Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2015 в 14:46, курсовая работа
Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз – нарықтық қатынастың тиімділігін қамтамасыз етуге әлеуметтік-экономикалық процесте әдістер мен тетіктердің көмегімен әсер ететін, елдің экономикалық өміріне мемлекеттің қатысу формасын зерттейтін ғылыми экономикалық пән. Экономиканы мемлекеттік реттеу – қоғамдық ұдайы өндірістің барлық салаларын қамтиды. Әсіресе нарықтық экономика жағдайда экономикалық реформалар жүргізу үшін мемлекеттің реттеу қызметінің қажеттілігі зор. Мәселен меншікті, материалдық өндірісті, еңбек нарығын, қаржы нарығын реформалау. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарына сүйенеді.
Егер ағымдағы жұмыссыздық табиғи жұмыссыздық деңгейінен төмен түсіп кетсе, мемлекет ешқандай да реттеу жүргізе алмайды. Демек, еңбек нарығына жасалатын кедергілерді доғару қажет, «толық жұмыспен қамтылуды» орнатудың бос әурешілік әрекеттерін тоқтату керек.
Мәжбүрлі жұмыссыздықтың технологиялық, құрылымдық, өңірлік, кезеңдік және басқа да түрлеріне мемлекет енді басқаша қарай бастады. Міне, осы жерде ол жұмыссыздық деңгейін табиғи норма деңгейіне дейін төмендете отырып, өз реттеу әлеуетін толық түрде іске асыра алады.
Алайда, мұны ұйымдастыру оңай шаруа емес. Себебі мемлекеттің жұмыспен қамту саласына араласуда ықпал етудің барлық әдістерін түгел қолдануға құқығы жоқ. Негізгі талапты былайша қалыптастыруға болады: реттеу әдістерінің кез келгенін қолдану олардың өз тиімділігін сақтай отырып, инфляциялық қатынастың бейтарап болған жағдайында немесе олар болмағанда ең төмен инфляциялық салдар тудыратын болса ғана мүмкін. Кері жағдайда, экономика құлдыраудың кері шеңберіне түседі.
Мемлекет адамдардың жұмыс іздеуге кетіретін уақытын қысқартып, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты ұйымдастыруда және жетілдіруде осы шартты толық сақтайды.
Қорытынды
Жұмысты
қорытындылайтын болсақ, экономиканы
мемлекеттік реттеудің негізгі
және ең басты мақсаттары
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты – нарықтық жүйенің қызмет етуінің құқықтық базасын қамтамасыз ету, яғни өнімді өндіруші, жабдықтаушы және тұтынушы арасында заңды және тиімді өзара қатынасты қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік реттеудің мәні мен мазмұны нарықтық экономиканың мәнімен анықталған. Қазіргі нарықтың негізгі міндеті болып өндірістік және өндірістік емес бағыттағы әртүрлі тауарларға, қызметке деген сұранысты қамтамасыз ету, тауар тапшылығын жою.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ең басты мақсаты - экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық кұрылымды нығайту.
Сонымен, экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы былай қорытындыланады. Ол жоспарлау және нарықтық үлгілердің басым, артықшылықтарын дұрыс пайдалану арқылы мемлекеттің макроэкономикалық, құрылымдық-инвестициялық және сыртқы-экономикалық саясатын тиімді түрде жүзеге асыру, қоғамның шаруашылық қызметін реттеп, жөнге келтіріп тұру.
Қазіргі экономикалық жағдай (дағдарыс, монополия, нарықтық механизм т.б.) экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігін одан әрі жоғарылатады, ал компьютеризацияландыру және ақпараттандыру оны реттеудің мүмкіндігін кеңейтеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.А. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазакстан халқына Жолдауы. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Алматы, «Білім», 1998 ж. .
2. А.С.Әбдірахманова. «Экономиканы мемлекеттік реттеу». – Оқу құралы. Қарағанды, 2008ж.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Егемен Қазақстан» газеті. 7 ақпан, 2008 жыл.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: «Жеті жарғы», 2007 ж.
5. «Қазақстан халқының белсенділігі» Статистикалық жинақ – Астана, 2010. 368б. Редакциясын басқарған Ә.Смайылов
Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері