Экономикалық өсу туралы көп ақпарат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 18:14, курсовая работа

Описание работы

Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде
экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.
Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған.
Экономикалық өсудің мәні-экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру б.т: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар:

Содержание работы

1 Экономикалық өсуге жалпы шолу 6
1.1 Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы 6
1.2 Экономикалық өсудің перспективалары 7
1.3 Экономикалық өсудің факторлары мен модульдері 9
2 Экономикалық өсу саясаты 11
2.1 Нарықтағы экономикалық өсу 11
2.2 Қазақстан экономикасының құлдырауына жол бермеу 12
2.3 Экономикалық өсуді зерттеу 16
3 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу 18
3.1 Қазақстан экономикасының өсу динамикасы 18
3.2 Экономикалық өсудің негізгі көздері 19
3.3 Президент Н.Ә.Назарбаевтың елдің экономикасын өсірудегі алғышарттары 20

Файлы: 1 файл

курсов э.doc

— 165.00 Кб (Скачать файл)

Әрбір  қоғамда  адам  қажеттіліктері  шектеусіз,  ал  оларды қанағаттандыратын экономикалық  игіліктер  немесе  ресурстар  шектеулі  .  Экономикалық  теория  ғылымы шектеусіз  адам  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында  өндіру,  бөлу,  айырбастау және  тұтыну  үшін  шектеулі  ресурстарды қалай орналастырып  жеткізу керектігін

зерттейтін ғылым.Экономикалық теорияда қарастырылатын, зерттелетін  құбылыстар мәні экономикалық категориялар мен экономикалық заңдар арқылы бейнеленеді. 

Экономикалық  категориялар-  экономикалық құбылыстардың  мәнді жақтарын  көрсететін түсініктер.  Экономикалық  заң-  экономикалық  құбылыстар  арасындағы  қайталанатын үздіксіз байланыс. 

Қоғамдық  өндірістің  алғы  нысаны  натуралды  шаруашылық.  Натуралды  шаруашылықта еңбек  өнімдері  өндірушілердің  өз  қажеттіліктерін қанағаттандыруға  және  тұтынуға тікелей бөлу арқылы түсіп отырады.

   Өндірістің  натуралды формасы  бүкіл экономикалық процестерді қатты  тежейді, сыртқы байланыстарға жол бермейді, сондай-ақ натуралды шаруашылық тұйық, тұрақты, әрі өсуі өте  баяу процесс. Бұл  қазіргі  дүниеде  де  сақталып  отыр,  әсіресе  дамушы  елдерде орын алуда.

   Жалпы   алғанда, натуралды   шаруашылық   тауарлы   шаруашылықпен   қатар   дамыды. Натуралды  шаруашылыққа  қарағанда  тауарлы шаруашылық анағұрлым күрделі және  натуралды шаруашылыққа  тұп тура   қарама-қарсы. Тауар өндірісі  деп   отырғанымыз, қоғамдық    өндірісті    ұйымдастырудың    белгілі    бір    формасы    ретінде,  адамдардың  экономикалық  қатынастары нарық арқылы, еңбек өнімдерін  сатып   алу сату   арқылы  көрінетін  процесс. Тауарлы өндіріс дегеніміз өнімді өндірушінің тікелей өзі тұтыну үшін емес, нарыққа шығарып сат үшін өніретін өндірісті айтамыз.

   Өндіріс құрал-жабдықтарына  жеке меншікке негізделген тауарлы шаруашылықтың даму сипаты- нарықтың дамуына байланысты .

  

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Экономикалық өсу саясаты

2.1 Нарықтағы экономикалық  өсу.

Нарықтың мынадай үлгілерін  атап өтуге  болады, олар: дамымаған, дамыған, реттелетін, деформацияланған.  Әр  нарық  үлгісіне  тауарлы шаруашылықтың  ерекше  үлгісі  сәйкес келеді:  дамымаған  тауарлы  шаруашылы,  дамыған  нарықтың  тауарлы  шаруашылығы, реттелетін  нарықтың  тауарлы  шаруашылығы,  деформацияланған  нарықтың  тауарлы шаруашылығы.

