Кластерлердің қажеттілігі, даму тенденциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2015 в 21:53, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы». Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде жалпы жоспарлаудың түсінігімен мәні, әдістері мен қағидалары, Қазақстандағы жоспарлаудың жағдайы мен жүзеге асырушы органдар туралы толық мәлімет тиісті бөлімшелерде жазылған.Жоспарлау дегеніміз ұлттық экономиканың әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылатын басқару нысаны.

Содержание работы

Кіріспе 3
1. ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ. 4
1.1. Жоспарлаудың түсінігі, мәні, методологиясы 4
1.2 Қазақстандағы жоспарлауды жүзеге асыратын орган 7
1.3. Индикативті жоспарлау 8
1.4. Индикативті жоспарлаудың әлемдік тәжірибесі 12
1.5 Қазақстандағы индикативті жоспарлау 18
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІ 20
2.1. Ұлттық экономикадағы өнеркәсіптің ролі 20
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЛАСТЕРЛЕР 22
3.1. Кластерлердің қажеттілігі, даму тенденциясы 22
3.2 Кластерлердің дамуына қажетті жағдайлар 25
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

Файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ.docx

— 105.18 Кб (Скачать файл)

Индикативті жоспарлау (лат. тілінен “indicator” – бағдар) – дирекивті емес, мемлекеттік деңгейдегі кеңес беруші, бағыттаушы жоспарлау. Мемлекеттің кеңесіне сәйкес жұмыс істеуге келісетін коммерциялық фирмалар үшін мемлекет тарапынан қаржылық және өзге де ынталандырушы  шараларды құру мен өндіріс дамуының ұсынылған мақсаттарын анықтау арқылы экономикалық процестерді реттеу әдісі. /1/

Индикативті жоспарлау – мемлекет пен экономиканың басқа субъектілерінің мүдделері мен іс-әрекеттерін үйлестіру механизмі. Мұндай жоспарлау ақпараттық қызметпен бірге үйлестіру ролін де атқарады, яғни салалар мен кәсіпорындар өздерінің өндірістік-шаруашылық бағдарламаларын өз бетінше жасап шығару процесінде “орталықтың” қызметімен бірге үйлестіруді түсінеміз. Бұл жағдай көбінесе индикативті жоспарлау институты максималды дамыған француз тәжірибесінен алынған. Бұл жерде үкімет шешім қабылдау және бұйрық беру жолымен емес, үйлестіру және ақпаратпен қамтымасыз ету арқылы экономикалық дамуға әсер етуге тырысады.Үкімет пен жеке кәсіпкерлер арасында жоспарлар мен ақпараттармен алмасудың нәтижесінде үкіметтік ұйымдар жағында өзара

 

 

 


 

 

Сурет.1. Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің құрылымы

 

 

 

 

 

жұғысты жобаларды қосатын экономикалық өсу схемасы пайда болуы керек. Ұлттық экономикалық жоспардың схемасының жалпы алғандағы сипаты осылай көрінеді.

Индикативті жоспарлаудың негізін мемлекеттік институттар мен шарушылық жүргізуші бірліктердің теңқұқылы әрекеттестігі құрайды. Жоспарды жүзеге асыру міндетті еместігі маңызды роль ойнамайды, ең бастысы – қоғамдық ұйымдар, жергілікті және аймақтық билікті қоса алғанда, шарушылық етуші субъектілер мен олардың бірлестіктері, сондай-ақ өзге тәуелсіз бірліктердің жоспарлау үрдісіне тікелей қатысуы. Индикативті жоспарлау таза рыноктық механизм кемшіліктерін де, қайта өндіру процесіне мемлекеттің тікелей араласудан болатын қателіктерін де түзете отырып, бір уақытта экономиканы мемлекеттік реттеу мен оның өзін өзі реттеу институты ретінде танылады.

Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, индикативті жоспарлауды әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің (индикаторларының) жүйесін жасауға негізделген және оның жалпы ұлттық басымдылықтарын, болжауларын, бюджетпен қамтымасыз етілуін, жобалауларын, контрактациялануы (келісім шарт негізіндегі мемлекеттік сатып алулар) мен макро- және микро деңгейлерде шешімдердің келісуі, салық пен жоспарды жүзеге асыруға қатысатын шаруашылық етуші субъектілерді мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын қосатын  мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің экономиканы басқарудағы мүдделері мен қызметтерін үйлестіру деп анықтауға болады.

