Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2015 в 14:46, курсовая работа

Описание работы

Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз – нарықтық қатынастың тиімділігін қамтамасыз етуге әлеуметтік-экономикалық процесте әдістер мен тетіктердің көмегімен әсер ететін, елдің экономикалық өміріне мемлекеттің қатысу формасын зерттейтін ғылыми экономикалық пән. Экономиканы мемлекеттік реттеу – қоғамдық ұдайы өндірістің барлық салаларын қамтиды. Әсіресе нарықтық экономика жағдайда экономикалық реформалар жүргізу үшін мемлекеттің реттеу қызметінің қажеттілігі зор. Мәселен меншікті, материалдық өндірісті, еңбек нарығын, қаржы нарығын реформалау. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарына сүйенеді.

Файлы: 1 файл

курсовая работа.docx

— 63.44 Кб (Скачать файл)

Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектілері - бұл автоматты түрде шешілмейтін, немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мүмкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы - әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың калыпты дамуы үшін қажетті.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау жағдайын; жұмыспен қамтамасыз етілуін, ақша айналымын; төлем балансын; бағасын; бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы мен қайта дайындауын; коршаған ортаны; сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады.

Мемлекеттің кезеңдікке қарсы немесе шаруашылық жағдаятын реттеу саясатының мәні тоқырау мен дағдарыс кезінде тауарлар мен қызметке сұранысты қолдау мен капитал салу және жұмыспен қамтамасыз етуден тұрады. Ол үшін жеке капиталға қосымша қаржылық жеңілдіктер беріледі, мемлекеттік шығындар мен инвестициялар өсіріледі.

Экономиканың ұзақ мерзімді көтерілу кезінде, тауар қорының азаюы, импорттың өсуі және баланс төлемінің нашарлауы, жұмыс күшіне сұраныстың күшеюі тәрізді қауіпті жағдайлар пайда болуы мүмкін және осыдан келіп, баға мен еңбекақының негізсіз өсуіне әкеледі. Мұндай жағдайда, экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеті -«экономиканың қызып кетуіне» жол бермеу үшін, яғни тауарды артық өндіру мен артық қорланудың мүмкін болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың, күрделі қаржы жұмсалымының және өндірістің өсуіне жол бермеу қажет.

Экономиканы мемлекеттік реттеу сонымен бірге, аумақтық құрылым мен салалық шеңберде маңызды рөл атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік күрделі қаржы жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты жағдай қамтамасыз етіледі: бір жағдайда созылмалы дағдарыста қалған шаруашылық бірліктері мен салаларына қолдау көрсетіледі; басқа жағдайда - салалардың ішінде, салалар арасында және барлық халық шаруашылығында оның тиімділігін көтеруде және бәсекелестік қабілетін арттыруда құрылымдық ілгерілеушілікке әкелетін, өндірістің түрлері мен жаңа шаруашылық саласының дамуы көтермеленеді. Сонымен бірге, өндірісті шектен тыс шоғырландыруға кедергі жасауға шаралар қабылдануы да мүмкін.

