Экономика Электроэнергеитикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2014 в 22:36, реферат

Описание работы

1 Экономикалық сарапшылықтың әдісінің топтастыруы.
2 Экономикалық эффект
3 Рентабилносттық капитал.
4 Экономикалық сарапшылықтың қазіргі әдістері
5 Есептің өзгешеліктері при экономикалық сарапшылықтың қазіргі әдістерінде

Файлы: 1 файл

456.docx

— 137.13 Кб (Скачать файл)

 

          Алайда, ҒТР қайшылықтарсыз өтпейді. ҒТР қайшылықтары бір жағынан адамзат үшін үлкен БАЙЛЫҚ, себебі адамдардың мүмкіншіліктерін арттырады, олардың қызметінің тиімділігін асырады, еңбекті жеңілдетеді, тұрмыс жағдайларын жақсартады және т.б. Бірақ басқа жағынан ол проблемалар қатары мен кері әсерлерді туғызады. Мысалы, жұмыссыздық мәселесі (машиналар мен автоматтар өндірістегі адамдарды ығыстырады), экологиялық және техникалық қауіпсіздік, бұқаралық зақымдану қаруларынан қорғайды  (2.12 сурет).

 

 

 

 

 

ҒТР

тудыратын негізгі

проблемалар мен 

кері әсерлер

- жалпылай және хроникалық жұмыссыздық мүмкіндігі

-         адамдардың қайта біліктіліктерін арттыру және көшіру проблемалары

-         еңбек ауыртпалығы, психикалық аурулардың көбеюі

-         ҒТР әскери пайдалану қаупі

-         Экология, қазіргі техниканың қауіпсіздік проблемалары және т.б.


 

 

 

2.11 сурет

 

 

 

          Сциентизм мен техницизмнің идеялары оптимистер қолдады, ғылым мен техниканың ролін асыра сипаттайды, олардың қолынан бәрі келеді деп есептеген. Пессимистер болса антисциентизм мен технофобияларды қолдады, олар адамдар өміріндегі ғылымның ролін түссіз бояулармен бояйды деп айтты. Олардың пікірінше, ғылым мен техника қоғам проблемаларын шешпейді, қайта оларды өршелендіре түседі. Реалистер болса әрқайсысының “плюстері” мен “минустерін” таразылай отыра, өз кектерін таңдап алады.

 

 

5 Энергетикалық фактор мен инфрақұрылым

 

         Энергия - өндіріс құралдарын қажетті қозғалысқа салатын бірден бір күш. Өндіріс әрқашанда осындай қозғалтқыш күшті керексінеді. Бірақ бастапқыда ол тек адамның өзінің немесе олар пайдаланатын жануарлардың механикалық энергиясымен қанағаттанды. Бүгінгі күнгі өндіріс күштері болса қуатты және түрлі отындық-энергиялық (ең алдымен электрлік) қамтамасыз етілуді талап етеді. Сондықтан өндірістің энергетикалық факторы маңызды және ең бастысы дербес маңызға ие болды. Энергиямен қамтамасыз ету мәселесін жеке шешпей ешқандай орта немесе ірі кәсіпорын құру мүмкін емес.

 

          Қазіргі экономикада инфрақұрылым деп аталатын фактор да ерекше рольге ие. Бұл өндірістің қызмет етуі үшін жалпы жағдайлар жасайтын барлық салалардың бірлесуі. Инфрақұрылым екі кіші жүйені өзіне қамтиды: 1) Өндірістік инфрақұрылым - өндіріске тікелей қызмет ететін көмекші салалар (транспорт, байланыс, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қойма шаруашылығы, есептеу орталықтары, экологиялық қорғау құралдары және т.б.);         2) Әлеуметтік (немесе өндірістік емес) инфрақұрылым – адам өмірін қажетті әлеуметтік-мәдени жағдайлармен қамтамасыз ететін сала (соның ішінде өндіріс қызметкерлері өз отбасыларымен). Оған тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, сауда, тұрмыс қызметі, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. жатады.

 

 

5.1Өндірістің экологиялық факторы

 

         Экологиялық фактор дегеніміз жалпы алғанда қорғау, сақтау және қалпына келтіру қажеттілігі бар қоршаған орта мен адамның қарым-қатынасымен байланысты проблемалардың ортақ жиынтығы. Адамзат дамуында табиғат екі түрлі роль атқарады: 1) өндірістің ресурстар көзі және 2) адамдардың тұратын ортасы ретінде. Өкінішке орай, адамдардың көпшілігі бірінші функция - өндіріске “қызмет ету” маңыздырақ деп санайды. Бірақ табиғат бірыңғай және оған абайсыздан шаруашылық басып ену оның ресурстарын ғана кемітіп қоймайды, сондай-ақ адамдардың тұрмыс жағдайларын, олардың денсаулықтарын әлсіретеді.

 

         Қазіргі өндіріс табиғатпен өте кең және терең әрекет етеді, сол себепті шаруашылық практикадағы экологиялық факторды ерекше есепке алу міндетті болып саналады. Бұл әсіресе мына жағдайларда айқындалады:

- кәсіпорындар ресурс жинақтайтын  және қалдықсыз өндіріс үдерістеріне  ауысады;

- өндірісте  бұдан да тиімдірек тазартқыш және қорғаныс құралдары пайдаланылады;

- жалпы мемлекеттік табиғат  қорғау шаралары мен тиісті  заңнама қабылданады;

- ғылыми зерттеулер мен экология  жөніндегі арнаулы кәсіби дайындықтар  жүргізіледі және т.б.

 

 

 

 


Информация о работе Экономика Электроэнергеитикасы