Экономика Электроэнергеитикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2014 в 22:36, реферат

Описание работы

1 Экономикалық сарапшылықтың әдісінің топтастыруы.
2 Экономикалық эффект
3 Рентабилносттық капитал.
4 Экономикалық сарапшылықтың қазіргі әдістері
5 Есептің өзгешеліктері при экономикалық сарапшылықтың қазіргі әдістерінде

Файлы: 1 файл

456.docx

— 137.13 Кб (Скачать файл)

Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-салты, экономикалық укладтары жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.

Қазан төңкеpiciнің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің пролетариатының көмегімен капитализмге соқпай, социализмге өту теориясы қолданылды. Ұрандарында бәpi де адам үшін, адамның игілігі үшін деген сөз жазылған социализмнің әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты.

Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне неғұрлым ұйымдасқандықпен немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау, сол арқылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.

 

 

 

 Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріс, яғни өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру үрдісі қажет. Өндіріс деген ұғым қоғамдағы бір қатар элементтер мен факторларды (ресурстарды) қамтитын өндірістік күштерді білдіреді. Адамның барлық даму кезеңдеріндегі өндірістің басты факторлары жұмыс күші (жеке, немесе адамдық фактор) және өндіріс құралдары (заттық немесе материалдық фактор) болып табылады. Алайда өндірістік күштер өзгеріске ұшырап отырады. Қоғам өркендеген сайын олар үнемі дамып, жетілдіріліп отырады.  Қазіргі ғылыми-техникалық революция жағдайында олардың елеулі күрделенуі байқалып отыр. Қалыпты жұмыс күшіне және өндіріс құралдарына  жаңа дербес маңыздары бар элементтер мен факторлар қосылуда .

Өндіріс (жаңа заманға сәйкес) «қоғамдық үрдіс» болып табылады. Бұл дегеніміз, барлық адамдар бір-бірімен байланыста хабарласып  жұмыс істейді. Мына суретте қоғамдық өндірістің негізгі сатыларын бөліп көрсетеді (сурет 2.1).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өндіріс – бұл негізгі пункті, адамдардың қажетін қанағаттандыру үшін өнімдерді өңдеу және өндірудегі негізгі бөлігі. Өндіріс - экономикалық айналымның кілті, өйткені өндіріссіз тұтыну да,айырбас та болмас.

Бөлудің  арқасында  әрбір өндірушінің өндірген өнімдерінің үлесі анықталады.

 

 Айырбас - мұнда өндірушілер өз еңбек өнімдерін басқа туаурларға ауыстырады. Мысалға, Ірімшік істеуші тек қана  шикізатқа  мұқтаж  болмайды ол өзіне , сонымен қатар нанды да , және т.б. қажеттіліктердің барлығын ол айырбастың арқасында ала алады.

 

 Тұтыну - жасалған игіліктерді қолдану арқылы, адамдардың  қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Ол бір уақытта тұтынылған игіліктердің толтырылуына арналған, қоғамдық өндіріс процестерінің жаңаруын болжайды.

 

    Осы өндірістің элементтері мен факторларының әрқайсысын айқынырақ қарастырайық.

 
 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 сурет - Қазіргі өндірістің басты  элементтері

 

 

2.2  Өндірістің адамдық факторы

 

          2.2.1 Жұмыс күші, еңбек және оның өнімділігі

 

         Жұмыс күші дегеніміз – адамның еңбекке деген қабілеті, оның өндірісте қолданатын жеке және ойлау күшінің бірлігі. Жұмыс күші еңбек үрдісінде іске асырылады, сондықтан “жұмыс күші” және “еңбек” деген ұғымдар өндірістің адамдық ресурсы ретінде жиі байланысып жатады. Еңбекті адамдардың тұрмыстық құндылықтарды құру бойынша мақсатты бағытталған қызметі ретінде қарастыруға болады. Оның маңызды көрсеткіші еңбек өнімділігі, яғни оның өнімділігі, нәтижелілігі болып табылады. Ол: 1) еңбек бірлігіндегі өнімдер санымен немесе; 2) өнім бірлігіндегі уақыт санымен өлшенеді. Еңбек өнімділігінің артуының арқасында еңбек ресурстары үнемделеді, өндіріс арзандайды, қоғамның байлығы арта түседі. Еңбек өнімділігіне бір қатар факторлар әсер етеді (2.2 сурет).

 

 

Еңбек өнімділігінің деңгейін белгілейтін негізгі факторлар

- қызметкерлердің білімділігінің, біліктілігінің деңгейі

- өндірушілердің өз еңбегінің  нәтижесіне қызығушылық дәрежесі

- ғылым мен техниканың даму  деңгейі және оларды өндірісте  қолдану

- өндіріс ресурстарын пайдалану  тиімділігінің дәрежесі

- еңбек жиілігі, яғни кернеуі  немесе еңбек жылдамдығы

табиғат жағдайлары (табиғат ресурстары, топырақ, климат және т.б.)