I.  Дамымаған    нарықтың    тауарлы    шаруашылығында    тауар   өндірушілер өз  меншігіндегі  өндіріс құал-жабдығымен  өзі еңбек етеді, өндірілген  өнімдер өндірушілердің   иелігінде   болады,  тауар   өндірушілер   өндірген    тауардың  бәрін   сатпайды,  тек   бір   бөлігін ғана   сатады, яғни   тауар   шаруашылығы  жалпылама  сипат  алмайды.

II.  Дамыған  нарықтың  тауарлы  шаруашылығы  жалпылама   сипат  алады, оған  келесі  құбылыстар  тән: 

-  адамның  жұмыс   күшінің  тауарға  айналып   кетуі; 

-  өндірісте  жалдамалы   жұмысшылардың  еңбек  етуі;

-  өндірілген  өнімнің   басым  бөлігінің  нарық   арқылы  сатуға  арналуы. 

   Бұл    кезеңдегі    тауарлы    шаруашылықтың    еркін    бәсекенің   дамуымен 

сипатталатындықтан,  оны    еркін    бәсеке    дәуірінің    капитализмі   немесе  «еркін экономика» деп атайды.   

III.  Реттелетін    нарықтың    тауарлы    шаруашылығы    экономикада    мемлекеттік  және    жеке    сектордың    болуымен    сипатталады.  Мемлекеттік    реттеудің  басты  формаларына   заң   шығару, салықтық   және   қаржылық   формалары жатады.Реттелетін    нарықтың    тауарлы    шаруашылығының    бірнеше модельдері  бар:

-әлеуметтік  нарықтық  шаруашылық;

- аралас  экономика; 

- корпоративтік  экономика. 

IV.  Деформацияланған    нарықтың    тауарлы    шаруашылығы    әкімшіл-әміршіл  экономикаға  тән. Тауарлы  шаруашылықтың  бұл  моделі  қоғамдық  еңбек  бөлінісін, машиналы  өндірісті, ұлттық  экономиканы  ұдайы  реттеуді, еркін  нарықтық  қатыастарды  басып  тастау  құбылыстарымен  сипатталады.

   Тауарлы  шаруашылықтың  даму  кезеңдеріне  жасалған  қысқаша  шолу  тауарлы шаруашылық  пен  нарықтық  экономика  арасында  абсолюттік  теңдіктің  жоқ  екендігі жөнінде  қорыиынды жасауға мүмкіндік  береді. Нарықтық экономиканың негізгі тауарлы шаруашылық екендігі даусыз.

Кез  –келген  қоғам,  ең  басты  проблеманы  –  яғни,  адамдардың  әр  түрлі  қажеттіліктерін  толық  қанағаттандыру  үшін  сирек  кездесетін,  шектеулі  ресурстарды  тиімді  пайдалану проблемасын  үнемі шешіп отыру тиіс.Ол үшін қоғам экономиканың негізгі түш сұрағын: нені  өндіру  керек?  Деген  мәселелерді  шешуі  керек.  Нені  өндіру  керек  деген  мәселені

шешу  үшін  қандай  тауарларды,  қандай  мөлшерде  өндіру  керектігін  анықтап  алу  қажет. Сонымен қатар, қандай технологияны, шаруашылықты ұйымдастыруың қандай әдістерін, ресурстардың  қай  түрін  пайдаланғанда  ғана  ең  жоғары  әлеуметтік  және  экономикалық тиімділікке  жетуге  болатындығын  анықтау  қажет.  Сондай  –  ақ,  қоғам  өндірілген өнімдерді,  табыстарды  кімдердің  мүдделері  үшін  және  қалай бөлінетіндегін  де ескеруі керек. 

   Міне, осы күрделі және көп жақты проблемаларды шешу барысында қоғам экономикалық өсуді, халықты толық жұмыспен қамтуды, баға тұрақтылығын, экономиканы еркіндікті, табыстарды әділдікпен бөлуді, ауруларға, қарт адамдарға, халықтың әл – ауқаты нашар бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуді мақсат етеді.

