Инвестиция туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2015 в 09:58, дипломная работа

Описание работы

Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2006 ж.ж. аралығында ел экономикасына шетел инвестицияларының 46 млрд. долл. астам көлемі тартылған. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.
Дегемен, шетел инвестицияларын экономикаға тарту мәселесі әлі де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз.

Содержание работы

КІРІСПЕ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... 3

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ…………... 5
1.1 Инвестиция тартудың теоиялық негіздері.. ... ... ... ................................ 5
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі.........................................................
15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ 24
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар........ .........................................................................................
24
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база...................................................................................................
42

3 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
50
3.1 Шетел инвестициясын тартуды және оны тиімді пайдалануды іске асырудағы мемлекеттік реттеу сипаты..........................................................
50
3.2 Қазақстанда инвестициялық жобаларды бағалаудағы әлемдік тәжірибені қолдану ерекшеліктері…….........................................................
57

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................... 66

Файлы: 1 файл

курс раб Инвестиция.doc

— 510.00 Кб (Скачать файл)

Сонымен қатар, Қазақстан халықаралық төрелік органдардың инвесторлары мен болуы мүмкін келіспеушіліктерді шешудің мүмкіндігімен қамтамасыз еткен: ИКСИД (инвестициялық келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі орталық); ЮНСИТРАЛ (БҰҰ төрағалық органында); Стокгольм қаласындағы сауда палатасының төрағалық институты.

Қолайлы инвестициялық жағдай жасау (ұлттық  не шетелдік  инвесторларды тартатын немесе шегіндіретін мүмкіндігі бар факторлар жиынтығы)  Қазақстан экономикалық саясаты арсеналына енді, онда құқықтық көзқарас тұрғысынан алғанда шетелдік инвесторлар үшін ерекше жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалған. Мамандандырылған  өкілетті орган, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы шетел инвесторларының Кеңесі құрылған (30.06.98ж.), «Қазақстанда жұмыс істейтін  шетелдік инвесторлар этикасының Кодексі туралы декларация» (08.12.00ж.) қабылданды. Сонымен қатар, 1997 жылы инвестиция тартудың секторларының тізімі бекітілді. Бұған өндеуші өнеркәсіп, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы, еліміздің жаңа астанасының нысандары жатады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасына шетел капиталын тарту және оның  қызмет етуі бірқатар нормативті-құқықтық құжаттар негізінде реттеледі. Олар үш топты құрайды.

Бірінші топқа Қазақстан мүше болған халықаралық келісімдер мен мәмілелер. Олар: көпжақты келісімдер (мысалы, 1988 жылғы Сеулдегі конференция келісімі, оған сәйкес шетелдік инвестицияны жеке және мемлекеттік сақтандыру жүйесі көпжақты халықаралық сақтандырумен толықтырылады); екіжақты кепілдеме, инвестицияны қорғау мен қолдау туралы екіжақты келісімдер («типтік» жоба бойынша) Қазақстан мен АҚШ, Польша, Болгария, Греция, Куба, Румыния, Дания, Словакия, Чехия, Вьетнам, Португалия арасында жасалған; мүлік пен табысқа салынатын екі еселенген салықтың алынып тасталуына мүмкіндік беретін нормативтік актілер. Олар бейрезиденттердің табыстарының белгілі бір түрлеріне арнайы салық ставкаларын енгізеді. Қазақстан мұндай келісімді бірқатар елдермен, оның ішінде АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франциямен жасасты. Бұл келісімдер ұлттық заңнамаға әсер етеді.

Екінші топқа республикалық сипаттағы негізгі, басты нормативтік актілер жатады. Олар  елдің саяси-экономикалық дәрежесін, шаруашылықтың принциптері мен формаларын, экономикалық қатынастардың қалыптасуы мен дамуын анықтайды. Бұл тәріздес құжаттардың тікелей әсері болмағанымен, Қазақстандағы шетел капиталының қызметі ең алдымен осыларға бағынуы керек. Олар: Қазақстан Республикасының Азаматтық, Салық кодекстері, жекешелендіру туралы, акционерлік қоғамдар, кедендік тарифтер, ішкі сату қызметін мемлекетік реттеу туралы Заңдар және т.б.

