“Кәсіпкер”
және “менеджер” деген ұғымдар
өте жақын, бірақ әртүрлі. Кәсіпкер
дегеніміз – жаңа идеялар авторы,
ол өз идеялары үшін ұйқысын
қиып, меншікті қаражаттарын тәуекелге
салады. Менеджер болса – авторлық
идеяларды орындаушы, оларды іске
асырушы.
2.4 Өндіріс құралдары
Келесі
бір басты өндірістік фактор
өндіріс құралдары болып табылады.
Бұл материалдық ресурстар, заттардың
екі тобын қамтиды. Біріншіден еңбек
құралдары – олардың көмегімен адамдар
қажетті құндылықтарды құрады (саймандар,
машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимараттар,
құрылымдар және т.б.). Екіншіден, еңбек
заттары – еңбек процессінде адамдар
әсер ететін заттар, олар келешектегі
өнімнің материалдық негізін құрайды
(мұнай, кен, шикізат, материалдар және
т.б.). Осылай өндіріс үрдісінде еңбектің
материалдық ресурстарын құралдар мен
заттарға олардың міндеті ойынша бөледі.
Осы ресурстарды бөлудің тағы бір белгісі
олардың шығу тегі (2.5 сурет).
2.5 сурет - Өндіріс құралдарының
негізгі түрлері
Шығу тегі
бойынша өндіріс құралдары да
екі топқа бөлінеді:
1) табиғи ресурстар (табиғаттың
өзі берген) - шабындық жерлер, ормандар,
минералдардың, газдың орналасқан
жерлері, су және басқалары
(олардың жалпылама түрде –
“жер” деген бір сөзбен атайды);
2) өндірістік ресурстар – адамдар
құраған (немесе өңдеген) заттар
және олар өндірісте одан әрі
пайдалану үшін ойлап табылған.
Бұл – машиналар мен жабдықтар,
өндірістік ғимараттар мен құрылымдар,
шикізаттар мен жартылай фабрикаттар
және басқа да адам қолы
арқылы өткен өндіріс құралдары.Қоғамдық
өндіріс дамыған сайын ондағы өндіргіш
күштердің де міндеті арта түспек.
Өндіріс қоғамдық
өнімді өндірудің бастапқы сатысы,
осыдан қозғалыс басталмақ.
2
Адамдар
шығарған өндіріс құралдары көбінесе
КАПИТАЛ деп аталады, олар негізгі
капитал (өндіріс құралдарының
өзі) және ақшалай капитал (өндіріс
құралдарын сатып алуға арналған
ақша) болып бөлінеді. (2.6 сурет). Сондай-ақ
нақты капитал тағы бір атауға
ие – инвестициялық ресурстар
(немесе тауарлар), себебі олар
экономиканы инвестициялауға арналған.
Осыған байланысты барлық тауарлық
массада өндірістік тұтынуға
түскен инвестициялық тауарлармен
қатар (өндіріс құралдары) тұтыну
тауарларын немесе адамдардың
қажеттіліктерін қанағаттандыратын
тұтыну заттарын (азық-түліктер, киім,
тұрғын үй, телевизорлар және
т.б.) бөліп алуға болады (2.7 сурет).
Инвестициялық тауарлар тек қана
тұтыну заттарын шығару үшін
қызмет етеді. Негізгі капиталдың
қызмет етуімен байланысты физикалық
және моральдық тозулары орын
алады. ФИЗИКАЛЫҚ ТОЗУ үрдісі
негізгі капитал элементтерінің
өндірісте одан әрі пайдалануға
жарамайтындығын сиаттайды.
Негізгі капиталдың заттық тозуынан
басқа,оның құнсыздануы нәтижесінде
және арзан, тиімді жабдықтардың
пайда болуымен байланысты олардың
моральдық тозуы орын алады.
2.7 сурет - Тауарларды инвестициялық
және тұтынушылыққа бөлу
2.5 Капитал шығару, жинақтау және
оның айналымы
Өндірісті инвестициялау –
тұрақты үдеріс. Өндірістің қайталануы
мен үзіліссіз жұмыс істеуін
қамтамасыз ете отырып, капитал
салымдары бірінен соң бірі
жалғасын тауып отырады. Өндірістің
үзіліссіз қайталанатын үрдісі
– ҰДАЙЫ ӨНДІРІС деп аталады.
Ұдайы өндіріс жай (өндіріс
бір мөлшерде қайталанатын жағдайда)
және ұлғайтылған (ұлғайып отыратын
көлемде) болады (2.8 сурет).
Жай ұдайы өндірісте өнім мөлшері
әрбір келешек өндіріс цикліндеөзгеріссіз
қалады. Бұл жағдайда, өнім тіпті
қосымша өнім өндірілсе де, жеке
тұтыну мақсатына ғана жұмсалады. Ұлғайтылған
ұдайы өндіріс нәтижесінде өнімнің
мөлшері әрбір өндіріс циклінде
өсіп отырады. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің
бірден-бір көзі – қосымша өнім.
өндірістің жаңа цикліне қосымша, немесе
сапасы жоғары ресурстар қажет.
2.8 сурет
Қазіргі
экономикада ұлғайтылған өндіріс
көбірек кездеседі. Жаңа инвестициялар
өндірістің шығындалған капиталын
(қолданылған шикізат пен материалдар,
тозған жабдықтар) өтеп қана
қоймайды, сондай-ақ оның өнімділігін
қосымша немесе одан да тиімді
өндіріс құралдарының көмегімен
арттыра түседі. Соның арқасында
капитал жинақталады, яғни өндіріске
қосымша капитал салу есебінен
ол күрделене түседі.
Ұдайы өндіріс үдерісінде капитал
үнемі қозғалыста болады және
мына сызба бойынша айналым
жасайды: Өндіріс құралдарын сатып
алу - Өндіріс үрдісі - Өндірілген
тауарларды сату. Осындай айналымдар
қайта-қайта қайталанып отырады.
Өндірісті кең көлемде жалғастыру
үшін, кәсіпкер тапқан пайдасының
бір бөлігін өзінің тұтынуына
емес, өндірісті қаржыландыруына
жұмсауы міндетті.
2.6 Негізгі капитал, айналым капиталы
және оны пайдалану көрсеткіштері
Бастапқыда
атап өткендей негізгі капитал
(немесе негізгі қорлар) - өндірісте
КӨП РЕТ қатысатын еңбек құралдары,
олар біртіндеп физикалық және
моральды түрде тозады (ескіреді)
және бөлшектеп (тозу шамасына
қарай) өз құнын өндірілген
өнімнің құнына (амортизация) қарай
ауыстырады. Осылай, негізгі капиталдың
құныдайын өнімнің құнымен біртіндеп
өтеледі. Тауар сатылғаннан кейін
ол кәсіпкерге ақшалай нысанда
амортизациялық аударымдар түрінде
бөлшектеліп қайтарылады, олар
еңбек құралдарын жөндеуге, жаңартуға
және жандандыруға пайдаланылады.
Ақшалай нысандағы негізгі қорлар
негізгі қаражат деп аталады.
Негізгі капиталдың құрылымында
актив қорлар (өндіріске ткелей
қатысатын – станоктар, машиналар
және басқа да жабдықтар) мен
пассив қорлар (өндіріс үшін қажетті
жағдайлар туғызады - өндірістік
ғимараттар, құрылымдар және басқа
да объектілер) болады (2.9 сурет).
2.9 сурет - Негізгі қорларды
актив және пассивке бөлу
Негізгі
қорларды тиімді пайдаланудың
үш басты көрсеткіштерін бөліп
айтуға болады: 1) қорқайтарымы -
ол қорлардың өнімділік деңгейін
білдіреді және қор құнының
бірлігіне келетін өнім құнымен
белгіленеді; 2) қорсыйымдылығы –
қорқайтарымға керісінше көрсеткіш, ол
өнім бірлігін шығаруға арналған негізгі
қорлардың шығынын сипаттайды; 3) құрал-жабдық
жұмысының ауысымдылық коэффициенті.
Ол кәсіпорында орнатылған жабдықтың
әр бірлігінің белгілі бір кезең ішінде
орташа есеппен тәулігіне қанша ауысым
жұмыс істегенін көрсетеді. Мысалы, егер
цехтағы 200 станоктың 1-ауысымда 180, 2-ауысымда
– 100, ал 3-ауысымда –40 жұмыс істесе, ауысым
коэффициенті =1,6 (180+100+40):200), яғни әрбір
станок үш ауысымдық тәртіпте, орташа
түрде 1,6 ауысым пайдаланылды.
Айналым капиталы (немесе айналым
қорлары) - өндірісте БІР РЕТ қатысатын
еңбек құралдары. Олар толығымен
қолданылады және толығымен, бірден
өз құнын өндірілген өнімнің құнына
ауыстырады. Осылай, айналу қорларының
құндары әрбір айналған сайын
дайын өнімнің құнымен өтеледі
және толығымен тауарларды табысты
сату жағдайында кәсіпкерге ақшалай
нысанда қайтып оралады. 2.1-кесте
негізгі және айналу қорларының басты
салыстырмалы сипаттамаларын көрсетеді.