Демек, индикативті жоспарлаудың мәні келесіде:

  1. шаруашылық жүргізуші субъектілер жасап шығаратын жоспарлар мен бағдарламаларды “синтездеу” жөніндегі қызметті қарастырады;
  2. жалпы ұлттық жоспардың мағынасына сай келетін қаржы-несиелік саясатты жасау мен негіздеу мәселелерін қамту керек;
  3. ұлттық экономиканың даму мақсаттары мен оларға жетуге қажетті қаражаттардың оңтайлы үйлесімін қамтымасыз ету;

Индикативті жоспарлау – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына сай келетін ел экономикасының дамуы мен жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер (индикаторлар) жүйесін құру процесі және көрсетілген индикаторларға жету мақсатымен әлеуметтік және экономикалық процестерге мемлекеттің әсер ету шараларын бекіту.

 Әлеуметтік-экономикалық  дамудың индикаторы ретінде келесілерді  қолдануға болады:

  • экономиканың динамикасын, құрылымы мен тиімділігін;
  • қаржылардың жағдайын;
  • ақша айналымын;
  • товарлар мен құнды қағаздар рыногын;
  • жұмыспен қамтылу мен халықтың өмір сүру деңгейін;
  • сыртқы экономикалық байланыстарды сипаттайтын көрсеткіштер.

Бұл көрсеткіштердің (индикаторлардың) өзара байланысты және іштен балансталған жүйесі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының сапалық сипаттамасын беруі тиісті. Оны жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеудің барлық шаралары бағытталады.

Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттің әсер ету шаралары ішінде келесілер пайдаланылады:

    1. орталықтандырылған қаржылық және валюталық қаражаттар мен несиелер;
    2. салықтық тұтқалар;
    3. амортизация жүйесі;
    4. кедендік алымдар, лицензиялар мен квоталар;
    5. мемлекеттік қажеттіліктерге өнімдерді алып келу көлемдері мен мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет ету жағдайларын анықтау.

Батыс германдық теоретиктердің бірі К.Шиллердің пікірінше “индикативті жоспарлаудың” мәні келесідей анықталады: “Жоспарлық бастамалар ақпараттық және бағытты көрсететін мәліметтерден тұрады. Былайша айтқанда, бұл бағыт-бағдар мен қашықтықты көрсететін жол бойындағы белгілер сияқты, ал қай жаққа баруды және қандай жылдамдықпен жүру керек екендігін жүргізушінің өзі таңдайды”. Ал ағылшын экономисі С.Коеннің анықтамасы бойынша: “Индикативті жоспарлау – онда екі элементтің бар болуымен сипатталады: жоспарлық тапсырмаларды іске асырудағы минималды мәжбүрлеу мен шешім қабылдаудағы максималды тәуелсіздік. Индикативті жоспар рынок пен баға белгілеу жүйесін ауыстырмайды. Ол тек қана олардың жұмыс істеу кезеңіндегі келетін ақпаратты толықтырады. Ол рыноктық механизмнің қызметін белгісіздікті азайту жолымен жақсартады”. /2, 26-31б./

Б.Даллагоның пікірінше жоспараудың индикативті типі мемлекеттік меншік базасында іске асады. Мемлекеттік билік пен басқару органдары жоспарда өз стратегиясы мен басымдылықтарын нақтылайды. Жоспарлаудың бұл типі тікелей және жанама экономикалық реттегіштерді (баға, табыс, салық, пайыз қойылым, несиелер, т.б.) пайдалану арқылы рынок субъектілерін қойылған мақсатты орындауға, жоспарлық индикаторларды іс жүзіне асыруға бағыттауды көздейді. /3, 9б. /

Индикативті жоспарлаудың құрамдас элементі – таңдап алынған басымдықтарды қаржы-өндірістік топтармен, кәсіпкерлердің одақтарымен, кәсіподақтармен және басқалармен келістіру процедурасы.

Бұл консенсустық механизмдер ұзақ уақыт бойы индикативті жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігін қамтымасыз еткен. XX ғасырдың 70-жылдарының ортасына дейін Франция мен Жапонияда толығымен орындалса, 80-жылдарға дейін Оңтүстік Корея мен Тайваньда пайдаланылған.

         Шет елдерде индикативті жоспарлау толығымен және таза күйінде Францияда дамыған. Міне осы себептен бұл жұмыста Франция тәжірибесі қарастырылып, оның Қазақстан үшін маңызды тұстары ашылып жазылған, сонымен қатар салыстырмалы сипаттама жүргізілген

 

       1.4 Индикативті жоспарлаудың әлемдік тәжірибесі

       Бірқатар елдерде индикативті жоспарлар мемлекеттік реттеудің тиімді құралы ретінде танылды. Мысалы, Японияда « Ұлттық табысты екі еселеудің 10 жылдық жоспары » кейін 1987 жылы XX ғасырдың аяғына есептелген « Ұлттық дамудың төртінші кешенді жоспары » қабылданды. Мұнда негізгі мақсаттар « қолданудың көпполярлылығы, оның спецификалық мүмкіндіктері »,  «мультиполярлылығы оның жекелеген аймақтар мен халқаралық масштабтағы өзара түсіністіктің байланысын тереңдету ».

1996 жылы Япония  үкіметі  ұлттық шаруашылықтың  бәсеке қабілеттілігін арттыру  үшін, динамикалық дамуды НИОКР  негізіндегі тұрақты өсуді қамтамасыз  ету үшін  жеке компаниялар, ғылыми  мекемелер мен мемлекеттік органдарды  біріктіретін  «1996 – 2000 жылдарға арналған ғылым мен техниканың дамуының негізгі жоспарын» ұсынды.

Нидерландыда жоспарлар «Физикалық жоспарлар туралы есеп берулер», «Толықтырулар» т. б. түрінде бейнеленеді.

Германияда, Канадада, Испанияда, АҚШ – та барлық ұлттық экономикалардың даму жоспарымен қатар нақты территорияларды (проблемалы, аймақаралық, жергілікті ) кешенді қамтамасыз ететін аймақтық жоспарлауға да көп көңіл бөлінеді. Ұлттықтан жоғары сипатты «ЕЭС–тің экономикалық өсуінің перспективасы» сияқты жоспарлар  бар (1960-1970жж, 1971 – 1975жж, 1976 – 1980жж).[2.с.42]

Сонымен, индикативті жоспарлау Франциядан бастау алып әлемде кеңінен қолданылады, ал Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде бұл механизм өте кең қолдау тапқан.

        Француздық жүие Ұлыбритания  мен Германия сияқты елдердегі  макрожоспарлаудың дамуына ынталандырушы  әсер етті, ал соңғы кездерде  ЕО мемлекет аралық ұйымдарымен  терең зерттелініп, қолданысқа енгізілуде.

Индикативті жоспарлаудың қалыптасу себебі Шарль де Голль саясатына сәйкес экономиканың қайта құруы мен модернизациялануы кезінде экономиканың көтерілуі арқасында Францияның халықаралық беделінің орнығу мақсаты қойылған еді.

Индикативті жоспарлаудың француздық жүйесінің “атасы” – Жан Моне. 40-жылдардың соңында “жоспарлаудың демократиялық жүйесі” жасалынып, жүзеге асырыла басталды. Ол мемлекеттік органдар шаруашылық процестерді “мемлекеттік бюрократия рыноктық субъектілердің тиімді қызмет етуін басып кетуін” болдырмайтындай етіп реттеуге мүмкіндік берді. Әдеттегі “жоғарыдан-төмен қарай” иерархиялық жүйені құрудың орнына кеңес беру мен келістіру қағидаларына негізделген және әртүрлі “мүдделері бар топтардың” өкілдері: мемлекеттік қызметшілер, кәсәпкерлер, кәсіподақтар, тұтынушылар одақтары, өзгелер тең құқылы бастамаларда қатысуды ескеретін “төменнен” жоспарлау бекітілген. Қарастырып отырған жүйеге сәйкес, жоспар көп қадамды итерациялар нәтижесінде пайда болады және де оның іс жүзіне асуына барлық жақтар мүдделі болады. Сонымен бірге жоспардағы көрсеткіштер міндетті болып табылмайды (директивті), олар ең алдымен экономикалық индикаторлар ретінде – күтілетін экономикалық конъюнктура жайлы ақпаратты тасушы болып танылады.

 

1-кесте. Франциядағы  индикативті жоспарлаудың дамуының  тарихи кезеңдері.

 

Кезеңдер

Жылдар

Қысқыша сипаттамасы

1

1947-1953

Бұл жоспар экономиканы қайта құру мен модернизациялауға қызмет етті. Мұнда 6 ірі саланың (көмір, электр энергиясы, болат, цемент, көлік, өндірісті жарақтандыру мен ауыл шаруашылық машиналарын жасау) өндірістік қуатын қайта құруға көңіл бөлінген еді.  

2

1954-1957

3

1957-1961

Ашық экономика жағдайында 1957-жылғы Рим келісім шартына қол қойылғаннан кейін, негізін қалаушы 6 елдің Ортақ рыногы пайда болды. Бұл кезде жоспарлау өзінің салалық сипатынан айырылып, макроэкономикалық сипатқа ие болады. Осыған байланысты тез және тұрақты өсуді, сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты (сыртқы сауда балансын) сақтай отырып, әлемдік бәсекелестік алдында ашық болуды қамтымасыз ету керек болды. Бұл кезеңдерде жоспарлау болжамдау әдістерімен үйлестіріледі.            

4

1962-1965

5

1966-1970

6

1970-1975

1973 жылғы бірінші мұнай дағдарысынан  кейін, өсу қарқынының азаюынан  бұрын оның тұрақтылығы да  жойылды. Ұлттық статистика және  экономикалық зерттеулер институты  “көп салалық динамикалық” модель ұсынады. Ол құрылатын жоспардың ағымдағы және соңғы жылдары арасындағы әрбір жыл үшін макроэкономиканың даму траекториясының сипаттамсын беруге мүмкіндік берді. Нақты экономикалық көрсеткіштер жоспарлықтан едәуір артта қалған еді.   

7

1976-1981

8

1981-1985

X Жоспарды дайындау кезінде  жасалған сандық жұмыстар бір  ұйымдық инновациямен ерекшеленген  болатын. Францияның Басты жоспарлау  комиссариаты (БЖК) Ұлттық статистика  және экономикалық зерттеулер институтына (INSEE) да, 80-жылдардың басында пайда бола бастаған тәуелсіз институттарға да тапсырыстар бере бастады. 

аралық

1982-1983

9

1984-1989

10

1989-1992

11

1993-1997


 

        

Франциядағы индикативті жоспарлаудың эволюциясы экономикалық конъюнктураға байланысты объективті дамыды. 1940 ж. Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін Францияның экономикасы құлдырауды басынан кешірген еді, сондықтан жоспарлауда салалық көзқарасты қолдану қажеттілігі туындады. Ал кейін 70-жылдардағы мұнай дағдарысынан кейін реттеудің әлсізденуі, орталықсыздандыру процестері индикативті жоспарлау жүйесінің “босаңсуына” әкеліп соқты. Ол ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлауға ауысты. 80-жылдардың орта шенінен бастап, экономиканы мемлекеттік басқару жүейесінде бағынышылық ролін атқарса, ең соңғы индикативті жоспарлар әртүрлі мүдделерді сәйкестендіруге тырысқандықтан егжей-тегжейлі жасалмаған болатын, бұл ерекшелік жоспарға нақты басқарушылық мағына берді. /3, 35-40б; 4/

 Француздық  жоспарлау жүйесінде басқа елдерге  қарағанда келесі ерекшеліктер бар:

  1. Рыноктық экономикамен біріккен жоспарлау

Француздық жоспарлау рыноктың орнын алмастыруды емес, керісінше рынок кемшіліктерінің орнын толтыруды және рыноктық механизмнің қызмет етуінің елдің әлеуметтік бірегейлігімен қоса тұрақты жұмыс істуін үйлестіру.

Ал рыноктың кемшіліктері табиғи монополиялар кезінде, сыртқы әсерлер және қоғамдық игіліктерді өндіру кезінде ресурстарды тиімді бөлуге қабілетсіздігімен айқындалады.       

  1. Эволюциялық жоспарлау үшін икемді және жеңіл құрылымның болуы

Бұл ерекшелік француздық жоспарлаудың ұзақ тарихи эволюциялық дамуының нәтижесінде пайда болған. Индикативті жоспарлауды жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым – Бас Жоспарлау Комиссариатының 1-Комиссары Жан Моне ұсынған қағида бойынша (ұйым құрылымы икемді және жеңіл болуы), оның қажет кезде тез, әрі қоршаған орта талабына сай бейімдеу қабілеттігін түсінеді.

Француздық жоспарлаудың қағидалары:

♦ француз қоғамының бейімделменген, кемшін түстарын ұжымдық қарастыру мен косенсустық шешімдерді жалпы үйлестіру жолымен издеу;

♦   орта мерзімдегі болашақты бірлесіп көруге ұмтылу, яғни болжалмаған жағдайлардан мейлінше құтылуға тырысу;

♦ Мемлекеттің болашақ қызметіндегі міндеттемелер мен оның әріптестермен қарым-қатынастары.

Демек диалог, консенсус және үйлестіру – Француздық жоспарлау жүйесіндегі негізгі қағидалар.

Осы үш қағиданың негізінде француздық жоспарлаудың функциялары анықталады. Жоспарлау үш тұрақты функциялардан тұрады:

  1. француз қоғамының күшті және әлсіз жақтарын ұжымдық сараптау процесі;

Бұл әртүрлі әріптестерді (мемлекеттік әкімшілікті, кәсіпкерлерді, кәсіподақтарды) және сарапшыларды біріктіре отырып, түрлі салалардағы мәселелерді бірлесіп анықтауға бағытталған диалог пен мүдделерді үйлестіру процесі. Сарапшылар мен мамандардың пікірлерін зерттеу кезінде екі тиімділікке қол жеткізіледі – біріншіден, мәселелерді анықтаудағы объективтілікке және нақты шешімдерді табудағы маңызды базаға айналуы. Екіншіден, ақпараттық роль ойнап, экономикалық агенттердің мінез-құлқына әсер етеді.

Информация о работе Кластерлердің қажеттілігі, даму тенденциясы