Инвестиция туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2015 в 09:58, дипломная работа

Описание работы

Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2006 ж.ж. аралығында ел экономикасына шетел инвестицияларының 46 млрд. долл. астам көлемі тартылған. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.
Дегемен, шетел инвестицияларын экономикаға тарту мәселесі әлі де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз.

Содержание работы

КІРІСПЕ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... 3

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ…………... 5
1.1 Инвестиция тартудың теоиялық негіздері.. ... ... ... ................................ 5
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі.........................................................
15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ 24
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар........ .........................................................................................
24
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база...................................................................................................
42

3 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
50
3.1 Шетел инвестициясын тартуды және оны тиімді пайдалануды іске асырудағы мемлекеттік реттеу сипаты..........................................................
50
3.2 Қазақстанда инвестициялық жобаларды бағалаудағы әлемдік тәжірибені қолдану ерекшеліктері…….........................................................
57

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................... 66

Файлы: 1 файл

курс раб Инвестиция.doc

— 510.00 Кб (Скачать файл)

      Талданған әдістер ішінде Қазақстанда қолдануға ең тиімдісі-қосымша табысты есептегендегі өтемділік мерзімі. Экономикалық тиімділікті есептеу үшін қазақстанда келесі формуланы пайдаланады:

 

Э=[(Б-ӨҚ)-Ен*К]*ӨШ, [1.9]

 

онда Б - өнім бағасы;

 

ӨҚ - өзіндік құн;

 

Ен - нормативті коэффициент (Ен = 0,15);

 

К - өнім бірлігіне салынған капитал;

 

ӨШ - өнім шығару.

 

Бұл тәсілді инфляция жағдайында қолдану тиімді. Жобаны таңдау үшін инвестицияның  экономикалық тиімділігін анықтаудан басқа да факторлар есептеледі:

- Portfolio-талдау;

- БКТ матрицасы;

- МакКинсей матрицасы;

- Баллдық тәсіл.

Бизнес болашағын белгілі нарықта талдау үшін Portfolio-талдауда көпфакторлы матрицалық модель қолданылады. Матрица келесі координаттарда құрылады: " бизнес күші – нарық тартушылығы", 9 блокқа бөлінеді.

Блоктар үш зона құрайды, олар келесі саладағы стратегиялық шешімдерді талап етеді:

•инвестициялық;

•селективті басқару;

• потенциалдың жойылуына байланысты салада.

Бизнес күшін және нарық тартушылығын бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады.

Кесте 9 – Бизнес күшін және нарық тартушылығын бағалау критерийлері

 

нарық тартушылығын бағалау критерийлері

Бизнес күшін бағалау критерийлері

1

2

3

1

Нарық көлемі

Нарық үлесі

2

Бастапқы сегменттер көлемі

Өнеркәсіптің даму қарқыны

3

Нарықтың өсу қарқыны

Тауарлар спектрінің кеңейуі

4

Нарық түрленуі

Өтімділік әсері

5

Сұраныстың мерзімділігі

Сату әсері

6

Сұраныстың циклділігі

Баға бәсекелестігі

7

Нарықтың баға сезімталдығы

Алға басу әсері

8

Мүмкіндіктер

Өндіріс құралдары

9

Бәсекелестік құрылымы

Шикізат құны

10

Кіру, шығу тосқауылдары

Тауардың салыстырмалы сапасы

11

Интеграция деңгейі

Салыстырмалы пайдалылық

12

Жеткізуші күші

Инвестицияларды пайдалану

13

 Дистрибьюторлар күші

Тәжірибе әсері

14

Капитал интенсивтілігі

НИОКР интенсивтілігі

15

Өндіріс мүмкіндіктерін пайдалану

Персонала квалификациясы

16

Шикізат

Салыстырмалы нарықтық деңгей

17

Инфляция әсері

Қосылған құн

18

 Саяси, әлеуметтік, демографиялық факторлар

 

19

Табыс

 

 

     Әр фирма өзіне қатысты критерийлерді таңдап, оларды 9- балдық шкаламен бағалауына болады.

Кесте 10 - Талдаудағы нарық тартушылығын бағалау

 

нарық тартушылығы критерийі

Салыстырмалы маңызы

Бағалау

Берілген баға

Нарық көлемі

Бизнес күші – нарық тартушылығы матрицасы

9

2,7

Нарық өсімі

0,3

4,5

1,35

Шығу жеңілдігі

2,5

9

2,25

Тауар өмірінің циклын бағалау

0,15

0

0

Барлығы:

1,00

 

6,3


 

Тартымдылықты бағалау шкаласының градациясы:

9 - өте тартымды;

7 - тартымды;

4,5 – жаман емес;

3 – тартымды емес;

0 - өте тартымсыз.

Бизнес күші де осылай бағаланады.

       Балдық бағалау  әдісі. Жобаның нәтижесіне соғатын  критерийлер анықталады және  оларға балл беріледі. Осы баллдың  жоғарылығына байланысты шешім  қабылданады.

      Сонымен, келтірілген  тәсілдер бір-бірімен тығыз байланысты. Бұлардың комплексті қолданылуы инвестициялық жобаның тиімділігін анықтауда басты рөл атқарады. Қазақстанда инвестициялық жобаны таңдау үшін баллдық тәсіл мен өтелімділік мерзімін, ағымдағы таза құнды комплексті қолдану керек. Өтелімділік мерзімін, ағымдағы таза құнды есептеу инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтауға көмектеседі, ал балдық тәсіл инвестордың алдына қойылған стратегиялық мақсатқа жеткізеді.

 

Қорытынды

 

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып дамуының қазіргі кезеңінде, шетел инвестицияларының маңызы өсуде. Бүгінгі күні, ұлттық экономикаға 46 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетел капиталы салынып отыр. Дегенмен, экономиканың қалыпты дамуы үшін бұл сома жеткіліксіз. Сондықтан, мемлекет әлі де инвестициялық әрекетті жандандыру мақсатында шетел инвесторларына және отандық инвесторларға қолайлы жағдай туғызу керек. Капиталды шетке шығарудың бүгінгі таңдағы ерекшеліктерінің бірі, өндіріске тартылатын капиталдар көлемінің өсуі болып отыр. Портфельдік инвестициялардан тікелей инвестицияларға көшу тенденциясы байқалады. Капиталдың қазып шығаратын өнеркәсіптен өңдеуші өнеркәсіпке және қызмет көрсету саласына ауысуы тұрақталып келеді.

Шетелдік инвестицияларды пайдалану,  қай ел үшін болса да объективті қажеттілік. Ол, ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы.

Дүниежүзілік экономиканың объективті заңдары, капиталдар ауысуының халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, Қазақстан бұл процестен аулақ тұра алмайды. Бұл қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың ерекше белгісі .

Егер, біздің мақсатымыз дүние жүзілік шаруашылыққа интеграциялау және ашық экономика принциптерін қолдау болса, онда капиталдарды Қазақстанға келтіру және оны импорттау ауадай қажет процесс. Олай болса біздің іс–қимылдарымыздың басты бағыттарының бірі – шетелдік инвестицияларды тарту және оларды мүмкіндігінше тиімді пайдалану болуы тиіс.

Шетелдік инвестицияларды Қазақстанға тарту мынадай мәселелерді шешуге көмектеседі :

    • экономикалық және техникалық өрлеуді жеделдету;
    • өндірістік аппаратты жаңарту мен қайта жарақтандыру ;
    • өндірісті ұйымдастырудың үздік әдістерін үйрету ;
    • нарықтың экономикалық талаптарына сай кадрларды дайындау ;

Мемлекеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында  730 млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1 млрд. 200 млн. АҚШ долларынан асып отыр.

2004 жылы  204 инвестициялық жоба  іске асырылса, соның тең жартысы  даму институттарының қолдауымен жүзеге асты .

Біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек.  

Жүргізілген зерттеу экономиканың шынайы секторына шетелдік инвестицияларды тарту отандық кәсіпорындар  мен өндіріс салаларыың дамуының, тіпті ұлттық экономиканың  дамуы, олардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауының маңызды факторы болып табылады.

