 2 цех  орналасқан. 1  цехта  диаметрі 300 милиметрге дейін құбырлар  өндіреді, ал 2 цехта       диаметі 300 милиметрден 500 милиметрге дейін  құбыр өндіріледі. Сондықтан қатар,  заводта  әйнекпласт  құбырды  жалғайтын,  бекітетін  детальдар  өндіріледі. Терендікте жұмыс істейтін  мұнай  насостарын  жөндейтін және  тексеруден  өткізетін  «Техно Трейдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктес  кәсіпорыны   құрылған.

 «Қаламқасмұнайгаз»  өндірістік  басқармаында  2005 жылы мұнайды  даярлау және қайта айдау цехының екіншісі   кезегі  пайдалануға  берілді, ал  бл цехтын   кезегі 1988ж  п пайдалануға берілген болатын. Цехтын жобалық қуаты- жылына 3 млн. Теңге мұнай өңдеу «Маңғыстаумұнайгаз»  акционерлік қоғамда  мұнай   кен орындарында үлкен маштабты  бұрғылау жұмыстарын жүргізуге  арналған  перфоратлық  платикалық құбырлар өндіретін завод  құрылысы  аяқталады.

 «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік  қоғамы  негізгі  инвестициялық  жобаларын  жүзеге асыру  үшін жылына 30 млн.  доллар  шамасында  қаражат қажет.

   Келтірілген 3 кестеде   көрсетілгендей, кәсіпорынның активтері өткізілген  өнім көлемі  менншікті     және   таза көлемі жылға артуы,  2006 ж  өткізілген  өнім көлемі 2003 жылмен алыстырғанда 5,87 есе, ал таза пайда 5,7 ессе өскен. Бұл  көрсеткіштер «Маңғыстаумұнайгаз»   акционерлік қоғамын   жоғары  рентабльді,  табысты,   даму үстіндегі  өнеркәсіп кәсіпорыны  ретінде  сипаттайды.

Кесте 3

«Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ-ның қаржылық көрсеткіштері,

мың тенге

 

Көрсеткіштері

01.01.05

01.01.06

01.01.07

01.01.08

Өсуі 2008 ж.  2005 ж.

Устав капиталы

10 894 602

10 892 027

10 892 027

10 892 027

1

Меншікті капитал

20 922 693

23 254 943

34 144 550

51 366 683

2,46

Кесте – 3 жалғасы

Активтердің баланстық құны

43 374 373

52 493 874

86 661 087

92 020 981

2,12

Өткізілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі

26 968 245

65 781 992

126 193 223

 158 366 346

5,87

Өткізілген өнім мен көрсетілген қызмет-тердің өзіндік құны

10 378 083

27 996 154

31 275 487

57 604 415

5,55

Таза пайда

15 205 824

28 090 127

68 324 116

86 663 875

5,70


 

 

    1. «Маңғыстаумнайгаз»  акционерлік қоғамында  еңбекақыны ұйымдастыруды талдау.

 

Жалақы қорын талдауды  шығындардың  басқа түрлепін    талдау  сенімді жүргізілді. Яғни,  жоспарлы немесе  нормативті  көрсеткіштермен   салыстырады, немесе өткен есептегі, болмаса базалық кезеңмен салысты-рылады.  Кәсіпорынның   қызметінде   маусымдық  белгілер  айқын болған  жағдайда,  өткен  жылдың  осы кезеңімен  салытыру  тиімді болады. Талдау  нәтижесінде  жалақының   нормативті  және жоспардағы  көрсеткіштерімен  салыстырғанда ,  жалақы қорының  артық жұмсалуы   немесе кем  жұмсалуы,  оның өзгеру   тенденциялары  мен себептері   анықталады. Жалақы  қорвына қатысты жұмыс уақытын пайдалануды талдауда әртүрлі  индектік көрсеткіштер кеңінен пайдаланылады.

Жалақы қорын талдау-жалпы кәсіпорын көлемінде және жеке жұмысшылар категорияларында жалақы қоры сомасының жоспарының орындалу деңгейін, динамикасын талдаудан басталады. Жалақы қорын талдағанда, кәсіпорын көлемінде және оның бөлімшелерінде жоспардағы көрсеткіштермен  салыстырғанда  нақты абсолюттік немесе салыстырмалы ауытқуларды анықтайды.

Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастыру мынадай негізгі элементтерден тұрады:

А) Еңбекақы қорын құру

Б) Еңбекті нормалау

В) Тариф жүйесін бекіту

Г) Жалақы жүйелері мен формалапын анықтау

Көптеген кәсіпорындарда еңбекақыны ұйымдастыру төмендегідей қағидаларға сүйенеді:

  • Еңбекақыны еңбектің аны мен сапасына қарай төлеу
  • Жұмысшының біліктілігіне, еңбек жағдайына, кәсіпорынның алалық және аймақтық топқа жатуына қарай-жалақыны диф-циялау
  • Нақты жалақыны жүйелі түрде өсіріп отыру, яғни инфляциямен салыстырғанда номиналды жалақының өсу қарқынын арттыру
  • Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны жалақының өсу қарқынынан артық болуы;
  • Әділеттілік, яғни бірдей еңбекке – бірдей жалақы төлеу;
  • Ауыр дене еңбегін және жұмыстың зияндылығын есепке алу;
  • Адал еңбек етуді және еңбек сапасын ынталандыру;
  • Өз міндеттеріне немқұрайлы қарағандар мен кемшілік жібергендерді материалдық жазалау.

«Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік қоғамында 2008 жылы еңбекақы төлеу – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұмысшыларына еңбекақы төлеу және жұмыс уақытын есепке алу нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.

 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да қолданыстағы еңбекақы жүйесі, кәсіпорын қызметі нәтижесіне жеке жұмысшының еңбек үлесін есепке ала отырып, жалақыны дифференциациялауға мүмкіндік береді, яғни әрбір жұмысшы мұнай өндірісі процесіне біліктілігіне қарай нақты қосқан үлесіне сәйкес жалақы алады.

Кесте 4 көрсетілгендей, 2008 жылы жалақы қоры 2007 жылмен салыстырғанда 645196,0 мың теңгеге (15,4 %) артқан.

Жалақы қорының өсуі негізінен төмендегі себептерге байланысты болған:

  • 2008 жылдың 1 маусымынан бастап жұмысшылар мен қызметшілердің жалақысы 15% - ға өскен, соның нәтижесінде, өткен жылмен салыстырғанда тариф ставкаларымен төленетін жалақылар, лауазымдық жалақылар сонымен қатар
  • еңбекақының барлық түрі артқан (түңгі уақытта жасалған жұмыс үшінтөлемақылар, демалыс және мейрамкүндері жасалған жұмыс үшін төлемақылар; өндірістік жұмыс нәтижесінде төленген төлемақылар және т.б.).

Компания жұмысшыларының жалақылары 2008 жылдың 1 маусымынан бастап көтерілсе, ал 2007 жылда 1 шілдеден бастап (яғни 1 ай бұрын) көтерілген, сондықтан нақты талдау жүргізу үшін 2008 жылдың екінші жартыжылдығының көрсеткіштерін 2007 жылдың екінші жартыжылдығының  көрсеткіштерімен салыстыру қажет. Мысалы, (кесте 4) 2008 жылдың екінші жартыжылдығында жұмысшылардың лауазымдық жалақылары мен тариф ставкасымен төленетін жалақылары 2007 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 16,5%-ға өскен, сөйтіп 1604723,9 мың теңгеге жеткен, ал 2007 жылы бұл көрсеткіш 1377070,9 мың теңге болған.

 Жұмысшылардың тарифпен төленетін орташа айлық жалақылары осы кезеңде 113,4%-ға өсіп, 2008 жылы-53203 теңге болған, ал 2007 жылы-46897 теңге болатын. Өндірістік жұмыстар нәтижесіне берілетін сыйақылар 3,6% пунктке артқан, (2008 жылы-38%, ал 2007 жылы-34,4%). Жұмысшылардың тарифпен төленетін орташа айлық жалақылары осы кезеңде 113,4%-ға өсіп, 2008 жылы-53203 теңге болған, ал 2007 жылы-46897 теңге болатын. Өндірістік жұмыстар нәтижесіне берілетін сыйақылар 3,6% пунктке артқан, (2008 жылы-38%, ал 2007 жылы-34,4%).

Кесте 4.

Жүмысшылар саны мен жалақы қорын талдау

 

№ п/п

Көсеткіш атаулары

2007 год факт

 

2008 год

факт

 

ауытқу

+,-

%

1.

Есептегі кезендегі жүмысшылардың орта тізімдік саны,адам.

4925

5042

+ 117

102,4

2.

Жүмысшылардың нақты санын (орташа жалақыны есептеу үшін алынған адам саны)

4843

4956

+ 113

102,3

3.

Жалақы қоры – барлығы мың тенге.

4179221,9

4824417,9

+645196,0

115,4

3.1

Лауазымдық тариф ставкаларымен есептелген жалақы

2571240,8

3086347,4

+515106,6

120,0

3.2.

Жүмыс жағдайы мен режимдерге байланысты төленген төлемдер

147833,9

171574,8

+23740,9

116,1

3.2.1.

-түнгі уақыттағы жүмыс үшін төленген төлемақысы

94177,4

112208,5

+18031,1

119,1

3.2.2

- демалыс немесе мейрам күндері жасалған жүмыс үшін төлемақы

30749

33080,7

+2331,7

107,6

3.2.3.

- нормадан тыс атқарылған жүмыс үшін төлемдер

22907,5

26285,6

+3378,1

114,7

3.3

Ынталандыру сатысындағы төлемақы

1174742,5

1214005,1

+39262,6

103,3

3.3.1.

-өндірген нәтижесі бойынша бөлінетін сыйақы

883223,2

1173331,4

+290108,2

132,8

 

- бір мезгіл төленетін сыйақылар

291519,3

40673,7

-250845,6

14

3.4.

Жүмыс істемеген уақытқа төлем (жыл сайынғы еңбек демалыстары)

235193,5

291525,7

+56332,2

124,0

3.5.

Басқа мамандықты қоса атқарғандығы үшін төлем сомасы

7344,4

7652,5

+308,1

104,2

3.6.

 Жүмысшылар қүрамы тізімге енбеген жүмысшылардың еңбекақысы

40215,2

50287,4

+10072,2

125,0

4.7

 Төлемдерге есептелген басқа ақшалар сомасы

2651,6

3025,0

+373,4

114,1

58.

 Орташа айлық жалақысы

71912

81121

9209

112,8

Информация о работе Еңбек ақының формалары және жүйелері