   Енді, осы проблемалардың қазіргі нарықтық экономикада қалай шешілетіндігіне қарамастан бұрын, біз ең алдымен нарық ұғымына жалпы анықтама берейік. Себебі, нарық көпжақты, сщған байланысты оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да, экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.

   Олардың біріне мына анықтамаларды келтіруге болады. Нарық тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы қатынастарды қамтитын процесс немесе нарық сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет ететін сферасы.

   Үшіншілері, нарықты шаруашылық субектілерінің арасындағы қоғамдық байланыс формасы ретінде көрсетеді. Нарықтық қатынастардың мәнін анықтау  барысында, нарық ұғымының мағынасы екі жақты екенін ескері керек. Біріншіден, нарық айналыс, айырбас сферасындағы тауарлардың өтімін жүзуге асыру процесі, ал екіншіден, нарық – ал адамдар арасындағы

өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну процестерін  қамтитын экономикалық қатынастар жүйесін білдіреді. Нарық қаржы – несие формаларын пайдалануға негізделген экономиканың күрделі механизімі ретінде әрекет етеді.

Нарықтық қатынастарға айналыс  сферасындағы құбылыстардан басқа  мыналар кіреді: 

—  кәсіпорындарды жалға берумен  байланысты қатынастар;

—  бірлескен кәсіпорындардың  шетел фирмаларымен алмастыру процестері;

—  еңбек биржасы арқылы жұмыс  күшін жалдау және пайдалану процесі;

—  белгілі бір процентпен несиелерді беру кезіндегі несие қатынастары;

—  тауар, қор, валюта биржалары  мен басқа да сфераларын қамтитын нарық

инфрақұрылымының басқару процесі; 

Нарықтық экономика өзін - өзі  реттеуші жүйе ретінде әрекет етеді. Ол жеке тұлғаның тәуелсіздігіне, кез—келген табыс әкелетін кәсіпкерлік қызметті жүзуге асыраудағы өндірушінің еркіндігіне, еңбек түрлерін таңдаудағы жұмысшының еркіндік принциптеріне негізделген.

Нарықтық экономика  жүйе ретінде бәсекелестік және монополизмді

байланыстыруда белгілі  бір оптималды тепе—теңдікке  қол жеткізеді, сондай –ақ өндіріс  құрлымымен сәйкестендіреді, жаңа техника мен технологияны енгізуді ынталандырады т.б.

 

2.2 Қазақстан экономикасының құлдырауына жол бермеу.