2.1 Кесте - Негізгі және айналым
капиталдары арасындағы басты
айырмашылықтар
Негізгі капитал
Айналым капиталы
Не жатады
Еңбек құралдары (станоктар, машиналар,
өндірістік ғимараттар, құрылымдар және
т.б.)
Еңбек заттары (шикізат, материалдар,
жартылай фабрикаттар және т.б.)
Өндіріске қалай қатысады
Көп рет
Бір рет
Қалай шығындалады
Біртіндеп тозады
Толық тұтынылады
Өндірілген тауарлардың құнына
өз құнын қалай аударады
Біртіндеп, бөлшектеп, тозу шамасына
қарай
Бірден және толығымен
Өндіріс
үдерісіне қызмет көрсететін
негізгі және айналу қорларымен
қатар айналым қорлары да бар,
олар айналым үдерісіне қызмет
етеді. Айналым қорлары мен
айналу қорлары бірдей айналады
(бір айналымды пайдаланады), сондықтан
оларды жиі біріктіреді және
айналым қаражаттары деп атайды.
Өндіріс капиталының жалпы құрылымын
мына түрде келтіруге болады (2.2-кесте).
2.2 кесте - Кәсіпорынның өндірістік
қорларының жалпы құрылымы
Өндіріс қорлары
Өндіретін қорлар
Айналым қорлары
Негізгі
қорлар
Қор айналымдары
пассив
актив
Еңбек заттары
дайын өнім
кәсіпорынның ақшалай қаражаттары
дебиторлық
берешек
негізгі қаражаттар
айналым қаражаттары
2.7 Өндіріс
қорларын тиімді пайдалану
Әрбір
кәсіпорын өз капиталының тиімді
пайдалануына мүдделі. Материалдық
игіліктерді өндірумен байланысты
кәсіпорын пайдаланатын қандай да болсын
капитал өз қозғалысын ақша түрінде бастайды.
Өндіріс қорларын оңтайлы пайдалану тиімділігін
арттырудың үш басты бағытын бөліп айтуға
болады:
1) бірінші бағыт негізгі капиталға
қатысты. Ол қорқайырымын мына
негізгі шаралардың көмегімен
арттыруды (немесе қорсыйымдылығының
төмендеуін) көздейді:
- анықталмаған, әрекет етпейтін
жабдықтарды жою;
- актив қорлар үлесін көбейту,
пассив қорлардың шығыстарын
қысқарту;
- жабдықтың жұмыс ауысымы коэффициентін
арттыру (тұрып қалуды болдырмау,
пайдалануды жақсарту және
техниканы жөндеу, 2 және 3 ауысымдағы
еңбекті ынталандыру және
т.б.);
- ескірген қорларды жаңа жоғары
өнімділігі бар техникаға ауыстыру;
- құрылымды жеделдету және жаңа
күштіліктерді қолданысқа енгізу.
2) Айналым капиталына қатысты
өнімнің материалсыйымдылығын төмендету
маңызды болып табылады, яғни
материалдық ресурстардың (металл,
ағаш, отын, қуат және т.б.) өнім
бірлігіне жұмсалуы. Бұл осы ресурстардың
үнемделуін көздейді. Әсіресе:
- жаңа үнемдегіш материалдар
мен бұйымдардың озық
конструкциялары;
- ресурс жинақтағыш технологиялар
мен еңбекті тиімді ұйымдастыруды
енгізу;
- ресурстардың үнемделуін ынталандыру
және өнім сапасын жақсарту.
Үшінші бағыт – капитал айналымының
уақытын қысқарту. Осындай қысқарту
ресурстардың үнемделуіне ықпал
етеді. Айналымды жеделдетудің нақты
жолдарын анықтау үшін капиталдың айналым
уақытының құрылымын білу қажет
(2.10 сурет). Айналмалы капиталдың айналым
уақыты ауыспалы айналымның бір айналымына
тең. Негізгі капиталдың айналым
уақыты авансыланған негізгі капиталдың
жылдық амортизациясына тең. Авансыланған
бүкіл капиталдың айналым уақыты авансыланған
капиталдың жылдық амортизациясы мен
айналмалы капиталдың жылдық айналым
сомасына қатынасы. Айналым уақыты өндіріс
уақыты мен айналыс уақытынан тұрады.
Капитал айналымының жылдамдығы өндіріс
тиімділігіне ықпал етеді. Көп мөлшерде
пайда табу мақсатымен кәсіпкер капитал
айналымын тездетуге мүдделі болады.
Капитал айналы-
мының уақыты
өндіріс уақыты
актив
Жұмыс кезеңі барысында еңбек заттары
тікелей әсерге ұшырайды және қайта
ұйымдастырылады (шикізат пен бөлшектерді
өңдеу, конструкцияларды жинақтау және
т.б.)
Технологиялық үзілістер - адамның
тікелей қатысуынсыз іске асырылатын
өндірістік процестер уақыты
пассив
Ұйымдастырушылық үзілістер - қайта
ауысымдар, демалыс күндері, түскі
ас демалыстары, жабдықтарды жөндеу
мен басқа да бос тұрып қалулар
өндіріс құралдарының өндірістік қорларда
болу уақыты – үздіксіз өндіріс
үшін өте қажет, бірақ оны дәл
ұйымдастырғанда жоққа шығуы
мүмкін
Айна-
лым уақыты
Сатып алу уақыты - өндіріс құралдарын
сатып алуға және жұмыс күшімен
қамтамасыз етуге арналған уақыт.
Дайын өнімді сатуға арналған уақыт
- өнімді қоймаға тапсырған сәттен
бастап тауарды сатудан түскен ақша
кәсіпорын шотына аударылғанға дейінгі
уақыт.
2.10 сурет - Капитал айналымының
уақыт құрылымы
Сызбадандан көрініп тұрғандай (2.10
сурет) қор айналымының уақытын
қысқарту жолдары көбімізге таныс:
өндіріс техникасы мен технологиясын
жетілдіру, ресурстарды үнемдеу, жұмыс
уақытының жоғалуын болдырмау, ауысым
коэффициентін арттыру, шикізатпен
жабдықтау қалпын қамтамасыз ету, жабдықтау,
жарақтау жүйесін жақсарту және т.б.
2.8 Бүгінгі күнгі өндірістің
басқа факторлары
2.8.1 Өндірістің ұйымдық-технологиялық
факторлары
Өндірістің жұмыс күші мен құралдарынан
кейін бүгінгі күнгі экономиканың
маңызды факторлары ретінде өндірістің
ұйымдары мен технологиясын атау
керек. Солардың арқасында өндірістің
жұмыс күші мен құралдарының тиімді
қатынасына қол жеткізіледі. Өндірісті
ұйымдастыру дегеніміз - өндірістің
барлық үдерісінің бірлігі мен тәртібін
қамтамасыз ететін ішкі өндірістік байланыстың
белгілі бір қондырғысы. Мысалы,
автомобильдер өндірісін ұйымдастыру
түйіндер мен бөлшектерді жинақтайтын
шикізат жабдықтаушыларымен заводтың
байланысын жеңілдетеді (цехтар, учаскелер,
бригадалар және т.б.)
Өндіріс технологиясы еңбек заттарын
өңдеудің нақты тәсілдерін, өндіріс
үдерістерінің белгілі бір тәртібін
білдіреді (мысалы, нан пісіру технологиясы
операцияларының белгілі бір
кезегі, қамырдың нақты құрамы, пештердің
нақты жұмыс тәртіптері бар және
т.б.). Қазіргі технологияларды білу
– тиімді өндіріске апаратын жол,
сондықтан әлемде алдыңғы ноу-хаумен
айырбас кеңінен таралған. Жаңа технологиялардың
өзіне тән белгісі - өндірісте
ақпараттар мен компьютерлерді барынша
көп пайдалану. Осындай технологиялар
ақпараттық немесе ақпараттық-компьютерлік
деп аталады. Осыдан ақпарат деп
аталатын өндірістің жаңа факторы туындайды.
2.9 Өндірістің ақпараттық факторы
Ақпарат дегеніміз білім, мәліметтер
мен түрлі сигналдар. Қазіргі
өндірісте ол маңызды және әртүрлі
роль атқарады. Әсіресе, ақпарат мыналарды
қамтамасыз етеді: 1) техниканың қызмет
етуі (бағдарламалық басқарумен); 2)
өндірістің өзінің тиімді ұйымдастырылуын
және оның барысына бақылау жасау; 3)
өндірістің жедел қайта құрылу мүмкіндігі;
4) қызметкерлердің білім деңгейі
мен біліктілігін арттыру; 5) алдағы
идеялар мен технологияларды
тез тарату.