1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдісі мен механизмі

Нарықтық қатынастар макроэкономикалық тұрақтылық және оның тиімді сәйкестіліктерін қамтамасыз ете алмайды, сондықтан бұл проблеманы шешу мемлекеттің үлесінде болады. Егер жалпы экономика объективтік экономикалық заңдардың, айтайық, тиімділіктің кему, азаю заңы, пайдалылықтың кему заңы, сұраныс және ұсыныс зандары және тағы басқадай заңдардың талаптарына сәйкес келсе, онда ол тұрақты және тиімді түрде дамиды. Бұл зандардың әрекеті жеке емес біртұтас әлеуметтік-өңдірістік және экономикалық катынастар (өнім өндіру, оны бөлу, айырбастау, тұтыну процесінде құрастарылады) жүйесінде көрінеді. Бірақта бұл топтағы қатынастардың әрбір жеке біреуі өзіне тиісті экономикалық заңның талаптарын бейнелейді. Мысалға, өндіріс факторларымен алынған өнімнің арасында өзара байланысты сипаттайтын көрсеткіштің өрісін зерттегенде өнімнің өсуі төмендейтін үрдіс орын алатыны байқалады, егер ол өсу факторлардың тек біреуі арқылы қамтамасыз етілсе. Бұдан мынандай зандылық туындайды - нарық  шаруашылығының макроэкономикалық және тиімділік тепе-теңдігі туындыратын, оны қамтамасыз ететін шаралар тиімділіктің кему заңының талаптарына негізделуіне тиісті. Ал, егер материалдық-каржылық ресурстар туралы болса, олар сұраныс және ұсыныс заңының талаптарының мәнін білдіреді, бұларды макро- және микродеңгейде реттеудің нәтижесіңде өндірілген өнімдерді және көрсетілетін қызметтерді өткізудің қолайлы сәйкестілігі туындайды. Бірақта қоғамның өңдірістік емес қажеттілігін қанағаттандыруға жіберілетін өнім бөлігінің тиімділігіне «пайдалылықтың кему заңының» талабын еске ала отырып баға беру керек. Бұл өнімнің пайдалылығының өсуі оны тұтынудың өсуімен салыстырғанда тым баяу болатынын, өсетінін көрсететін заңдылық. Мемлекеттік реттеуде бұл заңдылықтың ескеріліп тұруы қажет.

Экономикалық дамудың мақсаттарының және саяси құрал саймандардың өзара байланыстарының өзгерулерінің көлемін, санын сипаттайтын көрсеткіштерді мультипликатолар деп аталу қалыптасқан.

Егер экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми негізделінген тұжырымдамасы болмаса, негізгі принциптері және механизмдері белгіленбесе, онда оны жүзеге асыру мүмкін емес. Реттеу тұжырымдамасы экономикалық саясаттың, нарық шаруашылығының макроэкономикалық мақсаттарының және басым дамыған салалардың өзгеруіне қарай (мультипликатордың сипатына қарай) өзгеріп тұрады.

Экономиканы реттеу тұжырымдамасын құрастырарда мына Қазақстандағы жағдайлар есептелуі керек. Олар: экономиканы дағдарыстан шығарудың қажеттілігі, шаруашылықтың нарықтық үлгісіне тез өту мақсатта жекешелендіру процесін тездету, өнеркәсіптің және сыртқы экономикалық байланыстың шикізаттық бағытта болуы және т.б.

Экономиканы реттеудің ғылыми тұжырымдаманың басты бағыттары:

1. Меншіктің  екі түрі (мемлекеттік, жеке меншік) болуына байланысты шаруашылық  қызметін реттеудің екі әдісінде - жоспарлау және нарықтық, колданушының  қажеттілігін ескеру.

Егер мына көрсетілген жағдайлар ескерілсе, онда жоспарлау әдісін қолданғанда ол нәтиже береді:

- жоспарлаудың әміршілік - директивтік мәні жойылса;

- жоспарлаудың баланстық, реттеушілік қызметтерін күшейту;

- мақсаттық бағдарламаның тиімділін және рөлін көтеру.

Мемлекеттік реттеу нарықтық қатынастарды кұрастыруға, оның механизмін нығайтуға бағытталынуы қажет. Сонымен жоспармен нарықтық тәсілдерді қолдану мемлекеттік реттеудің алғашқы позициясы және мақсатты белгілеушілер ретінде көрінеді.

2. Макроэкономиканы реттеу процесінде үкіметтің қызметінің бағыты, көзқарасы анық байқалуы қажет, онсыз бұл процестің қазіргі, нақтылы, болмаса болашақтағы нәтижесін білуге болмайды. Егер ол нәтиже қолайсыз болса, оны дұрыстау, жөндеу үшін көп уақыт және материалдық шығындар кетеді. Сондықтан, үкіметтің ой-пікірі, қызметі мемлекеттік реттеу тұжырымдамасында нақтылы  көрсетілуі керек. Олар ғылыми негізделінген болу керек.