2005 жылғы тамыздың 26-сы күні Үкімет  қаулысымен бекітілген «Қазақстан  Республикасының әлеуметтік-экономикалық  дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында» осы кезең ішіндегі еліміздің дамуы жан-жақты көрініс тапқан. Қазақстан Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты Мемлекет басшысының «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты 2004 жылғы наурыздың 19-ындағы және «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы ақпанның 18-індегі Қазақстан халқына Жолдауларын ескере отырып әзірленген. Және де бұл жоспар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткіштерінің және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік реттеуіштердің болжамы, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде жасалған. Орта мерзімді фискалдық саясат әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарын іске асырудың негізгі тетіктерін , кірістер мен шығындар саясатын, бюджеттік несие беруді, қаржы активтерін басқаруды, бюджетаралық қатынастарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борышты басқаруды қамтиды. Бұл құжатта Қазақстан Үкіметінің 2006 -2008 жылдарға арналған фискалдық саясатының негізгі мақсаттары, міндеттері мен бағыттары айқындалған. Қазақстан Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты 2006 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру процесінің негізі әрі бастауы және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде салық және бюджет саясатын іске асыру кезіндегі үйлестіруші құжат болып табылады. Үкіметтің алдағы үш жылға арналған жоспарында әуелі өткен жылдарға қысқаша шолу жасалған. Енді еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасар болсақ, қазақстандық экономиканың қазіргі жай-күйі барынша қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен сипатталады, бұл экспортты, сондай-ақ аралық тұтыну тауарлары мен қызметтерін дамытуға оң ықпал етеді. 2005 жылдың бірінші жарты жылдығында тазартылған мыстың 1 тоннасының орташа әлемдік бағасы 2001 жылмен салыстырғанда 2,1 есе, алтынның бір унциясы - 1,6 есе, мұнайдың бір баррелі 2 есе ұлғайды. Қазақстандық экспорттың аса маңызды баптарына әлемдік бағаның биік деңгейі экспорттық пайданың өсуіне негіз болды. 1998 жылмен салыстырғанда 2004 жылы экспорттың номиналды ұлғаюы 3,7 есені, ал мұнай экспорты бойынша - 6,4 есені құрады. Бұл бағаның жоғары болуынан басқа осы кезеңде мұнай өндірудің 2,4 есені құрағанына байланысты болып отыр. Қазіргі уақытта экспорт көлеміндегі мұнай үлесі 52,3 пайызды құраса, 1998 жылы ол тек 27,4 пайызды құрады. Экспортты дамытудың аталған қарқыны негізінен сыртқы экономикалық фактор есебінен қазақстандық экономиканың экономикалық әлеуетінің ұлғаю үрдісін сипаттайды. Сайып келгенде, бұл - шағын экономика үшін дамудың дұрыс бағыты. Алайда, Қазақстандағы экспорт өсімі негізінен шикізатты және оның бастапқы өңдеу өнімдерін жеткізу есебінен қамтамасыз етіледі. Соңғы жылдары экспорттың өсуі жалпы ішкі өнімнің серпініне айтарлықтай әсер ете бастады. ЖІӨ көлемінің ұлғаюына баға факторының басып озу әсері 2003 - 2005 жылдардағы экономика дамуының ерекшелігі болып табылады. 