 

 

 

 

 

2.2 сурет

 

                                                                                                            

Адамның еңбегінің дамуымен қатар қоғамдағы еңбек өнімділігі арта түседі. Бірақ, өндірістегі адамдардың БҰРЫҢҒЫ еңбегімен жасалған еңбектері (ТІРІ еңбегі),  машиналардың жұмысымен алмастырылып, ығыстырыла бастайды. Бұл өндірістегі адамдардың атқаратын міндеттерін өзгертеді.

 

 

 

          2.3 Ғылыми-техникалық революция жағдайындағы адамдық фактор

 

         Жедел дамып келе жатқан ғылыми-техникалық революция (ҒТР) экономикада үлкен өзгерістер туғызды. Оған электроника, компьютер, икемді автоматтандырылған жүйе мен басқа да жаңалықтарды енгізу ғылыми-техникалық жетістіктердің жалпы деңгейін арттыра түсті. Жаңа жағдайлардың салдарынан өндірістегі қызметкер-адамдардың рөлі мүлдем өзгереді. Ол “машина жанындағы” механикалық атқарушы болмай, технологиялық үрдістегі басты кейіпкерге – бақылаушы және реттеушіге айналады. Бұл жаңа үлгідегі қызметкерге деген қажеттілікті арттырады.Ол жоғарғы және жан-жақты білімді, кәсіби құзыреттілікті,белсенді және өз қызметіне деген жауапкершілікті арттырады (2.3 сурет).

Осындай үлгідегі қызметкерлерді қалыптастыру ел санатындағы күрделі және ұзақ үрдіс. Ол мына негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі (2.4 сурет)

 

 

 

 

 

         Жаңа сұрыптағы        ■    жоғарғы және жан-жақты білімді

 

       жұмысшы                    ■    кәсіби құзыретті және іскер

 

                                                 ■   белсенді және жауапкершілікпен

 

                                                               әрекет ететін

 

 

 

 

2.3 сурет -  Жаңа сұрыптағы жұмысшылардың  айырықша белгілері

 

 

 
 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        

2.4 сурет

 

 

2.2.1 Осы бағыттардың біріншісі  қазіргі кадрлардың білімділік  және кәсіби дайындығын, кеңейтілген  көлемде білікті және үздіксіз  оқытудың негізінде қамтамасыз  етеді. Жаңа техника мен технология  ең алдымен оқыту аудиторияларында, одан кейін ғана заводтарда  қолданысқа енгізілуі керек. Қызметкерлердің  біліктілігін арттыру мен үйлестіру  өндірістегі өзгерістермен бірге  үнемі жүргізілуі шарт.

 

         2.2.2 Еңбекті интеллектуализациялау  еңбектің адам қолымен емес, басымен  жұмыс істеуі кезінде қалыптасатын  ұғым.Ол ойлау қабілетінің ерекшеліктерімен  және шығармашылық

ойлау, аналитикалық және шығармашылық сипатқа ие болуымен көрінеді.  Адам қолымен емес, басымен жұмыс істейді.

 

         2.2.3 Өндірістің гуманизациялық  үдерісі өндірістің “адамдануын”  білдіреді. Бұл еңбек шарттарының  жеңілденуі, дұрысталуы және қолайлылығына  бағытталған эргономиканың ғылыми  ұсыныстардың орындалуын көздейді. Осылардың нәтижесінде еңбектің  тиімділігі және оның адамдар  үшін тартымдылығы артады.

 

         2.2.4 Өндірісті демократияландыру  қызметкерлердің өз фирмаларының  акционерлік капиталдарына қатысуы, оны басқаруы, алынған кірістерді  бөлуі  арқылы іске асырылады.

Қазіргі қоғамдық өндірісте өнеркәсіп жұмысшыларының санының өсуіне байланысты жаңа типтегі адамдар қалыптасып келеді.олардың негізгі белгілері жоғары біліктілігінде,өндірістік өзгерістерге тез бейімделуінде.

 

                                                                                                              

3 Кәсіпкерлік және басқарушылық қабілеті

Өзінің еңбекке деген қабілетін адам екі негізгі бағыт бойынша пайдалана алады: өз бизнесін ұйымдастырған кәсіпкер ретінде, не болмаса кәсіпкерлердің жалданбалы қызметкері ретінде. Өндірістегі ерекше адамдық ресурс кәсіпкерлік қабілет болып табылады. Ол адамның бизнес немесе кез-келген басқа бір жаңа істі ұйымдастыра білуі мен дайындығы болып табылады. Осы іспен байланысты барлық шығындарды, тәуекелдік пен жауапкершілікті өз мойнына алады. Осындай қабілетке кез-келген адам ие бола бермейді. Нағыз кәсіпкер еңбекқор, бастамашыл, адамдармен тіл табыса алатын, іскер болуы керек. Кәсіпкер (немесе бизнесмен) дегеніміз - өндірістің ұйымдастырушысы мен қозғалғыш күші. Көп жағдайда кәсіпорынның иесі болып табылатын кәсіпкер (әсіресе шағын бизнесте)  барлық шаруа қызметін әдетте өзі басқарады. Сол сияқты ірі фирмаларда кәсіби басшылық және бизнесті басқару үшін (менеджмент) басқару жөніндегі жалданбалы қызметкерлер (менеджерлер) пайдаланылады.

 

          “Кәсіпкер” және “менеджер” деген ұғымдар өте жақын, бірақ әртүрлі. Кәсіпкер дегеніміз – жаңа идеялар авторы, ол өз идеялары үшін ұйқысын қиып, меншікті қаражаттарын тәуекелге салады. Менеджер болса – авторлық идеяларды орындаушы, оларды іске асырушы.

 

 

3.1 Өндіріс құралдары

 

         Келесі бір басты өндірістік фактор өндіріс құралдары болып табылады. Бұл материалдық ресурстар, заттардың екі тобын қамтиды. Біріншіден еңбек құралдары – олардың көмегімен адамдар қажетті құндылықтарды құрады (саймандар, машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимараттар, құрылымдар және т.б.). Екіншіден,  еңбек заттары – еңбек процессінде адамдар әсер ететін заттар, олар келешектегі өнімнің материалдық негізін құрайды (мұнай, кен, шикізат, материалдар және т.б.). Осылай өндіріс үрдісінде еңбектің материалдық ресурстарын құралдар мен заттарға олардың міндеті ойынша бөледі. Осы ресурстарды бөлудің тағы бір белгісі олардың шығу тегі (2.5 сурет).

 
 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5 сурет - Өндіріс құралдарының  негізгі түрлері

 

 

 

         Шығу тегі бойынша өндіріс құралдары да екі топқа бөлінеді:

1) табиғи ресурстар (табиғаттың  өзі берген) - шабындық жерлер, ормандар, минералдардың, газдың орналасқан  жерлері, су және басқалары (олардың  жалпылама түрде – “жер” деген  бір сөзбен атайды); 2) өндірістік  ресурстар – адамдар құраған (немесе өңдеген) заттар және олар  өндірісте одан әрі пайдалану  үшін ойлап табылған. Бұл –  машиналар мен жабдықтар, өндірістік  ғимараттар мен құрылымдар, шикізаттар  мен жартылай фабрикаттар және  басқа да адам қолы арқылы  өткен өндіріс құралдары.Қоғамдық  өндіріс дамыған сайын ондағы  өндіргіш күштердің де міндеті  арта түспек.

 

        Өндіріс қоғамдық өнімді өндірудің бастапқы сатысы, осыдан қозғалыс басталмақ.

 
 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

         Адамдар шығарған өндіріс құралдары көбінесе КАПИТАЛ деп аталады, олар негізгі капитал (өндіріс құралдарының өзі) және ақшалай капитал (өндіріс құралдарын сатып алуға арналған ақша) болып бөлінеді. (2.6 сурет). Сондай-ақ нақты капитал тағы бір атауға ие – инвестициялық ресурстар (немесе тауарлар), себебі олар экономиканы инвестициялауға арналған. Осыған байланысты барлық тауарлық массада өндірістік тұтынуға түскен инвестициялық тауарлармен қатар (өндіріс құралдары) тұтыну тауарларын немесе адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұтыну заттарын (азық-түліктер, киім, тұрғын үй, телевизорлар және т.б.) бөліп алуға болады (2.7 сурет). Инвестициялық тауарлар тек қана тұтыну заттарын шығару үшін қызмет етеді. Негізгі капиталдың қызмет етуімен байланысты физикалық және моральдық тозулары орын алады. ФИЗИКАЛЫҚ ТОЗУ үрдісі негізгі капитал элементтерінің өндірісте одан әрі пайдалануға жарамайтындығын сиаттайды.            Негізгі капиталдың заттық тозуынан басқа,оның құнсыздануы нәтижесінде және арзан, тиімді жабдықтардың пайда болуымен байланысты олардың моральдық тозуы орын алады.

 

 

 
 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.7 сурет - Тауарларды инвестициялық  және тұтынушылыққа бөлу

Информация о работе Экономика Электроэнергеитикасы