Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2015 в 14:46, курсовая работа
Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз – нарықтық қатынастың тиімділігін қамтамасыз етуге әлеуметтік-экономикалық процесте әдістер мен тетіктердің көмегімен әсер ететін, елдің экономикалық өміріне мемлекеттің қатысу формасын зерттейтін ғылыми экономикалық пән. Экономиканы мемлекеттік реттеу – қоғамдық ұдайы өндірістің барлық салаларын қамтиды. Әсіресе нарықтық экономика жағдайда экономикалық реформалар жүргізу үшін мемлекеттің реттеу қызметінің қажеттілігі зор. Мәселен меншікті, материалдық өндірісті, еңбек нарығын, қаржы нарығын реформалау. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарына сүйенеді.
Экономикалық жүйені реттеу процесі көп нұсқалы болады. «Табиғат-қоғам» байланысының ішкі көрінісінің жиынтығы неғұрлым көп болса, әртүрлі реттеуші элементтер де соғұрлым көп болады және өте қиын түрде болуымен сипатталады.
Күрделі жүйені реттеудің ықпалы оның іс-қимылының үлгілерінің шеңберін шектейді. Ал бұл тек реттеушінің өзін қиындату, жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Осындай қиын экономикалық жүйені күрделі реттеу заңдарының бірі - әртүрліліктің қажеттілік заңы. Бұл заңның мәні әртүрлі реттеушілерді әртүрлі реттеу объектілеріне сәйкес келтіру. Егер ақырғы - реттеу объектісінің әртүрлілігі, бірінші реттеуші әртүрлілігінен аз болса, онда ол реттеу жүйесінде пайда болған қиындықтарды шешуге шамасы келмейді. Керісінше болған жағдайда реттеушіні жетілдіру тек жасанды сипатта болады және ол реттеудің сапасын жоғарылатпайды.
Сонымен қиын өрісті жүйеде (оған экономикалық жүйе де жатады) реттеушінің ішкі құрылымы күрделі болады. Онда жеке реттеушілерде және олардың ақпаратты біріктіру тәсілдері орын алады. Мұндай біріктірудің екі негізгі тәсілдері бар - қатар және жалғастырмалы. Қатар біріктіру тәсілінде барлық жеке реттеушілердің өткізу қабілеттерінің ақпаратқа катыстығы жинақталады (сызықтық кұрылым), ал жалғастырмалы біріктіру тәсілінде - олар жалғастырыла көбейтіледі (иерархиялық құрылым). Экономикалық жүйеде реттеушілердің өзіндік ішкі құрылымы иерархиялы түрде болады. Бұл реттеушілердің қажетті санын және олардың өзара ақпарат байланыстарын елеулі қысқартады.
Мұнда мынадай жағдайды айтып кету қажет. Қоғамдық еңбек бөлінісінің алғашқы ұясы өндірістік ресурстарды біріктіруге негізделінген технология арқылы өнім өндіруші кәсіпорын. Барлық кәсіпорындар иерархияның бірінші дәрежесін құрайды. Мұның өзгешелігі - заттық-энергетикалық ағымдылықты реттеуі. Кәсіпорындардың технологиялық процесті басқаратын органдары болады, олар арқылы болатын ағымдарды алдын-ала біліп отырады. Егер фирмада бір-ақ кәсіпорын болса, онда иерархияның бірінші дәрежесіңде пайдалылықтың және шығынның ақпараттық ағындары пайда болады. Егер фирманың құрамында бірнеше кәсіпорын болса, ақпарат ағымы иерархияның екініші дәрежесіне жылжып орналасады. Ең соңында, үшінші дәрежеде – халық шаруашылығында тұтасымен – экономиканы мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады.
Фирмаларды, нарықтық институттарды басқаратын нақтылы органдардың және экономиканы мемлекеттік реттеу органдарының біріккен жиынтығы - шаруашылық жүйесін құрайды.
Шаруашылық жүйені сипаттау үшін өндіріс ресурстарының және меншік формасын өзгерту механизмінің маңызы өте зор. Әртүрлі жүйелерде әртүрлі меншіктер және механизмдер орын алады, айталық жеке және қоғамдық меншікке, нарықтық және жоспарлау механизмдері тән.
Әрбір шаруашылық жүйеде айтылған элементтер қатар орын алады. Мысалы, АҚШ шаруашылық жүйесінде жеке меншік және нарықтық өзгерту механизмі қатар орын алады. Ал бұрынғы кеңес одағында қоғамдық меншік болды, оны өзгерту, жоспарлау механизмі арқылы болып тұрды.
Меншіктің нысаны және өзгерту механизмі әртүрлі болады. Бірақ бұл әртүрлі сыртқы үйлесімділік және тұтастылық принциптерден туындайтын талаптарды есепке алу қажеттігін әжептәуір шектейді:
Сыртқы үйлесімділік – бұл шаруашылық жүйенің нақты компоненттерінің табиғи шектелуі мен қоғам талаптарының үйлесімділігі. Сондықтан, қандай да бір шаруашылық жүйе нақты бір ел үшін тиімді болса, басқа бір елге ол тиімсіз болуы мүмкін. Белгілі бір даму кезеңде тиімді болса, басқа бір кезеңде тиімсіз болуы мүмкін.