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда ЖІӨ-нің 22,3 пайызға, оның ішінде өндірістің табиғи көлемінің 8,8 %-ға өсуі, өндірілген тауарлар мен қызметтерге бағаның 12,5 пайызға артуы есебінен номиналды ұлғаюы болжанып отыр. Елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Үкіметінің фискалдық саясаты мұнай мен металлдардың әлемдік бағаларының жоғары болуынан алынған кірістерді ішкі айналымнан шығару жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған. Шикізат экспортынан түсетін үстеме кірістердің барлығы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына шоғырландырылады. Бұл ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қолдауға, инфляция өсуінің жоспарланған өлшемдеріне қол жеткізуге, «голланд ауруы» туындауының, яғни, өндірістік құрылымның шикізаттық салалардың пайдасына «тоқырауының» алдын алуға ықпал етеді. Мысалы, энергия жеткізгіштердің әлемдік бағасының айтарлықтай өсуі салдарынан елге шетелдік валютаның ағылуы кірістердің бір бөлігін Ұлттық қорға аудару есебінен ішінара тазартылды. Көптеген факторлар ескерілетін экономикалық өсу факторларын - капиталды, еңбек ресурстарын және жалпы факторлық өнімділікті талдау 2000 - 2004 жылдары экономикалық өсу негізінен, капиталдың өсуі есебінен және аз деңгейде жалпы факторлық өнімділіктің өсуі есебінен қамтамасыз етілгенін көрсетеді 2000 - 2004 жылдары экономикалық өсуге капитал факторының үлесі орта есеппен 6 пайызды, еңбек факторының үлесі - 1,2 пайызды құрады. Жалпы факторлық өнімділіктің өсу үлесі 3,2 пайызды құрады. Бұл кезеңде экономикалық өсудің басты факторы негізгі капиталдың ұлғаюынан болды. Уақыт өте келе дамыған елдер экономикасының өсуіне негізгі үлес қосатын жалпы факторлық өнімділіктің артуы негізгі өсу факторына айналуға тиіс. Жалпы еңбек өнімділігі факторы экономикадағы еңбек өнімділігінің өсуін ғана емес, жүргізіліп жатқан құрылымдық реформаларды, адами капитал мен технологияларды пайдалану тиімділігін де көрсететінін айта кету қажет. 2000 - 2001 жылдары экономиканың өсуіне реформалардың әсері ерекше болды. 2002 - 2003 жылдары олардың тиімділігінің едәуір төмендеуі байқалды, бұл 2004 жыл қорытындылары бойынша айтарлықтай өсуге алмасты. Негізгі капиталдың жинақталуы ұзақ мерзімді кезеңде экономика өсуінің басты факторы бола алмайтынын ескерсек, жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігі, еңбек өнімділігінің, инновациялардың және адами капиталдың өсуі қазақстандық экономиканы дамытудың басты факторлары болуы тиіс. Халықаралық капитал рыноктарында жоғары ішкі сұраныс пен қарыз ресурстарының салыстырмалы төмен құны байқалуда. Бұл Қазақстанға шетелдік инвестициялардың едәуір көлемін тарту үшін басты ынталандыру болды. Бұл ретте Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің жоғары бағасы қазақстандық қарыз алушылар үшін шетелдік капитал құнының төмендеуіне ықпал етті. Аса ірі халықаралық рейтингтік агенттіктер тұтастай республикаға да, қазақстандық жетекші банктерге де инвестициялық санатқа жататын рейтингтерді берді. Экспорттық кірістердің күрт өсуі және қарыз капиталының ағылуы сияқты ішкі валюта рыногына жасалған қысымның салдары теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбас бағамының номиналды қымбаттауы болды , биржалық айырбас бағамы номиналды мәнде жыл басынан бері 9,3 пайызға нығайып, 2004 жылдың соңында бір доллар үшін 130 теңгені құрады. Алдын ала болжамдар бойынша 2005 - 2008 жылдары орташа жылдық инфляция деңгейі 5 - 7 пайыз аралығында болады. Ішкі рынокта валюта сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық резервтері өсімінің негізгі көзі болды. Бұл жыл бойы екі есе дерлік көбейді және 2004 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 9,3 млрд. АҚШ долларына бағаланды. Халықаралық резервтердің бұл қоры тауарлар мен қызметтер импортын қаржыландырудың қажеттілігін 4,5 айдан астам қамтамасыз етеді. Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының соңғы үш жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау экономиканың тұрақты жоғары даму қарқыны сақталған кезде орта мерзімді кезеңде сыртқы және ішкі рыноктарда экономиканың шикізат емес секторларының бәсекеге қабілеттілігіне едәуір әсер етуі мүмкін жаңа үрдістер нақты көрiнiс бере бастады. Қазіргі уақытта экономиканың «ентігіп қалуына» жол бермеу ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстан экономикасының дамуына ықпал ететін сыртқы факторлар айтарлықтай өзгерді. Бұл, ең алдымен, мұнай экспортының жоғары өсу қарқынына және мұнайдың, газ бен металдардың әлемдік бағаларының ұлғаюына, АҚШ долларының әлемдік валюта рыногындағы айырбас бағамының өзгеруіне, елге шетелдік капиталдың едәуір ағылуына байланысты болып отыр. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасында экономиканың «ентігіп қалуының» нақты қаупін айғақтайтын үрдістер белгілі болды. Бұл - мұнай секторының экономикалық өсуге ықпалының ұлғаюы, инфляциялық процестердің жеделдеуі, сыртқы берешек пен екінші деңгейдегі банктердің кредит беру көлемдерінің шамадан тыс өсуі, ұлттық валютаның нақты нығаюы. Ұлттық қор қаражатын есепке ала отырып, бюджеттің жалпы профициті мен мұнай кірістерін жинақтау үлесі азаюда, ал мұнай емес сектордың тапшылығы өсуде. Соңғы жылдары мемлекеттік бюджет шығыстарының орташа өсу қарқыны номиналды ЖІӨ-нің өсу қарқынын басып озды. Экономиканың «ентігіп қалуын» болдырмау мақсатында фискалдық саясаттағы негізгі өлшем ретінде пайдалануға болатын бюджеттің мұнай емес тапшылығы жөніндегі оңтайлы орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарларды айқындау керек. ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді кезеңге арналған тұжырымдамасының жобасында көзделетін Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тетігін пайдалану қажет. Макроэкономикалық тұрақсыздыққа жол бермеу және Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөнінде жүйелі шараларды жалғастыру үшін Орта мерзімді фискалдық саясат әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары жобасының басты міндеттерін іске асыруға бағытталуы тиіс. 2006 - 2008 жылдары орташа жылдық инфляцияның 7 пайыздан жоғары өсуіне жол бермеу көзделіп отыр. Сондай-ақ индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөнінде жүйелі шаралар жүргізілуде. Алдағы кезеңде телекоммуникациялар, энергетика және темір жол көлігі саласында монополиялық құрылымдарды қайта құрылымдау, экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі қарқынды факторлардың үлесін арттыру бағыттары көзделіп отыр. Бұл міндеттерді шешу Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыруға ықпал етуі тиіс. 2004 жылғы мемлекеттік бюджеті атқару қорытындылары бойынша бюджетке түсетін түсімдер ЖІӨ-ге 23,5 пайызды, оның ішінде кірістер - ЖІӨ-ге 23,2 пайызды, оның ішінде салықтық түсімдер - ЖІӨ-ге 21,4 пайызды, салықтық емес түсімдер - ЖІӨ-ге 1,5 пайызды, капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістер - ЖІӨ-ге 0,3 пайызды құрады. Ал қайтарылған несиелер ЖІӨ-ге шаққанда 0,3 пайызға тең. 2004 жылы мемлекеттік бюджет шығыстары ЖІӨ-ге 23,9 пайызды құрады. Мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ көлемінің 0,3 пайызын құрады. 2005 жылы түсімдер ЖІӨ-ге 23,5 пайызды, шығыстар - ЖІӨ-ге 25,5 пайызды, мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге 1,9 пайызды құрайды деп болжанып отыр. 2005 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі қолданысқа енгізілгеннен бері бюджет процесін ұйымдастыру соның нормалары негізінде жүзеге асырылады. Бюджет кодексінің қабылдануы орта мерзімді жоспарлаудың рөлін күшейтуге мүмкіндік берді және бюджет жүйесіндегі заңнаманы үйлестiруді қамтамасыз етті. Елдегі экономикалық және бюджеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу практикасы тұрғысынан алдағы үш жылға арналған фискалдық саясат мемлекеттің ұзақ мерзімді, орта мерзімді бағдарламалық құжаттарына сәйкес құрылатын болады.