Үшінші топқа Қазақстандағы шетелдік капталдың ағыны  мен қызметін реттейтін құжаттар кіреді. Олар: заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сонымен қатар, ведомстволық номативті-құқықтық актілер, нұсқаулықтар мен бұйрықтар т.б.

Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық қызметі «Инвестициялар туралы», «ҚР Президентінің Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Банкроттық туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Ішкі қарыздарды басқару және ішкі қарыздану туралы», «ҚР-дағы инвестициялық қорлар туралы»  Заңдары және т.б. нормативтік актілерімен реттеледі.

Жоғарыда көрсетілген Заңдар мен нормативті-құқықтық актілерге сәйкес Қазақстанда шетелдік капиталды тартудың негізгі мақсаттары:

  • өзінің ішкі ресурстардың шектеулілігіне байланысты динамикалық дамуына қажетті инвестициялық ресурстармен экономиканы  қамтамасыз ету;    
  • алдыңғы қатарлы технологияны тарту, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың дамушы формаларын енгізу;
  • халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның үлесін көбейту, әлемдік шаруашылық жүйесіне оның экономикасының қосылуын жеделдету;
  • шетелдік инвесторлар мен экономикалық жақтастардың Қазақстан экономикасына деген сенімділіктерін қамтамасыз ету.

Шетелдік капиталды тартудың негізгі мақсаттарын іске асыру барысында мынадай маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттер шешіледі:

  • нарықтық қатынастардың дамуы мен экономикадағы құрылымдық өзгерулерге әсер ету;
  • өндірісте бәсекеге қабілетті ортаны дамыту;
  • экспорттық күштің қарқындылығын өсіру және дамыту, оның тек шикізаттық бағытынан құтылу, экспорттық экспансияны күшейту және ішкі нарықтағы оның позициясын нығайту;
  • өндірістің ғылыми-техникалық деңгейін жоғарылату және жаңа техника мен технология, жаңа басқару әдістері мен өткізу негізінде бәсекеге қабілетті өнімнің үлесін көбейту;
  • өндірістік және өндірістік емес тұтынуға дайындықтың жоғары деңгейіндегі өнімді шығарушы толық және аяқталған циклдерді қалыптастыру;
  • депрессивті, қашықтағы, еңбегі өнімсіз, экологиялық апатты аймақтардың дамуына әсер ету;
  • жаңа жұмыс орындарын ашу.

Бұл үшін Қазақстанда белсенді мемлекеттік саясат жүргізілуде. Ол, ең алдымен өндіруші өнеркәсіпке жеке инвестицияны тартуға бағытталған қолайлы инвестициялық жағдай туғызуға негізделеді. Сондықтан жеке инвестицияны тарту процессін ынталандырудың негізгі экономикалық рычагтарын сипаттау қажет.

2003 жылдың 8-қаңтарында қабылданған  «Инвестиция туралы» ҚР Заңында  инвестициялық жобаны жүзеге  асырушы  заңды тұлғаларға инвестициялық  преференция беру қарастырылған (1).

Өкілетті органдармен шартқа отыру арқылы мынадай инвестициялық преференциялар беріледі:

  • инвестициялық салықтық преференциялар;
  • кедендік салымдардан босату;
  • мемлекетттік гранттар.

Инвестициялық преференциялар қызметтің қажетті түрлеріне беріледі. Олардың тізімі ҚР Үкіметінің 2003 жылдың 8-мамырындағы №436 қаулысымен бекітілген.

Инвестициялық салықтық преференциялар дегеніміз – бұл «өндірістің жаңа түрін қалыптастыру бойынша инвестициялық жоба ішінде өз әрекетін жүзеге асыратын жаңадан пайда болған салық төлеушілердің корпоротивтік түсім салығын төлеуден босатылуы. Немесе салық төлеушілердің, яғни жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту не жаңарту немесе жаңадан құру мақсатымен инвестициялық жобаны іске асырушы заңды тұлғалардың жалпы жылдық табысынан қосымша алу құқығын беру. Мұндай салық төлеушілерді инвестициялық жоба шегіндегі қолдануға жаңадан ұсынылған белгіленген активтер бойынша мүлікке  жаңадан енгізілген салықтардан босату, сонымен қатар, егер жер үлестерін инвестициялық жобаны іске асыру үшін пайдаланса, жер салығын төлеуден босату».

Инвестициялық салықтық преференциялардың берілу мерзімі белгіленген активтерге салынатын инвестицияның көлеміне байланысты анықталады, алайда 5 жылдан артық болмайды.

Сонымен қатар инвестиция көлемі мен қызмет түріне байланысты преференцияның әрекет ету мерзімі ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес он жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Сонымен бірге, 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373-11 ҚР “Инвестициялар туралы” жаңа Заңының қабылдануы соңғы онжылдықта өткен эволюцияда және ел шетелдік инвестицияларды тарту қажеттілігінде болған 2002 жылмен салыстырғанда принципиалды жақсы экономикалық жағдайда көрініс берді. Аталған заң  шетелдік және отандық инвесторлар жағдайын да теңеді. Заңда “инвестиция – лизинг шартына отырған сәттен бастаған лизинг заттарын қамтитын, сонымен бірге кәсіпкерлік әрекетте қолданылатын заңды тұлғаның қаржылық капиталы немесе белгіленген активтердің ұлғаюына инвестордың салымдарына құқығын қамтитын мүліктің барлық түрі (жеке тұтынушыға арналған тауарлардан өзге).

Жаңа заң лизингті технологиялық қалыс пен қазақстандық кәсіпорындардың негізгі қорларының тозуы жағдайында өте көкейкесті инвестициялық қаржыландырудың бір формасы ретінде таниды. Лизингті келісімдердің өте маңызды обьектілері ауыл шаруашылық өнімдерді өңдеуге арналған, 1 кешеннің әскери-өндірістік, фармацевтикалық және жеңіл өнеркәсіп, өндіріске арналған құрал-жабдықтар мен машиналардың болуымен көрініс тапты. Сонымен бірге, жаңа заң шетелдік инвесторларға заңмен қаралған жағдайды қоспағанда алдын ала келісілген контракттар талаптарының тұрақтылығына кепілдік береді.

 

Бұдан басқа ҚР Салық кодексінде салық төлеушілердің жеке категорияларының салық төлеу ерекшеліктерін орнататын арнайы ережелер қарастырылған. Олар экономиканың маңызды салаларының дамуына ынталандырушы жағдайлар жасау және Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытынан құтылу   қажеттілігімен байланысты.

Сондықтан мұнай химия өндірісінде, ақпараттық технология саласында және «Морпорт Ақтау» еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) территориясында қазмет атқаратын ұйымдарға салық төлеудің арнайы жеілдетілген жүйесі белгіленген. 

Сонымен қатар, өзінің жасаған өнімдерін қосымша құнымен сататын өнеркәсіптерде жоғары технологиялық өндірісті қалыптастыруға одан әрі ынталандыру мақсатында  2005 жылдың 1-қаңтарынан бері корпоротивтік түсім салығын анықтаудың жеңілдетілген түрі енгізілді. Оны  халықаралық сапа стандарты және экологиялық менеджмент талаптарына сәйкес қосымша жоғары құны бар өнім өндіретін, менеджмент жүйесін қолданатын,  кәсіпорындар жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған шаралар Қазақстанда инвестиция жағдайын жақсартуға, бизнес-ортаның іскерлік белсенділігінің өсіну ынталандыруға және Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, ҚР салыққа қатысты заңдарында  салық қарыздарын кешіру мәселелері қарастырылмаған.

Республика экономикасына шетелдік инвестицияны тарту үшін Қазақстанда жасалып жатқан қолайлы жағдайлардың бірі – екі рет салық салудан сақтандыру туралы  және  мүлік пен табыс салығынан бой тасалауды болдырмау туралы (бұдан әрі «Салықтық конвенциялар») Қазақстанның шет мемлекеттермен жасасқан  халықаралық келісімдері мен оларды қолданудың жеңілдетілген тәртібі. Салықтық конвенциялардың негізгі мақсаты – еркін тауар айырбасы мен қызметтерге  кедергі болып тұрған салық барьерлерін азайту арқылы халықаралық сауда мен капиталды инвестициялауға әсер ету.

Бүгінгі күнде Қазақстан мен басқа мемлкеттер арасында 35 Салықтық конвенция жасалып, жұмыс істеуде. Осыған қоса, бұл бағытта басқа да шетелдік мемлекеттермен жұмыс жасалуда.