Құрылымдық-инвестициялық аяны реттеу макроэкономиканың тиімділігінің көрсеткіштерін жоғарылатуға бағытталуы қажет. Мұнда қоғамның өндіргіш күшінің қолайлы, дұрыс орналасуының маңызы зор.

Құрылымдық-инвестициялық аяны реттеуде басты мақсат республиканың халық шаруашылығының ғылыми-техникалық базасын сапалы түрде жетілдіру, жаңаландыру. Ол үшін өзіміздің отандық ресурстарды және шетелдік технологиялық инвестицияларды дұрыс, ұтымды пайдалану керек. Мұнда шетелдік инвестицияның екі есе қымбатқа түсетінін естен шығармау керек.

Реттеудегі макроэкономикалық көзқарастың тағы бір маңызы - ол ұлттық. Қазақстан экономикасын дүниежүзілік шаруашылыққа кіргізу, онымен араластыру. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысын жалпы мемлекттік реттеу проблемаларының басымдылары мыналар:

- технологиялық инвестицияны тарту арқылы импорттық тауарды алмастыратын өнімдерді кеңейту, көбейту;

- экспортқа шығарылатын бәсекеге қабілетті жоғары дайын өнімдерді өндіруге мемлекеттік қолдау жүйесін құрастыру. Экспортқа табиғи шикізаттарды шығарудың болашағының жоқтығы ескерілуі керек.

Сонымен экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы былай қорытындыланады. Ол жоспарлау және нарықтық үлгілердің басым, артықшылықтарын дұрыс пайдалану арқылы мемлекеттің макроэкономикалық, құрылымдық-инвестициялық және сыртқы-экономикалық саясатын тиімді түрде жүзеге асыру, қоғамның шаруашылық қызметін реттеп, жөнге келтіріп тұру.

Тұжырымдамадан экономиканы мемлекеттік реттеудің принциптері туындайды. Оның басты принциптері мыналар:

- барлық мәселелердің шешімінің табысты болуын қамтамасыз ететін бірінші кезекте орындалатын басым іс-әрекеттерді белгілеп, анықтау;

- нарық шаруашылығын басқару жүйесінің барлық деңгейінде тиімді сәйкестіліктің және тепе-теңдіктің болуы.

- мемлекеттік реттеудің міндеттерінің деңгейіне сәйкес келетін құрал-саймандарды таңдау, дайыңдау;

- қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына және макроэкономикалық тұрақтылыққа ықпал жасайтын объектілерді кешеңді түрде реттеу.

Мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы және принциптері белгіленгеннен кейін, онда көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыратын құрал-саймаңды, механизмді таңдап алу қажет болады. Ол механизмге мыналарды жатқызуға болады:

1) болжамдау  және стратегиялық жоспарлау;

2) қаржылық  – бюджеттік реттеу;

3) салықтық  реттеу;

4) ақша - несиелік реттеу;

5) бағаны реттеу;

6) кеден- бажды реттеу;

7) номативтік - тарифтік реттеу;

8) әкімшілік-құқықтық және лицензиялық реттеу;

9) нарықтық реттеу. 