 

2.3 Экономикалық өсуді зерттеу

Қазақстан экономикасында орын алған жағдай отандық экономист-ғалымдардың алдына өте қиын міндет қоюда. Экономикалық зерттеулер институтының ғалымдары тәжірибеде  тікелей қолданылатын қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.                                                            Институтта “Қазақстан Республикасының халқын қоныстандыру мен аймақтың экономикалық әлеуетінің даму алғышарттарын зерттеу” атты ірі ғылыми-зерттеу жобасы жасалды. Онда Қазақстан аумағындағы экономикалық  факторлар мен адам ресурстарын дамыту есепке алына отырып, халықты қоныстандыру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары сараланған. Геосаяси факторлар ескеріліп, оларды қоныстандыру және аймақтың экономикалық әлеуетін дамыту жайына болжам жасалған. Жүргізілген жұмыстың  соңғы нәтижесі “ҚР халқын қоныстандыру және кеңістіктің даму тұжырымдамасы” болып табылады. Бұл іске асырылу үшін ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетіне жіберілген. Ол Қазақстан Республикасының жаңа Бас дамыту сызбасын әзірлеу бойынша  дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылатын болады.       Макроэкономикалық болжам бойынша жұмыс жүргізу үшін Дүниежүзілік банктің болжау тәжірибесінде апробацияланған қолданбалы экономикалық-математикалық модельдер кешені пайдаланылады: RMSM-X қаржы бағдарламасының моделі; CGEM жалпы тепе-теңдік моделі.                    Салалық деңгейде талдамалы құрал ретінде өндірістік өзара қарым-қатынас жүйесінде ұдайы өндіріс үдерісін бағалау үшін салааралық баланстың моделі пайдаланылады.                                                                              Әрине, осы бағыттағы жұмыс қиын, жоғары білікті кадрларды, экономикалық-математикалық модельдеу аумағында үлкен тәжірибені талап етеді. Осыдан келіп, институт берілген аумақта мамандандырылған озық ресейлік ҒЗИ-лармен байланыстар жасауда.  Олардың мамандары Мәскеудегідей Қазақстанда да біздің ғалымдарымызға мастер-класс жүргізеді.                                                                                                    Макроэкономикалық болжамның алдын ала нәтижелері объективті құрылған үрдістерді, экономикалық өсудің факторлары мен механизмдерін бейнелейді. Біздің алдын ала болжамымыз бойынша, ІЖӨ-нің физикалық көлемінің өсуі 2008-2009 жылдары 5,2% құрайды; өнеркәсіп – 4,5%-4,7%; негізгі  капиталдың жалпы қорлануы – 26-27%; үй шаруашылығының шығындары 57-58%  деңгейінде болады.                                                                  Бүгінде институтта ақпараттық-талдау жүйесі негізінде іске асырылған, “Елде және әлемде болып жатқан экономикалық үдерістерге шұғыл  мониторинг жүйесі” жұмыс істеуде. “Шұғыл мониторинг жүйесі” негізгі макроэкономикалық индикаторлардың күнделікті, апталық және айлық жағдайын; әлемдік тауар және қаржы рыноктарының динамикасын; шынайы сектордың негізгі салаларын; ҚР негізгі тамақ және тұтыну өнімдерінің баға динамикасын; жүк тасымалының интенсивтілігі мен басқа да көрсеткіштерді қадағалайды.                                                                                                                   Келесі кезең экономикалық және қаржылық дағдарыстарды ерте  анықтау және қысқа мерзімді болжау блогын “Шұғыл мониторинг жүйесіне” тұрғызу болып табылады. Осы мақсатта институтта озық индикаторлардың жүйесі әзірленуде (ОИЖ), оның негізінде іскер белсенділік циклдарының мониторингі мен талдауы,  қысқа мерзімді болжамдарды жүргізу, меморгандарға экономикада алдағы 2-3 айда болуы ықтимал қолайсыз үрдістер туралы ақпарат беру жүргізілетін болады. Осы жүйені дұрыстау мақсатында 2008 жылдың шілдесінде Экономикалық зерттеулер институты қызметкерлерінің Оңтүстік Кореядағы Даму институтына сапары жоспарланып отыр. Онда осы секілді жүйе Азиядағы дағдарыстың 1997-1998 жылдарғы тәжірибесін есепке  ала отырып жасалады.                                Экономикалық зерттеулер институтының ғалымдары экономика ғылымының өсуіне және қазақстандық экономиканың өзекті деген проблемаларын зерделеуге өздерінің зерттеулері арқылы үлес қосуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Қазақстан Республикасындағы  экономикалық өсу