2005 жылдың желтоқсанында  қабылданған “2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаларына” сәйкес Үкімет алғы шартының басты мақсаты болып Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауына және ел азаматтары өмірінің сапасына қолайлы экономикалық және институтцияланған жағдайлардың жасалынуы табылады. Бұл Бағдарламаның жүзеге асырылуы үшін қажетті ресурстардың көлемі жыл сайын 14-15%-ға өсіп отырады.

Шетелдік инвестицияларды тартудың  нәтижелілігі төмендегіше болуы тиіс:

  1. экспортқа бағытталған өндірістер көлемінің көбеюі;
  2. егеменді мемлекет ретінде ел алдында тұрған стратегиялық мақсаттарға жету жолында тұрған ең маңызды салаларға капитал тарту;
  3. импорт сиымды өндірістің қалыптастырылуы (ұлттық тұтыныстағы тауарлар өнімін дамыту, азық-түлік өнімі; медикаменттер);
  4. ғылыми негіздегі өндірістерді ұйымдастыру және олардың көмегімен сұранысы жоқ жеке ғылыми мүмкіндікті игеру;
  5. негізгі өндіріс күші – адамға маңызды жағдайлар жасау  мақсатындағы  қызмет көрсету салаларын қалыптастыру;
  6. өндірістік инфрақұрылымды дамыту, әсіресе көлік, байланыстар мен ақпараттар, жол құрылысы;
  7. еңбек артықтығы, ең алдымен, елдің оңтүстік аймақтарына шетелдік капитал түсімінің жәрдемі.

 Инвестициялық белсенділіктің  артуы үшін өз ішіне келесілерді  қамтитын мемлекеттік реттеудің  шұғыл шаралар жүйесі қажет:

  • инвестицияны рационалды пайдалану, мемлекеттік инвестициялық бағдарламалардың қалыптасу механизмінің жүзеге асуы;
  • экономикадағы өндірістік процестерді қалыптастыру мен отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі мақсатындағы инвестициялық әрекеттердің нақты бағыттарын анықтау;
  • құнды қағаздар нарығын дамытуда мемлекет тарапынан жәрдем мен инвестициядағы жинақтың нәтижелі трансформациялық жүйесінің құрылуы;
  • экономиканың шынайы секторларына банктердің инвестициялық бағыттылығын күшейту мақсатындағы банктік аялардың қайта құрылуы;
  • өндіріс аясына бағытталған инвестициялар кепілдемелерінің нәтижелі жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыстың жалғастырылуы;
  • инвестициялық ресурстарға кәсіпорындардың жеке құралдарының ағымын жоғарылатуға арналған амортизациялық саясаттың жүзеге асырылуы.

Сонымен қатар, инвестиция ағымын ынталандыру бойынша шаралар жүйесі өз құрамына мыналарды қамтуы қажет:

  • Қазақстан облыстарының әкімшілігі дайындаған барынша маңызды және әлеуметтік мәндегі жобалардың бөлінісімен отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға бағыттылған аймақтық бағдарламалар;
  • инвестициялық жобалар әзірлемесінің деңгейін халықаралық талаптарға жеткізу, бағдарламалардың орындалуы үшін тұрақты маниторингпен қамтамасыз ету;
  • бағдарламалармен және олардың жергілікті іскери орталарда, сонымен бірге шетелдік банктер мен бизнесмендерде позитивті бағыттарының күшеюі бойынша қабылданған қолданыстағы шаралар бойынша орындалуымен кең танысу;
  • шетелдік және отандық инвестицияларды ынталандыру мақсатындағы жыл сайынғы аймақтық конференциялардың өткізілуі;
  • сыртқы нарыққа, ұйымдарға инвестициялық жобаларды жылжытуда әкімшілік облыстар мен республикалық органдар күшінің бірігуі, халықаралық инвестициялық көрмелер мен форумдарда жобалардың ұсынылуы;
  • өкіметтің жергілікті  атқарушы органдарының өнеркәсіптің қалыптасушы салаларына ТШИ белсенді тарту мақсатындағы шаралар жоспарының әзірленуі, бұл жоспарлардың орындалуы бойынша оларды маниторингпен қамтамасыз ету;
  • инвестициялық несиелер ұсынуға, шетелдік банктердің несиелік  ресурстарын тарту арқасында несиелеу мен экспортты-импорттық операцияларға қызмет көрсетуге қабілетті қаржы институттарын дамыту;
  • облыстық әкімшіліктердің ұсынған тікелей кепілдіктері формасында инвестицияны сақтандыру жүйесінің құрылуы;
  • өндірістік сияқты өндірістік емес мақсаттағы жаңа объектілер құрылысындағы қайта инвестициялау барысындағы сәйкес келетін соманың көлеміне салық салынатын табыс өлшемінің азайтылуы;
  • инвестициялық көмек көрсетілетін аймақтық орталықтардың құрылуы барысындағы аймақтық әкімшіліктерге әдістемелік көмек көрсету, оның ішінде шетелдік инвесторлар мен отандық шаруашылық субъектілерін ақпараттық-кеңестік қамтамасыз ету.

  

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1. «Инвестиция туралы» ҚР Заңы 08.01.2003ж.

2.Назарбаев Н.А. Новое  время -   новая   экономика //  Казахстан  и современный  мир.-2005.-№ 1.- с. 234-259

3. Назарбаев Н.А. Новое  время -   новая   экономика// Мысль.-2005.-№ 1.- с. 2-21

4.Назарбаев Н.А. Стратегия  вхождения Казахстана  в  число 50   наиболее   конкурентоспособных  стран  мира: Послание Президента   народу   Казахстана  от 1  марта 2006г. // Страна  и  мир.-2006.-5  марта

5.Назарбаев Н.А.  Казахстан -2030. Процветание,   безопасность и   улучшение благосостояния  всех  казахстанцев: Послание  Президента  страны   народу Казахстана.

6.Назарбаев Н.А. К конкурентоспособному Казахстану, конкурентоспособной   экономике,   конкурентоспособной   нации! Послание  Президента    народу Казахстана  от 19   марта   2004г.// Казахстанская   правда.- 2004.-2  марта.

7.Арыстанбаева А.А. Анализ   эффективности   привлечения   иностранных  инвестиций   в  Республике Казахстан //  Банки  Казахстана.- 2005.- № 9.- с. 27-31

8.Арыстанбеков К.  Экономическая  политика Казахстана  в  условиях  высокого   уровня  иностранных  инвестиций// Вопросы   экономики.- 2004.-№ 8.- с. 110-119

9.Абсалямова Н.  Инвестиционный   рычаг   экономики  будущего  // Казахстанская  правда.- 2005.- 13  мая, с. 13

10.Акбаев В.Т.  Необходимость   государственного   управления   инвестициями  в  условиях    рыночных   отношений // Вестник КазГУ. Серия  экономика.- 2003.- № 6.- с. 9-15

11.Абдрахманова Г.  Инвестиционные  риски // высшая   школа Казахстана .- 2004.- № 3.- с.  231-238

12.Аринова Д.Ш. «Оценка инвестиционной деятельности 
в минерально-сырьевом комплексе РК», Современность, информационный мир и молодежь: тезисы докладов в международной научно-практической конференции. Часть.1-Караганда 2001г.

13.Арыстанбеков К.  Экономическая  политика Казахстана  в  условиях  высокого   уровня  иностранных  инвестиций // Аль- Пари.- 2004.-№ 4.- с. 17-28

14.Альжанова Ф.Г.  Организация  и  регулирование   инвестиционной    деятельности   в  условиях  формирования рыночных   отношений // Автореферат   диссертации    на  соискание  кандидата   экономических   наук - Алматы, 1999.-  27 с.

15.Альмереков  Н.А.  Налогообложение  иностранного  капитала  в Казахстане :   теория  и  практика // Автореферат   диссертации    на  соискание  кандидата   экономических   наук .- Алматы, 2004 .-  26 с. 

16. Бочаров Р.В. Финансов -  кредитные  методы   регулирования   рынка  инвестиций.- М.: Финансы  и статистика. 1999.- с. 7.

Информация о работе Инвестиция туралы