Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 20:43, реферат
Қазіргі кезде адамдар әр түрлі қажеттіліктерді қажет етеді. Осы қажеттіліктерді қамтамасыз етумен, адамдардың күнделікті қажеттілігін қанағаттандыру мәселелерімен экономика айналысады.
Экономика дегеніміз не?
3.6 сурет - Инфляцияның екі типі
3.6 Құн заңы — тауар өндіріс заңы
Қоғамдық өндірістің тауарлы нысанының ерекшелігі құн заңының іс-әрекетінен нақты көрінеді. Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының іс-әрекетінің мәні мынада: тауарларды өңдіру мен айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық кажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен құн заңы тауарлы өндірістің ең мәнді сипатын керсетеді немесе әр қилы тауар өндірушілердің шаруашылық нәтижесінің қорытындысында өнім айырбастауда эквиваленттілікті талап етеді. Ал тауар ақша айналасында құн заңы баға заңы болып табылады. Баға — құн заңының, көрінісі. Құн — баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну нысаны.
Еңбек өнімдерінің жүйелі айырбастау процесінің дамуы кезеңінен бастап, құн заңы тауар өндірісінің бүкіл тарихында әрекет етеді. Қоғамда үстемдік ететін өндірістік қатынастардың типімен байланысты оның әрекет ерекшелігі де өзгеріп отырады. Құн заңының тауар өндірушілерге әрекеті тек рыноктық бәсеке арқылы көрінеді. Осы рыноктық механизм қатынасы сұраныс пен ұсыныс арақатынасы, бағаның ауытқуы мен пайда нормасы, салалық және ішкі салалық бәсеке арқылы кұн заңы қоғамдық өндіріске ықпал етеді. Ал оның негізі құн заңының өзіне емес, оның әрекет етуінің қоғамдық жағдайында, қоғамның экономикалық құрылысының сипатында.
Айналыс саласында құн заңы бағаны халықтың төлем қабілеттігінің көлемі мен құрылымын, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтауда маңызды рөл атқарады. Құн заңын дұрыс басшылыққа алудың қоғамдық еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігін арттыруда, аз шығынымен көп нәтижеге жетуді, нақты рыноктық қатынасқа көшуді қамтамасыз етуде, шаруашылық реформасын іске асыру маңызы зор.
Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғы шарт қажет. Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі болды. Алғашқы күрделі еңбек бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде осы тайпалар арасыңдағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі еңбек бөлінісі ауыл шаруашылығынан қол өнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі еңбек бөлінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы. Осы көрсетілген күрделі қоғамдық еңбек белінісі қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тасымал, құрылыс және сауда салаларының негізі екені айқын. Бірақ өндіргіш күштердің алғашқы қауыммен салыстырғанда орасан зор дамығанын еске алсак, қоғамдық еңбек бөлінісі, мамандандыру саласынын мыңдаған тармаққа бөлініп, кең етек жайғанын байқаймыз. Демек, тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық еңбек бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де, рынок те болмас еді.
Тауар ендірісінің екінші алғы шарты тауар өндірушінің жеке меншігі болуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауар өніруші өз мүлкін еркін сатуға, басқа жерге апарып өткізуіне ерікті болуы қажет. Меншік қатынасы негізінен бірнеше тарихи сатылардан етті. Алғашқы адамзат қоғамына белгілі қауымдық, тайпалық меншік болды. Бүл меншіктің пайда болуы алғашқы қауымдағы адамдардың табиғаттың дүлей күштеріне тәуелді болуынан, кұн көрудің ауыртпалығынан туған қажеттілік. Қоғамдық қауымның меншігі өндіргіш күштердің нашар дамуының салдары. Алғашқы адамдар аң аулау үшін,
жыртқыштардан сақтану үшін, тағы
басқа жеке адамның қолынан келмейтін
(мысалы, ауыр заттарды, үлкен тасты
орнынан ауыстыру тәрізді) жұмыстарды
атқару үшін өзара бірігіп еңбек
еткен де, оның нәтижесін ортаға
салып, ол өнімдерді тайпа басшылары
беліп отырған. Алғашқы кауымдық
меншікке негізделген қоғамдық құрылысты
"алғашқы қауымдық коммунизм"
деп те атайды. Алғашқы қауымдық
формацияда тауар-ақша рыноктық қатынас
болмаған. Бұл қатынастар осы формацияның
ыдырау саты-сында пайда болды. Өндіргіш
күштердің дамуы, бірігіп енбек
атқару, құрал-саймандарды жетілдіру
(мысалы, тас, ағаш құралдарының орнына
темір, қалайы, мыс тәрізді металлдарды
пайдалану, ағаш соқа орнына темір соқа,
тырма т. с. құралдарды игеру), сол
сияқты отпен пайдаланатын тағам
пісіру, қорған, үй салу сияқты еңбекке
бейімделу арқылы алғашқы қауымда
өмір сүрген адамдардың күнделікті тұтынуынан
артық қосымша өнімі пайда
болды. Ал қосымша өнімнің болуын
тауар айырбасының, рынок қатынасының
дамуына кажет үшінші алғы шарт деу
керек. Айырбас, рынок қатынасындағы
негізгі түлға — тауар. Экономикалық
қатынастың өзі тауардан басталады.