3.1 Қазақстан экономикасының өсу динамикасы

2008 жылғы әлемдік экономиканың  жағдайы біршама шиеленісіп тұр.  Жетекші әлемдік сарапшылар мен  халықаралық институттар қаржы  рыногы мен биржалық тауарлар  рыногында болашақ үрдістердің  өсіп келе жатқан белгісіздігін  ескере отырып, әлемдік экономиканың болжанып жатқан өсу қарқынын үнемі реттеп, түзетіп отырады.                                                        2008 жылдың сәуірінде ХВҚ (Халықаралық валюта қоры) жаһандық экономикалық өсу  бойынша болжамды кезекті көрсеткішті 4,2%-дан (2008 ж. қаңтарына болжам) 3,7%-ға дейін төмендетті. ХВҚ 2009 жылы да маңызды жақсы өзгерістерді күтпейді.                                                         2008 жылдың мамырында Нью-Йоркте ұсынылған БҰҰ-ның “Әлемдік экономикалық жағдай және 2008 жылға арналған перспектива” атты баяндамасында әлемдік экономиканың көрсеткіші 1,8%-ға дейін төмендейтіні болжанған. Жалғасып жатқан қаржы дағдарысын, америкалық доллар курсының түсуін, мұнай мен азық-түлік бағасының қымбаттауын ескере отырып, БҰҰ экономистері болжамның үш нұсқасын жасап шығарған. Олардың ең нашары АҚШ ІЖӨ-сінің 1,2%-ға төмендейтінін жорамалдайды, өте  жақсы деуге болатыны – өсім  1%-ды, базалық түсім 0,2%-ды құрайды.             Елдің әлемдік экономикасының өсу қарқынының жалпы төмендеу көрінісінде ТМД елдері оң нәтижелер көрсетті, делінген БҰҰ-ның “2007-2008 жылдардағы Еуропа экономикалық комиссиясы аймағындағы экономикалық жағдай” баяндамасында. Бірақ ең ауыр проблема инфляция болып тұр. ХВҚ-ның бағалауы бойынша, ТМД елдерінде 2008 жылы ІЖӨ өсуі орташа есеппен  7% құрайды, Қазақстан бойынша – 5%, ХВҚ әдістемесі бойынша инфляция деңгейі ТМД елдерінің тобында (оның ішінде Қазақстанда) 13% -дық межеден асады.                                                Қазақстанда 2008 жылғы 21 – 30 сәуір аралығында болған ХВҚ-ның тапсырмасында “...ІЖӨ-нің өсу қарқыны 2009 жылы 6%-дан жоғарыламас бұрын, 2008  жылы 5%-ға төмендейтіні” расталды, бірақ сонымен бірге, әлемдік экономикадағы жоғары белгісіздік жағдайын және оның Қазақстанның экономикасына әсерін тағы да ескермесе болмайды.           БҰҰ-да Ресей мен Қазақстан өздерінің энергия ресурстарына мемлекеттік бақылауды күшейтуге немесе осы секторда мемлекеттік меншіктің үлесін арттыруға талпынуда деп атап өтілген. ТМД Статкомитетінің 2008 жылғы болжамдары бойынша негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің бірқалыптылығы болады.                                                                                  Қазақстандағы жағдай 2007 жыл бірқатар маңызды үрдістермен сипатталды:                                                                                                               1. Қазақстан экономикасының интеграциясы жаһандық үдерістерде екі жолда күшейтілді: қара және түсті металлургияның, кен қазу өнеркәсібінің тауарлы өнімдері экспортының өсуі, сондай-ақ сыртқы қаржы рыногына  ЕДБ қарыз алуы  арқылы.                                                                                        2. Инфляцияның қауырт өсуі негізінен монетарлы емес сипаттағы факторлармен байқалды, атап айтқанда, әлемдік рыноктағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жағдайымен, оның ішінде 2007 жылы мамырда инфляцияның өсуі әлемдік рынокта бидай бағасының өсуімен; 2007 жылы тамызда азық-түлік бағасының еуропалық жоғарылауымен байланысты болды.                                                                                                                        3. Экономикада құрылымдық ілгері жылжулар байқалды: қолайсыз сыртқы экономикалық конъюнктурамен тікелей байланысы болмаған салалардың экономикалық өсуіне деген салым өсті.                                            4. Интенсивті экономикалық өсу мен жоғары инфляцияның тіркесуінде көрініс тапқан экономиканың “қызып кету” белгілері байқалды, сонымен бірге, кредит рыногының “қызып кетуі”, әсіресе жалақының жеделдетілген өсуімен байланысты құрылысты несиелеу, жылжымайтын мүлікпен операциялар, сауда-саттық, тұтыну кредиті секторларында байқалған.               5. Қазақстандық ЕДБ-ның сыртқы қаржыландыру жағдайы 2007 жылдың екінші жартысынан бастап төмендеді, ол қазақстандық қарызгерлерді несиелеу жағдайының және қаржы өтемпаздығы жағдайының нашарлауына алып келді.                                                                                                       

Информация о работе Экономикалық өсу туралы көп ақпарат