Салықтық конвенцияны ҚР Салық кодексі тарапынан басқаруды жетілдіру мақсатында оны басқарудың халықаралық тәжрибеге сәйкес және республиканың фискальді органдары мен салық төлеушілердің арасындағы қарым-қатынасты жақсартатын жеңілдетілген тәртібі белгіленді.  

ҚР территориясында қызмет ететін бейрезиденттердің пайдасының салығына қатысты Салық кодексінде түсім салығын шартты банкілік салымдар арқылы төлеу тәртібі қарастырылады. Бұл тәртіпке сәйкес ҚР қызмет етуші бейрезиденттердің пайдасынан салық агенттерімен  алатын төлеушінің түсім салығының сомасы қазақстандық банкте шартты банкілік салымға аударылады. Ол банкілік салым туралы үшжақты, яғни бейрезидент, салық агенті және банк-резидент арасында жасалған келісімге негізделеді.

Салық конвенциясындағы ереженің қолданылуын жүзеге асыру мақсатында бейрезидент салық органына төлеушіден ұсталған түсім салығын қайтару туралы өтініш береді. Салық конвнциясының шарттарын орындау барысында ұсталған түсім салығы сомасы банкілік марапаттаулармен қатар бейрезидентке қайтарылады.

Салық конвенциясының шарттары орындалмаған жағдайда шартты банкілік салымда орналасқан түсім салығының сомасы мен банкілік марапаттау сомасы ҚР мемлекеттік бюджетіне аударылады. Және де бейрезиденттердің мұндай өтініштері салық органына өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса түскен күнінен бастап  30 жұмыс күні мерзімінде қарастырылады. Бейрезиденттердің басқа да табыстарына ҚР тарапынан салынатын салықтар:

  • дивиденттер, марапаттаулар, рояльти;
  • кастодиалдық қызмет көрсету және сенімділікпен басқару комиссиясы;
  • Салық кодесінің 178-бабының 2-тармақшасында көрсетілген ҚР тыс жерде қызмет көрсетуден түскен табыс, т.б. ҚР-на түсетін табыстар;
  • бір тарабы ҚР болып табылатын халықаралық көлік тасымалдарынан түсетін табыс;
  • заңды тұлға-бейрезиденттің тұрақты мекемесі арқылы ҚР-на түсетін табыстары.

Салық кодексінде салық конвенциясын қолданудың жеңілдетілген түрі қарастырылған. Оған сәйкес қосымша әкімшілік шараларсыз-ақ резиденттілігін дәлелдейтін құжаттардың негізінде бейрезиденттердің жоғарыда көрсетілген қызметтерінен түскен табыстар ҚР-да салықтардан босатылады.

Азаматтықты дәлелдейтін құжатттар негізінде қосымша әкімшілік шараларсыз-ақ жеке түлға-бейрезиденттердің табысы ҚР-нда салықтардан босатылады.

Алайда әлемдік кеңістікте республиканың ішкі экономикалық байланысының дамуы шетелдік капиталдың әсерінен елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және ұлттық мүдденің қорғалу кепілдігін талап етеді. Сараптық бағамдарға сәйкес, республиканың өндірістік күшінің 80% шетелдік инвесторлардың қолында шоғырланған. Бұл ел экономикасына айтарлықтай қауіп тудырады.  Әсіресе, шетелдік капиталдың республикаға дендеп енгенін шетел компанияларының мұнай-газ саласындағы қызметінен көруге болады.

Сонымен қатар, шетел инвесторлары пайдасының көп бөлігі қайтадан өндіріске салынбай,  сыртқа шығарылады.  Кәсіпкерлік пайдасының жоспарлы аударылымы капиталды қабылдау және шығарудың стандартты формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Олар: трасферттік бағаның қолданылуы, басқару мен рояльти төлемінің өсуі, оффшорлық компанияның пайдаланылуы. ҚР Білім және ғылым министрлігінің экономика институтының   сарапшыларының мәліметтері бойынша мұнайды сыртқа шығару бойынша (газ конденсатымен қоса) Қазақстанның трансферттік бағадан ұтылуы 1993 жылдан 2000 жылдың  қазанына дейінгі уақытта 270 млрд. теңгені құрайды.(31)

Информация о работе Инвестиция туралы