Тауар — еңбектің өнімі, ол екінші
бір затқа, тауарға айырбастау үшін
шығарылады. Ілгеріде атап көрсетілгендей,
тауардың екі түрлі сипаты бар: 1)
адамның белгілі бір
Тауарларды теңестіретін, өзара салыстырып өлшейтін негіз — олардың еңбек өнімі, белгілі еңбек шығындарының нәтижесі. Тауар еңбектің ғана шығыны ретінде қаралса кұн болып саналады. Екінші сөзбен айтқанда, кұн дегеніміз — тауарға сіңген еңбек. Осыған орай құн теориясына ерекше тоқтаған жөн. Бұл теорияның негізін салған А. Смит, оны К. Маркс ілгері дамытты. К. Маркс құн теориясына сүйене отырып, қосымша құн теориясын — маркстік экономикалық ілімнің ірге тасын қалады. Алдымен А. Смит зерттеген еңбек құн теориясын алып қарасақ, тек қана еңбек өнімді жасаушы күш. Бұл теория бойынша, еңбектен басқа өндіріс факторлары жаңа құн жасай алмайды, тек қана өз құнын жаңа өнімге ауыстырады. Оны ауыстыратын да адам еңбегі, бұл еңбек тек қол еңбегі деген тұжырымды алға тартты. Сонымен, құн заңы дегеніміз баға заңы. Рыноктық бағаның ауытқуы бұл заңның мына секілді маңызды қызметтерін анықтайды:
1) өндірістің
негізгі факторларын бөлу. Баға
өскен байқалған салаларда
өңдірістің жандануы орын алады,
мұнда өндірістің маңызды
2) өндіргіш
күштердің дамуын ынталандыру.
Рынокта тауар еңбек
3) тауар
өндірушілердің жіктелуі. Құн заңының
бұл қызметі алдыңғы екеуінен
шығады. Өндіріс шығындары төмен,
рыноктың жай жапсарьш дұрыс
бағалай білген тауар өндіруші
алынған пайданың өсуіне
3.7 Құн заңы және шекті
Қ,ұн заңы бойынша тек рынокта
ғана айырбас кезінде еңбек
Адамдардың әр түрлі материалдарды және рухани игіліктер мен қызметтерді бағалауы оларды өндіруге қоғамдық кажетті еңбектің жұмсалуына байланысты емес, олардың пайдалылығында. Белгілі бір тауарды өндіруге еңбек шығыны жұмсалуы адамдардың қайсыбір пайдалылықты қажетсінуінен. Осы жерде қандай да бір еңбек шығыны болсын оның қоғамдық қажеттілігін кім және немен анықтайды деген сұрақ туады. Оған рынок деп жауап береді. Шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың пікірінше, тек тауардың пайдалылығы ғана еңбек шығынан қоғамдық қажеттілік сипат береді.
Бір нақты жағдайда, іскер адам шаруашылық шешім қабылдарда немесе жеке тұтыну процесі негізінде пайдалылығын салыстыру ылғи болып отырады. Мысалы, егер адам С витамині жетіспеушіліктен ауырып қалса, бұл арада оған пайдалы алма ма, әлде қарыз ба, деген сұраққа жауап өзінен-өзі айқын. Жалпы, қажеттіліктерді салыстырмай, әрбір ретте түрлі материалдық, не рухани игіліктердің пайдалылығын бағаламай ешқандай экономикалық іс-әрекеттің болуы мүмкін емес. Сонымен қатар шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың ішінде пайдалылық өлшеу өлшемін табу мәселесі қызу пікірталас туғызды. Бұл мәселенің мәнін тек шекті пайдалылық, сұраныс жайы және басқа категорияларды зерттегеннен кейін анықтауға болады. Бұл туралы басқа тарауда қаралады. Шекті пайдалылық теориясы субъективті бағалауды игіліктің сиректігімен, яғни оның көлемін байланыстырады. Шекті пайдалылық теориясының өкілдері, бағалылықты пайдалылықтан шығарады.. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша, адамның әрбір игілікті субъективті бағалауы, оның шекті пайдалылығымен анықталады, ал объективті айырбас пропорциялары немесе тауарлардың бағасы субъективті бағалауға байланысты және түбінде ол да шекті пайдалылықпен анықталады. Құн және баға теориясындағы неоклассикалық бағыттың негізін қалаушы ағылшын экономисі А.Маршалл болып табылады. Шекті пайдалылық теориясының біржақтылылығын ол бағалылықты тек пайдалылықпен түсіндіру деп көрсетті. А. Маршалл шекті пайдалылык теориясын ұсыныс пен сұраныс теориясымен, өндіріс шығындары теориясымен байланыстырды.
3.8 Айналыстағы ақша, теориялық мәселелері
Бұл мәселе капитализмнің дамуымен байланысты. Ақшаның сандық теориясының негізін салушылар М. Монтескье, Д. Локк және Д. Юм болды. Олар алтын және күміс ақшаның құнын олардың санымен анықтады да, елде |ақша кеп болған сайын тауардың бағасы жоғары болады 'деп көрсетті. Олар сонымен бірге қандай ақша болса да өздерінің "сатып алу" күшін айналыстың нәтижесінде ғана көрсетеді, ал айналыс процесіне дейін ақшада құн болмайды деп есептеді (яғни ақшаның құн өлшеуіші қызметін жоққа шығарды). Ал А. Маршалл мен И. Фишер ұсынған ақшаның неоклассикалық сандық теориясы осы теорияның дамытылған нұсқасы болды. Олардың теориясындағы ең маңыздысы — ақша тауар деп есептелмейді. Батыс экономистерінің басым бөлігі американ экономисі И. Фишер ұсынған формуланы пайдаланады. Ол формула баға деңгейінің ақша массасына тәуелділігін көрсетеді
КЖ = БС
бұл жерде К — акша
массасы; Ж — ақшаның жылдамдығы;
Б — тауар бағасының деңгейі;
С - айналыстағы тауар саны. Осы
формулага сәйкес тауарлар
Осыдан соң И. Фишер ақшаның
құны оның санына кері пропорциялы
деген қорытынды жасайды. И. Фишердің
айырбас теңдігі КЖ = БС айналыстағы
ақша массасы мен; тауарлар бағаларының
сомасының арасындагы сандық байланысты
керсетеді. И. Фишер формуласы КЖ
= БС инфляция кұбылысын түсіндіруге
мүмкіндік береді. Инфляция дегеніміз
тауарлар бағаларының өсуімен
қосарланған акшаның
Жоғарыда аталып өткендей, несиенің дамуы вексель және банкнот сияқты қағаз ақшаның түрлерінің пайда болуына әкеліп соқты. XX ғасырда есеп айырысу жүйесінде кеп тарай бастады. Чек, шындап келгенде, қағаз ақшаға жатпайды. Чек депозиті айналыстағы қолма-қол ақшаны үнемдейді. Қазір қағаз ақша айналасының 90 %-ке жуығы қолма-қол ақшасыз атқарылады.
4 Рыноктық қатынастар теориясы
Рынок мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан оқшауланған еңбектің өте нәзік әрі күрделі экономикалық байланыс механизмі. Қазіргі рынок шаруашылық байланыстары мен экономикалық қатынастардың күрделі жүйесі. Осы жүйеде орталық рөлді жеке мүдде мен бәсеке атқарады. Солар арқылы кең көлемді ақпарат өңделеді, тауарлар мен кызмет керсетуді, капитал мен еңбекті ке-ректі жеріне, керсетілген мерзімде жеткізіп отырады. Осының бәрін кезінде ағылшын экономисі А. Смит рыноктық күшті, "көрінбейтін қол" деп атаған болатын. "Көрінбейтін қол" идеясының мәні мынада, адамдар өз мүддесіне әрекет етіп, өзінің қара басының қамын ойластыра отырып, түтас болғанда қоғам үшін тиімді игіліктер рыногының негізін қалайды.
Рынокты бір сөзбен анықтап, сипаттау мүмкін емес, қалай болғанда да нақты алыс-беріс үшін сатушылар мен сатып алушылардың кездесетін орны деп түсіндіруге де болмайды. Рынок түсінігін тар және кең мағынада беруге болады. Тар мағынада тауар айналыс саласы — сауда, кең мағынада рынок бүл қоғамдық өндірісті үйымдастырудың белгілі формасы, онда өндірушілер мен тұтынушылар өзара әрекет ете отырып, нақты экономикалық мәселелерді ше-шеді:
1) Қандай тауарларды, қашан және
қандай мөлшерде өндіру қажет?
Киімді көп өндіріп, тамақты
аз ендіру керек пе, әлде керісінше
ме, жазғы киімді қыста тігу
керек пе, әлде жазда тігу дұрыс
па? Не ендіру керек екендігін
жоғары оргавдар емес, рынокта
қандай тауарларға сүраныс
2) бүл тауарларды қандай