Экономика өзін-өзі реттейтін жүйе. Басқадай кез-келген өзін-өзі реттейтін жүйедегідей, бұл макроэкономикалық жүйеде де екі жақтылықта болып орын алады - реттеу объектісі және реттеуші. Реттеу объектісінде табиғи ресурстарды өзгерту нәтижесінде қоғамның кажеттілігін канағаттандыратын өнім өндіріледі, ал реттеуші меншік туралы. Қатынастардың ықпалымен туындайтын пайда мен шығындар туралы хабарды өзгертіп тұрады. Реттеушінің өзінің объектісіне ықпал етуін біртұтас құбылыс ретінде қарау керек. Жоғарыда айтылғандай реттеудің төменгі объектісі ақпарат болып саналады. Ақпарат реттеу объектісінің жұмыс жасау процесінде пайда болады және ол сосын реттеушіге айналады. Сондықтан бұл екі төменгі жүйелер өзара тікелей және керісінше ақпараттау байланысында болады. Олар экономикалық жүйенің ішкі жағдайын реттеудің сыртқы ықпалын, жеке мақсатын сипаттайды.

Реттеушіден реттеу объектісіне жіберілген ақпараттар байланысы - ол тікелей байланыс көрінісі. Реттеу объектісінің белсенді түрде қатысуы керісінше байланыс - ол объектіден реттеушіге баратын байланыстар. Олар дұрыс-жағымды және теріс-жағымсыз болып екіге бөлінеді. Дұрыс-жағымды  байланысы кіру сигналына ықпалды күшейтеді (олардың белгілері біреу болады), ал теріс-жағымсыз байланыс – кіру сигналына ықпалды әлсіретеді (белгілері керісінше болады). Егер жағымды кері байланыс экономикалық жүйенің тепе-теңдігін бір жағдайдан басқа жағдайға өтуін қамтамасыз етсе (тепе-теңдіксіз арқылы), ал теріс кері байланыс экономикалық жүйені тепе-теңдіксіз жағдайдан тепе-теңдікке қайтарады.

Кері байланыста катаң және бейімді (адаптационный) болып екіге бөлінеді. Егер кері байланыс сигналы өзінің мән–маңызы жағынан кіру сигналы мен бірдей болса және оның өзгеруінің шашпаңдығына тәуелді болмаса, мұндай байланысты қатаң байланыс деп атайды. Егерде кері байланыс кіру сигналының өзгеру шапшаңдығына қарай түзетілсе, бұл байланыс бейімделген байланыс делінеді.

Жоғарыда айтылған реттеудің жалпы теориясының іргетасты-қолданбалы экономикалық жүйеде қолданылады, ал олар төменде көрсетілген құбылыстардан көрініс алады.

Нарық механизмі экономикалық жүйені реттеудің негізі болып саналады, ал оның негізі сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдік. Бұл механизм экономикалық жүйенің ішкі және сыртқы жағдайына көңіл бөліп, ықпал ете алады. Мұндайда экономикалық субъектілердің тәжірибесіне қарай нарық механизмінің әсері қатал болмаса, бейімделген түрде кері байланыста болуы мүмкін. Бірақта нарықтық механизм өз бетімен реттеудің мақсатын қоюға шамасы келмейді, яғни мақсатты қоя алмайды, сондықтан экономиканы мемлеттік реттеу қажет болады. Мұндай жағдайда экономикалық жүйені кері байланысқа негізделінген реттеу процесі екі кезеңде жүзеге асырылады:

а) реттеу бағдарламасын өңдеу;

б) реттеудің өзі.

Бұл реттеу проблемасы айрықша талдау жасауды талап етеді. Экономикалық процесс тек даму мақсаты таңдалған жағдайда реттелінеді және ол мақсат қолда бар өндірістік ресурстардың көлеміне сәйкес, келісімді болса ғана іске асырылады. Мұндай жағдайда субъективизмге және волюнтаризмге жол берілмеу керек, тек экономикалық заңдарға, тәсілдерге сүйенуі қажет.

Реттеу бағдарламасын жасар кезде экономикалық жүйенің іс-әрекетінің өткен уақыттағы нәтижесі анықталады және жинақталған тәжірибеге талдау жасау негізінде болашақта дамудың нақтылы мақсаттарын құрастырып, оларды бағдарламаға кіргізеді. Мұнда сөз болып тұрған болашақты жобалау, өйткені экономикалық жүйенің жаңа жағдайға өтуі белгілі бір уақытты талап етеді. Реттеу кезеңінде экономикалық жүйенің алдағы уақытта дамуының нақтылы мақсаттары қазіргі уақытта жұмыс жасап тұрған жүйеде жүзеге асырыла бастады. Былайша айтқанда жобада белгіленген мақсаттар жүзеге асырылады.

Мұндай қозғалыс ықтималдылық көріністе емес, жоспарлық сипатта болады: құрастырылған көп нұсқалардың ең қолайлысы, мақсаттысы іске асырылады. Оның орындалуы экономиканы мемлекеттік реттеудің тәжірибесінің аз-көптігіне байланысты. Тәжірибе неғұрлым мол болса, проблеманың шешімі соғұрлым дұрыс болады. Соңдықтан, алға қойылған мақсаттар жоспарлау арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы, қиын жүйелерде экономиканы реттеудің үш түрлі үлгісі орын алады:

а) өзін-өзі сақтау;

б) өз-алдына даму;

в) өзін-өзі ұдайы өндіру.

Өзін-өзі сақтау. Белгілі жүйенің тұтастығын және оның алдағы уақытта жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Реттеудің бұл түріңде жүйе эволюциялық өзгерістердің шеңберінен шығып кетпей, сыртқы жағдайлардың өзгеруінің ықпалымен болуы тиіс. Бұл үлгінің өзіне тән белгісі - жүйеде ақпарат санын және реттеу мақсатының тұрақтылығын сақтау. Бұл өзін-өзі сақтау жүйесінің құрылымының үнемі бірқалыпта бола беруіне мүмкіндік тудырады.

Өз-алдына даму. Бұнда жүйені реттеудің бір қиын түрі, жүйенің болашақта өмір сүруінің мүмкіндігінің кепілдігі, онымен қатар олардың тұтастығын өзгертуге жағдай жасауы. Өз-алдына даму кезінде жүйе өзінің эволюциялық өзгерістерінің шеңберін кеңейтеді.

Мұның өзіндік көрінісі – ақпарат санын көбейту және реттеудің мақсатын түзету.

Өзін-өзі үздіксіз өндіру тәсілі жүйенің тұтастық сипатын жаңа жүйенің элементтерін енгізу арқылы өзгеруін қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес реттеудің бұл түрінің мәні жүйенің ұйғарылған эволюциялық өзгерісінің көрсеткіштерін кеңейту, олардың санын көбейту. Мұнда ескі және жаңа жүйенің құрылымдары сақталады.

Экономикалық жүйе реттеудің екінші түрімен сипатталады: оған тән өзін-өзі сақтау және өзін-өзі дамыту. Ал реттеудің үшінші түрі - өзін-өзі ұдайы өндіру, ол экономиканы тұтас реттеуші болып саналмайды, тек шаруашылықтың жеке бір кіші жүйесін, бөлігін реттеуші, айталық өмір сүріп жатқан фирманың ішінен жаңа кәсіпорынның пайда болуына бақылау жасау. Жалпы реттеудің үшінші түрі экономикалық жүйені толық реттеуі сирек қолданылады.

Сыртқы ортаның өзгеруінің ықпалыңда тұрған күрделі жүйені реттеу бірқатар едәуір ақпарат массивін өзгертумен байланысты. Жүйе ақпаратының мазмұны - ол оның байлығы және көптүрлі белгілері, анықтамалары.

Экономика «табиғат-қоғам» байланысын өзгертуші ретіңде әртүрлі болады. Экономикалық жүйенің «кіруі» - табиғи ресурстар және оның «шығуы» - тұтыну ресурстары әртүрлі болады. Қоғамның өндіргіш күшінің дамуына қарай, қоғамның қажеттілігін канағаттаңдыратын бұл әртүрлі табиғи ресурстар және өнімдер үздіксіз молайып тұрады.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері