Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2013 в 22:01, контрольная работа
кадрлык саясат, персоналды басқару
Кәсіпорын басшысында мотивацияның
3 негізгі мақсатын айыруға болады:
тиісті мамандығы бар басшы
Аталған мақсаттарды тиісті амалдар және құралдар көмегімен жүзеге асыруға болады.
Мотивациялық құралдардың мынадай топтары болады:
мәжбүр ету (бұйрықтар, директивалар, жарлықтар мен ұйғарымдардың ықпал ету әсері жоғары болады);
көтермелеу немесе ынталандыру (еңбек сипатына қарай сыртқы және ішкі, материалдық және моральдық ықпалдар);
сендіру (насихаттау, идеологиялық және тәрбиелік ықпал ету, кеңес беру, әңгімелесу, ақылдасу).
Басшы басқару еңбегін тиімді жүргізу үшін, оның міндеттері мен құқықтарын, еңбекақыны есептеу тәртібі мен тәсілдерін, материалдық және моральдық көтермелеуді, жұмысты бағалау және тексеру әдістерін айқын белгілеуі қажет. Олар адамдар арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жүргізе білуі, өзінен жоғары басшылардың жұмыс стилінен хабардар болуы тиіс [13, 97б.].
Қазіргі жағдайда кадрлық қызмет кадрлармен жұмыстың барлығында ұйымдастырушы және үйлестіруші болуы қажет. Ол құрылымдық бөлімшелерде кадрлар саясатын жүзеге асыруда бақылаушы функциясын, еңбекақы төлеуді, жұмыскерлерге медициналық қызмет көрсетуді, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық жағдайды, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды қадағалауы керек. Кәсіпорындағы кадрлық қызметтің тиімділігі оның әрбір құрылымдық бірлігінің атқаратын функциясының құрылымдығы мен нақтылығына; қызметтің өз ішіндегі құрылымды бөлімшелердің өзара байланысқан жұмыстарына; кадрлық қызметтің кәсіпорындағы техникалық және экономикалық қызметтерінің жұмысымен органикалық байланыстарына; қызметті кадрлармен қамтамасыз етуге байланысты болады.
Қолда бар персоналды бағалау жоспарлаудың бастапқы позициясы. Әр операцияны орындау үшін қанша адам кажетті екенін анықтау кажет.
Сонымен қатар жұмысшылардың еңбек сапасын да бағалау қажет. Алдыңғы қатарда кәсіпорындарда жұмысшылар саны көрсетілген және еңбек дағдысына талап қою жүйесі өңделеді.
Кадрлық қызметтің оны құрайтын бөлімшелердің функционалды құрылымын анықтағаннан кейін әрбір бөлімшелердің шешетін мәселелерінің тізімі, олардың функциялары, ондағы жұмыскерлердің сандық құрамы мен лауазымдық құрылымы, олардың әр қайсысының қызметтік міндеттемелері, сонымен қатар кадрлық қызмет көлеміндегі және кәсіпорынның кіріс және шығыс ақпараттар бөлігінде басқа да бөлімшелері арасындағы бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кадрлық жұмысты әдістемелік қамтамасыз ету, олардың орындалуын бақылау және қадағалау функцияларын жүргізу мәселелері шешіледі. Кадрларды басқарудың жаңа қызметтері әдетте дәстүрлік қызметтердің негізінде кадрлар бөлімі, еңбекті ұйымдастыру және еңбекақы төлеу бөлімі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлімі және басқа да қызметтердің негізінде құралады. Жаңа қызметтердің мәселелері ұйымдағы еңбек ресурстарын басқару жөнінде іс-әрекеттерді үйлестіру және кадрлар саясатын орындау болып табылады. Осыған байланысты олар өз функциясының көлемін кеңейте бастайды және соның өзінде таза кадрлық мәселелер еңбек ету ынталандыру жүйесін құруға, кәсіби жылжуды басқаруға, дау-жанжалды болдырмауға, еңбек ресурстарының нарығын зерттеуге және т.б. өтеді [14, 213б.].
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы - Астана, 11 ақпан 2011 ж.
2. Истаева А. А., Вершинина Г. С. Экономика и планирование коммерческого предпринимательства/ Под. ред. проф. Б. А. Алтынбаева. – Учебное пособие. – Алматы: Экономика 2000. – 132с.
3. Рахметов Б. А. Персоналды басқару: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2005. – 288б.
4. Шекшня С. В. Управление персоналом современной организации. Учебно-практическое пособие. Изд. 3-е, перераб. и доп. (Серия «Библиотека журнала» Управление персоналом) – М.: ЗАО «бизнес школа, Интел-Синтез» 1998. – 352 с.
5. Каренов Р.С. Кадровый
6. Ширенбек Х. Экономика
7. Экономический рост
8. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. – М., 1992. – 702 с.
9. Оразалин К.З. Кәсіпорын
11. Траккин В. В., Дятлов В. А. Основы кадрового менеджмента. – М.: Дело, 1995. – 135 с.
12. Экономика предприятия:
13. Теория и практика менеджмента.
14. Менеджмент: Учебник для вузов / М. М. Максимцов, А. В. Игнатьева, М. А. Комарова и др.: – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998. – 343 с.