Тұтастылық принципі – шаруашылық жүйенің бірлестіктері арқылы таңдаған компоненттерінің бір-біріне қайшы келмеуінің көрінісі. Егер осы жүйеде бірлеспейтін компоненттердің нақтылы нысандары болса, онда жүйенің тиімділігі қайтсе де төмендейді. Сондықтан мемлекет қажетті тұтастылықты қамтамасыз ететін тиісті шараларды қолданады.
Тұжырымдамада принциптердің, механизмдердің және әдістердің проблемаларын кұрастыру қажет. Мұнымен айналысатын экономикалық ғылымның арнайы саласын экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиясы деп айтылады.
Қазіргі экономикалық жағдай (дағдарыс, монополия, нарықтық механизм т.б.) экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігін одан әрі жоғарылатады, ал компьютеризацияландыру және ақпараттандыру оны реттеудің мүмкіндігін кеңейтеді.
2 Қазақстан Республикасының кейбір салаларын мемлекеттік басқару теориялары
2.1 Қазақстан Республикасы экономикасын басқару органдарының ұйымдық құрылымы
Біздің мемлекеттің Конституциясында: «Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет және өзін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады», - деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің Негізгі Заңы ретінде төмендегіге қатысты негізгі ережелерді бекітеді:
- республиканың мемлекеттілігін;
- басқару нысанын;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің өзара қатынастарының тәсілдерін;
- адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін. Мемлекеттік құрылғы құрылымында мемлекеттік билікті заңдық, атқарушылық және соттық (ҚР Конституциясы 3-бап) бөлулер деп бар екенін атап өтеді. Мемлекеттік органдардың құзыреттілігі Конституцияда анық бөлініп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытын анықтайтын және Қазақстанды ел ішінде және халықаралық қатынастарда таныстыратын мемлекет басшысы және оның жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Елдің Президенті конституциялық заңға сәйкес, ҚР жасы толған азаматтарымен жалпы, тең және тікелей сайлау құқығымен 7-жыл мерзімге сайланады.
Зандық қызметтерді жүзеге асыратын жоғары өкілетті орган, сенат пен мәжілістен тұратын парламент болып табылады.
Заң шығарушы билік экономиканы басқару тетігінің негізі болып табылатын заң актілерін әзірлейді және қабылдайды.
Үкімет әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарын әзірлейді; бюджетті әзірлеп, парламентке ұсынады және оның орындалуы туралы есеп береді; мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады.
Үкімет республикада атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және оның қызметіне жетекшілік етеді. Өзінің барлық қызметімен ол президент алдында жауапты, сондай-ақ парламент алдында жауап береді. Экономиканы реттеу аясында үкіметтің міндеті - елдің барлық азаматтарының игілігі үшін, экономиканың дағдарыссыз және тиімді дамуы үшін жағдай тудыру.
Премъер-министрдің міндетіне салалық министрліктер мен ведомстволарды басқару және бағыттау енеді.
Сот билігі биліктің заң органдарымен қабылданған зандардың қатаң сақталуын қадағалайды. Ол Жоғарғы сот және Конституциялық Кеңесті жүзеге асырады.
Мемлекет басшысы мәртебесі бар Президентті биліктің бір тармағына қосу мүмкін емес.
Мемлекетті басқару органдары тікелей президентке есеп береді, оларды шартты түрде екі санатқа бөлуге болады: елдің ұлттық қауіпсіздігіне жауап беретін министрліктер мен ведомстволар және ұлттық экономиканы дамытуға жауапты ведомстволар.
Нарықтық қатынастарды дамыту және шаруашылық нысандарын ұлғайту шаралары бойынша, басқару құрылымының ұйымдастыруын жетілдіру қажеттігі туындайды.
Мұны төмендегінің есебінен жүзеге асырады:
1. Құрылымды ықшамдау.
2. Қайталанатын қызметті жою.
3. Артық штаттарды қысқарту.
4. Барлық басқару иерархиясы бойынша жауаптылықты, құқықты және атқару қызметін нақты шектеу.
5. Республикалық, аймақтық және бағдарламалық бағытта ортақ міндеттерді шешу кезінде басқару органдарының өзара іс-қимыл жасауы мен үйлестірілуі.
Қазақстанда қазіргі уақытта он сегіз министрлік, мемлекеттік комитеттер, сондай-ақ басқа да ведомстволар жұмыс істейді.
Елдегі экономикалық жағдайға жауапты, маңызды органдардың қатарына: Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, елдің Ұлттық банкі жатады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне елдің экономикалық дамуына, келешекті болжау, индикативтік жоспар (кешенді ауыл шаруашылығы бағдарламасын дамыту), экономиканың кейбір маңызды бағыттарын дамыту бойынша мақсатты бағдарламаға негізделген, құжаттарды әзірлеу бойынша қызмет жүктелген.
Қаржы министрлігі елдің мемлекеттік бюджетінде оның әр түрін әзірлеу мен жүзеге асыруға жауап береді. Қаржы министрлігінде мемлекеттің бюджеттік қаржысын жандандыратын және іс жүзінде бөлетін Қазынашылық бар, ол бюджеттің кассалық орындалуына бақылау жүргізеді.
Елдің Ұлттық банкіне елдегі ақша-несие жүйесінің жағдайына, теңгенің бағамына, оның тұрақтылығына жауапкершілік жүктеледі, сонымен бірге, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады. Сондай-ақ инфляция мәселесі де Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің құзыретіне енеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да маңызды мәні бар - соған сәйкесті аймақта істің жағдайына жергілікті өкілетті органдар (мәслихаттар) және атқарушы биліктер (әкімиаттар) жауапты. Алғашқысы жалпы мемлекеттік мүдденің есебінен және тұрғындардың қалауын білдіріп, оларды жүзеге асырудың шараларын белгілейді. Екіншісі атқарушы билікте жалпы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді.
2.2 Табиғи ресурстарды қорғауды және оны ұтымды пайдалануын экономикалық реттеу
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі органдардың нақты жағдайлардағы іс-қимылдары құқықтық құжаттарға жауап беруі тиіс, осы құжаттар - атап айтқанда 1997 жылдың 15 шілдесінде қабылданған ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы болып табылады.
Осы заңға сәйкес мемлекет экологиялық қауіпсіздіктің жалпы нормаларын, стандарттары мен ережелерін айқындайды. Заңда қоршаған ортаның сапасын нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін қоршаған ортаға әсер етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларын белгілеу болып табылады.
Қоршаған ортаның сапа нормативтерінің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) қоршаған
ортадағы зиянды заттардың
2) шудың, тербелудің, магниттік өріс пен өзге де зиянды физикалық әсерлердің шекті жол берілетін деңгейлерінің нормативтері;
3) радиациялық әсердің шекті жол берілетін деңгейінің нормативтері;
4) қоршаған ортаға шығарылатын және тасталатын ластайтын заттардың шекті жол берілетін нормативтері;
5) ауыл
және орман шаруашығында
6) қорғау,
санитарлық-қорғаныс және өзге
де қорғаныс аймақтарының
Табиғатты пайдалануды экономикалық реттеуде дамыған индустриалды елдердің тәжірибесін қарастырайық.
АҚШ-та қазіргі уақытта экономикалық реттеудің нарықтық әдістерінің негізінде «баббл-қағидат» әдісі («құты қағидаты») деп аталатын әдіс алынады. Бақылау әрбір жеке кұбырға, пешке емес, қоршаған ортаны ластайтын көптеген қондырғылары бар бүкіл кәсіпорынға орнатылады. Қандай да бір немесе өзге заттардың тасталуының мөлшері анықталады. Кәсіпорын ластанудың тапсырылған деңгейі аспауға тиіс орасан зор күмбездің («құтының») астында деп қарастырылады. Кәсіпорын осы денгейдің шектерінде жекелеген құбырлардан шығатын зиянды заттардың мөлшерін өзі белгілейді және жалпы нормативке жетуге болатын түрлі тәсілдерді өзі тандай алады: отынның бұдан да таза түріне көше алады, технолгияның бір түрін басқаға ауыстыра алады, өндіріс түрін өзгерте алады, оның мөлшерін қысқартып, ең қауіпті цехтар мен учаскелерді жаба алады.
«Баббл-қағидасының» артықшылығы, әсіресе, ол тастаудың жалпы лимиті (немесе нормативі) заң жүзінде белгіленген өңірдің барлық кәсіпорындарына таралғанда көрінеді. Егер бір кәсіпорындар қалдықтарды залалсыздандырудың тиімді әрі қымбат емес тәсілдерін тауып, сонымен бірге қалдықтарды тастаудың өмірлік нормативтен төмен болуын қамтамасыз ете алса, онда басқалар олардан орта деңгейден тыс тастау құқығын (алайда өмірлік норматив шеңберінде) сатып ала алады.
Батыс Еуропада, сондай-ақ АҚШ-та Қалдықтар биржалары құрылған. Бұл қалдықтар шығарушылар мен оларды ықтимал тұтынушылар арасындағы делдалдық ұйымдар, сондай-ақ олар қалдықтардың қайсысы өндірістік қажетке жарамды екенін қадағалап отырады. Қалдықтар биржалары өнеркәсіпшілерді қоқыс тастайтын жерге әкелгенді пайдалануға немесе өңдеуге, сонымен бірге бастапқы шикізаттың орнына пайдалануға тартуға тырысады. Екінші жағынан, биржалар кәсіпорындарды олардың өздерінің қалдықтарын өздеріне өңдеуге мүдделі етуге тырысады, өйткені АҚШ-та қатты қалдықтардың бір тоннасын орналастыру құны 100 долларға, ал өте қауіптілерді орналастыру құны - 2500 долларға жетеді.
Сөйтіп, шетелдік тәжірибені қысқаша талдаудың өзі ғана мынаны түсінуге мүмкіндік береді:
- қоршаған
ортаны қорғауды реттеудің
Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері