Экономикалық өсу туралы көп ақпарат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 18:14, курсовая работа

Описание работы

Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде
экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.
Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған.
Экономикалық өсудің мәні-экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру б.т: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар:

Содержание работы

1 Экономикалық өсуге жалпы шолу 6
1.1 Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы 6
1.2 Экономикалық өсудің перспективалары 7
1.3 Экономикалық өсудің факторлары мен модульдері 9
2 Экономикалық өсу саясаты 11
2.1 Нарықтағы экономикалық өсу 11
2.2 Қазақстан экономикасының құлдырауына жол бермеу 12
2.3 Экономикалық өсуді зерттеу 16
3 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу 18
3.1 Қазақстан экономикасының өсу динамикасы 18
3.2 Экономикалық өсудің негізгі көздері 19
3.3 Президент Н.Ә.Назарбаевтың елдің экономикасын өсірудегі алғышарттары 20

Файлы: 1 файл

курсов э.doc

— 165.00 Кб (Скачать файл)

 

ЖОСПАР

Кіріспе                                                                                                                       4

1 Экономикалық өсуге жалпы шолу                                                                      6

1.1 Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы                                   6

1.2 Экономикалық өсудің  перспективалары                                                         7

1.3 Экономикалық өсудің факторлары мен модульдері                                      9

2 Экономикалық өсу саясаты                                                                               11

2.1 Нарықтағы экономикалық өсу                                                                       11

2.2 Қазақстан экономикасының құлдырауына жол бермеу                              12

2.3 Экономикалық өсуді зерттеу                                                                          16

3 Қазақстан Республикасындағы  экономикалық өсу                                         18

3.1 Қазақстан экономикасының өсу динамикасы                                               18

3.2 Экономикалық өсудің негізгі көздері                                                            19

3.3 Президент Н.Ә.Назарбаевтың елдің экономикасын өсірудегі алғышарттары                                                                                                        20

Қорытынды                                                                                                            24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                                                                        26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Батыс елдеріндегі қалыптасқан  экономикалық жүйе шеңберінде  
экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.  
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.  
 Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған.  
 Экономикалық өсудің мәні-экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру б.т: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар:  
 Біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы.  
 Екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігн жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы.  
 Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді.

  Экономикалық теорияда маңызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

Орта есеппен бір адамға келетін  ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.

Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің  нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін  бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.

Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.

Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің  молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Экономикалық өсуге жалпы шолу

1.1 Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы.

Экономикалық өсудің негізгі екі типі бар: экстенсивтік және интенсивтік.  
 Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игіліктер мен қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілін қолдану арқылы жүреді: жұмыскердерді, еңбек құралдарын, жерді, шикізатты, отын-қуат ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының арасындағы пропорциялары тұрақты болып саналады.  
 Экономикалық өсудің интенсивтік типі керісінше сипатталады - өндірістің кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге асырылады: прогресивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б. Осы жағдайда өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны нақты жиынтық шығындардың өзгеру қарқынынан артық болып отырады.  
 Экономикалық өсудің тиімділігі көпсалалы «өндірістің тиімділігі» деген түсінікті құратын жағдайлардың барлығының жақсартылуы. Осыған жататындар:  
- тауарлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы, олардың отандық және әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің жоғарылауы;  
- бұрын қанағаттандырылмаған қажеттерді қамтуға мүмкіндік беретін, немесе оларды тым жақсы қамтуға мүмкіндік әкелетін жаңа тауарлар өндірісін игеру;  
- халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық артықшылығымен есептесе отырып, өндірістің мамандану мен кооперациялануын жетілдіру;  
- басқару шеберлігін жоғарылату арқылы және фирманың ішіндегі еңбек өнімділігін ынталандыру үшін тиімді мотивация қолдану арқылы, «Х-тиімді еместігін» жою;  
- өндірістік ресурстардың салалық және елдің аймақтары бойынша аллокациясын жақсарту;  
- жаңа технологиялар игеру.  
 Экономикалық өсудің сапасы оның әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады. Экономикалық өсудің сапасын құрушылар:  
- халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;  
- адамның гармониялық даму негізі деп қаралатын бос уақыттың көбеюі;  
- әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;  
- адам капиталына инвестицияны өсіру;  
- адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;  
- жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;  
- еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

 

 

1.2 Экономикалық өсудің перспективалары

Қазақстан Республикасының 2015 жылға  дейінгі индустрияландыру саясатының аумақтық аспектісі өзара байланысты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады. 

Бірінші – олардың теңгерімді дамуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда  өңірлерде экономиканың басым секторларының өндірістерін ұйымдастыру.

Екінші – елдің қалыптасып жатқан мегаполистерінің және оларға іргелес  аумақтардың негізінде басып  оза  өсу  аймақтарын құру.

Қарастырылып отырған кезеңде  индустриялық жаңғырту негізінен экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі салаларын, сондай-ақ өндіріс факторларын қарқындату негізінде осы секторлардың сұранысына бағдарланған ілеспе салаларды дамытумен айқындалатын болады.

Қалыптасқан оқшаулау орталықтарында дәстүрлі және секторлардың ішкі сұранысына бағдарланған өндірістерді орналастыру шикізат, электр энергиясы және көлік инфрақұрылымына немесе өткізу нарықтарына жақын көздеріне байланыста жүзеге асырылатын болады.

Агроөнеркәсіп кешені, жеңіл өнеркәсіп  және туризм саласында экспортқа  бағдарланған жаңа өндірістерді дамыту осы секторлардағы қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және елдің еңбек ресурстары ұтқырлығының салыстырмалы түрде төмен болуын ескере отырып, ірі қалалардың базарларына бағдарлана отырып, осы салалар үшін дәстүрлі өңірлерде немесе еңбек ресурсы жоғары өңірлерде жүзеге асырылатын болады.

Экономиканың ұзақ мерзімді және сапалы  өсу  перспективалары жоғары технологиялы, инновациялық жаңа өндірістердің қажетті  ғылыми-техникалық және білім беру әлеуетіне, коммуникациялық  инфрақұрылымға ие қалыптасып жатқан Астана және Алматы агломерацияларына және оларға іргелес аумақтарға  шоғарылануымен айқындалатын болады.

Еңбек пен капиталдың ауқымынан, ұтқырлығынан үнемдеуде көрініс тапқан агломерациялық әсер, өндіріс  факторларынан  қайтарымдылықты ұлғайту жиынтығында осы қалаларда елдің қалған өңірлері үшін жаңа мүмкіндіктердің мультипликациясымен экономиканың баса оза өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бизнестің, мемлекеттің салалық  және аумақтық органдарының іс-қимылын үйлестіруге мүмкіндік беретін тұрақты түрде өзектендірілетін құрал өндірістік қуаттарды ұтымды орналастыру схемасы елдің өндірістік әлеуетін оңтайлы орналастырудың құралына айналады. 

Бұл ретте Өндірістік қуаттарды  ұтымды орналастыру схемасы Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын, сондай-ақ басқа да қала құрылысы құжаттарын (аумақтық дамудың өңіраралық схемалары, аумақтың қала құрылысын жоспарлайтын кешенді схемалар, елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу үшін негіз болып табылатын Қазақстанды аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының құрамдас бөлігіне айналады.

Әлемдік тәжірибеге сәйкес сараланған ірі қалалар агломерация әсері  негізінде мультипликативтік ауқымда  бәсекелі артықшылықтарды реттей отырып,  экономикалық   өсу  орталықтарына айналады.

Қазақстанда негізгі сауда-саттық жолдарында орналасқан Астана және Алматы қалалары осындай әлеуетке ие. Олар сауда, қаржы, технология және мәдени алмасулардың еуразиялық жүйесіндегі аса маңызды орталықтарға айналуы тиіс. 

Осы мақсаттарда Астана және Алматы қалалары мен оларға іргелес Алматы, Ақмола облыстарының аумағында мынадай  жартылай функционалдық аймақтар қалыптастыру ынталандырылатын болады: технологиялар  трансфертіне бағдарланған жоғары технологиялы өндірістер, озық шетелдік компаниялардың процессингтік орталықтары (БК, филиалдар);инновациялық даму (Алматы қаласындағы «Алатау» АТП, Астана қаласындағы Nazarbayev university); жалпыұлттық және перспективада орталықазиялық дистрибуция (сауда және қызметтер);

перспективада Орталық  Азиядағы аса ірі сауда-логистикалық орталықтар (Сингапур, Гонконг үлгісінде), авиатранзит орталықтарын («хабтар») қалыптастыра отырып, көліктік-логистика  және логистика-процессингтік қызметтер;туристік-рекреациялық мамандану – Алматы және Ақмола облысының аумақтарына іргелес рекреациялық ресурстардың ірі шоғырларының, сондай-ақ ойын-сауық индустриясының негізінде (мысалы, Қапшағай қаласында, Щучинск – Бурабай аймағында ойын бизнесі орталықтарын құру);спорттық мамандану (Алматы қаласын қысқы спорт түрлерінің халықаралық орталығына айналдыру); медициналық және білім беруде мамандану (Алматы және Астана қалаларында ұлттық, кейіннен өңірлік деңгейдегі орталықтар қалыптастыру); бизнесті ұйымдастыру және жүргізу (Алматы және Астана қалаларына халықаралық ұйымдардың өкілдіктері мен кеңселерін, аса ірі трансұлттық компаниялардың филиалдарын көшіруді ынталандыру);азық-түліктік мамандану (мегаполистердің азық-түлік белдеуі).

Перспективада Алматы агломерациясы  өсу  орталығы ретінде өзіне Қапшағай бағытындағы серіктес қалаларды қамтитын болады.

Астана қаласын  өсу  полюсі ретінде  дамыту даму дәліздерін қалыптастыру және перспективада кейіннен оған Қарағанды  агломерацияларының қалаларын және Щучинск – Бурабай курорттық аймағының тарту негізінде өсудің  желілік аймақтарын қалыптастыруға айналуы тиіс.

Негізінен сервистік функциялардың  шоғырланыумен қамтамасыз етілген  Астана және Алматы қалаларын жеделдете  дамыту ішкі сұранысқа бағдарланған секторлар үшін мультипликативтік әсер етеді.

Экономикалық   өсу  орталықтарын қалыптастыру мақсатында Астана және Алматы қалаларын дамытуды қолдау  экономикалық  белсенділікті және инвестициялық тартымдылықты ынталандырудың түрлі тетіктері арқылы, оның ішінде қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуға мемлекеттік инвестициялар тарту есебінен жүзеге асырылатын болады.

 

 

 

1.3 Экономикалық өсудің факторлары мен модульдері

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

  1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
  2. адамның бос уақытының көбеюі;
  3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
  4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
  5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
  7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

 

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты  көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

 

Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей факторлар:

Жанама факторлар:

-Еңбек ресурстарының  саны мен сапасының өсуі.

Негізгі капитал көлемінің  өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.

Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.

Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының  артуы.

Қоғамдағы кәсіпкерлік  қабілетінің өсуі.

Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

Ұсыныс факторлары –  бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының  төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің  өсуі.

Бөлу факторлары –  қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.


 

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).

Информация о работе Экономикалық өсу туралы көп ақпарат