Инвестиция туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2015 в 09:58, дипломная работа

Описание работы

Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2006 ж.ж. аралығында ел экономикасына шетел инвестицияларының 46 млрд. долл. астам көлемі тартылған. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.
Дегемен, шетел инвестицияларын экономикаға тарту мәселесі әлі де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз.

Содержание работы

КІРІСПЕ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... 3

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ…………... 5
1.1 Инвестиция тартудың теоиялық негіздері.. ... ... ... ................................ 5
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі.........................................................
15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ 24
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар........ .........................................................................................
24
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база...................................................................................................
42

3 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
50
3.1 Шетел инвестициясын тартуды және оны тиімді пайдалануды іске асырудағы мемлекеттік реттеу сипаты..........................................................
50
3.2 Қазақстанда инвестициялық жобаларды бағалаудағы әлемдік тәжірибені қолдану ерекшеліктері…….........................................................
57

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................... 66

Файлы: 1 файл

курс раб Инвестиция.doc

— 510.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

«Инвестиция»

 

 

 

 

 

 

Дипломдық жұмыс

 

орындаған:

тексерген:                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

Кіріспе... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...  ... ...  ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ....

3

   

1 Инвестицияның теориялық - әдістемелік негізі…………...

5

1.1 Инвестиция тартудың  теоиялық негіздері.. ... ... ... ................................

5

1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі.........................................................

 

15

   

2 Қазақстан Республикасының инвестициялық  саясаты 

24

2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық  экономикасындағы шетелдік инвестициялар........ .........................................................................................

 

24

2.2  Мемлекеттің инвестициялық әрекетін  реттейтін нормативтік-құқықтық  база...................................................................................................

 

42                                   

   

3  Қазақстан экономикасындағы шетел  инвестицияларын талдау және  оларды бағалау әдістері

          

50

3.1 Шетел инвестициясын  тартуды және оны тиімді пайдалануды  іске асырудағы мемлекеттік реттеу сипаты..........................................................

 

50

3.2  Қазақстанда инвестициялық жобаларды  бағалаудағы әлемдік тәжірибені  қолдану ерекшеліктері…….........................................................

 

57                                                                                                   

   

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................

63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................

66


 

 

 

Кіріспе

 

Жұмыс тақырыбының өзектілігі. 1998ж.бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.

Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2006 ж.ж. аралығында ел экономикасына шетел инвестицияларының 46 млрд. долл. астам көлемі тартылған. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.

Дегемен, шетел инвестицияларын экономикаға тарту мәселесі әлі де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз.

Инвесторлардың көзқарастары экономиканың нақты қажеттеріне сай еместігінен инвестициялардың жеткіліксіздігі орын алып отыр. Өнеркәсіптің еркін қаржылары күнделікті қажеттіліктерге жұмсалып отыр. Сонымен қатар, коммерциялық банктер әлі де экономиканың нақты секторын қаржыландыру көзі болмай отыр. 

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу шетел капиталының әсерінен болады. Бірақ, шетел инвесторлары үшін шикізат өндіруші салалар, әсіресе, мұнай-газ салалары басымды болып отыр. Осындай жағдайда экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы қолайлы инвестициялық саясатқа тәуелді. Экономикалық дамудың, құрылымдық қайта құруды ұтымды жүзеге асырудың, әлемдік нарықта бәсекелестік позицияларды бекітудің қажетті шарты болып инвестициялық ресурстар табылады. Оңтүстік-Шығыс Азияның “жаңа индустриалды елдері” экономикалық феноменінің пайда болуы, қазіргі заманғы ғылыми негіздегі салалардың кең бағытта дамуға көшуі бұл елдер экономикасындағы инвестицияның қарқындап өсуінің арқасында мүмкін болды.

 Сондықтан мемлекет  шетел  инвестицияларын тартудың бағыттарының басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді. Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы     Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп  айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз  табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс.

 Қазақстан экономикасына шетел  инвестицияларын тартудың қазіргі  беталысы мен заңдылықтары отандық  өндірістің мақсаттары мен міндеттеріне сай емес және оның күшті бәсекелестік ортада қарқынды дамуына әкеліп соқпайды. Экономиканы инвестицияландыру теориясының тәсілдері, ішкі инвестициялық қорларды пайдалануды жандандыру мәселелері, инвестицияландырудың басымды бағыттарын анықтау әлі де толықтай зерттелмеген. Сонымен, мәселенің өзектілігі, зерттеудің теориялық, тәжірибелік маңызы және бұл бағыттың толықтай зерттелмегендігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға себебші болды. Осыған байланысты жұмыстың келесі мақсаты мен міндеттері анықталды.

 

 Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан республикасының экономикасына тартылған инвестицияларды талдау және шетел капиталы экономиканың бәсекелестігін арттырудың басты факторы болатындығын айқындау.

Диплом жұмысының міндеттері:

-шетел инвестицияларын тартудың қажеттілігін анықтау;

-«инвестиция» терминінің мәні  мен қызметін талдау;

-шет елдерінің инвестициялық  саясатын зерттеу;

-инвестициялық жобаны бағалау  тәсілдерін талдау;

-шетел инвестицияларын тарту  мақсатына арналған мемлекеттік шараларды сұрыптау.

Зерттеу негізі ретінде елдің экономикасына шетел инвестицияларын тарту кезінде пайда болатын экономикалық қатынастар алынған.

Зерттеу зерзаты болып Қазақстанның ұлттық экономикасын түрлендіру жағдайындағы өнеркәсіптердің инвестициялық әрекеті табылады. 

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.           

 

1 Инвестицияның теориялық - әдістемелік негізі

 

1.1 Инвестицияны тартудың  теориялық негіздері

 

Шетелдік капиталды тартудың тенденцияларын анықтау үшін, олардың ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін басты фактор екеніне көз жеткізу үшін, оларды қолданудың нәтижелілігін анықтау үшін “инвестиция” ұғымының әлеуметтік-экономикалық мазмұнын нақтылау қажет.

Инвестицияның материалды құндылықтар мен тауарлар өндірісі процесін анықтайтыны  жөнінде айтқанда “инвестиция” категориясының экономикалық және құқықтық болатындығын естен шығармау қажет. Мемлекет ретінде тек қана бір тұлға – мемлекеттің бой көрсетуі жағдайында “инвестиция” ұғымы жеткілікті дәрежеде тар болатын. Ол  негізінен капиталдық салымдар  мақсатында қолданылатын ақша құралдарын ғана қамтыған. 1991 жылға дейін инвестиция ұғымының тапсырыс берушілердің (инвесторлар) негізінен құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған әрекетін сипаттайтын “капиталдық салымдар” терминімен ауыстырылғандығы кездейсоқтық емес. Бүгінде  реттеулі нарықтық қатынасқа өту кезеңінде жеке мүліктік қатынастағы сапалық өзгерістерге байланысты  инвесторлар ретінде көрінетін топтық тұлғаларға бағытталушылықта “инвестиция” ұғымы жоғарыда көрсетілген стереотиптерден арылды.

Экономикалық әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде көптеген анықтамалар берілген, бірақ әртүрлі авторлар ұсынған ол анықтамалардың барлығы құбылысты күрделі және көп аспектілікке әкеліп соқтырады. Инвестицияның кең тараған анықтамасы – бұл инвесторлардың өз кәсіпкерлік әрекетінің объектісіне салған мүліктік және интеллектуалды құндылықтарының барлық түрлері. Экономикалық мәнінде  инвестиция “өндірістік күшті қалыптастыруда өндіріс процесінде жеке еңбектің тұтынуға қарағанда жоғары құнды қалыптастыруы арқасында болатын жеке еңбек пен қоғамдық еңбекті салу процесі” ретінде анықталады.

Экономикалық әдебиеттердің анализі көрсеткендей, “капитал салымдары” термині – ол негізгі қорлар өндірісіне кеткен қаржылық шығындар. Мысалы, Г.И.Хачатуров капитал салымдары астарында негізгі қорлар өндірісіне кеткен  шығындарды, олардың көбеюі мен жүзеге асырылуын түсінуді ұсынады. М.И.Кулагин экономикалық мәнде инвестицияны өндіріске, көлік, ауыл шаруашылығы және табысқа ие болу мақсатындағы ұлттық экономиканың өзге де салаларына құралдардың ұзақ мерзімді салымын түсінуді ұсынады(58).

Бұдан да кең анықтамаларды шетелдік экономистер береді. Соның ішінде, Кейнс инвестиция болып “белгілі бір кезеңдегі өндірістік әрекет нәтижесінде капитал мүлігі құндылығының аралық өсімі” немесе “сол кезең ішінде иелікке алынуда қолданылмаған  табыстың бөлігі” табылады деп санайды.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы “Инвестициялар туралы” 373-ІІ заңы да “инвестиция” ұғымына анықтама береді. Дегенмен, бұл заң Қазақстан Республикасы экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі экономикалық және құқықтық негіздерін анықтайды, шетелдік инвестициялар қауіпсіздігінің мемлекеттік кепілдемелерін, олардың жүзеге асырылуының ұйымдастырушылық формаларын, шетелдік инвесторлармен болатын тартыстардың шешілу тәтібін бекіткен. Қазақстан Республикасының  ұлттық заңдылығында инвестиция ұғымы тек осы заңда анықталады.(1)

Бұл заң бойынша, “инвестиция” – табысқа ие болу мақсатындағы  кәсіпкерлік әрекет объектісіне салынған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі. Заңда көрсетілген бұл мүліктік құқықтардың тізімі жеткілікті дәрежеде кең, мысалы, лицензияға негізделген немесе өзге формада мемлекеттік органмен ұсынылған әрекеттің жүзеге асырылуына қатысты кез-келген құқықты, сонымен бірге Қазақстан Республикасы территориясында инвестицияланған және алынған табысты инвестицияға жатқызады.

Инвестицияларға жылжымалы және жылжымайтын мүлік пен мүліктік құқық, иелік ету құқығы, облигация мен өзге де борыштық міндеттер, акциялар, сонымен бірге комерциялық ұйымдарға қатысудың және инвестициямен байланысты шарт бойынша орындалатын қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етудің өзге де формалары  жатқызылады. Бұдан өзге бұл тізімге интеллектуалды әрекеттің нәтижесіне құқылық, оның ішінде авторлық құқық, патенттер, тауарлы белгілер, өндірістік үлгілер, технологиялық процестер, ноу-хау, нормативті-техникалық, архитектуралық, құрылымдық және технологиялық жобалы құжаттамалар қосылған.

Экономикалық әдебиеттердегі жоғарыда көрсетілген анықтамалардағы және Қазақстан Республикасының “Инвестициялар туралы” заңындағы заң саласы бойынша берілген  анықтама тұрғысынан қарағанда “инвестиция” ұғымының өзіндік белгісі болып “табыс алу” белгісінің болуы табылады.  

Инвестицияны молайту және қорғау туралы Қазақстан Республикасының екі жақты келісіміндегі халықаралық-құқықтық дәрежеде құқықтық реттеудің  жүзеге асырылуында “инвестиция” ұғымы:

  • жылжымалы мүлік пен жылжымайтын мүлік түріндегі иелік;
  • үлесті қатысымға және компаниялардағы қатысудың өзге де формаларына құқығы;
  • экономикалық құндылықты немесе инвестициялармен байланысты және экономикалық құндылықтарға ие қызметтерді құруда қолданылатын ақша құралдары бойынша талап ету құқықтары;
  • технология, өндірістік үлгілер мен тауар белгілерін ойлап табу сияқты интеллектуалды иеліктерге құқығы;
  • өзі жүзеге асырылатын территориядағы елдің заңдылықтарына сәйкес инвестиция деп танылған мүліктік құндылықтар мен өзге де құқықтар.

Жоғарыда көрсетілгендерден Қазақстан Республикасында өзара инвестицияны молайту және қорғау туралы  шартты  келісімі бойынша   “инвестиция”  анықтамасында “табыс алу мақсаты” белгісі жоқ.

Халықаралық құқықта “инвестиция” категориясының құқықтық түсінігі тұрақты емес және заңдылықтың алдына қойған талаптарына әрдайым тәуелді болып отыратындығы көрсетілген. Шетелдік инвестицияларға қатысты көп қабатты халықаралық конвенциялар “инвестиция” ұғымы анықтамасына ие емес. Көп қабатты конвенцияларды қалыптастырушылардың мұндай анықтаманы ұлттық заңдылықтың конвенция әрекетінде кездесетін қатынас шеңберін өзі таңдауына кедергі келтірмеу үшін конвенция мәтініне  саналы түрде қоспағандығы туралы пікірлер кездеседі. Дегенмен, мұндай анықтамалардың әртүрлі нұсқалары тек ұлттық заңдылықтарда ғана бар емес,  өзара инвестицияны молайту және қорғау туралы   екі жақты келісімдерде де бар  және жоғарыда айтылғандай, бұл екі топ анықтамалар аралығында екі жақты келісімдегі анықтамадағы “табыс алу мақсаты” белгісінің жоқтығынан туған маңызды айырмашылық бар.

“Инвестиция” ұғымына жасалған талдаудан инвестициялардың мүліктік және мүліксіз сипатқа ие екендігін айтуға болады. Кең аспектіде мүліксіз инвестициялар астарында әдеби және шығармашылық туындыларға құқық, ойлап тапқан жаңалыққа құқық, өндірістік үлгілер, интегралды кестелер типологиясын түсіну керек; сонымен бірге өзіндік ерекшелікке ие технологиялық мәліметтер, өндіріс құпиялары, конфиденциалды коммерциялық ақпараттар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар, яғни интеллектуалдық мүлік, иелік ұғымына кіретіндердің барлығы қамтылады. Инвестицияның бұдан өзге категориялары мүліктік инвестицияларға жатқызылады. Олардың өзіндік белгісі болып материалдылық көрінеді: қаржы, материалды құндылықтар, заттық құқықтар.

Информация о работе Инвестиция туралы